Жеке табыс салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:52, реферат

Краткое описание

Салық өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай тұрiнен болмасын жалтаруға бермеу – бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызы тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеуметтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруды белсендi орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ
1.Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері
2.Шет елдердің жеке табыс cалығының салық салудағы ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

реф жеке табыс салыгы.doc

— 225.50 Кб (Скачать документ)

 

Америка Құрама Штаттағы табысқа салынатын салық ставкалары

 

 

Табыстар

Мөлшері (%)

Жеке тұлғалар табысына салынатын жеке табыс салығы

41

Корпорацияға табысына салынатын салық

10

Әлеуметтік сақтандыру жарнамалары

34

Акция салығы

3

Мүлік салығы

4

Зайыдық құралдар

8

Барлығы

100


     

Америка  Құрама Штаттарындағы табысқа  салынатын  салық ставкаларының мөлшері мына кестеде көрсетілген /7 кесте/.

Төмендегі кестеде Америка  федералді бюджетінің 1980 жылдардағы табыс динамикасы келтірілген /8 кесте/.

 

Америка Құрама Штат федеральді бюджетінің 80-жылдардағы

табыс динамикасы,   (млрд.дол).

Баптар

1980

1982

1985

1987

1990

Өсу қарқыны 1990 жыддың 1980 жылға қатынасы (%)

Жеке табыс салығы

2441

2977

3345

3926

4252

174

Корпорадиялық

салық

646

492

613

839

107

165

Акциия

243

363

360

32,5

340

140

Әлеуметік сақтандыру

157,8

2015

2652

3033

3639

230

Мұраға салық

64

80

64

75

78

122

Баж салығы

72

89

121

151

163

226

Барлығы

5171

6178

7341

8541

9755

188


         

Германияда  салық салу ерекшеліктері: 

Германияның салық түрлерінің ішіндегі негізгілері: жеке тұлғалар табысына салық салу, корпорадилық табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, акция. Бұл мемлекетте ірі салық көздері 2 немесе 3 бюджетті құрайды. Мемлекетгің негізгі көзі болып табылатын жеке тұлғалар табысына салық салу келесі тәртіппен бөлінеді: 42,5%-зы сәйкес жердің бюджетіне, 42,5%-зы федеральді бюджетке, 15%-зы жергілікті бюджетке түседі. Германияда салық түсімдері 1995 жылы былай бөлінді: федеральді бюджетке-379 млрд марка, жергілікті бюджетке-97,3 млрд марка, жерлер бюджетіне -269 млрд марка Еуропалық бірлестікке-40,7 млрд марка /8/.

Франция елінің салық салу ерекшеліктері:

 

Франция мемлекетгік  бюджетінің құрылымы

 

Салық түрі

Пайызы (%)

Млн. франк

Жеке тұлғалардан табыс  салығы

18,1

293110

Кәсіпорын табысы

10.6

170140

Қосылған құн салығы

41.4

669 962

Мұнай өнімдеріне баж

7.3

118618

Басқада салықтар

15.2

145 120

Салықтық емес түсімдер

7.4

120267

Барлығы

100

1617217


 

Францияның салықтары 3 үлкен топқа бөлуге болады:

1) табыс салықтары (табыс алынатын мезетте салынатын салық түрі).

2) тұтынуға салықтар ( табыс жаратылу бойында салынатын салық түрі).

  1. капиталға салық ( меншіктен алынатын салық түрі).

Табыс салығының ішінде жеке табыс  салығы ерекше орында. Оның Франдия  мемлекеті бюджетіңдегі үлес салмағы-18%. Бұл салық түрі алдыңғы қаржы жылы негізіңде жыл басында декларадияланатын табысынан жыл сайын алынып отырады. Салық салуға фискальді бірлік алынады- жұбайлардың жанұясы және олардың асырауындағы тұлға.

Табыс негізіне 1 жыл ішінде алынатын барлық түсімдер жатады: жалақы, сыйақылар, зейнетақы, рента, жылжымалы мүліктен алынатын табыс салығы, жер иеленуден алынатын табыс, бағалы қағаздар операдиясынан табыс. Жеке табыс салығы прогрессивті сипатқа ие.  Оның ставкасы 0-56,8% аралығында. 18.140 франкіден аспайтын табысқа салық салынбайды. Максимальді ставка табыстары 246.770 франкіден асатын табыстарға қолданылады. 90-шы жылдары жеке табыс салығы салық сипаты бар әлеуметтік есептеулермен толықтырылды. Есептеудің ставкасы-1% /2/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасындағы тұратын тұлғалар өз категорияларына қарай екіге бөлінеді: заңды тұлғалар жене жеке тұлғалар. Жеке табыс салығы салық салуда басқа әрекет етуші 8 салық түрі сияқты маңызды роль атқарады. Қазақстан Республикасыңда жеке табыс салығы бойынша негізгі мәселе-бұл жеке тұлғалар табысына салық салудан жатару немесе табыс мөлшерін тәмендету. Бұл мәселеге жол бермеу үшін арнайы салық органдарымен қатаң салық тексерулері мен заң бұзушылыққа қарсы айыппұлдар мен санкциялардың бірнеше түрлері енгізілген. 2005 жылғы Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бюджетін қарастырытын болсақ,жеке тұлғалар табысына салық салу тоғыз салық ішінде корпорациялық табыс салығы, әлеуметгік салық, қосылған құнсалығы, акциядан кейінгі 5-ші орында. Оның үлестік мөлшері жуық шамамен 60-65%-ды құрайды.Қазақстан Республикасының салық жүйесі Жапония, АҚШ, Франдия, Германия, Италия, Швейдария елдерінің салық жүйелерімен салыстырылды.Біздің пікірімізше елдегі салық жүйесі өз экономикалық және әлеуметтік жағдайына дағдыланып, даму сатысыңда. Жеке табыс салығы бойынша біздің қосатьш ұсынысымыз: егер салықтық ставкалар мәлшерін жене соған сәйкес жылдық еселенген мөлшерлерді төмендетсек, онда мемлекеттің негізгі табыс көздерінің бірі болып табылатын жеке тұлғалар табысына салынатын салық көп мөлшерде және дәл мерзіміңде түсер еді, себебі салықтық ауыртпашылық деңгейі төмендеп, салықтан жалтару проблемалары мейлінше азаяр еді. Ендігі кезектегі мәселе- ол салықты бюджетке есептеп аударудағы жүргізілетін есептердің кездейсоқты сипаттағы қателер немесе жауапты тұлғалардың тежірибесіздігі мен өз міндетіне ұқыпсыз қарауы. Осы айтылған мәселелер мемлекеттік бюджетке түсетін салықтардың мөлшерін азайтып, олардың түсуінің мерзімсіздігіне алып келеді. Сөйтіп салық органдарының қызметі одан сайын күрделене түседі.Жеке тұлғалар табысына салынатын табыс салығына тиісті тағы бір мәселе-ол жанұялық жағдайына байланысты жеңілдіктер. Мысалы: жанұя мүшесі айына 10.000 теңге алады, жанұясында 5 баласы бар. Осы тұлғаның жалақыдан басқа табыс кәзі жоқ. Мұндағы салық шегерімі- ол кәмелетке толмаған әр балаға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомма, яғни Қазақстан Республикасының салық зандылығында көп балалы жанұяларды табыс салығынан босату қарастырылмаған. Біздің елдегі азаматгардың шет елдердегі азаматтардың салық тәртібіне деген көзқарасымен салыстырсақ, онда біріншісінің алдындағы негізгі мақсат-ол әз елі алдында борышын етеу емес, керісінше салық мөлшерін мейлінше төмендету немесе одан мұлдем жалтару. Оның барлығы жалақы деңгейінің төмен болуынан шығады. Осы меселелермен күресудің негізгі жолы -ол азаматтардың сана- сезімін міндеттілікке тарту.

Қазіргі таңда салықтан қашу жағдайы өте күрделі проблемалардың бірі. Салық төлеуші азаматтарға салықты дер кезіңде төлемегені үшін қолданылатын айыппұлдар мен әтемпұлдар мәлшері жалпы салық соммасының 2%-ы шамасыңда. Ал егер дел осы салық төлеуші тұлға осы жағдайды, яғни екінші рет салықты дәл мерзімінде төлемесе, онда бұл айыппұл немесе өтемпұл мөлшерін 2%-дан 2.5-3%-ға көтеру қажет. Сонда ғана салық төлеуші өз міндетін түсініп, салықтық жауапкершілігі пайда болады. Бұл салық қызметі органдарының да қызметін жеңілдетеді.

Салық заңдылығының үнемі өзгеруі мен толықтыруларды енгізуі жауапкершілік деңгейінің төмеңдеуіне ықпал етуде. Қазақстан Республикасы мен Америкадағы жеке табыс салығы бойынша ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, Америкада салық жанұя жағдайына : ерлі -зайыптылар, бөлек тұратын ерлі зайыптылар, жесірлер, жанұяның жалғыз басшысы, жалғыз тұратын адамдар категориясына байланысты салынады. Ал Жапония елін алатын болсақ, мұнда салық төлеушілер 5 прогрессивті салық бойынша жеке табыс салығын төлейді, олар: 10,20,30,40,50 %-дар, бірақ бұл елде 3 салық ставкасы барпре фектуралы табыс салығы бар: 5,10,15%-дар. Біздің елде де жеке табыс салығының ставкаларымен қатар арнайы жеңілдетілген салық ставкілерін енгізілуі тұрғындардың жағдайына оңды әсер етер еді.


Информация о работе Жеке табыс салығы