Жеке табыс салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:52, реферат

Краткое описание

Салық өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай тұрiнен болмасын жалтаруға бермеу – бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызы тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеуметтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруды белсендi орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ
1.Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері
2.Шет елдердің жеке табыс cалығының салық салудағы ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

реф жеке табыс салыгы.doc

— 225.50 Кб (Скачать документ)

5. Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылардан төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстаудың тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.      

6. Мемлекеттiк бюджетке  төлем көзiнен табыс салығын  есептеу, ұстап қалу және төлеу бойынша мiндет пен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес) жүктеледi. Осындай тұлға салық агентi болып танылады.      

 Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызмет атқара бастаған кезден бастап салық агентi болып танылады.      

6-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудiң көзi осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.      

7. Төлем көзiнен табыс  салығы табыс төлеудi жүзеге асырудың  нысаны мен орнына қарамастан ұсталады.

 

Шет елдердің жеке табыс cалығының салық салудағы ерекшеліктері

Дамыған Батыс Еуропа елдерінде салық жүйесі Америка Құрама Штаттарындағы секілді сан алуан. Мұнда федерадия немесе жалпы мемлекеттік салықтар, аймақтардың салықтары (жерлер, провиндиялар салығы), жергілікті салықтар әрекет етуде. Еуропада салық салу деңгейі Солтүстік Америкаға қарағанда жоғары. Міндетті аударымдардың үлестік салмағы жалпы ішкі өнімге қатынасыңда Америкада-30%, Канадада-31-34%, Германияда-37-38%.

Франция, Австрия, Дания, Бельгия, Нидерланды, Швецияда-40%-дан  жоғары. Америкада жергілікті салықтар жер бюджетінің негізін құрайды және федералды немесе штатты бюджеттерден субвенция, дотациямен қосымшаланады. Еуропа елдеріңде негізгі салықтар, яғни федеративті салықтар барлық деңгейлі банктер арасында заңды түрде бөлінеді. Бұл әсіресе Германия салық жүйесінде айқын кәрініс табады.

Жапония елінің салық салу ерекшеліктері:

Жапонияның салық салу жүйесі Америка Құрама Штаттарынан және Батыс Еуропалық елдерден арнайы ерекшеліетері бар: Жапонияда мемлекетік және жергілікті салықтар әрекет етеді. Мұндағы салық үсімдерінің 64%-ы мемлекеттік салықтар, ал қалған бөлігін жергілікті салықтар құрайды. Кейін салық құралдарының едәуір бөлігі Жапонияның мемлекеттік бюджетіне мемлекеттік салықтарын жергілікті бюджетке аудару арқылы қайта бөлініске түседі. Елде өзінің жеке дара бюджеті бар 3.045 қала, ауыл, аймақтарды біріктіретін 47 префектура бар. Салық бәлінісі олардың жиналуының айналы көрінісі болып табылады: қаржы ресурстарының 64 %-ы жергілікті құралдар секілді, ал қалған құралдар жалпы мемлекеттік қызметті жүзеге асыруды қамтуға арналады.

Жапонияның салық жүйесі Америка Құрама Штаттары және Еуропаның салық жүйесі секілді салық санының көлігімен ерекшелінеді. Мемлекеттік салықтың әрбір түрі заңмен реттеледі. Жергілікті салықтар туралы заң олардың түрлерін және шекті ставкаларын анықтайды, ал бекітулерді жергілікті парламент жүзеге асырады. Елде мемлекеттік салықтардың саны-30. Оларды 3 ірі топ бойынша жіктеуге болады:

1-ші топ- заңды және  жеке тұлғаға тікелей табыс  салықтары 2-ші топ- мүлікке салықтар 3-ші топ- тікелей және жанама тұтыну салықтары.

Бюджетгің негізін тікелей  салықтар құрайды. Мемлекетке ең жоғарғы табысты жеке және жанды тұлғалардан табыс салықтары құрайды. Ол салықтық түсімдердің 50%-нан жоғары. Жеке тұлғалар мемлекетке табыс салығын 5 салық ставкасы бар прогрессивті шкала бойынша тәлейді: 10%, 20%, 30%, 40%, 50%.  Сонымен қатар 3 салық ставкасы бар префектуралы табыс салығы бар: 5%,10%,15%. Осыған қосымша әрбір тұлға табыс мөлшеріне байланысыз 1 тұрғын басына жылына 3.200 -нен мөлшерінде салық тәлейді.

Токио тұрғындарының  орташа жылдық табысы 90 жыддары 7.100-7.500 -мың нан құрады. Жапонияның басқа префектурасыңда ол айтарлықтай төмен.  Орташа төлемді тұлғада табыстың 30%-нан көбі табыс салығына босалады. Жапонияның салық саясаты жергілікті орган үкіметінің қаржысын нақтылауды қарастырады: префектуралар, қала, аймақ, ауыл және т.б.1995 жылы жергілікті басқару органдарының жалпы табысы 80, 41 трлн. иен немесе жергілікті бюджет табыс бөлігінің 41,6 %-н құрайды. Жалпы мемлекеттік салықтардан аударым 14,33 трлн иен немесе 17,8%-н құрады.

Мемлекет жергілікті органдарға жалпы ұлттық шараларды жүргізу үшін 10,65 трлн нен немесе 13,2 %-зы шамасында дотадия бөлді. Қалған 20,3 трлн мен салықтық емес түсімдердің соммасы.

Жергілікті салықтардың құрылымына келетін болсақ, 1995 жылғы көрсеткіштері бойынша жергілікті салықтардың жалпы соммасынан ( 33,45 трлн нен) 18,8 трлн нен немесе 56,2 %-зы табыс салығына тиесілі. 31,4%-зы, яғни 10,49 трлн нен мүлік салығы, 12,4 %-зы немесе 4,16 трлн нен-тұтыну салғы.

Жалпы мемлекеттік салықтардың өзара қатынасы басқаша, бірақ жалпы теңдендиялары бір.

Мемлекеттің   табыс   салығы   —56,5%-ды,   мүлік   салығы-   25%-ды, тұтыну салығы-18,5 %-ды құрады /8/.

Жапонияда мемлекет пен  жергілікті басқару органдары арасында салықтың әртүрлі тобының бөлінісі төмендегі кестеде келтірілген /4 кесте/:

1998 жылы Жапонияның мемлекетгік салықтар соммасы 61 трлн 157 млрд-қа дейін көбейді, соның ішінде 933 млрд мен кеден жинақтары есебінен.

Олардың үлестік салмағы  өзгермейді, себебі бір мезетте жергілікті салықтардың салмағы да әсті. Жапонияның салық жүйесінің 19-ғасырдың өзіндей қалыптасты.

 

Жапонияның 1995 жылғы табыстар бойынша құрылымы

 

Салықтар

Барлығы (трлн иен)

Соның ішінде

Мемлекеттік

Жергілікті

сомасы

үлесі

Сомасы

үлесі

Табыс салығы

5274

3394

644

1880

356

Мүлік салығы

2553

1505

58,9

1049

41 1

Тұтыну салығы

15,29

11 12

17,8

417

272

Барлығы

9356

6011

642

3345

358


Италия елінің салық  салу ерекшеліктері.

Италияның мемлекеттік  табысының ең маңызды көзі-жеке тұлғаларға салынатын жеке табыс салығы. Салық прогрессивті сипатқа ие және жеке тұлғамен есепті жылда алынған кешенді таза табысын ескереді. Бұл табыс меншікті жерден, капиталдан, кәсіпкерлік іс-әрекеттен, жалдан түседі немесе құралады. Меншікті жерден табыс жер участкелері және құрылыстағы табыстардан құралады. Жер рентасының мөлшері кадасторлық инвесторлармен реттеледі. Иемденушінің қолдануындағы құрылыстарға салынатын салық мөлшері тариф негізінде бекітіледі. Жалға берілген құрылыстарға салық мөлшері келісімді жалмен қамтылған жылдық жал төлемімен анықталады.

Салық салу мақсатында кешенді таза табысты есептеуде жал төлемі 10%-ға төмен және құрылыс пен ғимаратты қолдану қажетіне сай 15%-ға тағы төмендеу мүмкін.

Америка Құрама Штаты федеративті бюджетінің табыс құрылым (%)

 

Салық аты

Жылдар

 

1970

1980

1982

1984

1986

1989

1995

Жеке тұлғаларға салық

482

472

482

448

454

433

44,2

Корпорадия  ға салық

175

125

80

85

82

130

114

Акциз

84

47

54

56

43

35

42

Мұра салығы

1.9

12

19

09

0,9

0.9

11

Әлеуметтік  сақтандыру жарналары

209

305

326

359

369

36,3

37,1

Басқада түсімдер

З,1

2,5

26

26

26

2,3


 

Капиталдан табыс өз құрамына салымдардан және ағымды банк салымдарынан алынатын пайыздар, дивиденттер, лотореялық ұтыстар, жалақы, зейнетақы түрлерінен басқа табыс көзі жоқ тұлғалар салық декларадиясын ұсынудан босатылады. Кәсіпкерлік іс-әрекеттен табыс таза табысты ескереді.  Мамандық жеке іс-әрекеттер жағдайында мысалы дәрігерлік, адвокаттық тәжірибеде табыстан нақты шығындар есептен шығарылады.

Жеке тұлғалар табыс  салығы прогрессивті сипатқа ие. ¤згертулер инфляция индексін ескере отырьш енгізіледі.

1993 жылы 7,2 млн лирға  дейінгі табысқа салық 10%-дық ставкамен салынады,7,2 млн лирден-14,4 млн лирге дейінгі табысқа — 22%-дық салық салынады, 14,4 млн лирден-30 млн лирге дейін-27%-дық ставкамен салық салынады. Асырауыңда жанұясында адам болатын немесе табысы 5,1 млн лирден аспайтын жанұя салық жеңілдіктерін қолданады. Табыс салығы салық органына табыс етілетін, табысы туралы декларадия толтыру арқылы жеке тұлғаның өзімен жүргізіледі /2/.

Америка Құрама Штатгарындағы салық салу ерекшеліктері:

Американың салық жүйесі 200 жылдан бері дамып келеді және нарықтық қатынастардың әрістеуіне себепші болып келеді. Ірі және тұрақты түсімдерді беретін салықтартардың федерадиялық бюджетке бағытталуы төмендегі кестеде кәрсетілген /5 кесте/.

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, федеративті бюджеттің негізгі бәлігін жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы алып отыр. 1995 жылы оның үлесі-44,2%-ды құрады. Тұрғындардан жиналатын табыс салығы жеке тұлғалардан, сонымен қатар заңды тұлға мәртебесі жоқ жеке кәсіпорындар, серіптестіктерден алынады. Әрбір салық төлеуші жеке тұлға өзінің мәртебесіне қарай былай бөлінеді: жалпы салық декларадиясын толтыратын ерлі-зайыптылар, бөлек салық декларациясын толтыратын ерлі-зайыптылар, жесірлер, жалғыз тұратын салық төлеушілер. Қай топқа жататынына байланысты салық төлеуші өзіне тиесілі салық жеңілдіктерін алады.

Табысты есептеу 3 кезеңде  жүргізіледі:

1) жиынтық табысты есептеуде табыстың жалпы соммасы: жалақы, аннуитет, зейнетақы, бағалы қағаздар бойынша табыстар, сыйақылар, бонус,    роялти,    рента,    марапаттаулар,    әлеуметтік    жеңілдіктер, стипендия, және т.б ескеріледі.

2) түзетілген жиынтық табыс анықталады. Жиынтық табыстан әртүрлі жеңілдіктер алынады ( 25%-га дейін).  Олар сауда және өндірістік шығындар бағалы қағаздар сатудан зияңдар, рента, роялти алумен байланысты шығындар, медидиналық сақтандыру қорына салымдар.

3) салық салынатын табысы түзетілген жиынтық табыстан жіктелген немесе стандартты шегерімдерді алу жолымен анықталады, олар: салық төлеушінің салық салынбайтын минимумы ( 2.000 дол), асырауындағы әрбір адам үшін салық салынбайтын минимум, стандартты жеңілдіктер (жалғыз тұратын адамдарға-3.000 дол, ерлі-зайыптыларға-5.000 дол, жанұя басшысына-4,7 мың дол), 65 жастан асқан тұлғалар мен мүгедектерге (жалғыз тұратын адамдарға-750 дол, жанұя басшысына-1,125 мың дол), көз көру қабілеті жоқтарға —750 дол, табиғи апат залалдары (табыстың 10%-нан асатын) медидиналық мақсатқа шығындар - түзетілген жиынтық табыстың 7,5%-зы қайырымдылық қорларға салымдар.  Көрсетілген шегерімдер түзетілген жиынтық табыстың 50% мөлшеріне дейін жүргізіледі.

Табыс салығы-бұл төлем  көзінен салық салынатын салық болып табылады. Жоғарыда көрсетілген 2 кестеде ең ірі бөлім-жеке тұлғалар төлейтін табыс салығы құрайды. Бұл салық прогрессивті шкала бойынша алынады. Егер салық бүкіл жанұяға салынатын болса, оңда салық салынатын табысты анықтау үшін жанұя табысының барлық тұрлері бойынша жиынтық табыс соммасы алынады.  Салықтық есеп үшін бар табыс түрі жинақталады: жалақы, кәсіпкерлік іс-әрекеттен табыс, зейнетақы, жәрдемақы, бағалы қағаздардан табыс және т.б /2/.

Жиынтық табыстан сол табысты алуға кеткен іскерлік шығындар алынып тасталады. Шегерістерді жүргізгеннен кейін салық төлеушінің таза табысы пайда болады. Кейін таза табыс соммасынан жеке салықтық жеңілдіктер алынады, соның ішінде табыстардың салық салынбатын минимумы. Салық салынбайтын минимумды қоспағаңда, салық салынатын табыс қайырымдылық қорларға салымдар, алименттер, медидиналық қызмет ету, жылжымайтын мүлік кепілі бойынша ипотекалық қарыздың % соммаларына кемітіледі. Американың табыс салығының ставкілерінің даму эволюдиясын қарастыратын болсақ, оңда 1986 жылға дейін 14 ставкадан тұратын күрделі салық жүйесі ерекет етті (11%-дан 50%-ға дейін).1986 жылда жүргізілген реформадан кейінгі жылда 5 салық ставкасы енгізілді: 11%, 15%, 28%, 35%, 38%.

 

Америка Құрама Штатаға қолданылатын жеке табыс салығының ставкалары

 

Салық салынатын табыс, доллар

Салық ставкасы, %

Ерлі - зайыптылар

Жанұяның жалғыз басшысы

Жалғыз тұратын  адам

Жиынтық табыстары

Бөлек табыстар

0-29.750

0-14.875

0-23.900

0-17.850

15

29.751-71.900

14.876-35.950

23.901-61.650

17.851-43150

28

71.901-149.250

35.951-113.300

61.651-123.790

43.151-89560

33

149.250-ден жоғары

113.300-ден жоғары

123.790-нан жоғары

89.560-тан жоғары

28


 

Табыс салығын салу бағытының  дамуы салық шкаласының қысқыруына, салықтың максималды деңгейінің төмендеуіне, салық салу минимумының көбеюіне және сонымен қатар салықтық жеңілдіктердің төмендеуіне алын келеді. Америка Штаттарында қолданылатын жеке табыс салығының ставкалары төмендегі кестеде келтірілген /6 кесте/.

Информация о работе Жеке табыс салығы