Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:52, реферат
Салық өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай тұрiнен болмасын жалтаруға бермеу – бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызы тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеуметтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруды белсендi орын алады.
КІРІСПЕ
1.Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері
2.Шет елдердің жеке табыс cалығының салық салудағы ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері
2.Шет елдердің жеке табыс cалығының салық салудағы ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кiрiспе
Салық өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай тұрiнен болмасын жалтаруға бермеу – бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызы тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеуметтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруды белсендi орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу төлеушiлер үшiн онша қызықты iс болып келмегенiмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардың елімізде қызмет атқара алуы ерекше көкейтесті мәселе туындады . Салықтың мәнi мынада: салық, салық төлеушiге мемлекет тарапынан көрсетiлген қызмет көрсетуiнен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиiс. Екiншiден салықтың мәнi салық табыс мөлшерiне байланысты. Мемлекет салықтардың экономикасы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады. Сонымен салықтардың қажеттiлiгiн қоғамдық дамудың жағдайына байланысты анықталып отырады.
Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері
Жеке табыс салығының ерекшелігі-бұл салық төлеуші жеке тұлға түрінде бекітілуі. Қазіргі салық заңдылығында жалпы қабылданған салық тәжірибесіне сүйене отырып жаңадан құруға бағытталған іс-шаралар жүргізілді.
Бұл жеке табыс салығының шетелдік терминологиясын қолдануға негіз болды. Жеке табыс салығының жалпы құрылымы 2 кестеде көрсетілген:
Жеке табыс салығының құрылымы
Жеке табыс салығы | |
Төлеушілер |
Салық салу объектілері |
Резидент жеке тұлғалар Резидент емес жеке түлғалар |
Төлем көзінен салық салынатын табыс |
Арнайы салық режимін қолданатын салық агенті |
Төлем салық көзінен салынбайтын табыс |
Резидент —заңды тұлға түріндегі үлесі мен акцияларды өткізуден түскен жеке тұлғалар табысына салық салу (2006 жыл 1 қаңтарға дейін әрекет етуші заң бойынша) /12/.
Салық салудың жалпы принциптері: қатысу үлесі —акционерлік қоғамнан басқа консорциум, бірлесіп құрылған ұйымдардағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктерімен үлестік қатысуы.
Салық кодексінің 12 бабына сәйкес жеке тұлғаның бағалы қағаздарды сатумен және заңды тұлға ретінде үлестік қатысулардан алынатын табысына тек инфлядияға түзетілген осындай сатудан алынған құн өсімі.
Мұңда көрсетілген табыс жеке тұлғаның мүліктік табысына жатады. Резидент —заңды тұлға ретіндегі үлестік қатысу мен бағалы қағаздарды сатудағы құн өсімінен алынған табысқа салық салынады.
Акция сатудан алынған жеке тұлғалардың табысына салық салу және тұлғаның салық салынатын табысына жабық акционерлік қоғамның акциясын сатудан алынған құн өсімі жатады. Ашық акционерлік қоғамның акциясын сатудан алынған табыс жиынтық жылдық табыстан шегерілуге тиіс, яғни 1 салық салудың жалпы приндиптері: қатысу үлесі-акционерлік қоғамның құрылымынан басқа консордиум, бірлесіп құрылған ұйымдардағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктерімен үлестік қатысуы. Салық кодексінің 12 бабына сәйкес жеке тұлғаның бағалы қағаздарды сатумен және заңды тұлға ретінде үлестік қатысулардан алынатын табысына тек инфляцияға түзетілген осындай сатудан алынған құн өсімі. Мұнда көрсетілген табыс жеке тұлғаның мүліктік табысына жатады. Резидент-заңды тұлға ретінде үлестік қатысу мен бағалы қағаздарды сатудағы құн өсімінен алынған табысқа салық салынады табыс салығымен салынбайды. Мысалы: жеке тұлға ашық акционерлік қоғамнан құны 70. 000 теңге акция иемденіп алады.
Кейін бұл тұлға осы акцияларды 100.000 теңге көлеміңде өсім алады.
Бұл өсім жеке тұлғалардың салық салынатын табысына жатпайды, себебі бұл табыс ашық акционерлік қоғамнан акция иемдену нәтижесінде пайда болды. Мысалы: жеке тұлға жабық акционерлік қоғамға бұрын 60.000 теңгеге иемденіп алған акцияларын 120.000 теңге бойынша сатады. ¤ткізу мерзіміне инфляция деңгейі 1.1 -ді құрады. инфляцияға түзетілген акция құны 66.000 теңгені құрады (60.000 * 1.1) . Осыған сәйкес жеке тұлғаның салық салынатын табысына 54.000 теңгені құрайтын құн өсімінің соммасы енгізіледі (120.000-66.000) .Резидент емес заңды тұлғаның ашық акционерлік қоғам акцияларын өткізуден алынған табысы төлем көзінен салық салынуға жатпайды. Мысал: резидент емес заңды тұлға Қазақстандық ашық акционерлік қоғамның акциясын жалпы 1.000.000 соммаға иемденіп алады. Кейін осы резидент емес тұлға осы акцияларды 1.500.000 теңге бойынша өткізеді. 500.000 теңге көлеміндегі табысқа төлем көзінен салық салынбайды. Резидент емес жеке тұлғаның жабық акционерлік қоғамның акцияларын өткізуден алған табысына төлем көзінен салық салынуға жатады. Резидент заңды тұлға ретіңде қатысудан алған үлесін өткізулен алған табысқа 15 % -тік ставка бойынша салық салынады. Қатысу үлесі дегеніміз- акционерлік ұйымдарды қоспағанда, құрылған ұйымдар мен консорциумдардағы қатысу үлесі табылады. Жабық акционерлік қоғамның акцияларын өткізуден алған табысқа 15 %-тік ставка қолданылмайды. Резидент емес жеке тұлғаның жабық акционерлік қоғамның акцияларын өткізуден алған салық салынатын табысына төлем көзінен 20 %-тік ставка бойынша салық салынады. Жеке тұлғаға басқа жеке тұлғадан мұра немесе сый арқылы келген мұлік құны табыс салығы мен салынудан босатылады. Акциялар мүлік болып табылғандықтан, олардың жеке тұлғаға басқа жеке тұлғадан мұра немесе сый арқылы келген құнына табыс салығы салынбайды.
Жеке тұлғалардың қатысу үлесін өткізуден алған табысына салық салу. Резидент заңды тұлға ретіңде жеке тұлғаның қатысу үлесін өткізуден алған табысына төлем көзінен 15 % -тік ставка бойынша салық салынады. Мұнда салық салынатын табыс дегеніміз қатысу үлесін өткізуден алған және қатысушының жарғылық капиталға енгізген, инфляцияға түзетілген жеке мүлкі құны арасындағы оң айырма. Мысал: жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жеке тұлға қатысу үлесін 2.000.000 теңге бойынша өткізеді. Осы серіктестікке жеке тұлғаның жарғылық капиталға енгізген салымы 500.000 теңгені құрады. 1.1 инфляцияның шартты деңгейіне түзетілген жеке тұлғаның жарғылық капиталға салымы 550.000 теңгені құрады ( 500.000 * 1.1 ). Нәтижесінде жеке тұлғаның салық салынатын табысы 1.450.000 теңгені құрады ( 2.000.000 - 550.000 ) , ал төлем көзінен салық 217. 000 теңгеге тең (1.450.000 * 15%). Осыған сәйкес жеке тұлға таза табысты 1. 782.500 теңге көлемінде алады ( 2.000.000-217.500).
Резидент жеке тұлға резидент заңды тұлға ретінде қатысу үлесін өткізуден алған табысы төлем көзінен салық салуға жатады. Қатысу үлесі жеке тұлға үшін мүлігі болып табылады. Сондықтан жеке тұлғаның басқа жеке тұлғадан мұра немесе сый арқылы алынған қатысу үлесінің құнына салық салынады.
Жеке табыс салығының
Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз 12 айлық кезеңде кемінде 183 күн тізбелік күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Егер ағымдағы салық кезеңінде және өткен 2 салық кезеңінде Республикада болған күндердің санына мьшадай:
- ағымдағы салық кезеңінде болған күндердің санына —1;
- өткен 1-ші салық кезеңінде болған күндердің санына-1/3;
- өткен 2-ші салық кезеңіндегі болған күндердің санына- 1/6 коэффиценттерін әрбір салық кезеңіне қолдана отырып анықталған күндердің саны кемінде 183 күн тізбелік күн болған жеке тұлғада ағымдағы салық кезеңі үшін тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Егер жеке тұлға салықтық ағымды кезеңде Республикада 30 күн тізбелік күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға тұрақты болатын адам деп танылмайды.
Егер жеке тұлға Республикада болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылда резидент болмаса, онда тұлға Республикада болатын соңғы күнінен кейінгі кезең үшін резидент емес деп танылады.Мынадай шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда:
1) жеке тұлға Республиканың азаматы болса немесе оның тұруға рұқсаты (ықтияқаты) болса;
2) жеке тұлғаның отбасы және жақын туыстары осы Республикада тұрса;
3) кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және оның отбасы мүшелерінің жеке меншік құқығындағы немесе өзге де негіздерде тәсілі жылжымайтын мүлкі осы Республикада бар болса, онда жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы осы Республикада орныққан деп қарастырылады. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Республиканың азаматтығына қабылдау туралы өтініш.
Республиканың азаматтығын қабылдамай, осында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген мынадай жеке тұлғалар:
- мемлекетгік
билік органдары
шет елге
іс сапарға жібергендер, соның
- тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Республиканың заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тәсілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;
- Республиканың шегінен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері;
- Республиканың шегінен тыс жерлерде орналасқан және Республиканың меншігі немесе субъектілері болып табылатын объектілерде жұмыс істейтіндер;
- оқу немесе тәжірибеден өту мақсатымен Республиканың шегінен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар, тәжірибешілер оқу немесе тәжірибеден өтудің бүкіл кезеңіңде;
- сабақ беру, кеңес беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Республиканың шегінен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңіңде Республикада тұрған уақытына және осы кезделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.
Резидент жеке тұлға - бұл Қазақстан Республикасында үнемі болатын, өмірлік мүдделерінің орталығы осы территорияда шоғырланған азаматтар болып табылады. Резидент салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық есебі жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуі тиіс. Бұл салық төлеушіге тән критерийлер мыналар:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстың болуы.
2) салық жылында 2004 айлық есептік көрсеткішке тең соммаға бір ірі сатып алу жасаса (үй құрылысына қажетті материалды есептемегеңде).
3) Республикадан тыс жерлерінен жеке тұлғаның табыс алуы.
4) Республикадан тыс жерлерінде шетел банк шоттарында ақшасы бар жеке тұлға.
5) Республиканың парламент депутаттары, судьялар.
Негізгі
жұмыс орны бойынша жеке
1) кәсіпорын іс-әрекетімен байланысты емес шаруашылық әрекет етуші субъектілердің тікелей немесе жанама табысы болып табылатын шығыстар. Шығындар жалпы соммасынан төлем көзінен 15% мөлшерде жұмыс беруші- заңды тұлғамен табыс салығы төленеді.
2) шегерімге жатқызылатьш, кәсіпорын іс-әрекетімен байланысты шаруашылық әрекет етуші субъект жұмыскерлерінің тікелей немесе жанама табысы болып табылады шығыстар. Мұнда жеке тұлғаның 1 айлық есептік көрсеткішті өз есебіне және әр ай сайын өз асырауындағы әрбір адамға осы көрсеткішті шегеруге мүмкіңдігі бар.
Салықтың бірыңғай алынуы үшін қайта есептеу коэффициенті қолданылады. Мемлекеттік табыс министрлігі жеке табыс салығы бойынша алыну коэффициентін енгізді. Жеке табыс салығын салу объектілері: 1 төлем көзінен салық салынатын салықтар:
1) жұмысшының табысы- шегерім соммасына кемітілген материалды, әлеуметтік игілік немесе басқада материалды көмек ретіндегі натуралды немесе ақшалай түрде жұмыс берушінің төлейтін табыстары натуралды түрдегі табыс-қайтарымсыз негіздегі жұмысшының өз мүддесіне көрсетілетін қосылған құн салығы мен акция құнын қосқандағы тауарлардың ( жұмыс, қызмет) құн;
2) материалды пайда тұріндегі табыс - өз құрамына мыналарды енгізеді:
-жұмыскермен өткізілетін тауар ( жұмыс, қызмет) құны мен сол тауардың өзіңдік құны арасыңдағы теріс айырма;
- жұмыс берушінің
шешімі бойынша жұмыскердің
- өз жұмысшыларын мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларына кеткен жұмыс берушінің шығындары
3) бірлік төлемдерден табыс — азаматтық-құқықтық сипаттағы заңды тұлға немесе кәсіпкерлік келісім жасау бойынша салық төлемдерінің табысы
4) ұтыс, сыйақы, дивидент түріндегі табыстар- Республиканың ¦лттық Банктің лицензиясы негізінде банктік іс-әрекеттін түрін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға салған салымдар бойынша сыйақыларды қоспағанда, жеке тұлғаға дивидент , ұтыс, сыйақы түріндегі төленетін төлемдер.