Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 16:43, реферат
Көптеген мемлекеттің рыноктық экономикаға әсер етуші экономикалық тұтқалардың ішінде салықтың алатын рөлі зор. Ол әсіресе өтпелі экономикалық кезеңде мемлекеттің қаржы-несие механизміндегі экономиканы реттеуші жүйелердің бірі ретінде қарастырылады. Мемлекет салық саясатын рынокқа жағымсыз әсер етуші ретінде кеңінен қолданады. Салықтар, сондай-ақ жалпы салық жүйесі рынок жағдайында экономиканы реттеуші құралдар ішіндегі ең жоғарғыларының бірі болып табылады. Жалпы халық шаруашылығының қаншалықты тиімді жұмыс істеуі салық салу жүйесінің дұрыс жолға қойылғандығына тікелей байланысты.
Кіріспе..............................................................................................................3
1-бөлім. Салық саясатының мазмұны мен маңызы
1.1. Салық салудың мәні................................................................................5
1.2. Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі.............9
2-бөлім. Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру
2.1. Салық салудың қазіргі кездегі механизмі...........................................14
2.2. ҚР Салық саясатының негізгі бағыттары............................................16
2.3. салық саясатының басты бағыттары.21
Қорытынды...................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................30
Қазақстан Республикасының мемлекетінің бюджетінің құрылымы 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте Қазақстан Республикасының мемлекетінің бюджетінің құрылымы
2002 ж |
2003 ж |
2004 ж |
2005 ж |
2006 ж |
2007 ж |
2008 ж ІІ жарты-на дейін | |
Салықтан түсім |
105170 |
146874 |
175027 |
187896 |
225391 |
468340 |
288086 |
Соның ішінде заңды тұлғалар дың табысына |
35270 |
41446 |
40285 |
38271 |
54759 |
163529 |
101799 |
Қосылған құн салығынан |
33259 |
53905 |
58801 |
81007 |
89030 |
115159 |
68893 |
Акциз |
6308 |
10892 |
16737 |
18853 |
18956 |
19285 |
11371 |
Жеке тұлғалардың табысынан |
28802 |
31280 |
41266 |
30127 |
35329 |
51016 |
31251 |
Мүлік салығы |
1872 |
5902 |
13068 |
14625 |
15210 |
14763 |
11051 |
Жер салығы |
2659 |
3449 |
4870 |
5013 |
4644 |
5506 |
2560 |
Әлеуметтік салық |
- |
- |
- |
- |
7463 |
99082 |
61161 |
Салықтан басқа да түсімдер |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Бюджетке түскен салық |
1995 |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001жыл І жартысы |
Барлығы |
64,4 |
82,5 |
85,7 |
87,1 |
87,3 |
89,4 |
89,4 |
Заңды тұлғалардан табысынан |
21,1 |
23,3 |
19,7 |
17,7 |
16,6 |
31,2 |
31,6 |
Қосылған құн салығы |
20,8 |
30,3 |
28,8 |
37,6 |
27,0 |
22,0 |
21,4 |
Акциз |
3,9 |
6,1 |
6,2 |
8,7 |
5,7 |
3,7 |
3,5 |
Жеке тұлғалардың |
16,1 |
17,6 |
20,2 |
14,0 |
10,7 |
9,7 |
9,7 |
Мүлік салығы |
1,2 |
3,3 |
6,4 |
6,8 |
6,4 |
2,8 |
3,4 |
Жер салығы |
1,3 |
1,9 |
2,4 |
2,3 |
1,4 |
1,1 |
0,8 |
Әлеуметтік салық |
- |
- |
- |
- |
21,3 |
18,9 |
19,0 |
Қалған бөлігі салықтан басқа түскен |
35,6 |
17,5 |
14,3 |
12,9 |
12,7 |
10,6 |
10,6 |
Әр жылда осы түсім бойынша өзгерістер мен ауытқулар 1 кестеден көріп отырғандай, салық бюджеттің түсімінің қанша бөлігін құрайтынына келсек 2002 жылы 64,4 пайыз екен. Әрине әр жылда әр қалай. Бүгінгі таңға дейін салық бюджеттің 89,4 пайызын құрап отыр.
2-бөлім. Қазақстан
Республикасының салық
2.1. Салық салудың қазіргі кездегі механизмі
Қазіргі кезеңде, салық салу механизмі біздің Республикамызда қалыптаспаған жағдайда болып отыр: қазірдің өзінде оның мәні мемлекеттік реттеудің әкімшілік биліктің сипатын ашып көрсете алмайды, сонымен бірге ол әлі де экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама немесе тікелей тиімді құралы бола алмай отыр. Сондай-ақ, соңғы жылдары нарықтық қайта құру тәжірибесі,бюджеттік қаржыландырудың негізгі көзі – салық салу механизмі, өте мардымсыз күйде екенін көрсетеді. Ал бұл салықтардың аздығынан немесе жиынтық көлемінің азайғанынан емес, салық төлемінен ”жалтару” жағдайларының жиілеп кездесетінен туып отыр. Бұған салық жүйесінің өзі көп мүмкіндіктер туғызады, өйткені соғұрлым салықтың жеңілдіктер көп болған сайын, оларға түрлі заңды және заңсыз жолдармен жетуге ұмтылатындардың саны көбейе түседі. Бұған қоса, салық салудың тәртібі жөніндегі Заңның жетілмегендігі және салық қызметкерлерінің кәсіби жағынан және жеке бастарының білім қабілетінің жеткіліксіздігінен салық салу көптеген қиыншылықтарға келіп тіреді. Осындай жағдайдың дұрыс болмауынан әлі күнге шейін қазынаға салықтар аз түсуде, ол халықтың әлеуметтік және саяси жағдайларына тікелей әсерін тигізеді. Өйткені халықтың бюджеттен алатын алымы, осы бюджетке келіп түсетін салықтардың көлеміне байланысты. 2008 жылдың бірінші жартысында Республиканың бюджетіне 43,2 пайыз салықтар түспеген, ол 2007 жылмен салыстырғанда 5,4 есе көп деген сөз. Салық салудың тиімсіздігінің шиеленістіретін факторлар – салық төлеушінің құқығы мен міндеті тұрғысында, салық төлеушінің өзін психологиялық және экономикалық жағынан көрсетудің тиянақсыздығынан болып отыр. Мемлекет салық арқылы қатты әсер етіп, табыстарымызды талап отыр деген қағида туады.
Салық саясатын нысаналы түрде қатайту инфляция мен мемлекет бюджетінің тапшылығын болдырмау мақсатын көздейді. Дүние жүзі тәжірибесінде, мұндай іс-әрекет дағдарыс жылдары біршама орын алатын еді. Дегенмен, бұл жерде бір қағидалы жағдай шет қалып отыр: шет елдердегі жалпы экономикалық дағдарыстардың Қазақстанның экономикалық дағдарысымен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеліктері бар. Еліміздегі қалыптасқан жағдайды түсіну мен зерттеу нәтижесінде, оның экономикасы және ондағы салық жүйесі тез арада өзгерістерге келетініне сенуіміз қажет және де олар салық төлеушілер үшін бір американдықтың айтқанындай: “Маған салықтарды төлеу өте ұнайды, өйткені мен олардың көмегімен цивилизацияны сатып ала аламын ”, - деген тұжырымына сай болып келуі керек. Сонымен, Үкіметіміздің алдында тұрған міндет – ол тұрақты қабылданған заңдардың негізінде қаржы жүйесін тез арада қалпына келтіріп, ондағы салық арқылы түсетін түсімдерді реттеп, олардың дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар, қазынаны толтырып ғана қоймай, өндірісті әрі қарай дамытудың белсенді стимулы рөлін атқаруы қажет деп тұжырымға келеміз. Олар кәсіпкерлікке деген ынталы тежеу механизмі болып келмей, керісінше оның тиімді әрекет етуінің қосымша, бірден бір факторының рөлін атқаруы қажет. Сондықтан біздер салық жүйесін жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципті естен шығармауымыз керек. Салық заңдарының бұзылуын болдырмау, оны бұзушыларды табу үшін республика Қаржы министрлігінен бөлінген Мемлекеттік салық комитетінің қызметі құрамында өз қызметін барлық облыстар мен аудандардың орталықтарында ұйымдастыру үшін салық полициясы құрылды.
Салық салу механизмiне төмендегiлердi жатқызуға болады:
- салық төлеушiлердi, салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргiзу;
- салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебi және аударылған соманың, өсу және айыппұлдың есебiн жүргiзу;
- бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ағымдағы болжауға қатысу;
- трасферттiк бағаларды
қолдау кезiнде мемлекеттiк
- өз құзыретi
шегiнде мемлекеттiк бюджетке
төленетiн мiндеттi төлемдердi
- салық салу
саласындағы заңнасыманың
- салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойыша жергiлiктi мемлекеттiк органдармен бірігіп шаралар қолдану;
- қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын акцизделетiн өнiмдер бойынша акциздiк алым маркiлерiнiң сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын, сондақ–ақ есепке алу – бақылау маркiлерiнiң жасалуын, сақталуын, сатып алынуын және есепке алуын бақылауды жүзеге асыру;
- салық берешегiн
мәжбүрлеп өндiрiп алу
- “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртiппен салықтардың өсiмақы мен айыппұлдар есептелген сомасы бөлiгiнде, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды тұлғалардың әрекетi (әркетсiздiгi) бөлiгiнде салықтық тексерулердiң актiлерi бойынша хабарламаларға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
- салық мiндеттемелерiнiң
туындау, орындау және
2.2. ҚР салық саясатының негізгі бағыттары
Барлық қоғам мүшелерінің міндеті мен парызы заңда белгіленген салықтарды төлеу болып табылады, ал салық дегеніміз - бұл материалдық төлем, яғни заңнама бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан, кәсіпорындардан міндетті түрде мемлекет пайдасына алынатын қайтарылмайтын сипаттағы ақшалай қаражат болып табылады.
Салықтар
барлық елдерде олардың
Оның әр түрлі себептері болуы мүмкін:
1) шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзгеде қызметті қалыпты жүргізуге мүмкіндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы; салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субьектінің көлеңкелі экономикаға кетуіне жәрдемдеседі.
2) салық заңнамасының
күрделілігі, сонымен қатар
3) салық қызметін
4) салық сомаларын
баю немесе көлеңкелі
Мемлекет
салықтың қоғамдағы алатын
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі кезде экономиканың мүлтіксіз дамуы мемлекетте өмір сүретін адамдардың тұтынуы мен қажеттіліктеріне жеткілікті деңгейде көңіл аударылмайынша мүмкін емес.
Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезінде маңызды мәселелердің бірі нарықтың дамуы салдарынан пайда болатын кері әсерлерді шектеуге және қоғамның әлеуметтік - экономикалық топтарға бөлінуін одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретін тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жетілдірілген жүйесін құру болып табылады. Мұндай маңызды мәселелердің жан жақты дүрыс шешімін табуда мемлекет қоғамдық дамуға әсер ететін басқа да құралдарды іске қосып, кешенді түрде қимыл жасауы тиіс. Мұнда салық саясатының алатын орны ерекше.
Салық саясаты – бұл мемлекеттің салық саласында жүргізіліп отырған іс - шараларының жиынтығы. Мемлекет салық саясатын салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік - экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. Салық саясатының мазмұны және мақсат міндеттері қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты.
Салық саясатының негізгі міндеттері:
1. мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету
2. жалпы мемлекеттің экономикасын реттеуге жағдай жасау
3. нарықтық қатынастар даму процесі кезінде пайда болатын халықтың табыстарының деңгейінің арасындағы айырмашылықты азайту.
Нарықтық
қатынастардың қалыптасуы
Салық саясатының негізгі құралы салық жүйесі болып табылады.
Салық жүйесі дегеніміз салық түрлерінің формаларының салықты құру әдістерінің немесе тәсілдерінің сонымен қатар салықтық қатынастарды реттеуші заңдар және нормативтік актілер және салық органдарының жиынтығын айтамыз. Оның негізгі қызметі бұл шаруашылық субьектілердің қызметін ынталандыруға, еңбек және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, инфляцияны есепке ала отырып табыстар мен бағалардың өсуін шектеуге, мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігінің өсімін қамтамасыз етуге бағытталған. Соңғы жылдары Қазақстан республикасы жаңа салық жүйесін қалыптастыру мен ұйымдастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бюджетаралық қатынастардың реформасы нәтижесінде салық салу жүйесі өзгертілді және халықаралық стандарттарға жауап бере бастады. Жаңа салық жүйесін енгізгеннен кейін саясатта, экономика мен әлеуметтік салада оңтайлы өзгерістер байқала бастады. Салық жүйесі Қазақстан экономикасының тиімділігін көтеруші құралға айналды. Алайда бұл салық жүйесінің кемшіліктері аз емес. Қазіргі кездегі салық жүйесінің ең ірі кемшілігі фискалдық бағыттың басым болуы. Салық жүйесінің басқа қызметтері әлсіз жүзеге асырылады. Келесі ірі кемшілігі, әсіресе шет ел кәсіпкерлері үшін оның тұрақсыздығы.Әрине, қазіргі кезде өзгерістер жылдың басынан бастап іске асқанмен, сонда да салық төлеуші заңды тұлғалар үшін өте қолайсыз болып табылады. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда 3-5 жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт. Алайда тұрақсыз экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді жағдайында бұл өте қиынға соғады.
Салықтардың,
оларды төлеушілердің,