Салық саясаты механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 16:43, реферат

Краткое описание

Көптеген мемлекеттің рыноктық экономикаға әсер етуші экономикалық тұтқалардың ішінде салықтың алатын рөлі зор. Ол әсіресе өтпелі экономикалық кезеңде мемлекеттің қаржы-несие механизміндегі экономиканы реттеуші жүйелердің бірі ретінде қарастырылады. Мемлекет салық саясатын рынокқа жағымсыз әсер етуші ретінде кеңінен қолданады. Салықтар, сондай-ақ жалпы салық жүйесі рынок жағдайында экономиканы реттеуші құралдар ішіндегі ең жоғарғыларының бірі болып табылады. Жалпы халық шаруашылығының қаншалықты тиімді жұмыс істеуі салық салу жүйесінің дұрыс жолға қойылғандығына тікелей байланысты.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

1-бөлім. Салық саясатының мазмұны мен маңызы
1.1. Салық салудың мәні................................................................................5
1.2. Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі.............9

2-бөлім. Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру
2.1. Салық салудың қазіргі кездегі механизмі...........................................14
2.2. ҚР Салық саясатының негізгі бағыттары............................................16
2.3. салық саясатының басты бағыттары.21
Қорытынды...................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІ.doc

— 255.50 Кб (Скачать документ)

Төлемақылар:

    1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
    2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
    3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
    4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
    5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
    6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
    7. Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы

         7.1 Қалааралық және (немесе) халықаралық  телефон байланысын байланысты             бергені үшін (2005 жылы  1 қаңтардан);

    1. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
    2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы

Мемлекеттік баж

Кеден төлемдері:

    1. Кеден бажы
    2. Кеден алымдары
    3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы
    4. Алымдар

 

Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген Салық кодексі дайындалып, 2008 жылдың 10 желтоқсанында № 100 -IV заңына сәйкес қабылданды. 2009 жылдың  1 - қаңтарынан күшіне енді.

1) Жаңа Салық кодексіндегі  салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:

 

    1. Салықтар:

1.  Корпорациялық   табыс салығы

2. Жеке табыс салығы

3. Қосылған құнға салынатын  салық

4. Акциздер

    1. Экспортқа  рента салығы
    2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
    3. Әлеуметтік салық
    4. Көлік құралдарына салынатын салық
    5. Жер салығы
    6. Мүлік салығы
    7. Ойын бизнесі салығы
    8. Тіркелген салық
    9. Біріңғай жер салығы

 

    1. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
    2. Мемлекеттік баж
    3. Алымдар:
  1.  Тіркеу алымдары ;

  •  Автокөлік құралдарының ҚР аумағымен  жүргені үшін алым ;
  •  Аукциондардан алынатын алым ;
  •  Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ;
  •  Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені ұщін алым;
      1. Төлемақылар:

    3.1  Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

    3.2  Жер бетіндегі  көздердің су ресурстарын пайдаланғаны  үшін төлемақы

    3.3  Қоршаған ортаға  эмиссия үшін төлемақы

    3.4  Жануарлар дүниесін  пайдаланғаны үшін төлемақы

    3.5  Орманды пайдаланғаны  үшін төлемақы

    3.6  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

    3.7  Радиожиілік спектірін  пайдаланғаны үшін төлемақы

    3.8  Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай –ақ ұялы байланысты  бергені үшін;

      1. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы

    3.10  Сыртқы (көрнекі)  жарнаманы орналастыру үшін төлемақы

    2) Салықтардың және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдердің сомасы  «Қазақстан Республикасының бюджет  кодексі» мен тиісті қаржы  жылына арналған «Республикалық  бюджет туралы»  заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

    Сөйтіп, Қазақстанның салық  жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша  сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген.

    Бюджетке түскен соң  қандай шараларға жұмсалатын белгісіне  қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.

              Салық салу элементтері мыналар:

    Субъект, объект, салық  көзі, салық ставкасы, салық өлшем  бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтың жазалау шаралары.

    Салықты алатын және салыққа  иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

          Жалпы  мемлекеттік салықтарға мына  салықтар жатады:

    1. заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
    2. қосылған құнға салынатын салық;
    3. акцизнер;
    4. бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
    5. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемлері;

          Жергілікті салықтар мен салымдар:

    1. жер салығы;
    2. заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
    3. көлік құралдарына салынатын салық;
    4. кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алымдар;
    5. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқы үшін алынатын алымдар;
    6. аукционда сатудан алынатын алым;

         Экономикалық  белгісіне қарай салықтар табысқа  салынатын салық және тұтынуға  салынатын салық болып жіктеледі.

         Табысқа  салынатын салықтар салық төлеушінің  кез келген салық салынатын  объектісіне түсетін табысынан  алынады.Олардың қатарына мына  салықтар кіреді:заңды және жеке  тұлғалардан алынатын табыс салығы,жер  салығы,мүлік салығы т.б.

         Ал,тұтынуға  салынатын салықты,салық төлеуші  тұтынушы ретінде тауар немесе  қызмет ақысын төлеген кезде  өзінің шығынына төлейді.Тұтынуға  салынатын салыққа,қосылған құнға  салынатын салық және акциздер  жатады.

        Нарықтық экономиканың  қалыптасу кезеңінде салық саясатының  негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

        Салық жүйесі- өзінің құрамы жағынан бірнеше копненттерден тұратын күрделі модель.

        Салық жүйесі  компоненттерінің құрамы мынандай:қаржы  қатынастары және осы қатынасты  анықтатын салықтар; салық механизмі,яғни  салық салу әдістерімен жолдары;нұсқаулар  мен әдістемелік құжаттар;салық  салуды басқару және салық  қызметі органдары.Салық салудың әдістері мен жолдары,нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар,салық салуды ұйымдастыру,салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады.Салық жүйесінің жақсы да,тиімді қызмет етуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.

     

    1.2. Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі

    Салық жүйесін мемлекет пен заңды тұлғалар арасындағы қаржы  қатнастардың жиынтығы, салықтар мен  алымдар, салық салу әддістері мен  тәсілдері, салық заңдары мен  салыққа қатысты актілер, салық  салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.

       Салық жүйесі  мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың  ең негізгі құралы болумен  қатар, ел экономикасын қайта  құруға, өндірістің ұлғайып дамуына  және саяси-әлеуметтік шаралардың  толығымен іске асуына мүмкіндік  туғызады.

    Қазақстан Республикасының 1991 жылы 25 желтоқсанда қабылданған. “Қазақстан Республикасы салық жүйесі туралы” Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы  бастамасы болып табылады. Бұл  еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі тестердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасына бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ; шаруашылықты жүргізудің еркіндігі: меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі  және т.б.

    Бұл заң салық жүйесін  құрудың басты прициптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың бюджетке түсуі тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептелінеді.

    Осы заң бойынша салық  төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері айқын бекітіледі.

    Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан  Республикасында: 13-жалпы мемлекеттік салықтар: ІІ-міндетті түрде төленетін салықтар мен алымдар: 18-жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

    Салықтар негізі пайдаға  салынатын салық, табыс салығы қосылған құнға салынатын салық және т.б. салықтар құрады. Қазақстан Республикасының  салық жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген. Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен олардың орны ерекше. Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктерде бұл заңда тыс қалмаған сияқты, яғни Қазақстан Республикасы алғашқы құрылған салық жүйесінде бірқатар шешуін таппаған мәселелер, кемшіліктер мен жетіспеушіліктер аз емес. Әрине, бұл кемшіліктердің түрлі себептері де бар.

    Басты себеп, ол  біз  салық жүйесін құрғанда елімізде жинақталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ.

    Салық қызметі органдары  да, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан  дайын еместігі көрінді. Еліміздің  алғаш қабылданған салық жүйесінде  біз жоғарыда айтып өткен дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық принциптері сақталмады.

    Сондықтан бұл салық  жүйесінің нарықтық қатнастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы жалық жүйесінің  өндірісті дамытуға ешқандай ықпал  етпеуі, бюджет кірісін қарадағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс немесе пайда емес, керісінше тұтыну болып табылады.

    Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық  жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық бойынша бірнеше болуы, халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалмуы және т.б. кемшілктер салық жүйеснің одан ары қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетеді. Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жйесі де біртендеп қалыптасады, түзеледі, ары қарай дамиды.

    Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл  құжатта, негізінен, салық жүйесін  салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген.

    Осы концепцияны іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан  Республикасы Президентінің 24.04.95. жылы қабылдаған “Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер туралы” жарлығы болып табылды.

    Қазақстан Республикасында 1995 жылдың шілдесінен бастап жаңа салық  жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық  жүйесі біршама болсада нарықтық қатнастар талабына бейімделіп, халықаралық  тәжірибеге мейлінше жақындатылған.

    Енді бұрын қызмет еткен 42 түрлі салықтар мен алымдардың сны едуәір қысқартылып, жалпы салықтар мен алымдар саны 11-ге жеткізгілген.

    Салықтың ең басты  түрі болып табысқа салынатын  салық, яғни пайда емес табыстан салық  алынатын болды.

    Салық салудың негізгі  принциптері біршама өз шешімін тапқан. Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықтың ставкасы жалпыға бірдей 30% болып белгіленсе, қосылған құнға салынатын салық ствкасы барша төлеуші үшін 20 % көлемінде бекітілді. Сонымен қатар амортизация есептеудің жаңа тәртібі енгізілді. Бухгалтерлік есеппен қатар енді салықтың есеп жүргізіледі. Айта кетсек жаңа салық кодексінде жаңа салық заңы бойынша слықтың әкімшіліктің жаңа ережелері енгізілді. Олардың ішіндегі ең маңызды шешімдердің бірі салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту. Осы жарлыққа байланысты салық мемлекет алдындағы борыш болып есептеліп, бюджет кірісіне төленуге жатады.

    Соның немесе ағымдағы төлемдер бюджет кірісіне белгіленген мерзімде төленбесе оны төлеушілердің  немесе олардың дебиторларының шоттарынан салық, айып пұл және өсім жөнінде пайда болған берешек шегінде, егер салық төлеуші немесе оның дебиторлары осы берешекті төлеуге келетін болса, өндіріп алынады.

    Салықтар, айып пұл немесе өсім түріндегі берешектердің төленуін қамтамассыз ету үшін салық қызметі органдары салық төлеуші мен оның дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда мүлікті тұмшалау туралы шешім жойылады.

    Қосылған құн салығы бойынша декларация ҚР-ның Салық кодексіне сәйкес әзірленген жаңа салық есептелігі бойынша жасалынады. Декларацияның он бір қосымшасы және жиырма төрт қосымша нысандары бар.

    Салық жүйесі Қазақстан  экономикасының тиімділігін көтеру инструменті бола алған жоқ.

    Қазақстан Республикасының  мемкеттік бюджетте салық 2002 -2008 жылдың бірінші жартысына дейін есептелген. 2002 жылы жалпы салықтан түсім 105170 млн. теңге құраса 2008 жылдың І-жартысына дейін 288086 млн. теңге құрап отыр.

    Информация о работе Салық саясаты механизмі