Салық салу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 21:35, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды жөн көрдік:
•Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
•Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
•Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
•Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
•Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
•еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24
2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37
3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55
Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................................................69

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДР-салык жуйеси.doc

— 604.50 Кб (Скачать документ)

Осы көзқарастарды  жалпылап, біріктіру мүмкін емес. Бірақ, кейбір айтылған сыни көзқарастар мен  ұсыныстарда шындық бар. Салық жүйесі әрине жетілдіруді қажет етеді.  Бірақ, батыс елдерінің тәжірибесінен алынған кездейсоқ идеялардың негізінде емес. Қазақстанға салық салу саласында қазіргі салық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, өмірге әкелінген қандайда бір кешенді шаралардың барлық экономикалық және әлеуметтік салдарларын болжап, алдын-ала байқайтын, өзінің ғылыми немесе бірнеше мектетер мүлде жетіспейді.

Өткен  жылдарға баға бере отырып, есте ұстайтын жайт, ҚР салық жүйесі бірінші күннен бастап экономикалық дағдарыс кезеңінде пайда  болып, дамып келеді. Қиын көздерде бюджет тапшылығының өсуін тоқтатады, елдің барлық  шаруашылық аппаратын қамтамассыз етедіүздіксіз болмаса да кейінге қалдыруға болмайтын мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жол береді, негізінен ол нарықтық экономика  жағдайына көшудің сол уақыттағы міндеттеріне жауап береді.  ҚР-ның салық жүйесін қалыптастыруда  дамыған шет елдердің тәжірибесі кеңінен қолданылды.

Мұндай баға жалпы шындықты әділ түрде таразылауға  мүмкіндік береді, бірақ, экономикалық саясаттың сол уақыттық проблемаларымен сәйкес үнемі келтіріліп отырған, салық жүйесін жақсарту міндетін сызып тастамайды.

Көптеген сыншылардың  келісетін пікірі, салық ауыртпалығының болу мүмкіндігі. Бірақ белгілі бір  мөлшерде ғана. Салық қандай болу керек- жоғары немесе төмен – бұл әлемдік салық  салу ілімі мен тәжірибесіндегі мәңгілік проблема.

 Тұрғындардың  салық мөлшерін төмендетуге деген  тілегі дұрыс және түсінікті  де, ол шаруашылықты қаржыландырудың  кейінгі қалдырылмайтын қажеттіліктерімен,  әлеуметтік мәселелерді шешумен, фундаменталды ғылымды дамытумен, мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз етумен қарама-қайшылықта.  Екінші жағынан, шығынды қажет ететін, көптеген қажеттіліктермен қатар салықтың көлемі, тауарөндірушілердің мүддесі ескерілгенде ғана өсетін салық баасының кеңею ережелерімен анықталады. 70-80 жылдары барлық елдер салықтық ставкалармен табыстардың арақатынасы туралы  А. Лаффердің ілімін мойындады[4].

Бірақ, салықтарды мөлшерден тыс төмендетуге болмайды. Салықттар тек ынталандырушы  ғана емес шектеуші де рөл атқарады. Тым төмен деңгейдегі салық кәсіпкерлік белсенділіктің бірден дамуына алып келеді, ал оның бірқатар жағымсыз салдары бар.

Бірақ, бүгінгі  таңда салық жүйесі артта қалмайды. Салық реформасы барлық экономикалық реформаларға сәкес, оның бір бөлігі болып табылады. Соның өзінде мемлекеттің қаржы жағдайы  шиеленіскен түрде қала береді. Экономиканың тұрақтылығы инфляцияның және өндірістің төмендеуінің жалғасы болып қала береді. Салық жүйесі  экономикалық және қаржы тоқырауына   қарсы тұрады. Осының барлығы салық заңына өзгерістер мен  толықтырулар енгізеді.

ҚР-ның салық  жүйесі  24 сәуірде 1995 жылы «салық және бюджетке басқада міндетті төлемдерді төлеу туралы» заңы салық жүйесінің  негізі болып есептелінеді. Тиімді салық жүйесіне негізгі кедергі  болатын экономикалық тоқырау болып табылады.

   1995 жылы  қабылданған салық заңы өміршең  болды. Бірақ, салық саясатының  алдына қойған мақсаттарын орындауын  толық іске асырмады. 1995-1999 жж. бұл  заңға көптеген өзгертулер енгізіліп  отырды. Егер бірінші екі жылдықта  ҚР Президентінің  “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” жарлығынан кейін ғана кейбір заңдық тұрақтылықты  сақтауға мүмкіндік болса және тек салық жылдарының басынан ғана өзгерістер енгізу басталса, ал 1997-1999 жылдардағы өте көп өзгертулер енгізілді, ал салық жүйесі бұрынғыдай тұрақсыз болып қала берді. Салық заңды бекіткен салық санын азайту туралы өзгерту қағаз күйінде ғана болды.   Ал, шын мәнінде, 1997 жылдан бастап бюджетке төленетін алымдар, салықтар және міндетті төлемдер саны өсіп отырды[5].

   Ең басты  назар “ҚР бюджет жүйесі туралы”  заңына енген ҚР Президентінің  1998 жылы 1 сәуірдегі “Бюджетке төленетін  салық және басқа да міндетті  төлемдер туралы” Жарлығына аударылды.  Бұл басты жаңа енгізілімдердің  негізі салықтың жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлінуі және бюджеттік заңдылық бойынша бекітілген төлемдер тізімі болып табылады. Бұл өзгерістер әлемдік тәжірибеде кең тараған түрлі билік сатысындағы құрылу принциптеріне сүйенді.   Бұл мәселені тереңірек ашатын болсақ, салық салудың теориясы мен тәжірибесіне байланысты салықтар мен алымдар егер оларды жергілікті билік органдары белгілеп және реттеп отырса, “жергілікті” деп аталатын болды. Бұл тек биліктің бір орталықтан жүргізілмеуі кезінде және жергілікті бюджеттің дербестігі жағдайында ғана мүмкін болады. Қазақстанда мүлдем басқа жағдай болады: жергілікті билік органдары алым мен салықты  есептеу тәртібі мен түрлерін белгілеу өкілеттігімен анықталмаған, олай болса, Қазақстанда мұндай салықтар салық жүйесінде ешқашан болмаған. Олай болса, осыдан барып өзінен алатын органға байланысты бұрын қолданылып жүрген салық жүйесінің құрылуы дұрыс деп санаймыз.

          Қазіргі кездегі  Қазақстанның салық жүйесінің дамуының ең маңызды кезеңі – 1999 жыл. 1998 жылы құрылған Мемлекеттік Кіріс Министрлігі салық заңының және қазіргі кездегі  жұмыс істеп тұрған салық механизмін қайта құруды одан әрі жетілдіруге ілгері қадамдар жасады. Оларға мыналар жатады:

    • 1999 жылы тамызда ҚР Президентінің “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығы Парламентте қабылданып, заңға айналды;
    • 1999 жылы 1 қыркүйекте ҚҚС-ты бөлу механизміне бірнеше өзгертулер енгізілді. Дәлірек айтатын болсақ, нольдік ставканы қолдану сферасы кеңейтілді және ол тоқыма өнеркәсібі, тігін және былғары аяқ киім тігу өнеркәсібі, халықаралық тасымалдау тауарларын өткізу бойынша жұмыс істей бастады; ең бірінші қажетті азық түлік, мал және құс, т.б. азық-түлікке – 10%-тік ҚҚС салынды; электроэнергия, газ, су, жылу өндіру және тасымалдау кезіндегі салық салу айналымын анықтау механизмі жақсарды, сонымен қатар машина жасау, пластмасса бұйымдарын өткізуде де кассалық әдіске уақытша өту және салық салу айналымының мерзімін 50 және 90 күнге ұзарту арқылы салық салынатын айналымын анықтау механизмі жақсарды; ҚҚС айналымынан қосылған құн жасамайтын акциз, кедендік төлемдер сияқты элементтер алынып тасталды;
    • фермер қожалықтары үшін жалпыға бірдей жер салығы енгізілген.

  2001 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2001 жылдың 3 мамырындағы  “ҚР заңына өзгертулер енгізу  туралы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ” заңына сәкес ҚҚС барлық салық төлеушілер үшін 16% болды. Бұл 2001 жылдың 1    бастап, счет-фактура шотынан босатылған тауарлардан басқа барлық тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізілімі үшін ҚҚС – 16% болды деген сөз. 2004 жылдан басиап аталған ставка 15% бекітілді.

   Бұл өзгерістер  экономикалық әдебиеттердегі, баспасөздегі, ғылымдағы көпжылдық пікір сайыстан  кейін ғана мүмкін болды[6].

  Қазақстанның  салық жүйесінің дамуы мен  құрылуының саяси-құқықтық тарихын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

І кезең –  салық жүйесінің құрылуының басы (1991-1992жж.)

ІІ кезең  – салық жүйесінің дамуының тұжырымдамалық және методологиялық негіздерін орындау  – болашақтағы даму бағдарын таңдау (1993-1994жж.)

ІІІ кезең – нарықтық экономиканың барлық талаптарына сай жаңа сапалық жүйесін құру әрекеті – белсенді салықтық реформалар кезеңі (1995-2000жж).

   Қазіргі  кезде де салық жүйесінде саяси-құқықтық  қалыптастыру процесі жалғасуда.

   Салықтың  реттеушілік маңызын ұлғайтумен және мемлекетпен шешілетін мәселелерге байланысты салық салудың реформалары тәжірибе жүзінде өткізілуде. Қазақстан Республикасы алдында үлкен мақсат тұр – ол экономиканы жақсарту ғана емес, сонымен қатар бұл процестерді жандандыру факторы болып табылатын салық жүйесін құру.

   Салық  салу бойынша жүргізілетін реформалардың  басты мәселесі – жалпымемлекеттік  мәселелерді шешу үшін қажетті  қаржы қаражаттарын алу мен  экономикалық субъектілер үшін  салық ауыртпалығының үйлесімділігін  табу. Нарықтық қатынастарға өтуде оның әлеуметтік-экономикалық реттеуші қызметін трансформациялауға мемлекеттік ықпал ету орталықтандырылған тетік ретінде салықтың маңызын өсіруді қажет етеді. Бұл көбінесе жеке және заңды тұлғаларға салық салуды ретейтін құқықтық нормалардың өзгеруінде, салықтық құқықтық қатынастардың субъектілерінің ортасында, салық төлеушілердің мәртебесінде, олардың салықтық құқықты бұзу бойынша жауапкершілігінде, сонымен қатар салықтың құқықтық құрылымында көрінеді[7].

   Өте маңызды  өзгерістер қатарына салық жүйесін реформалау жатқызылады. Мұндағы ең басты жетістік ол жүйенің кеңейтілуі және бұл жүйеге көп төлемдер санының қосылуы. Қосылу себебі, біріншіден мемлекеттің өзінің қаржылық базасын қатайту мақсатында, екіншіден, осы мақсатта әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер ету механизмін үлкейту, күшейту қажеттілігінде болды. Өкінішке орай, бұл әрекет толық орындалмады. Салық жүйесінде салық салудың фискалдық бағытына қарай өтті, бұл бюджетке керекті қаражат әкелмеді, ал салықтық реттеу және ынталандыру қызметтері тиімсіз құрылды, соның ішінде меншіктік төленбеген төлемдік баға жүйесі бәсекелестігі жоқ қатынастардың реттелмеушілігінен туындады.

Бірақ, қазіргі кезде қалыптасқан Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің жағымды жақтарын айтуға болады. Бұл туралы келесі тарауларда қарастыратын боламыз.

 

1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы

 

Салық салудың көп ғасырлық тәжірибесінің  негізінде салықты жинауды бақылаудың, салық заңдылығын сақтаудың түрлі  формалары мен әдістері жасалды. Бұл формалардың дамуы мен ауысуы экономикалық және хұқықтық институттардың дамуымен алдын-ала анықталып отырды. Хаммурапи (б.э.д. 18 ғасырдағы Ежелгі Вавилон) мен Ману Заңдарының (б.э.д. 2 ғасырдағы Ежелгі үнді мемлекеті) өзінен ақ, салықтарды жинау қызметі арнайы тағайындалған органға немесе шенеунікке тапсырылатыны туралы сөздер табуға болады[8].

Алғашқыда мұндай органдар тәртіпке келтірілген жүйе болған жоқ, салық жинаушылардың түрлі өкілеттілігі мен статустары болды, ерікті түрде тағайындалды, салықтық қызметті орындауды өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерды атқарумен араластырып отырды. Арнайы қаржы мекемесі болмаған кезде салық төлемдерін өндіріп алу үнемі болған жоқ, билеушінің жеке тапсырмасы бойынша жүргізілді. Көптеген мемлекеттерде барлық немесе бірқатар салық түрлерін жинау жергілікті өзін-өзі басқару орындарына тапсырылды. Мысалы, аталған ману Заңдарында табиғи алым-салықтарды жинау жөніндегі міндет ауыл старостасына жүктелді.

Рим империясында салықты  жинаумен қауымдар айналысатын, магистраттар мен қауымдық кеңестің мүшелері  қазынаға салық төлемдерінің түсуіне жеке түрде жауап беретін.   Алтын Орда қол астындағы жерлерден алым-салықты басында хан арнайы тағайындаған-басқақтардың көмегімен жинаған, кейіннен оны жергілікті билік орындарына тапсырды: орыстың жеке князьдары өз аумақтарында алым-салық жинап, кейіннен оны Ордаға жөнелту үшін Ұлы князьға беріп жіберетін. Алым-салықты жинау қызметі кейде дін қызметкерлеріне тапсырылатын: ежелгі еврейлік шіркеулік мемлекеттің бірінші дінбасы талап етілген соманы Рим империясының пайдасы үшін төлейтін, кейіннен оны жеке салықтөлеушілерден жинап алатын. 

Көптеген мемлекеттердің дамуының ерте кезеңінде салықтық төлемдерді жинаудың біршама кең тараған  түрі делдалдарды (откупщик) қолдану болды. Рим провинцияларында  мемлекет баж бен қосымша салықтарды, орнына белгілі бір соманы төлеуді талап етіп, делдалдыққа беретін болған.  Византия империясында салықтарды жинаушылар белгілі бір уақытқа тағайындалатын, сол уақыт аралығында оларға белгілі бір аумақтан салықтық түсім алу үшін откуп берілетін. Франция мемлекетінде біздің эрамыздың алғашқы мыңжылдығының ортасында жекелеген салықтарды жинаумен делдалдар айналысатын. Олар корольге белгілі соманы жеткізіп беруге міндетті болатын, және ол үшін өзінің бір мүлкімен жауап беретін[9].

Ортағасырлық мемлекет-қалаларда  да салықтар откупщиктердің көмегімен  алынатын. Флоренцияда 14 ғасырда саудадан және қалалық жиыннан салық жинау, қазынаға үлкен баға ұсынған адамға тапсырылатын. Откупщик бұл соманы бірден, өзінше жалға алу ақысы ретінде төлейтін де, нәтижесінде салықтың бағамдық сомасы мен салықтық түсімдердің нақты көлемінің арасында  айырмашалық арқылы пайда түсіру мүмкіндігіне ие болатын. Құрлықты Еуропа елдерінде салықтық төлемді жинаудың  бұл әдісі 18 ғасырдың ортасына дейін кең көлемде қолданылып келді.

Қазынаны толтыру үшін жергілікті басқару орындары мен  «откупщиктерді» қолдану, қалыптасу, даму, орталық биліктің нығаюы  кезеңінде  барлық мемлекеттерде болған.  Мемлекеттік  органдардың дамыған жүйесі және олардың өзара байланысының қалыптасқан механизмі болмаған кезде салықтық төлемдерді жинаудың осындай әдісін ғана жүзеге асыру мүмкін болды. Мемлекет бұл орайда өте көп қаражатын үнемдеді, өз шенеуніктерін қамтамасыз етуге кететін шығыннан ада болды және мықты, мерзімінен бұрын төленетін салықты кепілдікке алды. Сонымен қатар, откупщиктердің жеке мүддесіне негізделген, оларды пайдалану көп жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысынан әлдеқайда тиімді болды[10].

1917 жылғы Қазан Төңкерісінен кейін, 1918 жылы СНК Декретімен патшалық Ресейдің қаржылық органдары таратылып, салық жинау губерниялық және уездік атқарушы органдардың құрылып жатқан қаржы бөлімдеріне тапсырылды. 1921 жылы Халықтық Қаржы комитетінің құрамында мемлекеттік табыстар мен салықтар басқармасы құрылды. Осыған сәйкес, уездік қаржы бөлімдеріндегі алым-салық инспекторлары таратылып, салық төлеуді бақылау губерниялық қаржы бөлімшелерінің қарамағына жіберілген қаржы инспекторларына тапсырылды. 1930 жылғы реформаның барысында қалалық және аудандық қаржы бөлімшелері жүйесінде салық инспекциялары құрылды, олар 1959 жылы мемлекеттік кіріс басқармасы, бөлімі және инспекциясы  болып аталды. Бұл уақытта Қазақстан КСРО-ның құрамында одақтас республика боғандықтан, мұндай жағдай бізде де болды.

Бюджеттің табысын және салық түсімін бақылауды қамтамасыз етудің негізгі жұмысын қалалық  және аудандық инспекциялар жүзеге асырып отырған, олар соған сәйкес атқарушы комитеттердің қаржы бөлімдерінің бөлімшелері болатын. Инспекцияда, қосымша табыс көзін іздейтін экономистер бар еді, олар салық төлеушілердің есебін жүргізіп, салық пен өзге де бюджеттің табыстарын жинауды көтеру жөнінде ұсыныстар жасап отырған.

Жаңа экономикалық жағдайда мемлекеттік қазынаға тұрақты түрде  қаржы түсуін қамтамасыз ететін және өндірісті жан-жақты дамытуды жандандыратын қазіргі салықтық механизмді енгізу міндеттерінің шешілуі үшін, елде салықты басқаратын, тиімді жұмыс істейтін жүйе керек.

Информация о работе Салық салу жүйесі