Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 18:17, реферат

Краткое описание

Негізгі бөлімнің екінші сұрағы бойынша шет мемлекеттерінің салық жүйесі көрсетіледі. Оның өзі жалпы алғанда әлемдегі елдердің нағыз алпауыт мемлекеттер орналасқан Еуропаның және АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі жайлы тақырып қозғалады. Нақты айтар болсақ Еуропадағы – бұл Германия, Франция, Италия, Испания, Швеция, Ұлыбритания және Ресей Федерациясының салық жүйесі көрсетіледі. Бұл бөлімде осы аталмыш мемлекеттердің салық заңнамасы бойынша нақты салық жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, оны қандай мемлекеттік органдар іске асырады және жалпы елде қандай салықтар бар екендігі ескеріледі.

Содержание

І. КІРІСПЕ
ІІ. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ
Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері
1.1Германияның салық жүйесі
1.2Ұлыбританияның салық жүйесі
1.3Францияның салық жүйесі
1.4Италияның салық жүйесі
1.5Испанияның салық жүйесі
1.6Швецияның салық жүйесі
1.7Ресей Федерациясының салық жүйесі
2 АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі
2.1Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері
2.2 Канаданың салық жүйесі
2.3 Жапонияның салық жүйесі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

салық жүйесі.docx

— 42.96 Кб (Скачать документ)

Жоғары кіріс көздері - заңды  және жеке тұлғалардан тікелей алынатын мемлекеттік табыс салығы (барлық салықтық түсімдердің көлемін 50%-ке жоғарылататын салық деуге болады), мүлікке салынатын тікелей салықтар (олардың тобына елтаңбалық алымды, мұраға салынатын салықты, лицензияны тіркеуге салынатын салықты, жерлерді өңдеуге және жақсартуға салынатын салықты жатқызуға болады), сондай-ақ тұтынуға салынатын тікелей және жанама салықтар болып табылады.

Жеке тұлғалар төлейтін мемлекеттік  табыс салығының ставкалары 10, 20, 30, 40 және 50% мөлшерінде белгіленген. Префектуралық  табыс салығы 5, 10 және 15% ставкалар  көлемінде алынады. Тағы бір айта кететін жәйт, Жапонияның әрбір тұрғыны  әр жыл сайын өздері тапқан табыс  көлеміне қарамастан мемлекет қазынасына 3200 иен сомасы мөлшерінде салық төлеп  отырады. Автомобиль иелеріне салынатын  салық, спиртті ішімдіктерге, темекі өнімдеріне, мүнайға, газға, бензинге салынатын  акциздер, кедендік баждар, мейманханада тұрғаны үшін, ресторандарда тамақтанғаны үшін, ыстық су кездеріне түскені  үшін алынатын акциздер тиісті бюджеттерді  айтарлықтай көлемдегі қаражаттармен толықтыруға септігін тигізеді[11,198б].

 

Табыс, тұтынушылық және мүліктік салықтар арақатынасындағы халықаралық  салыстыру

(жергілікті салықтарды қоса  алғанда)[12,112б]

 

Салықтар

Жапония

АҚШ

Ұлыбритания

Германия

Франция

Табыс

51,6

64,5

47,3

49,1

37,5

Тұтынушылық

31,2

21,5

39,6

46,8

42,3

Мүліктік

17,2

14,0

13,1

4,1

20,2


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Рефератты қорытындылай келгенде мынандай негізгі  мәселелерді атап өтсе болады:

1.Салық  маңызды  мемлекеттік  қаржының  қалыптастырудың негізгі обьектісі. Ол  мемлекет пайда болғаннан  бері әрекет етуде. Сонымен қоса,  салық салу  экономикалық мәдениеттінің  элементі ретінде  барлық  жүйелерде, яғни  нарықтық жүйеге  де, нарықтық емес жүйеге де тән  құбылыс. Салық жүйесі  дамудың  көптеген  жолынан өтті.  Жеке  табыстан және  мүлік  бойынша салық салудан басталып, ол аймақтық және  жергілікті салыққа дейін өсті. Салықтың даму тарихы  мыңдаған  жылдармен саналады.

           Осы біздің бүкіл әлембегі  мемлекеттердің салық жүйесі  әр жерде, әр уақытта және  әр жағжайға байланысты кезең  – кезеңмен, бірте – бірте  дамып қазігі күнгі нарық заманына  сай азаматтық қоғам құруда  бір өзінің үлесін қосты. Дамыған  елдерде салық саясаты жүргіліп, салық заңнамалары жетілдірілуде.

2.Өтпелі дәуірдей кезеңдегі жалпы жағдайлар мемлекеттің қаржы несие  саясаты ықпал тигізетіні белгілі. Әр елдің өз салық кодексі  бар. Сол мемлекеттің экономикасының, қаржы – несие  саясатының, тұрмыс -тіршілігінің  жағдайына сипаттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге әр мемлекетте өзіндік салық саясаты оны төлеу мерзімі және тағы басқа жөніндегі қабылданған заңдар мен ережелер бар.  Мысалы, қазір Ресей елі салық жинау деңгейін көтеру мақсатында оның түрін көбейту арқылы қол жеткізбек болып жатса, Қазақстанда оның түрін азайту саясаты ұсталынып отыр. Қазақстан Республикасының алғашқы  Салық Кодексінде салықтың  45 түрі қалыптастырылса, соңғы Салық Кодексінде (2002 жылдың  1 қаңтарынан күшіне енгізген) оның 17 түрі ғана сақталған. Мұндағы негізгі мақсат – отандық тауар өндірушілердің  аяқтарынан тұрып  кетуіне барынша жағдай жасау болып  отырғаны белгілі. Соның айтулы дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылы сәуір айындағы халыққа Жолдауында алдымыздағы басым бағытттарының бірі ретінде саласындағы мәселелерге  көңіл аударғаны белгілі. Бұл өз кезегінде экономиканың  қуатын  арттырып,  әлеуметтік  жағдайларды,  жақсартуға бағытталғанын  білдіреді. Соның айғағы  ретінде әлеуметтік салықтың 21 пайыздан 7 пайызға дейін,  қосылған құн салығының 16 пайыздан 15 пайызға  дейін  төмендетілгендігі. Біріншіден баршамызда қуантарлық жағдай болса,  екіншіден еліміздің экономикасы нығайып,  қуатының артқанын көрсетеді.

3.Салықтар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың  мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге  асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық  категория. Салықтардың  экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші  субъектілер  мен халық  табысының қалыптасуындағы  қаржылық  қатынастардың  бір  бөлігін  білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші  субъектілер  мен халық табысының  белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне  жинақтап,  жинақтаудың  қаржылық қатынастарын көрсетеді.

4.Мемлекет  құрылымының  өзгеруі,  өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта  құрылуымен бірге  қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүрзгізу үшін  белгілі бір  мөлшерде  қаржы  көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты  қаржы көзі болып табылады. Сондықтан мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты  экономикалық тетік ретінде  пайдалананады.

Біздің  жас Тәуелсіз, Егемен мемлекетіміз фискалдық  саясатқа  алғашқы  қадамдарын жасауда, яғни салық  жүйесінің  нақты  қалыптасып,  орын  алуы мемлекеттің салықтық   заңдылығының сәттілігіне байланысты. Осыған байланысты  салық жүйесі мынадай талаптарға  жауап беру керек:

салық жүйесінің  тұрақтылығы; салықты  жинау  механизмі   жеңілдіктері;

өндіріс факторларына емес, соңғы  өнімге  жеңілдік жасау; жергілікті  және жалпы мемлекеттік  салықтардың ара  қатынасы; барлық салық  төлеушілердің заң  алдында теңдігі мен салық  саясатының бірлігі; салық төлеушінің ақпаратына заңды  құқығы;салық жүйесінің  қарапайымдылығы;

салық салу жүйесінің  бейтараптылығы. 

Осы күні Қазастан Республикасында 9 салық, 13 алым, 4 кедендік баж, және басқа да салықтық емес алымдар бар.

5.Қазіргі уақытта Қазақстандағы  қалыптасқан  әлеуметтік,  экономикакалық саяси жағдайлар салық салу  концепциясы ең  алдымен  мынадай  негізгі міндеттерін шешу керек: мемлекеттік бюджеттің  тұрақтылығы және тепе – теңдігі; инфляцияға қарсы механизмнің қалыптасуы мен  валюталық   тұрақтылықты  қамтамасыз ету; кең  масштабтағы   инвестицияның  қамтамасыз етілуі.

Бұл  міндеттердің  шешілуі Қазақстанда  экономикалық және  әлеуметтік  тұрақтылыққа жетуге және де қазіргі күнге дейін  сақталып  келген Ресей мен тағы басқа  елдердің  экономикалық және  кейбір  қаржылық тәуекел болуды жеңер еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Стратегия развития Р.К. на период до 2030 года. Назарбаев Н.А. Алматы, 1997год.

2. Казахстан. 1991-2001 годы: Под. Ред.  Смаилова, Алматы,2001год.

3. Салықтар және салық салу. Б.Ж. Ермекбаева. Алматы, «Жеті жарғы»,  2003.-218бет.

4.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түіндірме сөздігі:Заңтану. А.Құсайынов – Алматы: «Мектеп»,2002.-336бет.

5.Худяков А.И.Налоговоен право РК.Общая часть:Учебник.Алматы: «Норма-К»,2003.-512с.

6.Шет мемлекетердің салықтары. 2004.-327бет. Алматы. «Жеті жарғы», Б.Ж. Ермекбаева.

7.Порохов Е.В.Теория налоговых обязательств:Учебное пособие.Алматы: «Жеті жарғы»,2001.-168с.

8.Қопабаев Ө.Қ.Шетелдердің конституциялық құқығы.Алматы: «Жеті жарғы»,1998.-160бет.

9.Конституция стран СНГ.Составил Ю.Булуктаев.-Алматы. «Жеті жарғы»,1999.-416с.

10.Нурумов А.А. Налоги и финансы рыночной экономики.Астана:    «Елорда»,2004-304с.

11.Найманбаев С.М. Салықтық құқық.Оқулық. Алматы. «Жеті жарғы», жалпы/ерекше бөлім. 2006.-408бет.

12.Статистика бюджетных поступлений стран ОЭСР. Москва. «Вагриус»,2006,-412с.

 

 


Информация о работе Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері