Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 18:17, реферат

Краткое описание

Негізгі бөлімнің екінші сұрағы бойынша шет мемлекеттерінің салық жүйесі көрсетіледі. Оның өзі жалпы алғанда әлемдегі елдердің нағыз алпауыт мемлекеттер орналасқан Еуропаның және АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі жайлы тақырып қозғалады. Нақты айтар болсақ Еуропадағы – бұл Германия, Франция, Италия, Испания, Швеция, Ұлыбритания және Ресей Федерациясының салық жүйесі көрсетіледі. Бұл бөлімде осы аталмыш мемлекеттердің салық заңнамасы бойынша нақты салық жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, оны қандай мемлекеттік органдар іске асырады және жалпы елде қандай салықтар бар екендігі ескеріледі.

Содержание

І. КІРІСПЕ
ІІ. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ
Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері
1.1Германияның салық жүйесі
1.2Ұлыбританияның салық жүйесі
1.3Францияның салық жүйесі
1.4Италияның салық жүйесі
1.5Испанияның салық жүйесі
1.6Швецияның салық жүйесі
1.7Ресей Федерациясының салық жүйесі
2 АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі
2.1Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері
2.2 Канаданың салық жүйесі
2.3 Жапонияның салық жүйесі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

салық жүйесі.docx

— 42.96 Кб (Скачать документ)

Бүгінде Францияның салық жүйесі үш әкімшілік аумақтық бірліктер жүйесін қамтиды. Оларға регион, департамент және коммуна жүйесі жатады. Әрбір регион, департамент немесе коммуна өз ерекшеліктері мен мұқтаждыктарына сай қосымша салықтар енгізуге құқылы. Мәселен, Иль-де-Франс регионында құрал - жабдықтарға салынатын арнаулы салық бұрыннан белгіленсе, әкімшілік аумақтық бірліктердің (ӘАБ) басшылары осы салықты Эссон, О-де-Сен, Сен-э-Марнь, Сен-Дени, Валь-де-Марн, Валь-де-Уаз және Эвелин департаменттерінде енгізе алады, сондай -ақ осы жәйттер Кальвадос, Ор, Сен-Ма-ритин, Басс - Сен, Мерт-э-Мозеле, Басс-Ран, О-Ранн аумақта-рында да әртүрлі негіздерге байланысты қарастырылуы мүмкін.

Франциядағы салық жүйесін басқаруды жүзеге асыратын бірден-бір орган Экономика және Қаржы министрлігі болып табылады.

1.4Италияның салық жүйесі

Италияның салық жүйесінін айтарлықтай  өзгеріске ұшырап, жаңадан қалыптасуы 1973 - 1974 жылдары көрініс тапқан еді және ол жанама салықтардан гөрі тікелей салықтардың, басымдылығымен ерекшеленген болатын.

Қазіргі кезде Италияның салық жүйесінің құрылымындағы салықтарға мыналар: жеке түлғалардан алынатын табыс салығы; заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы; жергілікті табыс салығы; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; арнаулы акциздер; іскерлік операциялардан алынатын салық (елтаңбалық салық; тіркеу салығы; концессиялық, салық); жерді иеленгені үшін алынатын салық; жылжымайтын мүлік құнының ұлғаюына салынатын салық; жарнамаға салынатын салық; көлік құралдарына салынатын салық; қоғамдық алаңдарды пайдаланғаны үшін салынатын салық; жергілікті лицензиялық алымдар; мектептік салықтық алым және т.б. жатады

Корпорациялық табыс салығының ставкасы бірыңғай 36 процент, ал жергілікті табыс салығының ставкасы 16,2 процент мөлшерінде белгіленген. Италиядағы салық салу жүйесі салық кодексіне негізделген. Ал салық қызметін жүзеге асырушы бірден бір орган Қаржы министрлігі және оның аумақтық бөлімдері мен басқармалары болып табылады.

Италияда, мысалға Солтүстік пен Оңтүстік даму деңгейін теңестіру мақсатында көп уақыттан бері Оңтүстік Италияның әлеуметтік – экономикалық өсуіне бағытталған арнайы салық саясаты жүргізіліп келе жатыр[7,64б].

1.5Испанияның салық жүйесі

Испанияның салық жүйесін жалпы ұлттық салықтар мен жергілікті салықтар құрайды. Испанияның өзі 56 провинциядан тұратын 17 автономдық аумақтарға бөлінеді. Олардың, ішінде салық салу жөнінде айрықша мәртебелері бар Баскілер елін, Наварраны және Канар аралдарын атап өтуге болады. Испания аумағында алынатын салықтарды белгілейтін органға Испания Парламенті - Кортестер жатады. Салық жүйесін басқаруды Испанияның, Экономика және Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Ал салықтарды жинау ісі Мадридтегі бас салық контора, региональдық салық басқармаларына, сондай-ақ тікелей жанама салықтарды басқаратын жекелеген салық қызметі Департаменттеріне жүктелген.

Жалпы ұлттық негізгі салықтарға: компанияның пайдасына салынатын  салық; азаматтардан алынатын табыс  салығы; қосьілған құнға салынатын  салық; мұраға және сыйға тартуға  сальінатын салық; әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша алынатын салықтар; ауқаттылыққа салынатын салық жатады. Жылжымайтын мүлікке салынатын  салық; жылжымайтын мүліктерді қалаларда  сатқаны үшін алынатын салық; коммерциялық қызметпен айналысқаны үшін салынатын  салықтар жергілікті салықтар болып  табылады.

Осы салық жүйесінде алынатын жеке тұлғалардың табысына салынатын  салық ставкасының төменгі шкаласы 16 процент, жоғарғы шкаласы 56 процент, корпорациялардың табысына салынатын  салық мөлшері 35 процент, қосылған құнға  салынатын салық ставкасы 16,7 және 4 процент, ойын бизнесіне салынатын  салық ставкасы 20 мен 55 процент аралығында, мұраға немесе сыйға тартуға берілетін  мүлікке салынатын салық ставкасы 7, 65-тен 34 процент мөлшерінде белгіленген.

1.6Швецияның салық жүйесі

24 лэндер мен 284 коммуналардан  тұратын Швецияда салықтардың мынадай түрлері алынады: корпорацияларға салынатын салық (28%); қосылған құнға салынатын салық (25, 21, 12%); капиталдан түсетін табысқа салынатын салық (30%); мұраға және сыйға тартуға салынатын салық (10-нан 60%-ке дейін); ұлттық салық (170 мын кроннан асатын табыстардан 20% мөлшерінде); жергілікті табыс салығы (13 проценті лэндерге; 17 проценті коммуналарға; 1,1 проценті шіркеулерге төленеді); мүлікке салынатын салық (оны тек жеке тұлғалар төлейді); әлеуметтік төлемдер (есептеулердің жалпы сомасы енбек ақы төлеу қорының 38% мөлшерін құрайды); акциздер (тек алкоголь, темекі, бензин және энергия тобындағы тауарлардан алынады). Салықтардың түрлерін жоғарғы орган Рикстаг айқындағанымен олардың ставкалар мен алыну тәртібін региондар мен жерлер бойынша лэндер мен коммуналардың құзырлы органдары белгілейді. Салық заңдарын даярлайтын орган Қаржы министрлігі болып табылады. Салықтарды жинайтын және са-лықтық заңдардың орындалуын бақылайтын органдарға Ұлттық салык басқармасы мен жергілікті жерлердің салық органдары жатады.

1.7Ресей Федерациясының салық жүйесі

Ресей Федерациясының салық жүйесінің  құрамы және оның құрылымын құрайтын салықтар мен басқа да салықтық нысандағы төлемдердің түрлері тікелей және жанама салықтар, сондай-ақ занды тұлғалардан, жеке тұлғалардан, заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді. Жанама салықтарға мұнай, газ, көмір, бензин және т.б. өндеу және кен байыту өнімдері түріндегі өндірістік тауарлар мен спирт, арақ және басқа алкоголь өнімдері, темекі өнімдері, сыра сияқты кен сұранысқа ие тауарлардан қосылған құнға салынатын салық, саудаға салынатын салық, акциздер, кедендік телемдер — кедендік тарифтер жатады.

Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, басқа да шаруашылық субъектілерінің пайдаларына салынатын салық, дивидендтік сомалардан, яғни капиталдан алынатын салық, мүлікке салынатын салық, ресурстық және экологиялық салықтар, жануарлар әлемінің объектілерін пайдаланушыларға салынатын салық, заңды тұлғалардан алынатын тікелей салықтар болып табылады.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс  салығы, жеке тұлғалардан мүлкіне  салынатын салық, мұралардан және сыйға  тартудан алынатын салық, баждар, лицензиялық  және тіркеу үшін алымдар жеке тұлғалар төлейтін тікелей салықтар болып  саналады. Ал занды және жеке тұлғалардан  алынатын салықтар ретінде курорттық салықты, жарнамаға салынатын салықты, аумақтарды дамытуға салынатын салықты, жер, су, экологиялық және орман салықтарын, шетел валютасын, бағалы кағаздарды, алтын құймаларын сатып алуға салынатын салықты атап өтуге болады.

Енді, осы Ресейдің, салық, жүйесіне берген қысқаша сипаттаманы нактыландыру мақсатында, оның негізін құрайтын элементті салықтар жүйесін қарастырып өтеміз.

Ресей салықтары жүйесі федералдық салықтар мен алымдар, регионалдық (аймақтық) салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар сияқты үш деңгейден тұрады.

Федералдық салықтар мен алымдарға: қосылған құнға салынатын салық; акциздер; үйымдардың пайдасына (табыстарына) салынатын салық; капиталдан түсетін  табыстарға салынатын салық; жеке тұлғалардан  алынатын табыс салығы; мемлекеттік  баж; кедендік баждар мен кедендік алымдар; жер койнауын пайдаланғаны үшін алынатын салық; мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен  тыс қорларға алынатын жарналар; минералдық-шикізат  базасын қалпына келтіру үшін алынатын салық; көмірсутектерді өндіруден  түскен қосымша табысқа салынатын  салық; жануарлар әлемінің объектілерін және су биологиялық ресурстарын  пайдалану құқығы үшін алынатын алым; орман салығы; су салығы; экологиялық  салық; федералдық, лицензиялық алымдар  жатады.

Регионалдық салықтар мен алымдар ретінде үйымдардың мүлкіне салынатын салық; жылжымайтын мүлікке салынатын салық; жол салығы; көлік салығы; саудадан алынатын салық; ойын бизнесіне салынатын салық; регионалдық лииензиялық алымдар белгіленген. Жер салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жарнамаға салынатын салық, мұраға немесе сыйға тартуға салынатын салық, жергілікті лицензиялық алымдар жергілікті салықтар мен алымдарға жатқызылған.

Ресей Федерациясының Конституциясы, Ресей Федерациясының Салық кодексі, «Ресей Федерациясының салық органдары туралы» РФ Заңы, «Ресей Федерациясының мемлекеттік салық қызметі туралы РФ Президентінің Жарлығы РФ салықтар мен алымдар жөніндегі министрлігінің бұйрықтары мен хаттары Ресей Федерациясы аумағындағы салық органдары жүзеге асыратын салықтық қызметтердің нормативтік құқықтық базасы болып табылады. Осыған орай, Ресей Федерациясының салық органдарының құрлымы мынадай құрамда көрініс тапқан: РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлігі; Салықтар мен алымдар жөніндегі министрліктің Федерация субъектілері бойынша басқармалары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министрліктің аймақаралық инспекциялары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министрліктің аудандар бойынша, қалалардағы аудандар бойынша және аудандарға бөлінбейтін қалалар бойынша инспекциялар; Салықтар мен алымдар жөніндегі министрліктің ауданаралық инспекциялары.

Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 6-бабында: «Ресей Федерациясының әрбір  азаматы оның аумағында барлық құқықтар мен бостандыққа ие болып, әрі  Ресей Федерациясы Конституциясында көрсетілгендей барлық міндеттер тең  жүктеледі», - деп жазылған[8,24б].

1993 жылғы  12 желтоқсанда қабылданған Ресей  Федерациясы Конституциясының 57-бабында:  «Кез келген заңды түрде белгіленген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті. Жаңа салықтарды бекітетін заңдар немесе салық төлеушілердің жағдайларын нашарлататындар, кері күші болмайды»[9,272б].

 

 

 

2.АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі                                        2.1Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері

АҚШ салық жүйесі үш деңгейлі (федералдық, штаттардың және графтықтардың, муниципалитеттердің, тауншиптердің) билік органдарына  сәйкес жоғарғы, ортаншы және төменгі  сатылардан тұрады. Федералдық салық  жүйесіндегі салықтар мен басқа  да міндетті төлемдерге түрғылықты халықтан (жеке түлғалардан) алынатын федералдық табыс салығы; корпорациялардың пайдасына салынатын салық; әлеуметтік сақтандыруға салынатын федералдық салықтар; федералдық акциздер; кедендік баждар; мұрадан және сыйға тартудан алынатын салықтар жатады.

Штаттардың салық жүйесіндегі  салықтар мен өзге де міндетті төлемдер ретінде саудаға салынатын жалпы  салықты (немесе әмбебап акцизді); тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығын; корпорациялардың пайдаларына салынатын салықты; мұраға және сыйға тартуға салынатын  салықтарды; мүлік салығын атап өтуге  болады.

Саудадан алынатын жалпы салықтың штаттардан түсетін жиынтық мөлшері 30% тең келеді. Осы салықтың ставкаларын әр штаттардың құзырлы органдары белгілейтін болғандықтан олардың мөлшерлері әртүрлі болып келеді. Мәселен, Колорадо, Вайоминг, Канзас, Солтүстік Каролина штаттарында - 3% көлемінде алынса, ал Алабама, Айова, Луизиана, Мичиган, Джорджия, Оңтүстік Дакота штаттарында — 8%, Нью-Йоркте - 8,25% мөлшерінде алынады. Бұл жердегі бір қызықты жәйт, осы салық Аляска, Дэлавер және Нью-Джерси штаттарындағы салық жүйесінде белгіленбеген.

Штаттардағы жеке тұлғалардан алынатын салық ставкасының мөлшері 2%-тен 12%-ке дейінгі аралықты қамтиды. Флорида, Невада, Оңтүстік Дакота, Техас, Вашингтон, Вайоминг штаттарында және Колумбия дистриктінде осы салықтың түрі салық  жүйелеріне енгізілмеген.

Жергілікті жерлердегі саудаға  салынатын салық, тұрғылықты халықтан алынатын жергілікті табыс салығы, корпорациялардың пайдаларына салынатын  салық, мұралардан алынатын салық, мүлік  салығы, акциздер, экологиялық салықтар графтықтардың, муниципалитеттердің, тауншиптердің, мектеп дистриктерінің, арнайы дистриктердің және т.б. салық  жүйелерінен орын алған. Осы жергілікті салықтар 80 мың әкімшілік бірліктердің қаржылық базасын жеткілікті деңгейде қалыптастырып отырғанын байқаймыз.

Жоғарыда аталған негізгі жергілікті салықтардан басқа әрбір 
құзырлы жергілікті органның өз ұйғарымы бойынша мына салықтар мен міндетті төлемдер: мейманханалық қызмет көрсетулерге салынатын салық; коммуналдық қызмет көрсетуге салынатын салық; мейманхана, телефон, газ және электр жарығы 
үшін төлемақы; іскерлік белсенділігіне салынатын салық және 
т.б. белгіленуі мүмкін.

АҚШ салық жүйесінің қызмет атқаруының құқықтық негізі ретінде 1954 жылы қабылданған  ішкі табыстар кодексінің орнын 1986 жылы заңи күшіне енгізілген АҚШ-тың Салық  кодексі басқан болатын.

АҚШ салық жүйесін басқару ісі Қаржы министрлігінің құзыретіне жатады. Салықтардың төленуіне және салық заңдарының дұрыс атқарылуына жүргізілетін бақылау АҚШ Қаржы министрлігінің Ішкі табыстар қызметіне жүктелген. Ішкі табыстар қызметінің құзырындағы жеті аймақтық салық басқармасы мен елу сегіз салық басқармалары өздеріне тиесілі қызметтерін атқарады.

Салықтарды жинаудағы барлық жұмыстар, салық декларацияларын өңдеу, ревизия жүргізу және салық төлеушілерге қызмет көрсету, Федералдық үкіметтің деңгейінде халықты оқыту АҚШ-тың салықтарды жинау қызметіне (СЖҚ) жүктелген, оның құрамына мемлекеттің барлық территориясын қамтитын 10 аудандық Қызмет – Орталықтар бар[10,183б].

2.2 Канаданың салық жүйесі

Канаданың салық жүйесі жиынтығында  жүз проценттік түсімдерді құрайтын федералдық (43%), провинциялық (42%) және жергілікті (10%) деңгейлердегі салық  жүйелерінен тұрады. Федералдық деңгейде алынатын салықтар мен міндетті төлемдерге жеке тұлғалардан алынатын табыс  салығы; корпорациялардың пайдаларына  салынатын салық, федералдық акциздер, кедендік баждар, саудадан алынатын салық, әлеуметтік сақтандыру қорларына жасалатын  аударымдар жатады. Провинциялық (аймақтық) салықтар: тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығы; корпорациялардың пайдаларына салынатын салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; ренталық төлемдер; акциздер; әлеуметтік сақтандыру қорларына төленетін төлемдер түрінде көрініс тапқан. Ал муниципалдық деңгейде көбінесе жылжымайтын мүлікке салынатын салық; кәсіпкерлік кызметке салынатын салық, ренталық төлемдер және т.б. алынады. Канададағы салық салу аясындағы құзыретті органдар Қаржы министрлігі, Кіріс министрлігі, Кіріс министрлігінің жергілікті салық басқармалары және салықтық сот болып табылады.

2.3 Жапонияның салық жүйесі

Жапонияның салық жүйесінің  негізін 25 мемлекеттік салықтар мен 30 жергілікті салықтар құрайды, сондай-ақ осы жүйе 3045 қалалар мен аудандарды және поселкелерді біріктіретін 47 Префектура аумағын қамтиды.

Информация о работе Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері