Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 18:17, реферат

Краткое описание

Негізгі бөлімнің екінші сұрағы бойынша шет мемлекеттерінің салық жүйесі көрсетіледі. Оның өзі жалпы алғанда әлемдегі елдердің нағыз алпауыт мемлекеттер орналасқан Еуропаның және АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі жайлы тақырып қозғалады. Нақты айтар болсақ Еуропадағы – бұл Германия, Франция, Италия, Испания, Швеция, Ұлыбритания және Ресей Федерациясының салық жүйесі көрсетіледі. Бұл бөлімде осы аталмыш мемлекеттердің салық заңнамасы бойынша нақты салық жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, оны қандай мемлекеттік органдар іске асырады және жалпы елде қандай салықтар бар екендігі ескеріледі.

Содержание

І. КІРІСПЕ
ІІ. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ
Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері
1.1Германияның салық жүйесі
1.2Ұлыбританияның салық жүйесі
1.3Францияның салық жүйесі
1.4Италияның салық жүйесі
1.5Испанияның салық жүйесі
1.6Швецияның салық жүйесі
1.7Ресей Федерациясының салық жүйесі
2 АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі
2.1Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері
2.2 Канаданың салық жүйесі
2.3 Жапонияның салық жүйесі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

салық жүйесі.docx

— 42.96 Кб (Скачать документ)

                                     Жоспар:

        І. КІРІСПЕ

        ІІ. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ

  1. Еуропаның салық жүйесі және оның  ерекшеліктері

1.1Германияның салық жүйесі

1.2Ұлыбританияның салық жүйесі

1.3Францияның салық жүйесі

1.4Италияның салық жүйесі

1.5Испанияның салық жүйесі

1.6Швецияның салық жүйесі

1.7Ресей Федерациясының салық  жүйесі

        2 АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі

          2.1Америка Құрама Штаттарының  салық жүйесі және оның    құқықтық негіздері

       2.2 Канаданың салық  жүйесі

  2.3 Жапонияның салық жүйесі

        ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

        ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі кездегі бүкіл әлемде салық саясатының жүргізіліп, оны  жетілдіру жолындағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны мәлім. Себебі осындай саясатты жүргізіп келе жатқан мемлекеттер соның ішінде біздің де мемлекет, осыған сәйкес жүзеге асырылып жатқан іс әрекетті қолдаушылардың көптігі және бұл дүние жүзіндегі көптеген елдердің әлі күнге дейін нақты салықтарға байланысты тиімді әдіс ретінде қолдану болып отыр. Сол себепті бұл саясаттың әлі күнге дейін тиімді шешімін таба алмай отырғандығымен анықталады. Бұл саясаттың шет елдердегі салық жүйесіне қатысты көзқарас қандай екен деген сұрақтың тууы заңды құбылыс. Бұл сұраққа мәселенің күрделілігіне байланысты бірден жауап беру оңай емес және объективті болу үшін елдердегі салық жүйесінің жағдайына Қазақстандық салық салу жүесіне салыстырмалы талдау жүргізе отырып, олардың салық төлеушілер тұлғасына әсер ету салдарын бағалай білген жөн.

Мақсаты – бұл Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін дүние жүзіндегі дамыған елдердің қазіргі таңдағы құқық саласындағы салық заңнамаларының негізінде құрылған салық жүйесінің нақты мән жайларын ашып, олардың осы күнгі басқа да шет елдерінің салық салу аясындағы функцияларын салыстырмалы түрде  ашып көрсету.

Тақырып міндеттері болып, жалпы әлемдік тәжірибені қолдана  отырып, шет мемлекеттердің салық  жүйесін нақты түрде қандай дәрежеде тұрғанын айқындап, оны жетілдіруде  алдыда тұрған проблемаларды шешу.

Зерттелу деңгейі – бұл тақырыпта нақты және ашық түрде көрсетіліп, баяндалады. Яғни салық жүйесіндегі шет елдердің құрылу, жұмыс жасау процесстері және даму тенденциялары ескеріледі. Сонымен қатар бұл тақырыпта шет елдердің әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, өзіміздің Қазақстандық салық салу жүйесіндегі  деңгейді көрсету. 

Салықтар  – мемлекеттік бюжетті қалыптастырудың  бірден-бір көзі. Бұл күрделі экономикалық – құқықтық  категория өзінің дамуы барысында көптеген кезеңдерді бастан кешірді. Салықтар мемлекеттің экономикалық дамуы үшін қажеті, ажырамас шарттардың бірі екеніне көз жекізу қиын емес. Ол туралы осы курстық жұмыста толық әрі ашық баяндалады.  Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы ақпарат берілген.

Курстық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Олар кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Негізгі бөлімнің өзінде маңызды екі сұрақ қарастырылған.

Бірінші бөлімде, Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оны ұйымдастыру жолдары жайлы ақпарат берілген. Соңғы жылдардағы салық жүйесінің дамуы, қандай өзгерістер болғаны көрсетіледі. Жалпы бұл сұрақта екі бөлімге бөлінген. Біріншісінде, салық жүйесі туралы жалпы ұғым беріледі, ал екіншісінде Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі жайлы ақпарат беріледі. Салық органдарының негізгі  міндеті болып  бюджетке салық  төлемдерінің толық және уақытында  түсуін қамтамасыз  ету,  сонымен қатар мемлекет  алдында салық заңымен тіркелген  басқа  қаржы  міндеттері  уақытында  орындалуы.

Негізгі бөлімнің екінші сұрағы бойынша шет мемлекеттерінің салық жүйесі көрсетіледі. Оның өзі жалпы алғанда әлемдегі елдердің  нағыз алпауыт мемлекеттер орналасқан Еуропаның және АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі жайлы тақырып қозғалады. Нақты айтар болсақ Еуропадағы – бұл  Германия, Франция, Италия, Испания, Швеция, Ұлыбритания және Ресей Федерациясының салық жүйесі көрсетіледі. Бұл бөлімде осы аталмыш мемлекеттердің салық заңнамасы бойынша нақты салық жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, оны қандай мемлекеттік органдар іске асырады және жалпы елде қандай салықтар бар екендігі ескеріледі.

Біздің жас Тәуелсіз, Егемен мемлекетіміз фискалдық  саясатқа  алғашқы  қадамдарын жасауда, яғни салық  салу жүйесінің нақты  қалыптасып,  орын  алуы мемлекеттің салықтық  заңдылығынын сәттілігіне  байланысты. Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық денгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.

Курстық жұмыстың қорытынды бөлімінде, жалпы  салықтардың қажеттілігі, маңыздылығы  және пайдасы туралы ой тұжырымдалады. Олардың әлемдік шет мемлекеттерінің  Қазақстан Республикасының салық  заңнамаларымен салыстырмалы өй тұжырымдамасы  және дүние жүзілік тәжірибе алмасу жайында сөз қозғалады. Жұмыс  авторы өз ойын қорытындылайды. Соңынан  курстық жұмысты орындау барысында  қолданылған әдебиеттер мен ақпараттар алынған көздер көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ

1  Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері

Еуропаның салықтық құқығы негізінен  алғанда Еуропалық қоғамдастықтың, Еуропалық Одақтың және Еуропалық  Кеңестің өз салық, жүйелерінің құрылуы  мен жұмыс істеулеріне, осыған орай және тағы басқа да маңызды жәйттерге  байланысты шығарылып, қабылданған  ұлттық салықтық заңдар мен өзара  интеграцияланған Еуропалық Одақ мүшелері - мемлекеттердің құрылтайлық шарттарында  көзделген салық ережелері мен  салықтық құқық принциптерінің, сондай-ақ өзге де халықаралық-құқықтық және ұлттық құқық актілерінің жиынтығынан  тұрады. Еуропаның салықтық құқығының осындай мәнжайын Еуропалық құқық айқындайтынын білу кажет.

Еуропалық салықтық құқық Еуропадағы салықтар мен салық салу және кеден мәселелеріне байланысты туындайтын айрықша қатынастарды реттейтін интеграциялық және мүше мемлекеттердің салықтық құқықтарының жиынтығы болып табылады.

Еуропалық салықтық құқықтың құрамдас бөлігі интеграциялық салықтык күкықтың Еуропа қоғамдастығының құқық жүйесінде алатын орны осы қоғамдастықтың салық саясатымен айқындалады, сондай-ақ оның дерек көздерінің қатарына регламенттер, директивалар, шешімдер, құрылтайлық шарттар, Еуропалық қоғамдастық Сотының шешімдері және халықаралық салықтық шарттар жатады. Еуропалық салық салу жүйесінің негізгі принциптері ретінде демократиялылық принципін, құқықтық плюрализм принципін, адам құқығы мен бостандығының басымдылығы принципі, ЕО құқықтарының басымдылығы принципі, салық салу аясындағы қарым-қатынастардың икемділігі принципін атап өтуге болады[3,48б].

Салықтық құқықтың жүйесі – мемлекеттің салықтық қызметі саласында туындайтын салықтық қатынастарды реттеуге ат салысатын салықтық – құқықтық нормалардың өзара қарым қатынаста бола отырып жүйеленуін және бірігуін, сондай-ақ қисынды түрде белгіленген тәртіппен орналасуын көрсететін салықтық құқықтың ішкі құрылысы[4,248б].

«Салықтар – бұл үкіметтік машинаның  экономикалық негізі, және басқа еш нәрсе емес»[5,170б].

 

1.1Германияның салық жүйесі

 

Германия екі деңгейге бөлінген мемлекеттік билігі бар федеративтік мемлекет болып табылады. Осыған орай оның салық салу жүйесі федерацияның, федерация мүшелері – жерлердің  және осы жерлердің құрамдас бөлігі болып есептелінетін қоғамдастықтардың мүдделерін (бюджеттерін) көздей отырып құрылғанын байқаймыз. Сонымен, Германияның салық жүйесі жалпы, федералдық салықтар мен жерлердің және қоғамдастықтардың салықтарынан тұрады. Жалпы салықтарға: еңбек ақыға салынатын табыс салығы; декларация бойынша төленетін табыс салығы; корпорациялық салық; капиталдан алынатын табыстарға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; импорт айналымынан алынатын салық жатады.

Федералдық салықтарға: мұнай өнімдерінен, темекіден, спирт және арак өнімдерінен алынатын акциздер; сақтандыру салығы; жерлердің салықтарына: автомобиль иелерінен алынатын салық; мүлік салығы; сырадан алынатын акциз; шіркеулік салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; қоғамдастықтардың салықтарына: жер салығы; кәсіпқойлық салық жатады.

Германияның салық жүйесінің ұтымдылығынын жарқын көрінісі ретінде мына келесідей жәйтті атап өтуге болады: салықтық кірістері айтарлықтай мол Бавария, Вюртемберг, солтүстік Рейн - Вестфалия жерлері онша дами қоймаған Саксония, Шлезвиг - Гольштейн жерлеріне өз қаржылық ресурстарының  бір бөлігін әрдайым беріп отырады. Сонымен, Герма-ниядағы салықтар мына: жеке тұлғаларға салынатын салық; корпорацияларға салынатын салық; қосылған кұнға салынатын салық; мүлікке салынатын салық; жер салығы; жер учаскесін сатып алу кезінде төленетін салық; сақтандыру жарналары; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; автомобильдік салық; кофеге, қантқа, минералдық майларға, арақ, шарап және темекі өнімдеріне салынатын акциздер; Германия аумағында мұнай және газ өндіруді дамыту үшін алынатын кедендік баждар мен алымдар, әлеуметтік сақтандыру қорына алынатын жарналар сияқты негізгі түрлерге бөлінеді.

Салық салу туралы зандар шығару, салықтарды алу және салықтық түсімдерді пайдалану  процестері Германияның Конституциясымен реттелінеді. Федералдық билік органдарына  кедендік баждар мен қаржылық монополияларға қатысты заңдарды шығаруға байланысты айрықша құқық берілген. Қалған салықтар мен алымдар бойынша бәсекелесу зандары шығарылады. Осы зандарды шығару барысында кәсіпқойлық және жер салықтарына мұқият назар аударылады. Салықтарды алу жөніндегі әкімшілік құзыреттер Бас кедендік басқармаларға және қаржылық басқармаларға бөлініп берілген.

Осы Бас кедендік басқармалар өз қызметтерін федералдық және Еуропалық қоғамдастық ауқымында жүзеге асыратын федералдық қаржылық органдар болып табылады.

Ал қаржылық басқармалар жергілікті деңгейдегі салықтар мен кейбір федерациялық салықтарды алуға ат салысады[6,24б].

1.2Ұлыбританияның салық жүйесі

Өткен жүзжылдықта қалыптасып, құрылған Ұлыбританияның салық жүйесі 1973 және 1987 жылдары реформалауға ұшыраған болатын. Осы салықтық реформаларды құрайтын негізгі шараларға: жеке табыс салығының төменгі ставкасын 27-ден 20 процентке дейін төмендету; тұрғылықты халыққа салынатын табыс салығын 20, 24 және 40 процент ставкалар мөлшерінде алу; ерлі - зайыптылардың табыстарына бөлек салық салуды енгізу және т.б. жатқызылған еді. Ұлыбританияның қазіргі кездегі салық жүйесіндегі салықтар (өз деңгейлеріне орай):

Орталық салықтар: тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығы; корпорацияға салынатын табыс салығы; мұнайдан түсетін табысқа салынатын салық; мұраға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; елтанбалық, алым; баждар және акциздер.

Жергілікті  салықтар жылжымайтын мүліктерге: зауыттар мен фабрикаларға, жер учаскелеріне, тұрғын үйлерге, дүкендерге және мекемелерге салынатын салықтардан тұрады.

Ұлыбританияның салықтық зандарының негізі ретінде: 1970 жылғы халықтан және корпорациялардан алынатын табыс салығына қатысты заң актісін, 1979 жылғы қосылған құнға салынатын салыққа қатысты актіні және 1996 жылғы корпорациядан алынатын салыққа қатысты актіні атап көрсетуге болады. Британия парламентінің заң шығарушылық билігі және осыған орай салықтық құзыреті Англияға, Уэльске, Шотландияға және Солтүстік Ирландияға таралады. Ұлыбританияның Үкіметі мен Қазынашылығы салық жүйесін басқаруды жүзеге асырады.

Ал салық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру міндеті үкімет департаменттері: Ішкі кірістер басқармасы мен баждар және акциздер басқармасына жүктелген. Бұл жерде айта кететін бір қызықты жәйт, елтаңбалық алым ең көне (ескі) салықтар қатарына жатады, себебі ол салық салу жүйесіне 1694 жылы енгізілген болатын.

 

1.3Францияның салық жүйесі

Францияның салық жүйесіндегі салықтар табыс салықтары тұтынуға салынатын салықтар және капиталға салынатын салықтар болып аса ірі үш топқа бөлінеді. Сонымен қатар Франциядағы салық салу көбінесе тұтынуға салынатын салыққа бағытталған. Сондықтан Франциядағы фискалдық жүйедегі тікелей салық салудың деңгейі төмен, ал жанама салықтардың деңгейі аса жоғары болып табылады.

Францияның салық жүйесінің негізін құрайтын салықтар орталық және жергілікті салықтар болып бөлінеді. Негізгі орталық салықтарға мыналар: қосылған құнға салынатын салық; ақшалай капиталдардын табысына салынатын салық; жылжымайтын мүліктерден түскен пайдаларға салынатын салық; акционерлік компаниялардың пайдаларына салынатын салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; капиталдың өсімінен алынатын салық; елтаңбалық және тіркеу алымы; тіркеу салығы (алымы) жатады.

Жергілікті  салықтар жүйесіне мына келесідей салықтар мен алымдар: тұрғын үйге салынатын салық; кәсіптік салық; жер салығы; құрылыс салынған учаскелерден алынатын жер салығы; құрал - жабдықтарға салынатын арнайы (косымша) салықтар; тұрмыстық қоқьістарды жою үшін алынатын салық; рудниктерге салынатын департаменттік және коммуналдық салықтар; ауыл - шаруашылығы палатасын ұстауға алынатын баж; сауда - өнеркәсіп палатасын ұстауға алынатын баж; автокөлік құралдарынан алынатын баж; көгалдандыру үшін салынатын салық енгізілген.

Информация о работе Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері