Қазақстандагы салық салу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 13:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

макро.doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері  мен еңбек ұжымдары шикізат пен  материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс  қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын  көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Айтып өткендей салық  міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір  салық төлеушінің міндеттемесі болып  табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.  Салық кодексі республикалық  және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска  да міндетті төлемдерді білгілейтін,  Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін,  салық салу объектілерін, салықтың   негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.

Салық қызметі органдары  салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін   орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады. Салық саясаттың негізгі бағыттарды жүзеге асыру үшін соңғы жылдарда салық органдарының жұмыстарын тиімділігің арттыру мен жетілдіру мақсатымен мемлекеттік бюджеттен қөп қаражаттар бөлінеді және салық органдарының техникалық және технологиялық қамтамасыз етуіне көп назар аударылады.

Қазақстан салық саясатына 2 негізгі бағыттарды енгізгеннен кейін салықты төлеушіге салықты төлеуге ыңғайлы болды. Себебі барлығы автоматты түрде өткізілетін болды, салық ставкалары азайды, жеңілдіктер пайда болды.

Қазіргі кезде салық  төлеушілерге қажетті ақпараттарды беру үшін көп уақытты кетірмей бір  жерден ала алады. Себебі барлық ақпараттар біріңғай ақпараттық жүйеге енгізіліп қолданылады. Салық төлеушіге көрсетілетін қызметтер жоғары сапамен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы қазіргі кезде салық жүйеге көп  назар аударуда. Болашақта да салық  органның жұмыс тиімділігін арттыру мен жетілдіру үшін көптеген жұмыстар атқарылып және мемлекеттік бюджеттен қаржаттар бөлінуде.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. "Салықтар мен бюджетке төленетің басқа да міндетті төлемдер туралы"2008 жылы 10 желтоқсандағы № 100 Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодекс) ,2011 ж. 1 қантар жағдайына қарай өзгерістерді еске ала отырып;

2.  ҚР Конституциясы.

3.  ҚР Бюджет кодексі № 548 4.12.2008ж.№ 95-IV, 2011 ж. 1 қантар жағдайына қарай өзгерістерді еске ала отырып;

4.  Нурхалиева Д.М.,Омирбаев С.М.,Омарова Ш.А. Налоги и налогообложение в РК.286б.

5. Умбеталиев А.Д. Салық және салық салу. Алматы,2006ж.458б.

6. Крамаренко Т.Н. Салық  және салық салу. Алматы, 2008ж.,158б

7. Бекболсынова А.С.  Налоги и налогообложениеАстана- 2008г.214б.

8. Учебное пособие  по дисциплине «Налоги и налогообложение»,Смагулова А..- Болашак- Баспа-2010г.213б.

9. «Сборник задач и практических заданий по дисциплине «Налог и налогообложение» для учащихся экономических дисциплин»  Смагулова А..- Болашак- Баспа-2010г.125б.

10. Абдрасимова Ж.К. Салық және салық салу. Қарағанды,2006ж.158б.

11. Жакупова О.М.Налоги в Казахстане. Алматы,2004г.125б.

12. Торшаева Ш.М. Принципы налогобложения. Караганда, 2006 г.236б.

13. salyk.kz

14.tax.kz

15.minfin.kz

16. zakon.kz

17. pavlodar.zakon.kz.

18.balans.kz

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандагы салық салу жүйесі