Қазақстандагы салық салу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 13:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

макро.doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

6.1.Кеменің немесе жасалып  жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік  тіркеу үшін алым (2005 жылдың 1 қаңтардан)

7.Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8.Дәрі-дәрмек құралдарын  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8.1.Туындылар мен сабақтас  құқықтар обьектілеріне құқықтарды,туындылар  мен сабақтас құқықтар обьектілерін  пайдалануға лизензиялық шарттарды  мемлекеттік тіркеу үшін алым(2006 жылы 1 қаңтардан)

9.Автокөлік құралдарының  Қазақстан Республикасының аумағы  арқылы жүру алымы.

10.Аукционардан алынатын  алым.

11.Жекелеген қызмет  түрлерімен айналысу құқығы үшін  лицензиялық алым.

12.Телевизия және радио  хабарларын тарату ұйымдарына  радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені алым.

Төлемақы-белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

Төлемақының 9 түрі бар.2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде «қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы» төлейді.

Төлемақының түрлері:

1.Жер учаскілерін пайдаланғаны  үшін төлемақы.

2.Жер бетінде көзердің  су ресурстарын пайдаланғаны  үшін төлемақы.

3.Қоршаған ортаны ластағаны  үшін төлемақы.

4.Жануарлар дүниесін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

5.Орманды пайдаланғаны  үшін төлемақы.

6.Ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарды пайдаланғаны  үшін төлемақы.

7.Радиожиілік спектрін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

7.1.Қалааралық және  халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы (2005 жылдың 1қаңтардан)

8.Кеме жүретін су  жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

9.Сыртқы жарнаманы  орналастырғаны үшін төлемақы.

Мемлекеттік баж дегеніміз-уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Баж салығы-алып келінген,сыртқа шығарылатын,сондай-ақ транзитті тауарлар,бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.[1]

 

    1. САЛЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

 

Салықтардың,оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:

-салық салу обьектілері бойынша;

-салықты алатын және  салықтан жиналған сомаға билік  жасайтын органға қарай;

-пайдалану тәртібі  бойынша;

-обьектінің экономикалық  белгісі бойынша.

Салықтарды салу обьектісі  бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тура салықтар-салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.

Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй,жер,кәсіп,ақшалай капитал,және т.с.с.) салынады.

Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

Жанама салықтар-бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық,  акциздер жатады. Жанама слықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі,экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.[9]

Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай  орталық және жергілікті салықтарды ажыратады.

Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.

Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.

Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы,знйнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).

Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады.Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсету тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

Салық салу обьектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады:кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу обьектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

Мағлұмдамада салық төлеушілердің табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді,шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен,корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер  салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызына дейін береді.[10]

Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық  төлеушілер:

  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
  • тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды іске асырғандар;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар.
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттрада ақшасы бар жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдамада беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттары,судьялар табыс етеді.[11]

Әскери қызметшілер  мен ішкі істер органдарының қызметкерлері  жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.

Салық төлеушіден салық  мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген  мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік  орган салық мағлұмдамасын табыс  ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.

Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның,мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп,ұстайды.

Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін тастайтын құжат.

Салықтық есептің екі  әдісі қолданылады:кассалық және есептеу  әдісі.

Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау,қызмет көрсету,мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.

Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытында қарамастан жұмысты орындау,қызмет көрсету,тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған.Төлеушілер үшін оның кемшілігі-салық төлемдері жеткізіліп тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс,бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.[12]

 

II БӨЛІМ ҚАРАҒАНДЫ  ҚАЛАСЫНЫҢ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ  ДАМУЫ.

 

Қарағанды облысы Қазақстанның ең ірі және өндірісі дамыған облысы болып табылады. Сондықтан, Қарағанды қаласының салық органдар жұмысының облыстың экономикасына, бизнес дамуына маңыздылығы зор.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік салық саясаттың  екі негізгі бағыттары:

  • салық салуды жеңілту;
  • салық жүктілігін азайту.

Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін соңғы жылдарда салық органдарының жұмыстарын тиімділігің арттыру мен жетілдіру мақсатымен мемлекеттік бюджеттен қөп қаражаттар бөлінеді және салық органдарының техникалық және технологиялық қамтамасыз етуіне көп назар аударылады.

Осы кезде салық салудын көбінесе процедуралар бірынғай ақпараттық жүйелер арқылы  автоматты түрде жүргізіледі:

  • уақытында салық төлемеген салық төлеушілерге банк шоттарын жабу;
  • төленген салық сомалардың түсімдерінің автоматты түрде салық органдарының ақпараттық жүйелерге түсуі;
  • салық есептілігін электрондық түрде ғаламтор арқылы тапсыруы;
  • салықты интернет-банкинг арқылы төлеу;
  • e-gov бірынғай электрондық ақпараттық жүйе арқылы салық справкаларды алу және тағы да басқа.[16]

Осындай жетістіктерге  жету үшін салық органдарының дамуы көп ауыр кезендерді бастан өткізді. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін салық органдар қалыптаса бастады. Бірінші кезендерде салық органдардын есебі толық қағаз түрде жасалған болатын. 1993-1994 жылдардан бастап салық органдарына компьютерлер енгізіліп бастады. 1994-1995 жылдарда әр салық комитет өзінің локальды бірінші арнайы ақпараттық жүйе  арқылы жұмыс істеген. Осы жүйенің қысқаша атауы - «СКУНС». Орыс тілінде толық атауы- «система комплексного управления налоговой службой» - қазақшаға аудармасы- «салық қызметінің кешендік басқару жүйесі».

Елдін салық есебі  әр салық төлеушіге салық төлеушінің тіркеу нөмірлерің беруден басталған. Осы ауқымды мәселені шешу үшін (бірнеше  миллион адамға СТН беру оны компьютерлік бағдарламаға еңгізу ) салық органдарының техникалық мүмкіндіктері жеткіліксізден, тәжірибелі мамандардын жетіспеушілігінен және тағы да басқа объективті және субъективті себептерден салық органдарының жұмыстары халықтың  көп наразылығын тудырған.

Сол кезде салық төлеушілер бір анықтаманы алу үшін бірнеше кабинеттерді аралап көп уақыттарын жоғалтты. Салық есептіліктері сол кезде тек қана қағаз түрде тапсырылған. Салық есептілігін тапсыру үшін салық төлеушілер ұзақ кезекте тұрып бірнеше сағат тұру керек болған. Осы кезде барлық салық органдарында салық төлеушілерді қабылдайтын оларға ыңғайлы орталықтары ашылған. 2000 жылдан бастап салық органдарына бірынға ақпараттық жүйе «ИНИС»енгізілген. Осы ақпараттық жүйені енгізуі , салық төлеушілердін орталықтары ашылуы Қарағанды қаласының Қазыбек атындағы салық комитетінен басталған.

Казіргі кезде Қазыбек  би атындағы салық басқарамасында орналасқан салық төлеушілерді қабылдау орталығында  салық төлеушілерге көп мемлекеттік  қызметерді жоғары сапамен көрсетеді. [13]

Салық төлеушілердің  арасындағы жүргізілген сауалнама нәтижелері мынандай.

Қазыбек атындағы салық  басқарманың 20 салық төлеушілерге мынадай  сұрақтары қойылған:

  1. Салық органдарының жұмыстарын қалай бағалайсыз?

 


 

1 диаграмма. ҚР салық салу жөнінде сауалнама. Салық органдарының жұмыстарын қалай бағалайсыз?

 

  1. Қалай ойлайсыз, Қазақстан Республикасының салық ставкалары төмен немесе жоғары ма?

2 диаграмма. ҚР салық салу жөнінде сауалнама. Қалай ойлайсыз, Қазақстан Республикасының салық ставкалары төмен немесе жоғары ма?

 

Сонымен, осы сауалнама нәтижесінде мынандай қорытындыларды жасаға болады: салық саясаттың негізгі бағыттарды жүзеге асыру үшін соңғы жылдарда салық органдарының жұмыстарын тиімділігің арттыру мен жетілдіру мақсатымен мемлекеттік бюджеттен қөп қаражаттар бөлінеді және салық органдарының техникалық және технологиялық қамтамасыз етуіне көп назар аударылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының  салық жүйесі салықтардың,алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын кірістіреді.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің  сомасы «Қазақстан Республикасының  бюджет кодексі» мен тиісті қаржы  жылына арналған «Республикалық  бюджет туралы»  заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Сөйтіп, Қазақстанның салық  жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша  сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарна облыстар, Қарағанды облысы бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.

Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгiсi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн  жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн  бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды тұрде бекiтедi

Информация о работе Қазақстандагы салық салу жүйесі