Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салык Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері.doc

— 203.00 Кб (Скачать документ)

Батыс Еуропада, АҚШ-та салық  жүйесі жақсы дамығандықтан, олардың  тәжірибесіне көбірек үңілді Бұл  жобаны дайындау кезінде Дүниежүзілік банктің, Еуропалық Одақтың, ЮСАИД-тің, Халықаралық инвестициялық салық орталығының сарапшы-мамандары шақырылып, қол ұшын берді. Олармен қоян-қолтық жұмыс істелді. Бұл жерде айта кетейін, Салық кодексінің жаңа жобасы қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған Батыстағы салық жүйесінің барлық жақсы жақтарын қамтыды.

Ең бастысы, қазіргі  кезде кәсіпкерліктің алдында тұрған ең үлкен әкімшілік кедергі –  салық есептілігінің шамадан  тыс болуы. Бұл бағытта үлкен-үлкен  шаралар жүзеге асырылды. Салықтың негізгі түрлері бойынша салық есептілігі барынша қысқартылды. Жаңа кодексте салық есептілігін берудің біртұтас мерзімі қарастырылып отыр. Яғни салық төлеудің жалпыға ортақ мерзімін бір айға дейін ұзарттық деуге болады.

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды

 

 

      Пайдалы  қазбалар өндiрудi жер қойнауын  пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға  дейін жүзеге асыратын жер  қойнауын пайдаланушылар жер  қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық  бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.     

 Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.     

Жер қойнауын пайдалануға  жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi     

 Жер қойнауын пайдаланушыларға  салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:      

1) бiрiншi үлгi, өнімді  бөлу бойынша Қазақстан Республикасының  үлесін қоспағанда, жер қойнауын  пайдаланушының осы Кодексте  көзделген салық пен басқа  да мiндеттi төлемдердi төлеуiн  көздейдi;     

2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте

  • көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға: 
          экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
  • роялти;
  • шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз; 
  • үстеме пайда салығы;
  • жер салығы;
  • мүлiк салығы қосылмайды. 

 

       Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы  жоқ операциялар бойынша салық режимi     

 Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. 

Салық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша салық салу шарттары     

 1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн.  
      Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.     

2. Өнiмдi бөлу туралы  келiсiм-шартта көзделген салық  және бюджетке төленетiн басқа  да мiндеттi төлемдердiң жекелеген  түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.

Салық сараптамасы     

1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.  
      2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады. 
      3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері