Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салык Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері.doc

— 203.00 Кб (Скачать документ)

 Қызметiн өнiмдi бөлу  туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге  асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.

Салық декларациясы      

 Қызметiн өнiмдi бөлу  туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге  асыратын жер қойнауын пайдаланушының  қосымша төлемi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында белгіленген мерзiмде табыс етедi.

 

 

 

2.4  Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы      

Төлеушiлер.Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келiсiм-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушiлер болып табылады. 
Салық салу объектiсi     

 Жер қойнауын пайдаланушының  жинақталған табыстардың жинақталған  шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары  болған салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу объектiсiшболыпщтабылады.  
Салық базасы.Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына көзделген шегерiмдер сомасының 20лпроцентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады. 
Салық базасы қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және (немесе) тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он процентiнен аспауға тиiс. 
     Есептеу тәртiбi      

 1. Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстiң 308-бабында белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi. 
      2. Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады. 
      3. Жинақталған шығыстар осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын шығыстарының сомасыдретiнделайқындалады. 
      Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 Кесте №4     

 Үстеме пайда салығы  мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

 

Жинақталған табыстардың  жинақталған шығыстарға қатынасының  алынған мәні

Ставкасы

1,2-ден кем

0 %

1,2-ден 1,3-кe дейiн      

10%

1,3-тен 1,4-кe дейiн      

20%

1,4-тен 1,5-кe дейiн      

30%

1,5-тен 1,6-ға дейiн      

40%

1,6-дан 1,7-гe дейiн      

50%

1,7-ден жоғары            

60%


 

 Салық кезеңі күнтiзбелiк жыл болып табылады

 Салық төлеу мерзімі.     

 Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.Салық декларациясы Yстеме пайда салығы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Жер қойнауын  пайдаланушылардың салықтары мен  төлемдерін жүзеге асырудағы  қазіргі кездегі жетілдіру жолдары.

 

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауы «Қазақстан халдқының  әл ауқатын аттырумемлекеттік саясаттың  басты мақсаты» - Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы. Былай делінген:

Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.

Қолданыстағы Салық  кодексі экономикалық өсуде оң рөл  атқарды, дегенмен, қазіргі кезде  оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер  мен преференциялар бар.

Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.

Жаңа Кодекс салық  қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру  сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек.

Бірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс.

ҚР Парламенті Мәжілісінде  жаңа өтіп, құжаттағы негізгі жаңалықтар бойынша Салық кодексі жобасының  таныстырылымы болып, Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады

2008 жылдың Қыркүйектің  8-інде ҚР Парламенті Мәжілісінде  жаңа Салық кодексі жобасының  таныстырылымы болып өтті.

Салық кодексінің жобасы Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес әзірленіп, ол бойынша экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал еткізу шаралары қамтылып отыр. Осыған орай Үкімет тарапынан әзірленген жаңа Салық кодексінің жобасымен тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өңдеуші сектордың түсімдерін арттыра отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына ауыртпалықты төмендету, салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру көзделеді.

Жобадағы негізгі жаңалықтар бойынша баяндама жасаған Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Кодексте салық салу барысында туындайтын мәселелермен айналысатын Консультациялық кеңес құру қарастырылған. Бұл кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқаратын болады. «Кеңестің негізгі жұмысы салықтық міндеттемелерді атқару барысында туындайтын айқын емес, нақтыланбаған тұстарды және қайшылықтарды жою мәселелерін жедел шешу. Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарудың болуы мүмкін жолдарын кесу жұмыстары да аталған кеңес тарапынан жүргізіледі», деді министр. Оның сөзіне қарағанда, жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына, әртараптануына жағдай жасап, «көлеңкелі» секторды барынша қысқартуға септігін тигізетін болады.

2009 жылы қосымша құн  салығының ставкасы 12 пайызға тең  мөлшерде болады. Бұл туралы ҚР  Парламенті Мәжілісінде жаңа  Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. «Бұл көрсеткіштің өзінен қазақстандық қосымша құн салығы ставкасының әлемдегі стандартты салықтар арасындағы ең төменгі деңгейдің бірі болатынын көруге болады. Бұнымен қоса, жобада қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған қосымша құн салығы есептелгеннен асып кету сомасын автоматты түрде бірыңғай қайтару енгізіледі. Ал 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық енгізу көзделеді», деді Б. Сұлтанов. Сонымен бірге, Қазақстанда шығарылмайтын қондырғыларға, жабдықтарға қатысты жеңілдіктер 2012 жылға дейін сақталатын болады.

Жобаны таныстыру барысында  Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда өндірілетін жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық салынатындығын хабарлады.

Министрдің баяндамасынан  кейінгі сауалдар барысында депутат  Кенжеғали Сағадиев жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық жүктемесі бойынша қамтылған негізгі өзгерістерге назар аудартты. «Қазақстанда биыл шамамен алғанда 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілді. Келесі жылы да осы шамалас өнім өндіріледі деп күтілуде. Осы тұрғыдан алғанда елде өндірілетін мұнайдың қаншалықты бөлігіне салық салынады? Өйткені, бұл салық ауыртпалығынан Өнімді бөлу туралы келісім шартын жасасқандар, «ТШО» секілді ірі жер пайдаланушылар құтылып отыр ғой», деді депутат К. Сағадиев.

Депутат сауалына жауап  бере отырып министр Б. Сұлтанов, алдын ала болжамдарға да тоқталды. «2009 жылы Қазақстанда өндірілген жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша салық салынады. Жалпы алғанда салық кодексінде қамтылған өзгерістер нәтижесінде мұнай саласындағы жерді пайдаланушылар үшін салық ауыртпашылығы коэффицентін 49 пайыздан 62 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік бар», деді Б. Сұлтанов.

Жаңа Салық кодексі  жобасының таныстырылымы барысында  Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда 72 млн. тоннаға жуық мұнай мен газ конденсаты өндіріледі деп болжанып отырғандығын айтты.

Министрдің айтуынша, келесі жылы жер қойнауынан алынатын мұнай мен газ конденсаттарының көлемі биылғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда соншалықты қомақты болмайды. «Биылғы жылы шамамен 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілсе, келесі жылы Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газ конденсатының көлемі 72 млн. тонна шамасында болжанады. Жалпы қазіргі кезең Қазақстан үшін дайындық жылы болғандықтан да мұнай-газ өндірудің көлемі айтарлықтай өзгермейді. Біздегі ауқымды мұнай өндіру көрсеткіші 2012 жылға қарай күтіледі», деді министр

Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салықты 11% деңгейінде белгілеуді ұсынуда. Бұл  туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде таратылған материалдарда айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Әлеуметтік салықты  11% мөлшерінде белгілеу ұсынылған, ал қолданыстағы заңнамада ол 5 - 13% тең. Әлеуметтік салық сомасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын мөлшерге азайтылып отыратынын ескергенде, бюджетке аударылатын нақты әлеуметтік салық ставкасы 2009 жылы 7%-ға, 2010 жылы 6%-ға тең болмақ,- деді еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Жаңа Салық  кодексін қабылдау экономиканың тұрақты  дамуына және әртараптануына жағдай жасайды, экономиканың көлеңке секторын қысқартуды қамтамасыз етеді, Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады, ол елге капитал ағымын ықпал етеді және экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Салық кодексін тікелей қолданылатын заңның принциптеріне сәйкес келтіру, салық органдары әрекеттерін терең регламенттеу, салықтық бақылау жүйесін құру салықтық жүйесінің сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік береді және салық органдары мен салық төлеушілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Бұл заңнан мемлекеттің  ұтатыны – салық салудың тәртібін жеңілдету нәтижесінде кәсіпкерліктің дамуына серпін береді. Жеке меншік секторға пайдалы жағы – айналымдағы қаржылары салықтан босап, салық есептемесі жеңілдетіледі. Онымен бірге, жеке меншік бизнес те анағұрлым жеңілдетілген салық жүйесімен өмір сүреді. Яғни салық органдарында сағаттап кезек күтпей, уақытының көп бөлігін өз шаруасына бөледі деген сөз.

Жаңа жоба салықты  әкімшіліктендіру бағытында да жақсы  нәтижелерге қол жеткізеді. Өйткені былай алып қарасақ, біз салық салуды, оның есептелуін және салық төлеудің тәртібін жеңілдету арқылы салық органдарының қызметін жетілдіреміз. Атап айтар болсақ, ақпараттық жүйелер дамиды. Мұның нәтижесінде, әкімшіліктендіру жүйесі де жаңарады деген сөз.

Қандай да бір себептермен  енгізілмей қалған нормалар бар. Бұл  жерде әңгіме бір жағынан мемлекет және екінші жағынан кәсіпкерлік қауымдастық ұсынған нормалар туралы болып отыр. Оны тарқатып айтар болсам, мемлекет өз тарапынан салықтық бақылауды күшейтуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынды. Бірақ жаңа заңның жобасын сараптау барысында ондай бақылаудың күшеюі кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі келтіретіндіктен ондай өзгерісті қабылдамауға шешім шығарылды. Ал кәсіпкерлік қауымдастықтың ұсынғаны – жекелеген субъектілерге салықтық жеңілдіктер беру. Жаңа кодекстің тұжырымдамасының өзі жалпы салықтардың салмағын төмендетуге бағытталғандықтан бұл ұсыныс та енгізілген жоқ. Бұған дейін әртүрлі санаттағы салық төлеушілерге қолданылып келген жекелеген салық жеңілдіктеріне қатысты нормалар мақұлданған жоқ.

Жаңа кодексті әзірлеуге Үкіметке бар жоғы алты ай уақыт берілгендігімен талқылағанда жұмыс тобына Парламент депутаттары көбірек тартылды. Яғни олардың заң жобасын жан-жақты қарап, өздерінің ой-пікірлерін, ескертулерін айтуға көп мүмкіндік берілді. Оның Мәжілістегі қаралуына екі ай уақыт берілді. Уақыттың аздығы депутаттардың ұсыныстар жасауына кедергі келтіруі мүмкін. Алайда мәжілісшілер қазір аса жоғары құлшыныспен бұл заңды қарап жатыр. Жұмыс тобының мүшелері күн сайын отырыс өткізеді. Барлық тараптардың ұсыныстары назардан тыс қалмауы тиіс. Осындай қызу тірліктің нәтижесінде мемлекеттің де, кәсіпкерлік қауымдастықтың да көңілінен шығатын заң дүниеге келуі керек.

Информация о работе Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері