Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 18:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта Қазқстан халқы үшін ең актуалды мәселелелердің бірі болып Республикамыздағы салық жұйесін нарықтық экономика талаптары мен халықаралық стандарттарға сай келтіру болып тұр. Салық жұйесі кәсіпорындармен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеудің маңызды құралы болғандықтан, қазіргі уақыт салық салынатын ұлттық табыстың өсуімен сипатталады.

Содержание

Кіріспе 3
I – Тарау. Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны 4
1.1 Акциздер және оның Қазақстан Республикасы салық жұйесіндегі орны 4
1.2 Акциз жанама салықтардың бірі ретінде 7
II – Тарау. Қазақстан Республикасындағы акциздердің қалыптасуы және есептеу ережелері 11
2.1 Акциздерді есептеу мен өндіруді ұйымдастырудың тәртібі мен қағидалары 11
2.2 Салық мекемелерінің акциз салығының төленуін қадағалауы 15
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

Прикрепленные файлы: 1 файл

h3.doc

— 119.50 Кб (Скачать документ)

Заңсыз енгізу, өндіру мен сатуды болдырмау және акциз  салығының толық жиналуын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының территориясында өткізілуге арналған алкогол өнімдері мен темекі бұйымдары міндетті тұрде таңбалануы керек. Өнімнің таңбалануына өндірушілер мен импорттаушылар міндетті. Бұл жағдайда акциз, акциз жинау маркасының бекітілген үлгісін сату арқылы жиналады, ал оның бағасы акциз төлеудің авансы болып есептеледі және бюджетке төленетін акциздік төлемдер азайтылып төленеді.

Заңнамада импортталатын  тауарларға жеңілдіктер қарастырылған. Жекелеп алғанда: гуманитарлық көмек ретінде қайырымдылық мақсатта, шетел дипломатиялық және оларға теңдестірілген әкілдіктерінің ресми қолданылуына арналған, осы әкілдіктердің жұмысшылары мен олардың отбасы мүшелері қолданылуына арналған; халықаралық адам және жүк тасымалдау көліктерін пайдалануға қажетті заттар; жеке тұлғалардың, бекітілген норма шеңберінде әкелген заттары және кейбір басқа жағдайларда әкелінген тауарларларға акциз салығы салынбайды..

 

<h4>II – Тарау. Қазақстан Республикасындағы акциздердің қалыптасуы және есептеу ережелері

2.1 Акциздерді  есептеу мен өндіруді ұйымдастырудың  тәртібі мен қағидалары

Қазақстан Республикасында  акциз «Салық және Бюджетке төленетін  басқа міндетті төлемдер» туралы заң және №36 «Акциз салығын есептеу  және төлеу тәртібі» туралы нұсқаулама негізінде өндіріледі.

Акциз тауарға салынатын, өнім бағасына қосылатын жанама салық  болып табылады. Акциз Қазақстанда  жасалған және Қазақстанға импортталатын  тауарларға және ойын бизнесіне салынады. Экспортталатын акциздік тауарлар акцизделмейді, тек қана егер тауар өндіруші тауардың экспортқа кететінін растайтын болса, алайда бұл, Қазақстан қатысқан халықаралық келісімдерге қайшы келмесе.

Акцизделетін тауарды  экспортқа шығарарда, тауардың иесі төлеген акциз, оның осы салық  тұрі бойыкша болашақ төлемдер шотына алынады немесе салық органының ол берген өтінішін алғаннан кейін 60 күн ішінде қайтарылып береді. Бұл тәртіп тауар иесінің акциз төлегенін және тауардың экспортқа кеткенін растайтын құжаты бар болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілері болып табылады егер:</h4>

  • Қазақстан Республикасының территориясында акцизделетін тауар өндіретін болса;
  • бензиннің (авиациялық бензиннен басқасы), дизел отынының бөлшек немесе көтерме саудасын жүргізсе;
  • Қазақстан территориясына акцизделетін тауар импорттаса;
  • Қазақстан Республикасында ойын бизнесін ұйымдастырса.

Мұрагерлік құқығы бойынша  мемлекет қарамағына өткен, иесі жоқ  немесе тәркіленген тауарлар акцизін, сонымен қатар бұрын акциз  төленбеген тауарлардың акцизін төлеуші болып осы тауарларды өткізумен айналысатын тұлға табылады.

Қазақстан Республикасының  үкіметі бекітетін тәртіптер  мен талаптарға сай, барлық шарап  – арақ өнімдері акциздік алым алынады  деген маркалармен таңбалануы керек. Акциз ставкаларын үкімет орнатады, ол тауардың құнына немесе натуралды көлеміне байланысты тағайындалады және ол республиканың бүкіл территориясына ортақ болып табылады.

Акциз соммасын, төлеуші  өткізетін тауарлар құны және орнатылған ставкаларды есепке ала отырып өзі  есептейді. Акциз бойынша бюджетпен есептесу периоды болып күнтізбелік ай табылады.

Шарап - арақ өнімдері бойынша  бюджетке акциз, тауар өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірілмей аударылуы  керек.

Бюджетке уақытында  төленбеген акциз үшін, төлеген күнді  қоса алғандағы кешіктірілген әр күн үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орнатқан қайта қаржыландыру ставкасынан 1.5 есе айып пұл өндіріледі.

Акциз төлеу уақыты ұзартылуға жатпайды.

Импортталатын тауарлар бойынша акцизделу объектісі, Қазқстан Республикасының кеден заңнамасы анықтайтын кедендік құн немесе натуралды тұрғыдағы физикалық көлемі болып табылады. Импортталатын тауарлар бойынша акциз, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы кедендік төлемдер төлеу күні деп анықтаған күні төленеді.

Акцизді, Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен нормалар шеңберінде акцизделетін тауар импорттаған жеке тұлғалар төлемейді.

№1 Кесте. Қазақстан Республикасының  кедендік шекарасынан, жеке тұлғалар акцизделтін  тауарлар үшін акциз төлемей алып өте алатын нормалар көлемі:

 

Тауар атауы

Кеднедік құнына байланысты акциздің % ставкалары немесе өлшеу  бірлігі 

  1. бекіре және қызыл балық, бекіре және қызыл балық уылдырығы, бекіре және қызыл балықтан, оның уылдырығынан жасалған деликатестер
  2. сыра
  3. арақ – шарап өнімдері
  4. темекі бұйымдары
  5. бензин
  6. дизель отыны
  7. хрусталь бұйымдары, хрустальді шамдар
  8. платина, алтын немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар

1 кг

5 литр

2 литр

1000 дана

100 литр

150 литр

1 жинақтама (комплект)

2 зат


Төменде тізілген импортталатын  тауарлар акциз төлеуден босатылған:

  1. халықаралық жүк және жолаушы тасымалдайтын көлікті қолдануға керекті акцизделетін тауарлар, жол бойында немесе кезекті тоқтау орнында, сонымен қоса апат салдарын жою үшін шет елде сатып алынған тауарлар;
  2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жетпей тұрып бұзылғаны немесе құртылғаны себебінен бұйым немесе өнім деп санауға келмейтін тауарлар;
  3. шетел дипломатиялық және оларға теңдестірілген әкілдіктерінің ресми қолданылуына арналған, осы әкілдіктердің жұмысшылары мен олардың отбасы мүшелері қолданылуына арналған;
  4. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамалары қарастырған арнайы кедендік режимі бойынша, Қазақстанның кедендік шекарасынан салық төлемей алып өтуге рұқсат етілген заттар.

Акциз салығының дұрыс  есептелуі мен уақытылы төленуі  толығымен салық төлеушінің мойнына жүктелген.

Салық төлеуші салық  қызметінің тиісті мекемесіне есеп беру айынан кейінгі айдың 15 – ші күнінен  кешіктірмей, акциз төленуге тиісті соммасы және есеп беру айының әр - бір 10 күні үшін нақты төлеген соммасы  көрсетілген салық декларациясын өткізуге міндетті.

Егер акциз төлеу  және декларация өткізу күндері демалыс  немесе мейрам күндеріне келетін  болса, онда ол демалыс немесе мейрам күндерінен кейінгі бірінші жұмыс  күніне аударылады. Акциздік жиын маркаларымен таңбалануға тиісті тауарларды акциздік жиын маркалармен таңбаламай сатуға тиым салынады.

№3 Кесте. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента  салығының ставкалары мынадай мөлшерлерде  белгiленедi:

Нарықтық бағасы

Ставкасы

 
бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан кем        
бiр баррель үшiн 19-дан 20 АҚШ долларына дейiн         
бiр баррель үшiн 20-дан 21 АҚШ долларына дейiн         
бiр баррель үшiн 21-ден 22 АҚШ долларына дейiн         
бiр баррель үшiн 22-ден 23 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 23-тен 24 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 24-тен 25 AҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 25-тен 26 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 26-дан 27 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 27-ден 28 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 28-ден 29 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 29-дан 30 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 30-дан 31 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 31-ден 32 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 32-ден 34 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 34-тен 36 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 36-дан 37 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 37-ден 38 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 38-ден 40 АҚШ долларына дейiн        
бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларынан астам

0 процент

1 процент

4 процент

7 процент

10 процент

12 процент

14 процент

16 процент

17 процент

19 процент

21 процент

22 процент

23 процент

25 процент

26 процент

28 процент

29 процент

30 процент

31 процент

33 процент


[2.]

<h4>Акциз жиналымынының толықтығын қамтамасыз ету үшін және акцизделетін кейбір тауарлардың заңсыз енгзілуі, өндірілуі мен сатылуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының үкіметі акцизделетін тауарларды акциз маркаларының жаңа түрімен таңбалануы керек деген үкім шығарды. Бұған отандық тауар өндірушілер мен шетел тауарын импорттаушы тұлғалар жауапты деп тапты. Сонымен бірге акциз маркаларының жаңа түрлерін шығаратын кәсіпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Банкнот Фабрикасы болады деп шешті.

Акциздердің толық жиналуын қамтамасыз ету мақсатында этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру, сондай ақ алкоголь өнімдерін сақтау мен оны көтерме саудада өткізу міндетті тұрде лицензияланады, яғни осы іс - әрекеттерді жүзеге асыру үшін міндетті түрде лицензия алу керек.

Лицензия осы қызметтердің әр – қайсысына бөлек беріледі.

Қызмет түрлері:

  • этил спиртін өндіру;
  • алкоголь өнімдерін өндіру;
  • этил спиртін сақтау мен өткізу;
  • алкоголь өнімдерін(сырадан басқасы) сақтау және көтерме саудада өткізу.

Лицензия үш жылға  дейінгі мерзімге беріледі, бірақ лицензиялық жиналым төлемі, соңғы төлем жүргізілгенен кейінгі он екі айлық периодтан кейін жыл сайын төленеді.

Жыл сайынғы лицензиялық  жиналым төлемдерін төлеу, лицензия иегерінің лицензияланатын қызмет түрін жүргізіп жатқандығын растайды, ол қайтадан лицензия беруді көздемейді.

<h4>2.2 Салық мекемелерінің акциз салығының төленуін қадағалауы

Жолға дұрыс қойылған салық жүйесі, кризистен шығуда маңызды  рөл атқаруы мүмкін. Маңыздысы, салық  заңдылығын қатаң орындау болып  табылады.

Салықты бюджетке дұрыс және уақытында төлеу жауапкершілігі салық төлеушімен оның қызметкерлеріне жүктеледі.

Құжаттық тексеріс, есеп тапсыру мәліметтерінің сенімділігін, есеп жүргізілуінің дұрыстығы мен  толықтығын, салық пен басқа міндетті төлемдердің бюджетке уақытылы немесе кешіктіріліп төленуін және заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің қаржылық нәтижесін бұрмалауға әкелетін қателерді анықтау мақсатында жүргізіледі.</h4>

Қазақстан Республикасының  «Салық және бюджетке төленетін басқа  да төлемдер туралы» заңына сәйкес салық қызметінің органдары бір салық түрінен кәсіпорынды жарты жылда бір реттен артық тексеруге, ал жалпы тексерісті жылына бір реттен артық жүргізуге болмайды.

Нақты салық төлеушіге  қатысты кезектен тыс тексерістер  салық органының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі. Қылмыстық – процессуалдық заңдылыққа қатысты заң бұзылғаны анықталатын болса, тексерісті салық полициясының құрылымдық бөлімдері жүргізеді.

Өкілдіктері мен филиалдары бар заңды тұлғаларды қадағалаушы  салық органы қаржы және салық  есептілігінің құжаттық тексерісін жүргізгенде тексеріліп отырған кәссіпорынның ғана емес, оның өкілдіктері мен флиалдарының да қаржылық және салық есептілігінің құжаттарын тексеруі тиіс.

Жыл ішінде жүргізіліп отырған  тексеріс аяқталған есеп беру периодына  қатысты жүргізіледі.

Құжаттық тексеріс үкімет, жоғары тұрған мекеме, құқық сақтау мекемелерінің тапсырысы немесе салық заңдылығының бұзылыуы туралы ақпарат түскен жағдайлардан басқа  жағдайларда салық мекемесінің  төрағасы бекіткен график бойынша жүргізіледі.

Тексеріс сұрақтарының тізімін құру кезінде әр салық түрінен төлемдер мен аударылымдардың дұрыстығы мен уақыттылығын ғана емес, сондай ақ салық салудан берілген жеңілдіктің қаншалықты негізді екенінде қосу керек.

Құжаттық тексеріс алғашқы  бухгалтерлік құжаттармен есеп реггистріндегі жазбаларды жалпы немесе таңдамалы әдіспен тексеруді қарастырады.

Жалпы әдіспен кассалық, банктік операция, өткізілім көлемін  көрсететін құжаттар, қосылған құн, акциз  және басқа салықтардың дұрыс  не дұрыс емес есептелгенін көрсететін құжаттар тексеріледі.

Таңдамалы әдіспен тексеріс периодының әр айының немесе бірнеше  айының алғашқы есеп құжаттарының кейбіреулері тексеріледі. Егер таңдамалы тексеріс кезінде салық заңының өрескел  бұзылғандығы анықталса, онда есепте көрсетілмеген  тауарлар мен қызметтердің сатылым операцияларының құжаттары тәркіленіп, тексеріс жалпылама тұрде өтеді.

Кәсіпорында құжаттық тексеріс өткізілетін болса, тексеріліп отырған  кәсіпорынның қаржы қызметімен танысқан дұрыс.

Акциз бойынша бюджетпен  толық есептескендігін анықтау үшін мыналарды тексеру қажет:

  • өндіру мен өткізуге қажетті келісімшарттар, сертификаттар, лицензиялар, накладнойлардың барлығын және акциз бойынша декларацияның дұрыстығын тексеру керек.
  • акцизделетін өнімді өндіру мен өткізудің алғашқы есеп құжаттарына негізделе отырып, айналыс бойынша құжаттардың дұрыстығын тексеру.
  • Акциздік маркалармен белгіленетін, акцизделетін тауарлар өткізілімінің дұрыстығын анықтау, акциздік маркамен белгіленетін тауарлардың акциздік маркасыз сатылып жатпағандығына көз жеткізу.
  • Есептік периодының ішінде, акцизделетін тауарларды жасап шығаруға жұмсалған, нақты қолданылған шикізат көлемін анықтай отырып, бюджеттік төлемдердің азайтылымына жатқызылатын, шикізат үшін төлеген акциз көлемін анықтау.
  • Бюджетке өткізілім күнінен он күннен (алкоголді өнім бойынша) асырмай төленетін және басқа акцизделетін тауарлар бойынша, 10 күндік есеп беру периоды үшін айдың 13 – ші 23 - ші және келесі айдың 3 - ші күнінен кешіктірілмейтін ағымдық акциз көлемін анықтау.
  • Енгізілген тауардың, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сәйкесінші кодына дұрыс жатқызылғандығына назар аудара отырып, акцизделетін тауарлардың енгізу құжаттарының дұрыс толтырылғандығын тексеру.
  • Акциз салығының дұрыс емес төленіп жатқандығының себебін анықтап, қабылданған заңға сәйкес келетін ұсыныс тастау, тексеріс нәтижесін актімен немесе анықтамамен ресімдеу.

Информация о работе Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны