Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 18:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта Қазқстан халқы үшін ең актуалды мәселелелердің бірі болып Республикамыздағы салық жұйесін нарықтық экономика талаптары мен халықаралық стандарттарға сай келтіру болып тұр. Салық жұйесі кәсіпорындармен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеудің маңызды құралы болғандықтан, қазіргі уақыт салық салынатын ұлттық табыстың өсуімен сипатталады.

Содержание

Кіріспе 3
I – Тарау. Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны 4
1.1 Акциздер және оның Қазақстан Республикасы салық жұйесіндегі орны 4
1.2 Акциз жанама салықтардың бірі ретінде 7
II – Тарау. Қазақстан Республикасындағы акциздердің қалыптасуы және есептеу ережелері 11
2.1 Акциздерді есептеу мен өндіруді ұйымдастырудың тәртібі мен қағидалары 11
2.2 Салық мекемелерінің акциз салығының төленуін қадағалауы 15
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

Прикрепленные файлы: 1 файл

h3.doc

— 119.50 Кб (Скачать документ)

h3>МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

I –  Тарау. Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны 4

1.1 Акциздер  және оның Қазақстан Республикасы  салық жұйесіндегі орны 4

1.2 Акциз  жанама салықтардың бірі ретінде 7

II –  Тарау. Қазақстан Республикасындағы  акциздердің қалыптасуы және есептеу ережелері 11

2.1 Акциздерді  есептеу мен өндіруді ұйымдастырудың  тәртібі мен қағидалары 11

2.2 Салық  мекемелерінің акциз салығының төленуін қадағалауы 15

Қорытынды 19

Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

</h3> 
<h4>Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазқстан халқы үшін ең актуалды мәселелелердің бірі болып Республикамыздағы салық жұйесін нарықтық экономика талаптары мен халықаралық стандарттарға сай келтіру болып тұр. Салық жұйесі кәсіпорындармен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеудің маңызды құралы болғандықтан, қазіргі уақыт салық салынатын ұлттық табыстың өсуімен сипатталады.

Салық – мемлекеттік  ұлттық табыстың бір бөлігі, ол өзіндік  айналымға ие болып келе жатыр. Ол мемлекеттің рөлі мен қайта құрылған құнның бөлінуіне қаншалықты кірісетіндігін көрсетеді. Салықтың өндіріс процесі мен капитал айналымына әсерін анықтау үшін, салықтың ұлттық табыс қана емес ішкі жалпы сатылымдағы да орнын білу қажет, сонымен бірге салықтың айналу процесімен өнімнің жалпы қайта құрылуын байланыстыру керек.

Салық нарық экономикасына тән құбылыс және ол оның элементі. Кез – келген елде салық салу белгілі қағидаларға негізделуі керек, олар салық саласына негіз салған идеялар мен қағидалар. Қай уақытта болмасын бұл қағидалар халықтың ерекше назарына ие болған, өйткені оларға елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайымен азаматтардың тыңыштығы тәуелді. Оқымыстылармен мемлекеттік қызметкерлер негізгі ретінде тұрлі қағидаларды бөліп шығарады. Адамзаттың мыңдаған жылдар тарихында, салықты қолдану бойынша жиналған тәжірибесі көрсеткендей салық, барлық елдердің дамуына әсер етті. Соңғы жарты ғасыр ішінде жүргізілген зерттеулер, қазіргі салық салу жұйесінің ғылыми негізделген және универсалды қағидаларын құруға мүмкіндік берді.

 

<h4>I – Тарау. Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны

1.1 Акциздер және оның Қазақстан Республикасы салық жұйесіндегі орны

 Қазіргі таңдағы  салық жұйесінің қиындығы, оның  тез өзгергіштігі коммерциялық  кәсіпорындардың, қаржы жағдайына  жауапты бухгалтерлер мен қаржы  қызметкерлерінің көз алмай бақылап  отыруларын керек ететіндігінде.

Салық жалпы қоғамдық өнімнің, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, өндірістің дамуы мақсатында және мемлекет пен халықтың тұрлі  қажеттіліктері мақсатында бөлінуіне  және қайта бөлінуіне байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан олар мемлекет пен шаруашылық жұргізуші субъектілер және халық арасындағы қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.</h4>

Салықтардың экономикалық мазмұны бұл шаруашылық субъектілер  мен азаматтардың табысытарының  құрылуына байланысты қаржы қатынастарына қатысу мен олардың табыстарының бір бөлігін мемлекеттің қолына өз міндеттерін орындауы үшін жинақтауы.

Салық мемлекетпен бірге  пайда болады, ол оның өмір сүруінің негізі мен кепілі. Бастапқыда салық  азаматтардың ақшалай немесе натуралды  түрде еркін беретін қайырымдылықтары болған, кейін келе ол міндетті және тұрақты түрге айналды. Адамзат дамуының тарихы барысында салықтың түрлері мен әдістері өзгеріп, өңделіп, мемлекеттің мұқтаждығы мен керектіктеріне байланысты ыңғайланып, міндеттері мен әлеуметтік – экономикалық процесстердегі рөлі өзгеріп келген.

Оңтайлы салық салу салық  ауыртпашылығын бөлудің екі қағидасына негізделеді:

  • пайда қағидасы (алынған игіліктер қағидасы)
  • «қайырымдылық» қағидасы (төлем қабілеті)

Біріншісі, әр – түрлі  субъектілер мемлекеттің шараларынан күтетін пайдасына байланысты пропорционалды салық салуды қарастырады: үкімет ұсынатын қоғам тауарларларынан игіліктер мен қызметтерді көбірек алатындар, осы тауарлар мен қызметтерді қаржыландыру үшін керекті салық төлеуге міндетті.

Екінші қағида бойынша  салық салу объектілеріне салық  төлеуді тиімді ету, яғни салық ауыртпашылығын салық төлеушінің табысы мен әл - әухатына тәуелді ету. Бұл қағида: табысы жоғары тұлғалардың, табысы жоғары кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың  табысы төмендерге қарағанда салықты, абсолютті де салыстырмалы тұрде де көп төлеуін қарастырады. Бұл қағиданың мәні, әр – бір қосымша табыстан түскен қанағат көбейе береді деген үсынысқа негізделген.

Алатын игіліктері мен  төлем қабілеті қағидасы, төлеушінің табысы көбейген.

Салықтың экономикалық мәні оның функцияларынан көрінеді

Салықтың реттеу функциясы негізгі функциялардың бірі болып саналады, ол өндірістің дамуына әсер етеді. Бұнда салық түрін таңдау, оның ставкасын өзгерту, өндіріп алу әдісі, жеңілдіктер мен ықпалшаралар сияқты құралдар қолданылады. Бұл реттеуіштер қоғам өндірісінің құрылымы мен пропорцияларына, жинақтау мен тұтыну көлеміне әсер етеді. Салық реттеуіштері басқа экономикалық шаралармен қосылғанда қажетті мақсаттың орындалуын қамтамасыз ете алады.

Салықтың екінші функциясы – фискалдық функция болып табылады, ол қаражаттардың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз етеді. Тауар – ақша қатынастары мен өндірістің дамығаны сайын бұл функция мемлекеттік бюджетке ақшалай түсімдердің молаюын қамтамасыз етуде.

Салықтың қайта бөлу функциясы шаруашылық жүргізуші түрлі субъектілер табыстарының бір бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлінуден тұрады. Бұл функцияның жұмыс істеу масштабы ішкі жалпы өнімдегі салықтың үлесімен анықталады.

Мемлекет салықтың бұл  функцияларын қолдана отырып, салық жүйесін анықтайды, оның жұмыс істеу механизмін жасап шығарады, дамудың кезеңіне байланысты, әлеуметтік – экономикалық мақсаттарға сай ұстанған экономикалық саясат бойынша салық саласында түрлі шаралар өткізеді. Нарық қатынастарын құру жағдайында салық саясатының негізгі бағыты болып мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы қатынастарды тиімді білдіретін салықтарды анықтау болып табылады. Демек, салық жүйесі арқылы өндірістің дамуы мен қоғамның жұмыс істеуге қабілеті жоқ мүшелерін тиімді және берік қорғалуын қамтамасыз ету міндет.

Акцизді, өзіндік ерекшелігі бойынша монопольді қымбат және ұнемі  сұранысқа ие тауар өндіретін  өндірушілер төлейді.

Нарық қатынастарын құру процесі оны реттеуді қажет етеді, жанама реттеушілердің бірі жанама салықтар болып табылады. Жанама салықтарға қосылған құн және акциз салықтары жатады.

Акциз – таурдың немесе қызметтің бағасына немесе тарифіне енгізілетін жанама және қосымша салықтың түрі. Акциз, мемлекеттік бюджетке, тауар өндірушілердің мол табысты тауар өндіруден түсетін үстеме пайдасын алу үшін және барлық кәсіпорындар шаруашылық жүргізуінің экономикалық жағдайын шамамен бірдей ету үшін орнатылған.

Акциз салығына тән және оны қосылған құн салығынан ерекшелендіретін жақтарын айта кету керек:

  • акцизді ұстау объектісі болып тауарды өткізудің айналысы ғана табылады, оның тізімі бірнеше атаумен ғана шектелген. Басқа сөзбен айтқанда, акциз салығы қосылған құн салығын салу объектілері болып табылатын тауар мен қызметтерден ұсталмайды.
  • егер қосылған құн салығы тауар өндіру мен айналуының барлық кезеңдерінде пайда болып, төленетін болса, акциз өндіру саласында ғана қызмет етеді. Қазақстан Республикасына енгізілетін тауарлар бұл заңдылыққа бағынбайды, өйткені бұл жағдайда акциз төлеушілері болып кәсіпорындар табылады, соның ішінде тауарды ары қарай қайта сату үшін де.

Акциз арқылы мемлекеттік  бюджетке тауар бағасының бір  бөлігі өндіріледі, ол өндірістің тиімділігімен  емес, тұтынудың өзіне тән ерекшелігімен  емес, өндіру мен сатудың ерекше жағдайларымен жасалған бағадан  өндіріледі. Егер бағаның бұл бөлігі бюджетке өндірілмейтін болса, онда бұндай тауар өндірушілері ақталмаған мол табыс тауып, басқа кәсіпорындармен салыстырғанда тең емес, жағымды жағдайда болар еді.

Мысалы шарап –  арақ бұйымдарының бөлшек саудасына  қойылған бағалары, акциз болмағанда, өндіруші кәсіпорындарға жұздеген пайыздармен есептелетіндей табыс әкелер еді. Бұл темекі және басқа да акцизделетін тауарларға қатысты.

Қысқа мәнде акциз  – бұл көпшіліктің сұранысына ие, белгілі тауарлар тізіміне және сән – салтанат заттарына таралатын таңдамалы акциз. Көп тауарлардың акциз көлемі оның бағасының 1/2, ал кейде 2/3 құрайды.

Терең мәнде акциз  – бұл сатуға салық пен қосылған құн салығымен ортақ сипаттамалары  бар, әмбебап жанама салық.

<h4>1.2 Акциз жанама салықтардың бірі ретінде

Салық салу механизмі, қандайда экономикалық жүйеде болмасын күрделі  болып келеді. Салық салу мемлекеттік  реттеудің маңызды әдісі, оның тиімділігінен  әлеуметтік және экономикалық саясаттың  жүзеге асуы тәуелді.

Салық салу теориясындағы  ең қиын мәселе бұл салықты аудару мәселесі.

Соның арасында, салық  саясатындағы мемлекеттік биліктің барлық топшыламасын жоққа шығара алатындықтан, бұл мәселенің тәжірибелік маңызы зор.

Салықты аудару тек қана белгілі жағдайларда ғана жүзеге асады. Алдымен, салық төлеу нарықтық операциялармен байланысты болғанда – сату, сатып алу, жалға беру. Бұнда, салық төлеуші, нарық операцисын салықпен байланыстырып, бағаны салық көлеміне өсіреді. Ал, акцизделген тауар өндіруші, бұл тауарды сатқанда бағаға акциз соммасын қосып оны сатып алушыға жүктеуге тырысады.</h4>

Салықты аудару мүкіншілігі  нарықтағы жағдайға байланысты, тауарға  сұраныс пен ұсыныс қатынастарынан және оның бағасынан тәуелді. Егер салық  төлеуші тауардың бағасын ол төлеген  салықты жаба алатындай етіп көтере алса, онда ол салықты аудара алатындай жағдайда болады. Бұнда тікелей аудару орын алады, яғни салықты өз субъектісінен басқа субъектіге жүктейді.

Жанама салық –  салықты салық салынушығы аударған тұлға төлейтін салық болып табылады. Біздің Республикамызда бұндай салық болып қосылған құн және акциз салықтары болып табылады.

Реттеу функцисын жүзеге асыру үшін мемлекетке керекті құлалдарын қолына беру арқылы салық, экономикалық процесстердің барысын мемлекеттік  реттелуін қамтамасыз етеді, және оған өндірістің даму бағытын қоғамға керекті арнамен жүруін қамтамасыз ететін арнайы салық механизмі қосылады.

Салықты мемлекеттік, қаржылық реттеу құралы ретінде қолдану мүмкіншілігі салықтың табиғатынан, оның ішкі мәні мен функциясынан туындап отыр.

Нарықтық экономикада  мемлекет өндіріске тікелей қатыспайды, бұл процессте ол өз орнын тікелей тауар өндіруші түлғаларға береді. Осылайша оның қаржылық қызметі, құндылықты алғашқы бөлу саласынан қайта бөлу саласына өтеді. Бұнымен, бір бөлігі салық болып табылатын мемлекеттің қаржысы, төменгі өндіріс звеносының іс жағдайларына тәуелділігі күшейеді. Егер әміршіл - әкімшіл экономика жағдайында мемлекеттік мүлік құқығын пайдаланып, кәсіпорыннан жасалған құндылықтың немесе жасалған өнімнің елеулі бөлігін алып, ал кейін жетіспеген өндіріс қажеттігінің орнын дотация беру арқылы, негізгі және айналым құралдарына салымдар жүргізу арқылы, мемлекеттік қаржыландырудың басқа да түрлері арқылы толтыруға болатын болса, онда нарық шаруашылығының заңдары кәсіпкерді мемлекеттік қаржы көмегінен босатуын тілейді, сондықтан одан жасалған құндылықтың, мемлекет ойынша керекті өндіріс базасынан артық бөлігі ғана алына алады.

Қосылған құн салығының  салық базасы, алынатын ақша құралдарының массасы бойынша тең қауыртты талап қояды, яғни салық, өндіріс  өнімінің қаншалықты терең өңделгеніне қатысты нейтралды.

Өнімнің өңделу тереңдігіне  жанама салықтың басқа түрі сезімтал – тауар бағасына кіретін акциз  салығы. Акциз түсімдері акциз  салынатын жаппай тұтыну, беделі жоғары және иррационалды тұтыну тауарларын өндіру көлемімен байланысты. Үкімет акциз ставкасын да, акциз салынатын тауарлар көлемінде кең ауқымда реттей алады. Бұл жағдай акциздердің баға құрамына кіріп, анық көрінбей, латентті, яғни жасырын түрде қызмет ететіндігінен болып отыр.

Акциз жанама салықтардың  екінші тобына кіреді. Бюджеттің салықтық кірістерінің 7%-ын құрайды.

Акциз – тауарға салынатын, оның бағасына кіретін және сатып  алушы жүктелетін салық. Акцизді, өзіндік  ерекшелігі бойынша монопольді қымбат және ұнемі сұранысқа ие тауар  өндіретін өндірушілер төлейді. Акциз қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл жағдайда салық тариф құрамына енеді.

Акциз жеке және әмбебап  болып бөлінеді. Жеке акциздердің  көп болуы мүмкін.

Қазақстанда акциз ел ішінде шығарылатын және басқа мемлекеттерден импортталатын мына өнімдер үшін төленеді:

  1. спирттің барлық түрлері;
  2. алкоголь өнімі;
  3. темекі бұйымдары;
  4. құрамында темекі бар басқа бұйымдар;
  5. бекіре және қызыл балық уылдырығы
  6. алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
  7. бензин (авияциялық бензинді қоспағанда);
  8. жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
  9. атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік органдарының қажеттіліктері үшін алынғандардан басқа);
  10. газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай акцизделетін тауарлар болып табылады.

Қазақстанда қызметтің  акцизделетін түрлері мыналар болып  табылпды:

  1. ойын бизнесі;
  2. лотореяны ұйымдастыру мен өткізу.

Тізімде бірінші кезектегі  керек заттар жоқ, тек қана қымбат беделі жоғары және иррационалды тұтыну тауарлары ғана. Акцизделетін тауарлар ставкалары да, олардың тізімі де өзгеруі мүмкін, ол жеке тауарлардың тұтыну мөлшерін реттеумен және мемлекеттің ағымдық фискалдық саясатына байланысты болуы мүмкін.

Информация о работе Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны