Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 13:22, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Музыкалық қабілеттіліктің теориялық негіздерін қарастыру;
Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамытуды талдау;
Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамыту жолдары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

музыка кабілет.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

Музыка пәні мұғалімі өз сабақтарында шығармашылық тапсырма бергенде де оқушының есту қабілетін, әуенге еліту, көркем ой, өз қиялы мен әуенге сүйіспеншілігін бір арнада ұстап, жасампаздық жолында жаңашылдыққа бет бұра бастауына барынша делдал бола білсе, ең бір биік белес – қызығушылық пен талаптануға жеткені.

Музыка шығармашылығының қызмет аясы кең. Оған ырғақты түсіну, жоғары әуен мен әмбебап орындалатын әуендердің әсерін тану, интонациялық түсіну қабілеті, орындау шеберлігі, әуенді қабылдау, вокалды және хормен орындауға қабілеттілік жатады.

Оқушыларға  берілетін тапсырмалар да аталған  қабілеттердің қарыштап дамуына барынша мүмкіндік беретіні белгілі. Сол себепті бірнеше әдістің түрін келтіре кеткенді жөн санадым.

Ырғақты дамытуға арналған тапсырмалар:

- арнайы ырғақпен  айтылатын сөздер мен сөз тіркестерін  ойлап табу;

- осы сөздердің  ырғақтық мәнін аяқ соғу, алақан соғу, саусақтармен дыбыс шығара отырып жеткізу;

- жекелеген  ән бөлігінің немесе ырғақтық  бейнесін көрсету;

- түрлі жанрлық  әуенге ырғақты аккомпанент табу;

- сұраққа сай ырғақты жауап табу.

Интонациялық  есту қабілетін дамытатын тапсырмалар:

- музыкалық  шығармада интонацияны белгілейтін  тұстарын тауып, оны жеткізуге  тырысу;

- түрлі сезімдерді  жеткізу;

- музыкалық  шығарма үзіндісіне аспаптық - ырғақты қосымша сүйемелдеуді ойлап табу;

- әуенің идеялық,  әрі сезімге әсер ететін тұстарын  ерекше көтермелеп көрсететін аспаптарды анықтау;

- жекелеген  әуенге әдеби шығарма таңдап  алу;

- әуенге бейнелер  таңдап алу;

- таңдап алынған  әуенге орай оның көркем сүретін  салып шығу.

Төменгі сынып  оқушыларының орындаушылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар:

- өлеңнің жеке  фразаларын анықтау, олардың жекелей  аспаптармен орындалуына жекелеген  қасиеттерді анықтауға үйрету;

- өлеңнің кіріспесін  орындату, бүкіл өлеңді орындау  немесе жекелеген аспаптарда орындату.

 

2.3 Төменгі сынып  оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілдерін талдау

 

Психологтар мен  педагогтар әрбір баланың бойында  шығармашылық потенциалы бар деп  санайды, шығармашылық - адамзат өмірінің шамасы. Шығармашылық қасиет – адамзат  негізінің «таңбасы».

Күнделікті  өмірде, педагогикалық тәжірибеде, «аспаннан жерге, уақыт  талабына» түсу, танымал шектеулікті өтуді қажет етеді.

Біріншіден, шығармашылық қабілеттілікті білім не икемділік  ретінде жеткізу, «айтып беру» болмайды. Қазіргі кездегі ол мұғалім мен  оқушының арасындағы бірлескен тәжірибелік-шығармашылық іс - әрекеті.

Екіншіден, бір  саладағы шынайы шығармашылық психологиялық  доминантаны құрып, адамды тұтастай баурап әкетеді. Сондықтан, жалпы білім  жүйесіндегі балаға көмек ретіндегі  шығармашылықпен айналысу болып  табылады: өз-өзінде, «музыкант» болу, жан тәжірибесін сезінуі т.б.

Кезінде Б.М.Теплов қабілеттілікті, адамның психологиялық  қасиеті, оның қандай да болсын іс - әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс - әрекет процесінің меңгеруі – деген.

Шығармашылық  қабілеттілік – ол сапалы музыканың тууы, өзгеруі, музыканың дамуы т.б. Б.М.Теплов Н.А.Римский-Корсаковтың балалық шағын жазған кезінде: «Болашақ композитор музыкалық сабақтарға аса зейіні болмаған, бірақ та қабілеттілігінің арқасында «жұмысы» нәтижелі болды» - деген пікірді айтқан.

Шығармашылық  қабілетті дамыту әдістері:

  • Музыкалық – тыңдаушылық;
  • Музыкалық – орындаушылық;
  • Импровизация және музыка шығару.

Әр адамның  бойында өзіне тән қасиет болады, әрине ол өз ата - бабасынан немесе ата - анасынан әр балаға әр түрлі берілуі мүмкін.

Ал сол қасиетті, сол қабілетті одан әрі дамытпаса  ол дамымай қалуы мүмкін. Бала мектепке келгенне кейін олардың бойындағы  қабілеттерін дамыту, тәрбиелеу ұстаздың міндеті.

Мектепке дейінгі  балалардың бойыларындағы қабілеттері  балабақшада немесе отбасында оянып, сол қабілеттерін көрсете білген балалар да болады. Жалпы балалардың барлығы, әрине меткепке келгенде бірдей дамып келмейді. Бойында ешқандай да қабілеті жоқ адам болмайды, әсіресе «әу» демейтін адам болмайды, сондықтан олардың бойларындағы өнердің қай саласына бейім жатқан қабілеттерін дамыту үшін музыка тыңдау, оқушылардың сезім пернелерін ояту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Кейбір оқушылар көркем суретке, қайсыбірі ән айтуға, би билеуге, аспапта ойнауға бейім болса, кейбір оқушылардың бойында ақындық, жазушылық, актерлық таланттар бұғып жатуы мүмкін. Қайнар бұлақтың көзін ашқандай мұғалімнің жүйелі түрді білім беруі арқылы баланың бойындағы осы қабілеттерін дамытуға болады.

Тыңдаған музыкалық  шығармаларына байланысты оқушылардың  өздерінің түсінгендерін, көз алдына елестеткендерін музыканы талдау кезінде тиімді сұрақтар беру арқылы көз жеткіземіз. Сабақ соңында қайталап тыңдау,балалардың өз қиялын нақтыландырып тиянақты түсінік берулеріне мүмкіндік туғызады. Осы тыңдаған музыкалық шығарманың әуенін еске сақтап, көз алдына елестеткен түсініктерін кім қалай бейнелей алады, сол бойынша суретпен бейнелеуге, әңгіме, өлең шумақтарын құрастыруға, мүсіндеуге болатындығын үйге тапсырма беру арқылы дамытамыз. Осылай тапсырма беруді әдетке айналдырып, оқушылардың қабілеттерін, үй тапсырмасының орындалу барысында үнемі қадағалап отырғанда оқушылардың қайсысының бойында қандай қасиет бар екендігін байқап, болашақта әр баланы қай салаға қарай бейімдеуіміз керектігін білеміз.

 

 

 

 

3 ТӨМЕНГІ СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі  тәрбиенің негізінде қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға, есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.

Музыканы дұрыс  тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды орын алады.

Оқушыларды  музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру - ұстаздың басты борышы.

Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік - педагогикалық, музыкалық талдаулары, әсерлі әңгіме - суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ жоспарынан тыс қалмауға тиіс.

Музыканы тыңдап, қабылдау жұмысын түрлі кезеңмен атқарған тиімді.

Мысалы, I кезең — алғашқы жалпылама танысу кезеңі.

ІІ кезең - музыкалық шығарманы талдау, тыңдау, бөлімдерін жекелей қарау, интонациялық, орындаушылық ерекшеліктерін үйрену.

III кезең — биік деңгейде, музыканы мағыналық тұрғыдан қабылдауға үйрету.

Оқушылардың жалпы музыкалық танымын, яғни музыкаға деген танымдық қызығушылығын біртіндеп, дұрыс бағытта дамытып, бағдарлап отыру да - ұстаздық шеберліктің бір түрі.

Музыка сауатының  қарапайым элементтерін меңгеру (демек, нота жүйесін меңгеру) оқушының музыкалық танымының бір түрі ғана. Ноталық жүйені толық меңгеру жалпы білім беру саласындағы міндетті мақсат емес, ол тек оқушыларды музыка өнеріне жұмылдыру, қызықтыру жұмыстары үшін қолданылады. Ноталық белгілер музыкалық шығармашылық өнердің жалпылама символы (рәміздері) ретінде әуен - саздан көркемдік ой тудыруға, мән - мағыналық түсінік білдіруге көмектеседі.

Мектептерде ноталық жүйеге дейінгі музыка сабақтарын өту кезеңдері болады. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың түрлі практикалық қызметін жүйелеп, шығармашылық арнаға бағыттау және ұлттық дәстүрлі өнерлердің негізгі салаларымен таныстыра бастау. Ұлттық музыканың өзіндік ерекшеліктері мен рухани қадір - қасиетін бала танымына сіңіре білу әр ұстаздың ең қасиетті борышы екенін ерекше бөліп айтпақпыз. Әрбір ән-күй сабағында осындай ұлттық дәстүрлерге арналған танымдық бөлімдер болуға тиіс. Ән әуенін нотамен айту шеберлігін дамыту үшін, нота баспалдақтарының белгілерін саусақтармен белгілеу, сондай-ақ баспалдақтар арақатынасын графикалық суреттермен көрсету сияқты көрнекті құралдарды қолдану тәсілдері де музыка пөні әдістемесінде орын алуы керек.

Музыка пәнінде  музыкалық-ырғактық қозғалыстарға  баса мән берілгені жөн. Бұл әдістер  оқушының музыкалық дамуына зор әсер етіп, түрлі орындаушылық шеберліктің қалыптасуына негіз болады. Музыка сазының метрикалық негіздерін ажыратуға, оның фразалық бөлімдерін сезінуге, шығарманың ырғақтық суреттерін түсінуге музыкалы-ырғақтық қозғалыстардың мәні өте зор. Музыка пәнінің негізгі мақсаттарынын бірі - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр баланың жеке мүмкіндіктерін анықтап, соған дем беріп отыру.

Жасөспірімдерді ән айту өнеріне тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым нәтижелі болатыны дәлелденген шындық. Ән салу адам жанының сұлулығына, ой мен ақыл кабілетінің арта түсуіне тікелей әсер етеді, тіпті баланың физиологиялық дамуына да септігін тигізеді.

Ән үйретпес бұрын, оқушыларды денесін бос, тік  ұстауға, басты қалай ұстап, ауызды қалай ашу керектігін, яғни денені ұстау қалпын анықтап үйрету қажет. Сосын демді қалай дүрыс алу керектігі айтылуға тиісті. Әннің түрі мен екпініне байланысты іштен дем алу өнерінің еркін қалыптасуы ұстаздың тиянақты еңбегіне байланысты дамиды. Демді әннің аяғына дейін жеткізе білу, яғни ауаны үнемді пайдалану - әнші шеберлігінің негізі деуге болады. Демді ұзақ шығаруға сүйене отырып, дауысты дыбыстарды дөңгелете алуға дағдыландыру - әнші тәрбиелеудің басты мақсаты. Ән үйрету кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйретіп, дикцияға көп мән берілгені жөн.

Әнді таза, анық айту үшін оқушыларға арнайы жаттығулар беру керек.

Жаттығулардың негізгі екі түрі бар:

1) Жеке өз  бетімен дайындалғандары.

2) Нақтылы әдіс - тәсілге, әннің белгілі қиындығын меңгеруге арналғаны.

Оқушылардың жаттығуға деген қызығушылық  көзқарастарын қалыптастырып, оларды нақтылы максатқа қолдану керек.

Ән  айту алдында оқушы даусын арнайы жаттықтырып алу керек (распевания). Әуендік және ырғақтық тұрғыдан қарапайым, тез жатталатын әуенді жай екпінде, модуляциялы секвенция ретінде жарты тон бойынша жоғары - төмен айтқызып үйрету өте тиімді. Жаттығулар арасында бірдей ұзактықта тыныс алып отырса (паузалар), ол әуенді қайталауға, ән айту шеберлігін дамытуға зор мүмкіндік береді.

Әнді түрлі аспаптармен (баян, фортепиано) сүйемелдеп айтқан оқушының музыкалық дамуына зор әсер етсе, әннің өзін жеке айтып жаттыққан да әуендік, гармониялық және ладтық сезімнің өсуіне көп көмек береді.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Музыка –  адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.

Музыкалық қабілет  – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.

Музыкалық қабілет  құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):

  • білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді құрайды);
  • жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады;
  • өтімінің қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі);
  • музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура - гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).

Баланы жан - жақты, әрі үйлесімді дамыту музыканың атқаратын міндеті. Осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек.

  • Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі - музыкалық шығарманың сипатын/характерін/ сезіну, естігеніне бірге қуану, не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті. Музыка баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір - бірімен салыстыратын ой туғызады.
  • Музыкалық қабілеттің екінші белгісі - тыңдау қабілеттілігі, ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін байқайды.

Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады:

1) Мелодиялық  есту;

2) Гармониялық  есту.

Музыкалық қабілет  – балалардың танымдық тәжірибе алуы, әуен әлемінен өздеріне жаналықтар ашып, ертеректе алған музакалық білімдерін жетілдіру, жаңашыл музыкалық аспаптармен  орындау өнері түсінігін анықтайды.

Бұл қабілетті  қолдану үшін, ең алдымен қарапайым  әуендерді орындау, ұсынылған мәтінге  әуен таба білу, түрлендіріп орындай  алу, ұнаған ырғаққа қосылып билеу, әнге қосылу өнері, сараптай сынау және өз мақамына салып орындай алу  сынды мүмкіндіктерді қолдану қажет.

Музыкалық - эстетикалық тәрбие мақсаты бала бойында жеке қабілеттерін дамыту, ән әлемін таныстыра отырып, баланың табиғи мүмкіндіктерін ашуды көздейді.

Информация о работе Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін