Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 13:22, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Музыкалық қабілеттіліктің теориялық негіздерін қарастыру;
Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамытуды талдау;
Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамыту жолдары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

музыка кабілет.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

Музыкалық қабілеттің екінші белгісі - тыңдау қабілеттілігі, ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін байқайды.

Ең қарапайым  қасиетін (аспаптардың жоғары және төмен тембрлік дыбысын) салыстырады, шығарманың ең қарапайым құрылымын (әннің бастамасын, қайырмасын, бөлімдерін) айырады, бір - біріне қарама - қарсы көркем образдарын айқындайды.

Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі - музыкаға творчестволық көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді, ойынды көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мысалы: маң - маң басқан аю, үркек қоян т.б..

Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның патриоттық, адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге болады. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы болғандықтан, әрбір бүлдіршін еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің Әнұранын есіне сақтап, жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Әнұранның мазмұнын балаларға егжей - тегжейлі түсіндіріп, мереке күндері топ болып айтқызу – Отансүйгіштік, еліне деген мақтаныш сезімін, ұлттық рухын күшейтуде айрықша мәні бар іс. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының казақ тілінде ән шырқап аудан көлемінде өткен «Тіл болашағы балабақшада» атты байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырады.

Ұжым болып  ән салу, билеу, ойнау көп ретте тәрбиелік міндеттерді шешеді. Ән айту бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді, әнді дәл айтпайтын бала жақсы айтатын балаға қарап үйренеді.

Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы  мінез - құлқына, мәдениетіне себін тигізеді.

Өнердің басқа  түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы да бар. Музыка балалардың эстетикалық және ақыл - ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.

Музыкалық ырғақ  сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомимо, әсіресе музыкалық ойын түріндегі драма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы персонаждарды сомдайды.

Балалардың  жас ерекшеліктеріне байланысты музыкалық даму ерекшеліктері де жылдан - жылға өсе береді, баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет процесінде дамиды.

Музыкалық дамудың  неғұрлым елеулі ерекшеліктері: есту сезімі, музыкалық есту қабілеті, ән айту, музыкалық ырғақ орындаудағы қарапайым дағдылары, қимылдары.

Музыкалық – дидактикалық ойындар балалардың музыкалық даму міндеттерін шешуге көмектеседі. Ритм сезімін қалыптастыруға, музыкалық қабілетін дамытуға, қандай да болмасын дағдыны түзетуге тәрбиелейді.

Ертеңгілікте  эстетикалық тәрбие құралдарының бірі ретінде тек музыка ықпалымен шектеліп қалмай, сонымен қатар өнердің бірнеше түрін үйлестіріп пайдалануға да болады.

 

2 ТӨМЕНГІ СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

 

2.1 Оқушылардың  музыкалық қабілеттерін дамыту  әдістемелері

 

Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады:

1) Мелодиялық  есту;

2) Гармониялық  есту.

 


 

 

 

 

Сурет 2 – Музыкалық  есту өнерінің түрлері

 

Мелодиялық  есту қабілеті естілген, әуен - сазды дәл қайталау арқылы көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше дыбыстар (аккордтар) үндестігін ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.

Музыкалық есту қабілеті ән - күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғактық, тембрлік ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады.

Сабақ барысында  түрлі әуен - сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын, дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып, оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму дәрежесін көрсетеді.

Әннің ырғағын  дәл сезіне білу үшін оқушылармен  музыкалы - ырғақтық ойындар, түрлі жауап - сұрақтар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн. Оқушылардың музыкалық есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.

Оқушылардың музыкалық - шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың карапайым әуен - саздарын, мақал - мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б. қолдануға болады.

Музыка сабақтарында ұстаздың өзі ән айтып, аспапта ойнап, көркемдігі жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға беретін маңызы мен тәрбиесі өте өлшеусіз екені анық.

Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу  материалының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.

Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік  шолу жасау әдістемесі оқушының өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.

Үйретілетін ән - күйдің сезімдік - драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада құрылатын ән - күй сабағының музыкалық - драмалық әдіспен өрбуі де жиі қолданылады.

Ұстаздық бақылау  мен оқушының өзін - өзі байқап отыру әдістемесі, әр оқушыға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана көрнекті жетістік берері сөзсіз.

Ұстаз бағасы мен  үйге берілген тапсырма оқушының музыка қабілетінің даму сатысын көрсететін ең негізгі көрсеткіш екенін ұмытпаған жөн.

Ұстаздың белгілі  бір ән - күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны бейнелі сөзбен, іс - әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол оқушы қабілетінің артуына игі әсерін береді.

Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы  табыстың болуы, оның ұстаз тарапынан  айқын көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.

Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру, жаттығулар көрсету, олардың  жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән - күй сабағына деген қызығушылық тудырары сөзсіз.

Ән - күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне, ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.

Мектепте үйренетін  ән – күйлерге қойылатын әдістемелік  талаптар мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:

  1. Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады;
  2. Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу;
  3. Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгіме айту, оқушы қиялын ұштау;
  4. Ән - күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету;
  5. Ән - күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме - кеңес. Онда шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне беретін негізгі мәнерлерін анықтау;
  6. Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену кезеңі. Вокалдық шеберліктің әннің көркемдік бейнесін ашуға қызмет істеуін қадағалау. Әнді орындау жөніндегі сөздік түсініктеме беру және ұстаздың ән фразаларын жеке айтып беруі осы жерде аса қажет болады.

 

2.2 Оқушылардың  музыкалық қабілеттерін дамыту  ерекшеліктерін талдау

 

Ән – әлемді танудың әмбебаб үлгісі. Әні жоқ  өмірдің сәні де жоқ деп бекер айтылмаған. Адамзат баласы ықылым заманнан бері әннің әсері мен пайдасы жөнінде көп білген. Бүгінгі күні ән сабағынан дәріс беретін ұстаздар да балаға ән - әуен жөнінде білім бергенде алдына қояр анық мақсаттары мен бала мүмкіндіктерін жан - жақты ескеруі қажет.

Музыкалық қабілет – балалардың танымдық тәжірибе алуы, әуен әлемінен өздеріне жаналықтар ашып, ертеректе  алған музакалық білімдерін жетілдіру, жаңашыл музыкалық аспаптармен  орындау өнері түсінігін анықтайды.

Бұл қабілетті қолдану  үшін, ең алдымен қарапайым әуендерді орындау, ұсынылған мәтінге әуен таба білу, түрлендіріп орындай алу, ұнаған ырғаққа қосылып билеу, әнге қосылу өнері, сараптай сынау және өз мақамына салып орындай алу сынды мүмкіндіктерді қолдану қажет.

Музыкалық - эстетикалық тәрбие мақсаты бала бойында жеке қабілеттерін дамыту, ән әлемін таныстыра отырып, баланың табиғи мүмкіндіктерін ашуды көздейді.

Сондай - ақ, күнделікті сабақ барысында оқушылар ән мен әлем арасындағы тығыз байланыстың бар екендігіне көздерін жеткізудің де өзіндік мәні бар. Себебі, бала әннің күнделікті өмірде қаншалықты тиімді екенін түсіне алмаса, әнді сүйсіне орындауға ынталанбаса, әуен мен әнге деген қызығушылығы ортаяды.

Музыкалық қабілеттің психологиялық негіздері де бар. Бұл қабілет өз бойына ойлау мүмкіндігінің көңіл - күйімен тығыз байланысында көрініс табады. Нақтылық пен жалпылық, сезім мен логика, шығармашылық мүмкіндік пен шапшандық, шешім қабылдауда да тыңғылықты ойлануды ортақтастыратын бірден - бір қабілет түріне жатады. Ән әлемін тану - дамуға бетбұрыс. Ең алдымен, бұл баланың психикалық қасиеттерін, атап айтқанда, ес, ойлау, сөйлеу, байқағыштық, шапшандық, мақсаттылық, логика мен терең сезінуді барынша дамытады.

Ән әлемі  әдебиетпен және көркемөнермен тығыз  байланыста. Оқушыларды ынталандырудың да оңтайлы тәсілдерін таңдап, түрлі әдістемеліктерді қолдана отырып, ізденуші, шығармашылық тәжірибелерін кеңейтуге мүмкіндік беру қажет.

Бұл орайда бірнеше  әдістікке жаратуға болады. Мысалы, жалпыға бірдей дидактикалық міндеттерді  қолданған уақытта оқушының жекелей мүмкіндіктерін ескеріп, өзіне оңтайлы музыкалық репертуарын таңдап алуына, қосымша материалдар мен шығармашылығын жан - жақты дамытуына да ерекше ден қою, сонымен бірге сабақты да түрлендіре өткізудің өз пайдасы бар. Ойын сабақ, ертегі сабақтарын өткізу де өнімді әдіс. Бірнеше арнайы тапсырмалар дайындап, бала қабілетіне сай сабақты әрі қызықты, әрі тартымды өткізудің жолдарын іздеген жөн.

Төменгі сынып оқушыларының музыкаға деген сүйіспеншілігін және қызығушылығын қалыптастыруды, оқыту процессінде музыкалық қабілеттерін дамытуды сипаттап қарастырсақ.

Бірінші сынып балаларының музыкалық қабілеттері әр түрлі болады. Бір балалардың қабілеттері көрініп тұрады, екіншілердікі аса көрінбейді. Біреулері музыканы жақсы қабылдай, тыңдай білетін болса, екіншілері оны неге тыңдау керек екенін білмейді.

Кейбір балалар арнайы музыкалық мектептерде оқып музыкаға деген ынталары зор болады. Сондықтан  балалардың музыкалық дамуыда әр түрлі болады. Осы жастағы балалардың музыкалық мінездемесі болады:

1) музыканы қабылдай  біледі, көп балалар негізгі музыкалық  жанрларды ән, би, марш айыра біледі. Бірақ балалар тек қана қысқа,  көрнекі, қызықты музыкалық шығармаларды  қабылдайды;

2) балалардың ән айту  мүмкіншіліктері шамалы. Әншілік  диапазондарды 2 - 3, 3 - 4 дыбыстан аспайды. Дауыс құбылысы әлі дамымаған. Нәзік, күші аз болады. Дыбысының тарауы аз (полетность звука). 1 - сынып оқушыларының жұмыс жасау диапазоны примарлық тонмен қатар болуға тиісті. Мысалы: 7 - жастағы баланың дыбыс көлемі ре-ля дыбыстарынан аспау керек. Балалардың ырғақтық импровизациялары жақсы дамыған.

1 және 2 сыныптардың балаларына  көп белгілері жалпы, бірдей  болады, бірақ белгілі айырмашылықтары  бар. Ең негізгісі 2 - сынып оқушысы «тәжірибелі» оқушы; оған мектеп тәртібі (режим) және сабақтағы талаптар үйреншікті; бірінші сынып оқушыларына қарағанда олардың зейіндері нық бола бастайды, ойлау қабілеттері көбірек дамыған, яғни талдау жасау қабілеттері.

Екінші сынып оқушысының музыкалық дамуы 1 - сыныптағы музыкалық сабақтардың сапасына байланысты. 1 - сыныптағы ұйымдастырылған, міндетке бағытталған, қызықты музыка сабақтары балаларды бірге музыканы тыңдауға, одан алған әсерлерін айтуға, бір - бірін тыңдап хормен ән айтуға үйретті. 2 - сыныпта музыкалық жанрларды интонация, музыканың дамуы, музыканың формасы (құрылысы) арқылы менгереді.

Үшінші сынып оқушысы, ол қалыптасқан «типтік» оқушы. Бұлшық еттері аса мықты, күшті дамыған. Зейіні және ақыл - есі дамыған. 3  -сыныпта балалардың қызығушылықтары және бейімділіктері тұрақты және таңдамалы бола бастайды, бірақ әлі тұтас қалыптаспаған.

Бірінші және екініші сыныпта балалар әр қызмет түрін ынтамен жасаса, ал 3, 4 - сыныпта балалардың қызығушылықтары анықталған, олардың арасында әр түрлі мінезді сабақтарға аса және кем қабілетті екені анықталады.

Мұғалім үшін төртінші сыныптағы музыкалық тәрбие қиыншылық тудырады. Нағыз осы кезде балаларда музыка сабағына да өзіндік анықталған қатынасы қалыптасады.

Информация о работе Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін