Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 13:22, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Музыкалық қабілеттіліктің теориялық негіздерін қарастыру;
Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамытуды талдау;
Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамыту жолдары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

музыка кабілет.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.

Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік  мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз - ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.

Музыка эстетикалық  тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан - жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Музыкалық қабілеттіліктің теориялық негіздерін қарастыру;
  • Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамытуды талдау;
  • Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерін дамыту жолдары.

Курстық жұмысты  жазу барысында Қазақстан Республикасының  Заңдар жинағы, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

 

 

1 МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Музыкалық қабілеттілік мәні және құрылымы

 

Музыка –  адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас  формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің  ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның  музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.

Музыкалық қабілет  – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы  оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет  адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.

Музыкалық қабілет  – жеке тұлғалық - психологиялық  қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің»  сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.

Музыкалық дарынды  адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар  басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.

«Амузия» деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын, ол адамдардың саны 2 - 3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой - сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі).

Қабылдай ала  алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы болмағандықтан.

Адамда бірдеме  бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің  табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне  байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).

Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді.

Бірақ та осы  күнге дейін әлі біржүйелі  көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы  дегені не?

Н.А.Римский - Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.

Б.М.Теплов: ... сазды  сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ сезімі.

Америкалық  психолог К.Сишор: ... қандай да болсын музыкалық қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі.

Неміс психологі  Г.Ревеш: ... музыкалық қабілет - ол жай  ғана есту сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың  негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс  бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа  орындауы, шығармашылық қиялы.

Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің  психологиялық құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психологиялық функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы, әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде (жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер, сыбызғышы, не пианист пе?

Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым  және күрделі түрлері байқалады.

Қарапайым музыкалық  қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты  сезуі) – музыкалық  қабылдауды, орындаушылық, әндетудің  мүмкіншілігі.

Күрделі музыкалық  қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде (композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы, музыкалық дарындылығы.

Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды  адамдар, жай ғана музыканы сүйетін  адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы болады.


 

 

 

 

 

 

Сурет 1 - Музыкалық қабілет құрылым өтімі

 

Музыкалық қабілет  құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):

  • білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді құрайды);
  • жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады;
  • өтімінің қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі);
  • музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура - гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).

 

1.2 Музыкалық  қабілеттілік түрлері және қалыптасуы

 

Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс  биіктік есту сезім бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады:

  • бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе;
  • бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа әуенді әндетеді;
  • әннің жалпы жүрісін таза алуда;
  • жалпы жүрісіндегі  таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза алады;
  • әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен қалыптасады;
  • сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза орындайды.

Ішкі есту сезімі және музыкант-орындаушы мамандығында алатын ролі - біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды, әуендерді жаңадан сезінуі болса, екіншілері – есте сақтау мен елеске байланысты.

Балалардың  музыкалық қабілетінің дамуы  мен қалыптасуында музыкалық  әсердің қоры жиналуда, репертуардың кеңдігі пайда болады. Осы жинақтаған сезімдік қоры, оның сақталуы және де оны іс - әрекетте қолдануы музыкалық есте сақтауы болып табылады.

Бастауыш мектеп балаларының музыкалық есте сақтау элементтері біркелкі және теңсіздік дамиды.

Кәсіби - музыканттың есте сақтауы - бұл есте сақтау мен сезім сақтауының музыкалық материалды түсіне білуі - келесіде қабылдауының қайта орындауы.

Қысқаша – музыкант - оқушының музыкалық шығарманы қай, қалай, қандай деңгейде кәсіби сауатты жаттау. Тәжірибе көрсеткендей оқушылардың көбісі музыкалық шығарманы жаттайтыны шығарманы қайта - қайта қайталау мен орындауында. Осы қайталау кезінде есте сақтау бірізділігі қалыптасады.

Қайта - қайта қайталау – автоматикалық есте сақтау болады, оның мазмұнын түсінбесе, музыкалық түсінігі болмайды. Мынадай жаттығу жағдайда адамның миы жұмыс істеу керек.

Көркем - интелектуалды  және эмоционалды белсенділігі ойлап  жұмыс әрекеті мен музыкалық  шығарманың мазмұнды жұмыс істеудің әдісі арқылы нәтижелі болады, есте сақталады, түсінетін болады.

Адамның көркемділік  дарындылығы неде? Бала дарынды болу үшін қалай білім беру керек? Баланың көркем-шығармашылық бейнесін қалай көруге болады және де қалай бағалауға болады? Өйткені ол (көркем - шығармашылық бейнесі) өнермен ұштастыру деген мағынада.

Психологтар мен  педагогтар әрбір баланың бойында шығармашылық потенциалы бар деп санайды, шығармашылық - адамзат өмірінің шамасы. Шығармашылық қасиет – адамзат негізінің «таңбасы».

Күнделікті  өмірде, педагогикалық тәжірибеде, «аспаннан жерге, уақыт  талабына»  түсу, танымал шектеулікті өтуді қажет етеді.

Біріншіден, шығармашылық қабілеттілікті білім не икемділік  ретінде жеткізу, «айтып беру» болмайды. Қазіргі кездегі ол мұғалім мен  оқушының арасындағы бірлескен тәжірибелік-шығармашылық іс-әрекеті.  

Екіншіден, бір  саладағы шынайы шығармашылық психологиялық доминантаны құрып, адамды тұтастай баурап әкетеді. Сондықтан, жалпы білім жүйесіндегі балаға көмек ретіндегі шығармашылықпен айналысу болып табылады: өз-өзінде, «музыкант» болу, жан тәжірибесін сезінуі т.б.

Кезінде Б.М.Теплов қабілеттілікті, адамның психологиялық қасиеті, оның қандай да болсын іс-әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс-әрекет процесінің меңгеруі – деген.

Шығармашылық  қабілеттілік – ол сапалы музыканың  тууы, өзгеруі, музыканың дамуы т.б. Б.М.Теплов Н.А.Римский-Корсаковтың балалық шағын жазған кезінде: «Болашақ композитор музыкалық сабақтарға аса зейіні болмаған, бірақ та қабілеттілігінің арқасында «жұмысы» нәтижелі болды» - деген пікірді айтқан.

Ал, келесі бір  дәстүрлі психологиялық қасиеттің  бірі - адамның қабілеттілігі психологиялық сапа қатарының үйлесуі, не компоненттері, әрбіреуі әрекет талабына сәйкес келеді де жеке қабілеттілік бола алады.

«Негізгі», «басты»  қабілеттілік бөлімдерінің алды, олардың  бірлігі, оның ішіндегі бөлімдерінің психика  сапалығын көрсете алатыны, толтыратыны және де оның статусы мен көркемдік, музыкалық, бейнелеушілік не басқадай қабілеттілігінің сипаттамасы. Теплов Римский-Корсаковқа  музыкалық мінездеме бергенде «толық» түсінік бере алды. Римский-Корсаковта көзге елестету дамуы, табиғатты сезіну мықты болған, «оның көз елестетуі музыкалық, табиғатты сезінуі музыкалық» болды. Мынандай қорытындыға келді: оның жалпы тұлғалық бағыттылығына байланысты адамда ешқандай қаблеттілік болмайды. Римский-Корсаковқа қоршаған әлем музыкалық құбылыс, көрініс болып сезілген.

Осы кезде екі  кезеңді қарастырайық: бірінші маңызды  кезең – не бір белгілі әрекетінің емес, өмір тұтастылығына ерекше қатынасы. Екінші маңызды кезең – тұлғаның жалпы бағыттылығы, не әлемге адамның  үстем болғаны, адамның түрлі  психикасы сапалы қабілеттілікке айналуы.

Ал, шығармашылық қабілеттілікке келер болсақ, адам психикасындағы әрекеттілік талабы адамның МЕН деген берілген әрекетіндегі өз-өзіндік шығармашылық қабылдауы. Ол деген, адам қоршаған әлемге ерекше, эстетикалық, көркемдік қатынасы түрлі көркемдік шығармашылығының қабілеттілігінің негізі болып табылады. Ал, жеке қабілеттілікті ауыстыру, үйлестіру не басқадай тәсілмен онда  эстетикалық тәжірибе қатынасы әлемде ештеңемен ауыстыруға болмайды. Онсыз құнды көркем шығармалар тумайды.

Сондықтан, әлемдік  қатынас дамуы мен оянуы және өзінше бір бөлшек ретінде өнер педагогикасының  бірінші мақсаты, әр-түрлі өнердегі мақсатты іс-әрекетінде жүзеге асыру  болып табылады.

Ізденушілердің  дәлелдеуінше, әлем эстетикалық қатынасында  әрбір адамда, әрбір балада жүзеге асыру барысында өзіндік потенциалы бар. Сондықтан бала кезеңінде осы мәселені қабылдай алады да, жалпы білім беру кезінде жүзеге асыра алады.

1.3 Музыкалық  қабілетті дамыту белгілері

 

Баланы жан - жақты, әрі үйлесімді дамыту музыканың атқаратын міндеті. Осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек.

Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі - музыкалық шығарманың сипатын/характерін/ сезіну, естігеніне бірге қуану, не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті. Музыка баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір - бірімен салыстыратын ой туғызады.

Информация о работе Төменгі сынып оқушыларының музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін