Шағын жинақталған мектептерде музыкалық білім беру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 08:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі.Бүгінгі кезеңде республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі болып жатқан нәтижелі өзгерістер, оның өсіп-өркендеуі, өркениетті елдер қатарынан орын алуы білім беру саласына да жаңа леп әкеліп жатыр.Осыған байланысты орта мектептің білім беру саясатында жас ұрпақты жаңа көзқараста оқыту мен тәрбиелеуіне көп көңіл бөлінеді. Осының бәрі ауылдық мектептеріне, соның ішінде шағын жинақталған (комплектілі) мектептеріне де байланысты болып келеді.

Содержание

іріспе.......................................................................................................................2
1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-теориялық аспектілері).............................................................................5
2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері..........................................................................10
3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері............................................................16
4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру түрлері............................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ МУЗЫКАЛЫҚ.doc

— 461.00 Кб (Скачать документ)

Хорға, әдетте, 40—50 оқушыларды қабылдайды. Ал, ауылдық шағын жинақталған жерлерде бұл үйірменің құрамы 40 – 50 оқушыға жетпейді. Қатысушылардың саны әр түрлі бола алады, бірақ 25 – 30 оқушыдан кем болмауы және 70 – 80 адамнан аспағаны дұрыс. Үйірмеге қатысушылар санының көп болуы мұғалімге қиындық тудырып, әр баламен жеке жұмыс жасауына ықпал етеді. Үйірменің ұзақтығы мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты болады. Кіші топ хорымен 45 минуттан аспайтын уақыт аралығында  аптасына екі рет шұғылданып, жасөспірімдерге бір үйірме уақыты үзіліспен екі академиялық сағатқа созыла алады. Әрбір үйірме жұмысын мұқият жоспарлап,әр түрлі және қызғылықты түрде өтуге талпыну қажет.

Орта және сегіз жылдық мектептерді  төменгі класс оқушыларының хорын  жеке жүргізген дұрыс. Себебі жоғары класс балаларының орындайтын шығармаларының көлемі, мазмұны, орындау шеберлігі, дауыстың диапазонына байланысты болғандықтан оқушыларды үйірмеге жастарына, дауыстарына қарап іріктеп тартқан жөн болады. Орта буынмен қатар, бастауыш сынып оқушыларының музыкаға қызығушылығы жоғары болады. Көптеген қимылдар жасауға, музыка тыңдауға балалар құштар келеді. Сол себепті бастауыш сынып балаларына музыкалық тәрбиенің үлкен әсері жүреді.

Музыка мұғаліміне музыкалық ән салу дағдылары мен қабілеттілікті табысты дамыту үшін әр түрлі жас  шамасындағы балалардың дыбыс механизмінің ерекшеліктерімен жетік таныс болуы керек. Өйткені, бала дауысы – ұқыпты қарым-қатынасты талап ететінөте нәзік аппарат. Ескерілетін жәйт, соңғы он жылдықтарда балалардың дене құрылысының ерте өсіп-жетілуінің нәтижесінде дауыс аппаратының жылдамырақ қалыптасуы.

Хор үйірмесінің тәжірибесінде  көптеген жаттығулар бар. Жаттығулардың  кейбіреулері дауыс аппаратын ән салуға дайындауға жүргізіліп, белсенді жұмыс жасау бағытында жасалынады. Әр үйірме жұмысында жасалатын, әр сабақта  біртіндеп жаңарып дауыс мәнерінің бір қалыпқа түсуіне көмектеседі,мысалы артикуляция, тыныс алу, екідауысты таза айтуға дағдыландырады. Басқа жаттығулар орындалатын репертуарға байланысты жасалынып отырады, яғни шығарманың нақты қиындықтарына байланысты болады.

Хор үйірмесінде шығарманы жаттау түрлері әр түрлі болады, бірақ бірліктің қағидасына сәйкес кез келген жағдайда көркемдік және техникалық қиыншылықтарға қарсы тұра алады.

Аспапта ойнау үйірмелері (фортепиано, баян, аккордеон) соңғы он жылдықтарда кең өріс алды. Әсіресе, шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру түрлерінің маңызды бөлігі осы аспапта ойнау үйірмесі болды.

Қазіргі уақытта, қабілетіне қарамастан аспапта ойнауды дұрыс бағытта : нотаға қарап бірден ойнап кетуді, естуі бойынша аспапқа салуды, импровизациялай білуді дағдыландырса, кез келген бала аспапты игеріп алады.

Алғашқы сабақтан бастап ансамбльдерде  ойнауды машықтандыру керек. Мұғалім  оқушыны  ынталандырады және қызығушылығын  оятып, шығармашылық тұлға болып  қалыптасуына жетелейді. Мұғалім оқушыларының концерттік қойылымдарын қадағалап, мектептегі тәрбиелік жиындарға қатысуын, тақырыптық кештерге, көркемдік жеке шығармашылық кештерді ұйымдастыруын қадағаласа өнерлі балалар үйірмелерге көптеп  тартылады. Сайып келген, музыкалық-ағарту қызметі жеке сапаларының тәрбиесіне әрдайым мүдделі мүмкіндік туғызып, жағдай жасайды.

Соңғы кездері балалар фольклорлық ансамблі назарға түсіп жүр. Осындай үйірмелерді құру үшін мұғалімнен үлкен білімділікті, халық өнерімен таныс болып, жанрлық және аймақтық ерекшеліктерін білуі талап етіледі. Халық әндеріне деген қарым-қатынастың өзі тәрбиелік мәнге ие. Ансамбльдер кіші сынып оқушыларынан немесе жасөспірімдерден құрылуы мүмкін. Балалар 6-7 жастан бастап-ақ әуендер, ойындар, қимылдық, бимен келтірілетін әндерді орындау барысында эмоциясын көрсетіп, шығармашылық тұрғысынан дамиды.

Балалар музыканы тыңдау мәдениетінен, музыкалық талғамды қалыптастырудан, концерттерге қатысып, музыка тыңдай білуден  музыкалық тәрбие алады.

Фольклорлық ансамбльмен жұмыс  жасау мұғалімнен әннің немесе шығарманың мұқият сараптау (анализ) жасауын талап етеді. Сонымен бірге әндерді дұрыс таңдай білу әдісі шағын жинақталған мектептерде рухани мәдениетке тәрбиелейді.

Музыкалық тәрбиені мектепте сыныптан тыс уақытта жүргізуде ансамбльдер  мен оркестрлердің атқаратын қызметі ерекше. Соның ішінде, ұлт аспаптар оркестрі немесе ансамбльдері. Оркестрдің әрбір аспабы тембрлік, техникалық және көркемдік жағынан ерекшеленеді. Оркестрге репертуарды дұрыс таңдай білу де керек. Оркестрдің мүмкіндігіне қарай, техникалық шеберлігіне бой ұсына отырып репертуар таңдалынады. Бастапқы сатыда оңай пьесалар, мелодиялық халық әндері, билерінің өңделген нұсқалары, сонымен қатар кеңес композиторларының белгілі әндері үйірме жұмысына қатысушыларға музыкалық өнерге деген махаббатын оятады.

Шағын жинақталған мектептердегі  сыныптан тыс жұмыстардың бірі вокалды-аспаптық ансамбльдер ұйымдастыру.

Жасөспірімдердің вокалды-аспаптық ансамбльдерге қызығушылығы көптеген себептермен түсіндіріледі. Ең алдымен  сәннен қалмай, өзін «қазіргі заман адамы» деп құрдастарының алдында ерекшелену мақсатында.  Сонымен бірге, вокалды-аспаптық ансамбльдер музыкасы жақсы қабылданып, сыртқы келбетімен дараланып тұрады. Қазіргі жасөспірімдерді аспапта ойнау ғана қызықтырып, шығарманың көркемдік құндылықтары төмендей береді. Айтайын деп отырғанымыз, оқушылар мен жасөспірімдердің талғамы төмендеп, қызығушылығы тек рок-топтарға еліктеушілігімен шектеліп қалады. Осылайша, дыбыс эффектілерінен музыканың бағалы рухани құндылығын жоғалтып, қалыптаспаған тұлға боскеуде болып дамитынына кім кепіл?

Музыкалық балалар театры үйірмесіне оқушылардың кең көлемді бөлігін қарастырады. Мысалы, опералық спектакльге жеке әншілер, хор, би топтары, жаппай сахналық көріністерге, суретшілер, жарық берушілер және т.б.тартылады. Әр оқушы, спектакльдерге қатысуы арқылы музыкалық өнерге дағдыланады және өзінің сүйікті ісімен айналысады.

Мұғалімге, ең алдымен  қойылымға  балалар спектаклін таңдап, сонымен  қатар ол тақырып балаларды қызықтыратын және мүмкіндіктеріне сай келуі  тиіс. Спектакль таңдалынып алынғаннан кейін, балаларға мазмұнын қалай қызықты етіп көрсетуді білу, композиторы туралы айтып беріп, балалардың назарын кейіпкерлердің музыкалық характерін ұғындырып, түсіндіріп береді.

Мұғалімнің спектакльді дайындау барысындағы міндетті жан-жақты болып келеді. Әр орындаушының партиясын жаттайды, дуэттер дайындайды, би номерлерін және барлығын біріктіріп дайындық ұйымдастырады. Егер орындаушылар сүйемелдеуді өздері орындаса, онда орындаушылардың үйлесімділігіне көп көңіл бөлінеді. Педагог қойылымның көркемдік характерін жеткізу үшін режиссуралық негізін жақсы игеруі қажет. Кейіпкеріне еніп, өз кейіпкерін таныған оқушы тіпті қиын ролді де керемет ойнап шығуы мүмкін.

Жұмыстың соғңы бөлімдерінің дайындығы  кезінде көреремендер назарына афишалар ұсынылады. Спектакльге дайындық, сөзсіз үлкен жауапкершілікпен қарап, мықты дайындықпен шығуды талап етеді. Дегенмен, қойылымның сәтті шығуы көреремендерді ғана емес қанағаттандырып қоймай, сонымен қатар орындаушыларға да өзінше бір ляззат береді. Осы тұста музыкалық тәрбие жүргізудің қайнар ошағы болып қалыптасады.

Балалар келесі опералық спектакльге  қызығушылықпен қайта кірісіп, шығармашылығын дамыта түседі. Театр ауқымды тәрбие жұмысының ордасы болуы мүмкін. Тұрақты  құрамы келе-келе қалыптаса бастайды.

Мейрамдар мен демалыс  кештері. Мектептегі мейрамдар сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың бір формасына жатады. Ол мерекелер әр т.рлі тақырыпта болуы мүмкін. Мысалы, Білім күні, Республика күні, Наурыз мерекесі, Халықаралық әйелдер сейрамы және т.б. Музыка басқа салалармен (көркемөнер, әдебиет) байланыса отырып, мерекелік кештің эмоциялық атмосферасын жандандырады. Өнер мерекелік кештің барлық қатысушыларына адамгершілік-эстетикалық сезімін, көзқарастарын тұрақтандырады. Осы мерекелі кештерге белсене қатысатын бастауыш сыныптары. Музыканың оқушыларға музыкалық тәрбие беріп, бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетінқалыптастыруға жол сілтейді.

 

 

 

Кесте 3. Бастауыш сынып  оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жүйелік сипаты [52]

 


 

 


 


 

 

 




 

 

 

 

 

 

«Ауыл мектебі-оқушыға білім беретін  орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени өміріне қан жүгіртетін, рухани өсуіне ықпал ететін ортасы» және «бұл ауыл аумағында орналасқан жалпы білім  беру, ұйымдар түрлерінің жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық құрылымы әр түрлі, оқушылардың білім және еңбек дайындығының ерекше міндетін орындауға және балалардың білім талаптарын қанағаттандыруға тырысады» - дей келе, ауыл мектебінің қалалық мектептермен салыстырғанда ауыл мектептері менталитет артықшылығымен, халықтың орналасуы мен қызметтің шартталған ортасымен ерекшеленеді. Осы анықтамаларға сүйеніп, Ә.Т. Өтебаева келесі анықтаманы ұсынады: Ауыл мектебі дегеніміз – жас ұрпақтың ой-өрісін жан-жақты дамытып, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және халықтық педагогиканың негізінде мол мұраларын пайдалана отырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығы. [53]

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Курстық жұмысымызды қорыта келе біз  мынандай нәтижелерге жеттік:

1. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің тарихи-теориялық аспектілерін қарап, таныстық. Негізгі бөлімнің алғашқы бөлімінде шағын жинақталған мектептердің қалыптасу тарихымен танысып, теориялық аспектілері сараланды. Сонымен қатар, өзекті мәселелері қарастырылды.

2. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері ұсынылды. Шағын жинақталған мектептердегі тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері келесі кезектегідей:

- мектеп оқушыларына музыкалық тәбиенің  ғылыми –педагогикалық және әдістемелік негіздерін анықтап беру;

- мектеп оқушыларын музыка өнері  негізінде музыкалық тәрбиенің  тиімді көрсеткіштері  мен  деңгейлерін ұсыну;

- оқу тәрбие үрдісінде мектеп  оқушыларына музыка өнері арқылы музыкалық-педагогикалық шарттарын белгілеп беру;

- музыкалық тәрбие мазмұны құрылып,  тәжірибелік-педагогиалық тексерістен  өткізіліп, ғылыми -әдістемелік ұсыныстар  берілуі керек. Сонда ғана шағын  жинақталған мектеп оқушыларана  музыкалық тәрбие жүргізу нәтижелілігі арта түседі.

3. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізу түрлері көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 1-бап, 23 тармақ.

2.

Балтабаев М.Х. Проблемы теории и воспитания – Алматы, 1989. – 56 с.

3.

Керимов Л.К. Қиын жеткіншектерді қайта  тәрбиелеуді даярлаудың педагогикалық  негіздері. Алматы, 1994. – 75 с.

4.

Шыныбекова Э.И. Нравственное воспитание личности: вопросы теории, истории, практики. – Алматы, респуб.изд.кабинет, 1999. – 54 с.

5.

Королев Ф.Ф. Очерки по истории советской  школы и педагогики 1917-1920 г. Москва, Учпедгиз, 1958. – 47.

6.

Медынский Е.Н. История педагогики. Москва, Учпедгиз, 1947. – с 42

7.

Обидов И.О. История развития народного образования в Таджикской ССР (1917-1967 г.г.). Душанбе, 1965. – с 37.

8.

Паначин Ф.Г. Школа и общественный прогресс – Москва, 1983. – с 39.

9.

Равкин З.И. Советская школа в  период восстановления народного хозяйства 1921-1925 г.г. Москва, 1959. – с 46.

10.

Эфиров А.Ф. К истории нерусской  советскойшколы (первые шаги по организации  национальной школы, 1917-1918 г.г.). Начальная  школа, № 6, 1947. 8 с 16.

11.

Костяшкин Э.Г. Сельская школа полного  дня – Москва, 1981. – с 54.

12.

Жильцов П.А. Воспитательная работа в сельской школе. – Москва, 1980. – с 52.

13.

Кондратенков А.Е. Труд и талант учителя. – Москва, 1985. – с 61.

14.

Суворова Г.Ф. Совершенсвование учебного процесса в малокомплектной начальной  школе. Москва, Педагогика, 1980. – с 52.

15.

Буравихин В.А. Школа-внешкольные учреждения. Москва, 1984. – с 64.

16.

Жбанкова Н.С. Учитель на селе. Москва, 1981. – с 63.

17.

Чалов А.П. Специфика учебной деятельности на уроках в сельской малокомплектной  школе. Москва, 1981. – с 26.

18.

Ягофарова Д.С. Единый учебно-воспитательный комплекс. Москва, 1972. – с 45.

19.

Асқарбаева А. Шағын комплектілі  мектептегі оқытудың мазмұны мен  әдістері. Алматы, 1985. – 89 б.

20.

Беркімбаева Ш.К. Жалпы білім беретін  қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісінің  дамуы (1980-2000 ж.ж.) Автореферат. пед. ғыл. канд. 30.01.03. Алматы, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2003. - 11 б.

21.

Сейталиев Қ.Б. Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім берудің  дамуы. Алматы, республикалық баспа  кабинеті, 1996. – 80 б.

22.

Мамырова К.Н. Малокомплектная школа-крупный план. Учитель Казахстана – 2001. № 24 – 5 с.

23.

Сизоненко А.И. О работе республиканского учебно-методического объединения  «Малокомплектная сельская школа». Атырау, 1998. – 6 с.

24.

Әділғазинов Г.З. Подготовка будущего учителя к управлению процессом обучения в малокомплектной школе (диссертация на соискание ученой степени кандидата педагогических наук), Алматы, 1994. – 14 с.

25.

Алдамжаров З.А. Совершенствование  работы малокомплетных сельских школ. Костанай, 1987. – 35 с.

26.

Сәдуақасов Ә. Қазақстандағы шағын  жинақталған мектептердің әлеуметтік тарихи даму үрдісі.//Білім беру жүйесіндегі  этнопедагогика – 2008. №6 – 24 б. 

27.

Струмилин С.Г. Хозяйственное значение народного образования. М., 1924. –  с 63.

28.

Жаңа мектеп. Алматы, 1930. – б 80

29.

Шұғаева Г.Қ. Қазақстанда ауылдық  шағын комплектiлi мектептердiң дамуы,(1930-1960жж.): Педагогика ғылымд. канд.ғылыми дәрежесiн  алу үшiн дайынд.дисс. или Сытдыков А.С. Педагогические идеи и просветительская деятельность И. Алтынсарина. Учпедгиз, Алматы, 1949. – с 22-23.

30.

Константинов Н.А., Медынский Е.Н. Очерки по истории советской школы  РСФСР за 30 лет, Учпедгиз, 1948. – с 64.

31.

Атырау облыстық мұрағаты, 334 қор,4 тізбе,375 іс, 51 п.

32.

Сембаев А.И. Қазақ кеңес мектебінің тарихының очерктері. Алматы, 1958. – 87 б.

33.

Дружбой Великой сильны. Алма-Ата, 1972. – с.261-262.

34.

Шұғаева Г.Қ. Қазақстанда ауылдық  шағын комплектiлi мектептердiң дамуы,(1930-1960жж.). Атырау, 2006. – 48 б.

35.

Қуанышбаева З.Б. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. Шымкент,2009. – 3 б.

36.

Қазақстан Республикасында шағын  жинақталған мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы

37.

Сәдуақасов Ә. Қазақстандағы шағын  жинақталған мектептердің әлеуметтік тарихи даму үдерісі. // Білім беру жүйесіндегі  этнопедагогика – 2008. №6  – 29 б.

39.

Әбілмәжінов Т.Т. Шағын жинақты  мектеп: мәселелері және оны шешу жолдары.//Білім  беру мекемесі басшыларының анықтамалығы – 2009 №21(29 мамыр) – 14  б.

40.

Крамаренко Н.Е. Проблемы МКШ и  Пути их решения.// Мұғалім журналы  – 2011. №3 – с.16

41.

Залғаринова А.И. Шағын жинақталған  мектеп: проблемалар және қиыншылықтар – 2011. №3 – 21 б.

43.

Ізтаева Ж.М. Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері.//Отбасы және балабақша – 2007. №6 – 8-9 б.

44.

Жағыпарова М. Тәрбие беруде және оқытуда  педагогиканың атқаратын ролі//Ұлағат (Республикалық психологиялық және педагогикалық басылым) – 2011. №4 – 25 б.

45.

Бәшірова Ж.Р., Әлқожаева Н.С. Тәрбие мен құндылықтардың тұлға дамуынаықпалы.//Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасы. – Алматы, 2011. – 56 б.

46.

Байділдаев Ө. Эстетикалық тәрбиені де ұмытпайық.//Музыкальное образование  в Казахстане (хрестоматия) – Алматы, 2007. – 106 б.

47.

Жұбанов А.Қ. Эстетикалық тәрбиенің  басты саласы.//Ән-күй сапары. –  Алматы, Ғылым, 1976. – 318-321 б.

48.

Ізтаева Ж.М. Музыкалық тәрбие берудің  маңызы мен міндеттері.//Отбасы және балабақша – 2007. №6 – 8-9 б.

49.

Сағынтаев П., Шәкірбаева А. Музыкалық тәрбие берудің негізгі мәселелері.//Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістері. – Алматы, Рауан, 1996. – 3-4 б.

50.

Жұбанов А.Қ. жас буынға эстетикалық  тәрбие берейік.//Ән-күй сапары. –  Алматы, Ғылым, 1976. – 424 б.

51.

Бәшірова Ж.Р., Әлқожаева Н.С. Қарым-қатынас жасауға қажетті мұғалімнің бойындағы мәдени қасиеттер.//Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасы. – Алматы, 2011. – 56 б.

52.

Қуанышбаева З.Б. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде  сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. Шымкент, 2009. – 12 б.

53.

Өтебаева Ә.Т. Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық  шарттары. Алматы, 2007. – 9 б.

Информация о работе Шағын жинақталған мектептерде музыкалық білім беру әдістемесі