Шағын жинақталған мектептерде музыкалық білім беру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 08:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі.Бүгінгі кезеңде республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі болып жатқан нәтижелі өзгерістер, оның өсіп-өркендеуі, өркениетті елдер қатарынан орын алуы білім беру саласына да жаңа леп әкеліп жатыр.Осыған байланысты орта мектептің білім беру саясатында жас ұрпақты жаңа көзқараста оқыту мен тәрбиелеуіне көп көңіл бөлінеді. Осының бәрі ауылдық мектептеріне, соның ішінде шағын жинақталған (комплектілі) мектептеріне де байланысты болып келеді.

Содержание

іріспе.......................................................................................................................2
1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-теориялық аспектілері).............................................................................5
2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері..........................................................................10
3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері............................................................16
4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру түрлері............................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ МУЗЫКАЛЫҚ.doc

— 461.00 Кб (Скачать документ)

«ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН  МЕКТЕПТЕРДЕ МУЗЫКАЛЫҚ

БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................2

1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-теориялық аспектілері).............................................................................5

2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын  жинақталған мектептердегі тәрбиелік  жұмыстардың өзекті мәселелері..........................................................................10

3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие жұмыстарын жүргізудің   мүмкіндіктері............................................................16

4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру түрлері............................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі.Бүгінгі кезеңде республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі болып жатқан нәтижелі өзгерістер, оның өсіп-өркендеуі, өркениетті елдер қатарынан орын алуы білім беру саласына да   жаңа леп әкеліп жатыр.Осыған байланысты орта мектептің білім беру саясатында  жас ұрпақты  жаңа көзқараста оқыту мен тәрбиелеуіне  көп көңіл бөлінеді. Осының бәрі   ауылдық мектептеріне, соның ішінде шағын жинақталған (комплектілі) мектептеріне де  байланысты болып  келеді.  

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында шағын жинақталған  мектептер туралы былай айтылған: «шағын жинақталған мектеп сынып  жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысанасы бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».[1]

Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі  ұлтымыздың жаңа заманға қадам басып, ұлттық сананың қайта жаңғыру  сатысында тәуелсіз мемлекет болу тарихынан  бастап жеткен жетістіктер айтарлықтай. Соның ішінде, шағын жинақталған мектептердің қосқан үлесі де жоқ емес. Көптеген халық жанашырлары мен зиялылары осы ауылдық шағын жинақталған мектептерде білім алып, тәрбиеленді. Аталмыш мектептердің тарихына үңілсек, шағын жинақталған мектептер алғашында Қазақстан территориясындағы халықтың әркелкі орналасуына байланысты алыс ауылдық жерлерде, уақытша қоныстанған елді мекендерде ашыла бастаған.

Әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция, балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі мектептердің санының өсуіне әкелді. Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады.

Зерттеу жұмыстардың мәлеметтеріне  қарағанда  шағын жинақталған   мектептерде оқу-тәрбие үрдісі,  стандартты  орта  мектептерімен салыстырғанда,  өзгеше  жүреді. [2,3,4,] және т.б.

Себебі шағын жинақталған мектептерде жас ерекшелігіне қарамастан бірнеше сынып оқушыларына бір мезгілде бір мұғалімнің сабақ жүргізуі ерекшелігінің бірі болып саналады. Сондықтан да «шағын жинақталған мектеп» деп аталады. Ауылдық шағын жинақталған мектептердегі мәселелердің бірі музыкалық тәрбие жүргізу шарттары болып отыр.

Осы мәселенің жалғасы ретінде  шағын жинақталған мектептерде  жүргізіліп  жатқан музыкалық тәрбиесі қалай жүргізіледі деген сұрақ туады.    

 Зерттеу барысында байқағанымыз  – бұл проблема Қазақстанда  кәзірге дейін зерттелмегендігін  көрсетеді. Сондықтан біз курстық  жұмысымызда шағын жинақталған  мектептерде музыкалық тәрбиесін   жүргізу әдіс-тәсілдерін қарауды көздеп отырмыз.

Шағын жинақталған мектеп оқушыларына  музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі мен теориялық тұрғыда зерттеліп, ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі және аталмыш мәселенің қоғам талабына сай қарастырылмауы арасында қарама – қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.

Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру мектептерінің 77%-ы ауылда орналасқан болса, ал соның 65-% шағын жинақталған мектеп. Қазақстандағы шағын жинақталған мектепте басты, көкейкесті мәселелері:

- шағын жинақталған мектептерде қазіргі заманға сай оқытуды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешеннің болмауы;

- заман талабына сай қаржының бөлінбеуі;

- негативті тенденцияларға сәйкес, демографиялық дамудың күрт азаюы;

- ауыл мектептерінің азайып, сонымен қатар республикада шағын жинақталған мектептер санының азаюы;

- музыкалық тәрбие әдістемесінің әлсіз болуы.

Ауылдық мектептерде тарихи аспектілердің, соның ішінде шағын жинақталған  мектептердің, дамуын шетел ғалымдары М. И. Зайкин, Н. В. Горбунов, Т. Б. Френкель, Г. Б. Горнетов,  В. Н. Яценко, Г. Ф. Суворова, Е. Ивлиева, Т. В. Маркелова, Г. В. Невзорова және т.б. зерттеген. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің жағдайын Р. Б. Ахмедова, Ә. Т. Өтебаева, Г.Қ. Шұғаева, қарастырған.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін  де ескере отырып, шағын жинақталған  мектептерде қазіргі уақытта   заман талабына сай музыкалық  тәрбие беруді   қарауды көздеп отырмыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізуді  теориялық  негіздеп, оны тәжірибе жүзінде зерттеу.

Зерттеу жұмысының нысаны:шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу жұмысының пәні:шағын жинақталған мектептерде музыкалық оқу-тәрбие жұмыстары.

Зерттеу міндеттері:

1. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің тарихи-теориялық аспектілерін қарау.

2. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктерін айқындау.

3. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарды жүргізу туралы ұсыныстар жасау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: егер шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізу теориялық жағынан дәлелдеп, педагогикалық талдау жасалынып, тәжірибе арқылы тиімді шарттары ұсынылса, онда оқушылардың бойында музыкалық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік-эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуына нәтижелі мүмкіндіктер жасалынады.

Қорыта келе, мектепте тәрбиенің алар орны  аса маңызды. Соның ішінде өте кең, сан ұғымды қамтитын – музыка өнерінің берер тағылымы, тәрбиесін айтып отырмыз. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын қиялы, нәзік сезімі. Музыка өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ойының, сана-сезімінің кеңейіп, музыкалық тәрбие алу барысында оң мінез-құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді.

Аталған зерттеу тақырыбы шешілмеген проблемаларын қоғам мен ғылым дамуының қазіргі бағыттарына сәйкес келетін, өзектілігі жоғары зерттеу жұмысы болады деп есептеймін. Ұсынылатын әдістер музыкалық тәрбиенің шағын жинақталған мектептерде қажетті орнын табады деген сенім білдіремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-теориялық аспектілері)

 

Еліміздегі шағын жинақталған  мектептердегі білім және тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін қарастыруды біз алдымен оның тарихи даму үдерісін зерттеуден бастағанымыз жөн.

Әрбір  саланың өз ерекшелігі мен  тарихи даму кезеңдері болады. Сол  көп саланың бірі білім беру ошақтарының тарихи үрдісімен, оның ішінде шағын жинақталған мектептердің әртүрлі уақыт аралығындағы сапалық және дәрежелік даму кезеңдері мен қалыптасуын саралап қарастырсақ.

Қоғамда оқудың даму барысында шағын  жинақталған мектептердің оқу үрдісін, тәрбие ісін негізге ала отырып аса көрнекті ғалым-педагогтар, әдіскерлер көптеген еңбектерін жазғанын тарихтан көре аламыз. Шағын жинақталған мектептердің тарихына үңілмес бұрын, сол еңбектерді саралап қарастырсақ. ТМД елдеріндегі салмақты монография авторларын атап өтер болсақ: Ф.Ф. Королев [5], Е.Н. Медынский [6], И.О. Обидов [7], Ф.Г. Паначин [8], З.И. Равкин [9], А.Ф. Эфировжәне т.б. [10]  Оқу-тәрбие  ісіне оқу ошақтарының маңыздылығын, оның ішінде даму тарихына байланысты теориялық және әдістемелік мағлұматтармен толықтыруда педагогика ғылымына ерекше үлес қосып, орасан зор еңбек жасаған.

Жалпы мектептердің даму тарихын зерттеген  ғалым-педагогтардан кейін ауыл мектептерінің, соның ішінде шағын  жинақталған мектептердің даму тарихы мен жандандыру аспектілерін қозғап, зерттеу жұмыстарын жазған: Э.Г. Костяшкин [11], П. Жильцов [12], А.Е. Кондратенков [13], Г.Ф. Суворова [14] және т.б. Бұл еңбектерде ауыл мектептерінің тарихымен танысуға болады. Ал, одақ көлемінде шағын жинақталған ауыл мектептері міселелерімен келесі біршама ғалымдарды: В.А. Буравихин [15], Н.С. Жбанкова [16], А.П. Чалов [17], Д.С. Ягофарова [18] және т.б. атауға болады.

Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін атап өтер болсақ, оқу ағарту саласындағы  шағын жинақталған мектептердің даму тарихы тақырыбында жазған еңбектері аз емес. Сол авторлардың еңбектері мен диссертациялық жұмыстары (А. Асқарбаев [19], Ш.К. Беркімбаева [20], Қ.Б. Сейталиев [21], және т.б.) ғылыми тұжырымдама жасауда ерекше орын алады.

Ауылдық шағын жинақталған мектептердің мәселелерін зерттеген ғалымдар К.Н. Мамырованы [22], А.Н. Сизоненконы [23], Н.М. атап өтуге және шағын жинақталған мектептердегі педагогикалық басқару үрдісін басқару тақырыбында - Г.З. Әділғазинов [24], ауылдық шағын жинақталған мектептердің толымдылығы төңірегінде – З.А. Алдамжаров [25], негізгі тақырыбымыз тәрбие тақырыбында,яғни мектеп-балабақша ауылдық комплексінде балаларды тәрбиелеу жүйесін қарастырған А.М. Мұхамбетжанованы атап өтуге болады.

Шағын жинақталған мектептердің тарихы ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастау алғанын ғылыми зерттеулер мен еңбектерден көреміз. Көптеген ғалымдардың (А.И. Сембаев, Г.Ф. Суворов, Т. Тәжібаев, П.А. Жильцов, Г.П. Храпченков және т.б.) еңбектері мен зерттеулеріне сүйене отырып, сол кездегі қазақ халқының көптеген жерлерінде орыс-қазақ мектептері ашылып, көбейе түскен еді. Бірнеше бөлімді бір мезгілде бір мұғалім оқытатын шағын жинақталған мектептер болған.

Ерте ғасырларда Қазақстан аумағындағы  шағын жинақталған мектептер  мұсылман мектептері мен медреселерден  бастау алған десек қате болмас еді. Жас ерекшелігі мен білім деңгейінің әртүрлілігіне қарамастан шәкірттер жинақталған сыныптарда білім алған. Кейін бұл мектептер «Қадім мектептері» деген атқа ие болады. ХХ ғасырдың басында білім алу ошағы деп аталатын мектептер жинақталған мектептер түр-сипатына ие болған болатын. Осылайша ауылдық аймақтарда шағын жинақталған бастауыш мектептер қалана бастады. 1916 жылы олардың саны 727-ге жетіп, ондағы оқушы саны 22414 болды. Ауыл мектептері көшпелі ауылдармен бірге көшіп жүрді. Бұл білім берудің үлгі жүйесін Ы.Алтынсарин басшылыққа жазған хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептердің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» - деп дәлеледеп, іс жүзінде орындалуына ықпалын тигізген болатын.

Негізінен, шағын жинақталған мектептердің пайда болуы К.Д. Ушинский, Н.А. Корф, Н.Ф. Бунаков, Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметтерімен тікелей байланысты. Бұл ағартушы, зерттеушілер балалардың білімді болып, дұрыс оқу-тәрбие алуына жан ұшырып, білім беру дәрежесін дамыту мақсатында жұмыс жасаған.

«Атап өту керек, революцияға дейінгі  орыс-қазақ мектептері 3-4 кластан  тұратын шағын жинақталған мектеп болды, онда бір мұғалім қызмет істейтін. Сол кездің қиындығына қарамастан, осындай мектептерде тамаша мұғалімдер аз болған жоқ, осындай жағдайға қарамастан, оқытудың нәтижелері жоғары болды» деп п.ғ.д., профессор Г.М. Храпченковтың айтқанына қосыла отырып, шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру музыка мұғалімі емес басқа пән мұғалімдеріне жүктелетін болған. Кейіннен музыка мұғалімі дербес пән мұғалімі ретінде қалыптасты.

1918 жылы мектеп құрылымын анықтайтын, оған негіз болатын «Жалпыға  бірдей еңбек мектебі туралы  Ереже», «Бірыңғай еңбек мектебінің  негізгі принциптері», «Аз ұлттар  мектебі жөнінде» құжаттар жарық көрді. Бұл құжаттар ағартушылық пен білім берудің саясатын, идеологиясын, типологиясын және оның ұйымдастырушылық – педагогикалық құрылымын анықтады.

1920-1921 жылдары бұрынғы ауыл мектептері  қалпына келтірілді және жаңа  мектептер ашылды. А.И. Сембаевтың зерттеулеріне қарағанда, осы кезеңде 1914-1915 оқу жылымен салыстырғанда ауыл мектептерінің саны – 1760-тан 2170-ке, ал ауылдық шағын жинақталған мектептер саны 5 есе көбейді. Ауылдағы оқушылардың саны 2 есе өсті.

Еліміздегі шағын жинақталған мектептердің қалыптасуының цифрлық дәлеледемелермен көрсетсек. Жыл санап шағын жинақталған мектептер саны өсе бастады.

1924-1925 оқу жылында бұл мектептер  қарқынды өсу сатысында болды. 1926 жылы 1545 ауылдық мектептері ашылса, 496 мектеп үйі салынған болатын. Бастауыш мектептер саны 6592, оның 3751-қазақ тілінде, орталау мектеп 517, оның 163-қазақ мектебі, орта мектептер 63, оның 6 ғана қазақ мектебі еді. Ал, 1940-1941 оқу жылында бастауыш мектептер саны – 5314 (2801-қазақ), орталау 1779 (746 қазақ), орта мектептер 701-ге (168 қазақ мектебі) жетті.[26]

Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті құжаттары бойынша шағын  жинақталған мектептер – бұл  оқушылар саны 400-ден астам ғана бала оқитын мектеп болып табылады. ауыл мектептерінің 40 пайыздан астамы осындай мектептер деп айтсақ қате болмас еді. Осы мемлекеттік құжаттарға сүйене отырып, статистикаға көз жүгіртсек.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің статистикалық  есебі бойынша 2001 жылы 8260 жалпы білім  беретін мектептің 4229-ы, яғни 51,2% - шағын жинақталған мектеп, оның 4073 ауылда орналасқан және 2156-сы (50,9%) қазақ тіліндегі мектептер. Бұл жалпы ауыл мектептерінің 96,3% құрады. Оның ңшңнде бастауыш шағын жинақталған мектеп үлесіне – 28,5%, негізгі шағын жинақталған мектеп – 24,2%, орта – 47,3%. Ал, қаладағы шағын жинақталған мектеп саны 156, ол барлық мектептің 3,7%құрады.

Информация о работе Шағын жинақталған мектептерде музыкалық білім беру әдістемесі