Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 08:08, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Бүгінгі кезеңде республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі болып жатқан нәтижелі өзгерістер, оның өсіп-өркендеуі, өркениетті елдер қатарынан орын алуы білім беру саласына да жаңа леп әкеліп жатыр.Осыған байланысты орта мектептің білім беру саясатында жас ұрпақты жаңа көзқараста оқыту мен тәрбиелеуіне көп көңіл бөлінеді. Осының бәрі ауылдық мектептеріне, соның ішінде шағын жинақталған (комплектілі) мектептеріне де байланысты болып келеді.
іріспе.......................................................................................................................2
1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-теориялық аспектілері).............................................................................5
2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері..........................................................................10
3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері............................................................16
4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру түрлері............................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
3 Нормативтік-құқықтық
және бағдарламалық-
- шағын жинақталған мектептердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі;
- шағын жинақталған мектептерге арналған үлгілік оқу жоспарының жоқтығы;
- шағын жинақталған мектептің оқу жоспарының вариативті және жеке компоненті бойынша білім беру оқу бағдарламаларының жоқтығы;
- мұғалім үшін қазақстандық білімді дамытудың үрдістері мен перспективаларын есепке алатын қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде шағын жинақталған мектеп жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың құралдары мен әдістемелік ұсынымдамаларының жоқтығы.
4 Материалдық-техникалық жағдайы:
- шағын жинақталған
- 90 мектептің апаттық жағдайы;
- 786 мектеп ғимаратының күрделі жөндеуге қажеттілігі;
- арнайы оқу зертханалары мен
шығармашылық шеберханалардың,
- телекоммуникациялардың ескірген инфрақұрылымы; кең жолақты Интернетке 10,3% шағын жинақталған мектеп қосылған, 44% шағын жинақталған мектептер интерактивті жабдықтармен жарақтандырылған, 1130 негізгі және орта шағын жинақталған мектептерде физика, 1410 химия, 1576 биология, 85 информатика кабинеті жоқ.
Осылайша, шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына және табысты әлеуметтенуіне мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу; шағын жинақталған мектептерді дамытудың концептуалды, нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қалыптастыру; олардың инфрақұрылымы мен ресурстық қамтамасыз етілуін жаңғырту Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі мен қажеттілігіне негізделеді.[36]
Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарту мүмкіндігі шағын мектепмоделінің жаңа түрін ұйымдастыруды, оның басқа мекемелермен қатынасын жақсартудың жолдарын іздестірумен тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, кешенді мәселелерді шешудің жалғыз жолы мектептің ауылшаруашылық өндірісімен, ауылдың әлеуметтік-мәдени өмірімен, елді мекеннің табиғи ортасымен интеграциялануы басты рөл атқарады. [37]
Ауылдық шалғайда орналасқан елді мекендердегі шағын жинақталған мектептерде тәрбиелік жұмыстардың қарқынды дамуына тұлғаның отбасы татулығы мен ортасы үлкен әсерін тигізеді. Оның ішінде музыкалық тәрбиеге тоқталып, анықтама беріп өтсек. С.И. Жайназарованың тұжырымы бойынша, музыкалық тәрбие дегеніміз – музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабілетін, музыкаға эстетикалық көқарасын қалыптастыру деген сөз. Білім алушының тәрбиесінеата-анасының, ата-әжелерінің, аға-әпкелерінің, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, полиция және тәртіп сақтау сақшылары жүйесі, әскери жүйелер де әсерін тигізбей тұрмайды. (Кесте 2. Отбасы татулығы)
Кесте 2. Отбасы татулығы бағдарламасы. [38]
«Жалпы білім беретін
Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептер саны бойынша (634) үшінші орында, ал оқушылар контингенті бойынша 90,2 мың баламен 114 мектебінде 86,7 мың оқушысы бар Маңғыстау облысынан озып республика бойынша ең соңғы орынның алдында тұрғандығымыз жалпы білім беретін мектептер жүйесінің тиімсіз орналасуы салдарынан болып отыр» деп Т.Т. Әбілмәжінов «шағын жинақталған мектеп: мәселелері және оны шешу жолдары» атты мақаласында шағын жинақталған мектептердің тиімсіз орналасуы да даму жолында көштің кері жүруіне әсерін тигізеді.[39]
Шағын жинақталған мектептердегі үлкен кедергілердің бірі – профильді оқыту (үйрену). Сыныптағы оқушылар санының аздығынан оқушыларды бұл жүйеде оқыту мүмкін болмай тұр. Централизм үлестiрiлу демократиялық қағидасына сәйкес, көпшілігі математиканы таңдады, сол себепті бір оқушы гуманитарлық саланы оқығысы келсе де математиканы оқуға мәжбүр болады. Білім алу жолында жеке бағдарлану мен жеке қағидаларды іске асыруға мүмкіндік бермейді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сапалы білім алуға құқылы. Елімізде білімнің қарқынды дамуына сәйкес нарықтық заманда, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасу үшін профильді оқыту жүйесі өте қажет екені белгілі. [40] Елімізді білімді елдер қатарынан көру мақсатында мектептерді, соның ішінде шағын жинақталған мектептердің профильді оқыту жүйесін қарастыру қажет.Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін алғашқы алғышарттардың бірі тәрбиемен жұмыс жасау болып табылады.
Бұл мәселенің шешімін табу мақсатында ұсынылатын әдіс, ол профильді оқыту жүйесіне ену үшін қалалық және ауылдық шағын жинақталған мектептерде бірдей жағдай туғызуы қажет. Шағын жинақталған мектептерде оқушыларға тапсырма беру барысында ауыл өміріне байланысты берілуі тиіс. Себебі, оқушыларға тапсырма мазмұны таныс және бала өмірімен байланысты болады. Осы жағдайда оқушы бойында қызығушылық пен белсенділік тәрбиесі қатар жүретін әдіс болып табылады. Оқушыға тапсырманы берумен қатар шағын жинақталған мектептерде тапсырманы талап ету ережелерін қатар сақтау керек.
3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері
Шалғайдағы шағын жинақталған мектептердің басты ерекшеліктері, ол сыныптағы оқушылар санының аздығынан бірнеше сынып оқушыларының біріктіріліп оқу-тәрбиесін алуы, сол жинақталған сыныптарда бір мұғалімнің сабақ жүргізуі, осыған орай ұстаздар санының шағындығы, екі (үш, төрт) сыныптағы сабақтың бір мезгілде өткізілуі, оқушылар санының өзгеріп, ауысып отыруы және сабақ кестесі мен оқытуды жоспарлау жүйесінің өзгешелігі мен тұрақсызданып тұруы.
«Сыныптағы балалар санының аз болуы балалар үшін де қиындық әкеледі. Өйткені, әрбір оқушы үнемі «жауап беруші» рөлінде болады.
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда бір оқушыдан бір оқу күнінде 28-ден 35 ретке дейін сабақ сұралады екен. Бұл әрине, бастауыш сынып оқушысы үшін өте ауыр жүктеме. оқушыдан осылайша күнде сабақ сұрау балаға эмоционалдық, психологиялық және жалпы интелектуалдық даму жағынан да кері әсер етеді» деген А.И. Залғаринованың[41] пікіріне қосыла отырып, оқушы мұғалімнің жиі сабақ сұрағаннан кейін оқытушы мен оқушы арасындағы сыйластығы, оқытушының оқушыға көзқарасы төмендей түседі. Оқушылардан сабақты күнде сұрамау керек деген әдіске қосылуға да, қосылмауға да болады. өйткені, музыка сабағы өте қызықты өтетін болғандықтан, бала жалықпайды. Оқушыға музыкалық тәрбие беруде оқытудың принциптерін қатаң сақтап, балалардың қызығушылығын арттырып сабақ жүргізу керек. Ол үшін сабақта дидактикалық ойындар, өзіндік жұмыстар, ой қозғаулар, нота сауатын үйрету, музыка тыңдату, музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыка жанрын ажырата білу басты міндеттері болып табылуы керек. Музыкалық тәрбие жүргізу мәселесінқарастыру өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тың мәселелердің бірі.
Жалпы музыкалық білім беру арқылы шағын жинақталған мектеп оқушыларымен музыкалық тәрбие жүргізу үрдісі тиімді болуы үшін:
-мектеп оқушыларына музыкалық тәбиенің ғылыми –педагогикалық және әдістемелік негіздерін анықтап беру;
- мектеп оқушыларын музыка өнері негізінде музыкалық тәрбиенің тиімді көрсеткіштері мен деңгейлерін ұсыну;
- оқу тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларына музыка өнері арқылы музыкалық-педагогикалық шарттарын белгілеп беру;
- музыкалық тәрбие мазмұны құрылып, тәжірибелік-педагогиалық тексерістен өткізіліп, ғылыми -әдістемелік ұсыныстар берілуі керек. Сонда ғана шағын жинақталған мектеп оқушыларана музыкалық тәрбие жүргізу нәтижелілігі арта түседі.
Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие – бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы үрдіс арқыы дамытады және адамның дамуына басшылық жасалады.Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира байтақ дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік ерекшеліктерімен бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Бүгінгі заман талабы – еліміздегі болып жатқан саяси экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени өзгерістерге байлансты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр.Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті, рухани ойлау дәрежесі биік , шығармашылықпен қызмет атқара алатын, қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға икемде, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарының әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру[42] деп С.И. Жайназарова тұжырымдайды. Сол сияқты қоғамда өз орнын табу мақсатында мектеп пен тәрбиенің бір-бірімен егіз екені айқын нәрсе. Ал, білім беру ісіндегі ұлттық тәрбиенің орны ерекше. Осы ұлттық тәрбие ауылдық, соның ішінде шағын жинақталған мектептерде қалыптасады. Музыкалық тәрбиенің ішінде салт-дәстүр де, рухани байлық та, ұлттық құндылық, адамгершілік қасиеттер де бар. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. Осы мәселе жөнінде М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттің балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданып келе жатқан жол болғандықтан әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп ой түйеді. Осылай дей келе, біз музыкалық тәрбие арқылы ұлт қадірін білуге және патриоттық сезімін қалыптастыруға тәрбиеленеді. Ал, ұлттық тәрбиенің мектеп табалдырығында бастау алады. Ұлттық музыка, ұлттық өнер, мәдениет арқылы мектеп балаларының бойында музыкалық тәрбиені қалыптастырамыз. Ол үшін музыкалық тәрбиенің жеке тұлғаға деген қырым-қатынасын көрсетсек.
Музыкалық тәрбие – жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушырды халықтық музыкаға баулиды.
Басқа өркениетті елдермен тереземіз
тең болу үшін терең мағыналы, кең
ауқымды «Ел болам десең, бесігіңді
түзе» деген мақал тегін
Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір – асыл мұрат.
Әр отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын, ата-анасының ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер перзенті. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып, жүрек қалауымен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне қамқор болу бір ғана ата-ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік борышы, абыройлы міндеі екені даусыз деп Ж.М. Ізтаева тұжырымдағандай, шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жүргізу мүмкіндіктері қоғам дамуында едәуір ықпалын тигізеді. [43] Музыкалық тәрбиенің жалпы мағынасына ену үшін, тәрбие дегеніміз не деген сұраққа жауап берсек.
Тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз етеін үдеріс. Адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымына кең мағынада тоқталар болсақ, әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, мектептерді, ауылдық мектептер, мәдениет ошақтарын, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып табылады. Сонау ғасырлардағы тәрбие туралы айтылып кеткен ой-пікірлер осы ұрпақиан ұрпаққа тарау арқылы бізге жетіп отыр. Соның бірі, Батыс еуропаның ағылшын философы Джон Локк (1632 – 1704) «Тәрбие туралы ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы «таза тақтағаә теңеген болатын. Ал, Францияда Жан-Жак Руссо (1712 – 1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне қарсы «еркін тәрбие» идеясын ұсынды.
Қазақстандың ағартушы-
Информация о работе Шағын жинақталған мектептерде музыкалық білім беру әдістемесі