Жобаны басқарудың объектісі мен субъектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 21:12, курсовая работа

Краткое описание

“Жоба” ұғымы толық негізінде көптүрлі обьектілерге қолданыла алады. Мысалы, жоба ретінде, басқалардан өз миссиясы, масштабы, күрделілігі және т.б. ерекшеленетін, жаңа құрылыс немесе жаңартылып жатқан кәсіпорын бола алады. Жоба дегеніміз қойылған мақсатқа жетудің әдістері бола алады. Жоба дегеніміз нақты тәртібі, шығындары бар нақты мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылатын үйлескен іс-әрекеттердің жиынтығы бола алады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
1. Жобаларды басқару
1.1 Жобаларды басқарудың пайда болуы мен дамуы .........................................5
1.2 Жобалық қызметтегі стандарттау және сертификациялау ...........................8
1.3 Қазақстанда жобаларды басқарудың жағдайы мен даму болашағы .........14

2. Жобаны басқарудағы жүйелік аспектілер.
2.1 Жобаны басқарудың объектілері, субъектілері, үрдістері мен функциялары .........................................................................................................18
2.2 Жобаны стратегиялық басқару ......................................................................22
2.3 Жобаларды басқару үрдістері .......................................................................26

Қорытынды .........................................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айдана курсовой.doc

— 217.00 Кб (Скачать документ)

 

      Кестеде  көрсетілген үрдістер бірінен  кейін бірі орындалады, әр түрлі  белсенділікпен  орындалады және жобаны орындаудың түрлі кезеңдерінде  бір-бірімен өзара байланысты болады. Бір үрдістің нәтижесі басқасы үшін бастапқы  ақпарат болып табылады.

        Үрдістің өзара байланыстылығы  олардың кірістері (оларға сәйкес үрдіс орындалатын құжаттар  немесе құжатталған көрсеткіштер) мен  шығыстары (үрдіс нәтижесі  болып табылатын құжаттар немесе  құжатталған көрсеткіштер) арқылы жүзеге асырылады. Ал кірістің шығысқа айналатын механизмдері  сәйкес әдістемелер мен құралдарды  біріктіреді.

          Жоғарыда айтылған үрдістер топтарын тәптіштеп қарастырайық.

         Инициациялау үрдістері жоба идеясын  авторластыру  мүмкіндігін және жобаның  келесі фазасына өту шешімін  қабылдауды қамтамасыз етеді.

         Жобаны жоспарлау үрдістері өте көп  түрлі және олар негізгі және көмекші деп бөлінеді (2-және 3-кесте).

2-кесте - Жобаны  жоспарлаудың негізгі үрдістері.

Үрдістің аталуы

Үрдіс нәтижесі

1

Мақсаттарды жоспарлау

Мәселелерді қою (жобалық  негіздеу, негізгі кезеңдері мен  жоба мақсаттары)

2

Мақсаттарды декомпозициялау

Көбінесе  әрекетті  бақылауды  қамтамасыз ету үшін жоба мақсаттарын кішігірім  құраушыларға (кішігірім  мақсаттарға)бөлу

3

Жоба операцияларының (жұмысының) құрамын анықтау

Жобаның түрлі кезеңдерін қамтамасыз  ететін  операциялар  тізімі

4

Операциялардың өзара  байланыстылығын анықтау

Жоба операцияларының  технологиялық  өзара байланыстылығын  құжаттамалық көрсету

5

Жұмыстардың ұзақтылығы немесе  көлемдерін бағалау 

Жобаның әрбір  операциясын  анықтау үшін қажетті уақыт шамасы немесе жұмыс көлемінің шамасы

6

Жоба қорларын анықтау 

Жобаның барлық қорларының  жалпы саны мен сипаттамасы

7

Қорларды тағайындау

Жобаның жеке операцияларын  орындауға қажетті қорлардың  көлемі

8

Құндарды бағалау

Жоба операцияларының  құрамдық құндары мен оларды  әрбір операция, қорлар үшін бағалау

9

Жұмыстарды орындаудың кестесін құру

Жоба жұмыстарын  орындаудың, операция ұзақтылығының тізбектілігі, қойылған шектеулер мен өзара  байланыстылықтарды  есепке алғанда  қорлар мен шығындарға қажеттілікті  уақыт бойында бөлу

10

Бюджетті бағалау

Жоба құнын толығымен, кезеңдер,фазалар мен мерзімдер  бойынша бағалау

11

Жобаны орындаудың жоспарын құру

Жобаның барлық үрдістерінің интеграция нәтижелерін сипаттайтын  жобаның толық жоспары

12

Жоба сәттілігінің критерийлерін анықтау

Жоба сәттілігі критерийлерінің  тізімі


 

3 - кесте –  Жобаны жоспарлаудың көмекші  үрдістері

Үрдістің аталуы

Үрдіс нәтижесі

1

Сапаны жоспарлау

Жобада қолданылатын сапа стандарттары, оларды орындау  әдістері

2

Ұйымдастыруды жоспарлау

Ұйымда рөлдерді,  өзара  қарым-қатынастарды,  жауапкершіліктерді  және есеп беруді тағайындауды құжаттамалық рәсімдеу

3

Персоналды тағайындау

Адам қорларын жобаның  нақты жұмыстарын орындауға  бағыттау

4

Өзара әрекеттестікті жоспарлау

Ақпараттар ағындары мен жоба қатысушыларының өзара әрекет ету әдістері

5

Тәуекелді идентификациялау

Жобаға әсер ете алатын тәуікелдер түрлерін құжаттамалық  рәсімдеу

6

Тәуеклді бағалау

Тәуекелдік жағдайлардың  басталу ықтималдығы. Олардың жобаға  әсер ету дәрежесін бағалаудың нәтижелері.

7

Жауап қайтаруды жасап  шығару

Тәуекелдердің алдын  алудағы  мен оларға  жауп қайтарудағы  қажетті әрекеттер

8

Жеткізулерді  жоспарлау 

Жобаны орындауға қажетті  қорлардың,  жұмыстардың және қызметтердің  құрамы мен көлемдері

9

Жеткізу шарттарын дайындау

Жеткізуге  талаптар мен  потенциалды  жеткізушілерді анықтау


 

      Орындау мен жоба жоспарын жүзеге асыруды бақылау үрдістері  жоспарлау үрдістері сияқты  негізгі және көмекші  деп бөлінеді (4-кесте).

 

          4-кесте - Орындау мен жоба жоспарын жүзеге асыруды бақылау үрдістері

 

Үрдістің аталуы

Үрдіс нәтижесі

Негізгі үрдіс

1

Жобаны орындау

Жоба қатысушыларының  жобаны сәтті жүзеге асыруға  бағытталған  үйлестірілген  іс-әрекеттері.

Көмекші үрдістер

1

Орындауды есепке алу

Жоба қалысушыларына  қажетті ақпараты бар жоба орындалуының  есебі 

2

Сапаны мақұлдау

Қабылданған сапа  стандарттарына сәйкес жоба орындалуын  бағалаудың нәтижелері 

3

Ұсыныстарды дайындау

Нұсқаулар, пікірлер, ұсыныстар, мәлімдемелер жіне т,б,

4

Жеткізушілерді таңдау

Жеткізушілер мен подрячиктердің  ұсыныстарын бағалау мен таңдау, келісім-шарттарға тұру

5

Келісім-шарттарды бақылау 

Жеткізушілер мен подрячиктердің   келісім-шарттарының орындалуын  бақылаудың нәтижелері

6

Жоба командасын дамыту

Жоба командасы қатысушыларының  біліктілігін жоғарылату


 

        Талдау үрдістері жоспарды талдау үрдістері мен жобаның  орындалуын  талдау үрдістеріне бөлінеді.

         Жоспарды талдау үрдістері  жасалған жоспардың қойылатын талаптарға  және жоба қатысушыларының  үмітіне сәйкестігін  тексеруге негізделген. Бұл талдаудың нәтижесі- жоспарға нақты өзгертулерді енгізудің  мақсаттылығы және оның жаңа нұсқасын құрастыру  жайлы шешім болуы мүмкін. Егер бұл болмаса, онда жоспардың жасалған нұсқасы  жобаның негізгі жоспары ретінде алынады және жоспар орындауының нәтижелерін өлшеудің негізі болады.

          Жоба жоспарының орындалуын  талдау үрдістері  орындау жағдайын   белгілеуге бағытталған, сонымен қатар қабылданған крийтерилер мен шектеулерге сәйкес оның сәттілігі  не сәтсіздігін болжауға бағытталған.  Егер жобаның сәтсіздігі болжалса, онда өзгерістерді басқару үрдісін жүзеге асыруда түзетушілік әрекеттерді жүзкгк асыру  жайлы  шешім қабылданады.

          Орындауды талдау үрдістері де  негізгі және көмекші болып  бөлінеді. Біріншілері тікелей жоба мақсаттарымен және жоба орындалуының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіштермен байланысты,  ал екіншілері жоба сәттілігінің мақсаттары  мен критерийлеріне  әсер ететін факторларды талдауға арналған.  Осы үрдістерді жүзеге асырудың  тиімді нәтижелері  5-кестеде  келтіріледі.

 

       5-кесте – Жоба жоспарының орындалуының талдау үрдістері.

Үрдістің аталуы

Үрдіс нәтижесі

Негізгі үрдістер

1

Мерзімдерді талдау

Жоба операциялары орындалуының  іс-жүзіндегі және болжамды мерзімдерінің  жоспарланған мерзімдерге сәйкестігін  тексеру нәтижелері.

2

Құнды талдау

Жоба операциялары мен  фазаларының іс-жүзіндегі және  болжамды құнның  жоспарланған құнға  сәйкестігін  тексеру нәтижелері.

3

Сапаны талдау

Жобаны қабылданған  сапа стандарттарына  сәйкестігін  тексеру нәтижелері. Жоба сапасының  қажетсіз төмендеуінің  себептерін жою  жолдарын анықтау.

4

Жоба мақсаттарын  мақұлдау

Жоба қатысушыларының  жоба  нәтижелерін формальды  қабылдауының нәтижелері.

Көмекші үрдіс

1

Орындауды бағалау

Жобалық команда жұмысын  талдаудың нәтижелері. Жоба қатысушыларының  бөлінген қорларды  пайдалану жайлы  деректермен қамсыздандыру.

2

Қорларды талдау

Іс-жүзіндегі және божамдық  жүктеудің  және қорлардың  өнімділігінің  жоспарланғанмен сәйкестігін  тексерудің  нәтижелері.


 

             Жобаны  орындауды талдау нәтижесінде   оны қабылданған жоспарға сәйкес жалғастыру  жайлы шешім қабылданады немесе түзетушілік  әрекеттерді жүзеге асырудың қажеттілігі анықталады.

            Жобадағы өзгерістерді басқару үрдістері талдау үрдістерінде  айқындалған ауытқуларды,   жобаның сәтті жүзеге асырылуын  қамтамасыз ететін түзетулік  әрекеттерді  негіздеу мен  жүзеге асыру жолымен  жоюға бағытталған. Олардың тізімі мен нәтижелері 6- кестеде  келтіріледі.

 

          6 - кесте – Жобадағы өзгерістерді  басқару үрдістері 

Үрдістің аталуы

Үрдіс нәтижесі

Негізгі үрдістер

1

Жобадағы өзгерістерді  жалпы басқару

Толық жоба бойынша үйлестірілген  және келісілген өзгерістер.

2

Қорлардың өзгерісін  басқару 

Жоба жұмыстарындағы  қорлардың құрамының өзгерісі.

3

Жоба мақсаттарының  өзгерісін басқару 

Жобаның түзетілген мақсаттары

4

Жоба сапасын қамсыздандырудағы  өзгерістерді басқару 

Жоба сапасы қанағатсыздығының  себептерін жоюға  бағытталған шаралар

Көмекші үрдістер

1

Жоба тәуекелдерімен байланысты өзгерістерді  басқару 

Жобаны жүзеге асыру  үрдісінде  тәуекелдердің  өзгерісіне  жауап қайтару шаралары

2

Келісім шарттардағы  өзгерістерді басқару

Келісім-шарттарды  түзету нәтижелері,  пайда болатын  дау-жанжалдарды  тоқтату.


            

 Жобаны аяқтау үрдістері екі түрлі үрдістен  құралады:  жоба бойыша келісім-шарттарды аяқтау мен жабу және оның әкімшілік  аяқталуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Басқару бұл ғылым  әрі фирманың адам және материалдық  ресурстарынмен тиімді жұмыс істеу  арқылы ойластырылған ұйым мақсаттарына жету өнері. Сөйтіп, басқару дегеніміз  – корпорация, шіркеу, түрме, не болмаса аурухана болсын, әр ұйымға тән процесс. Басқарушының жұмысы қажеттілігін анықтауда, одан кейін іс жүзінде асырылғанын қадағалау. Өзі өзекті мақсаттарға жетуге қажетті бірлескен күш жігерінің жұмсауына жауап береді, бүкіл ұйым жұмысы ұтымды болатындай етіп үйлестіріледі. Бұдан басқа, басқарушы өнімділікті арттырып, онда ол жоғары мәртебелі қараушы болып табылады және оған өзіне шамадан көп ақы төленуін мойындау керек. Бұл көзқарас біздің назарымызды басқарушы менеджер іс жүзінде не істейтіндігіне аударатындықтан басқарушы жұмысын тым қарапайым жібіреді. Менеджердің күнделікті жұмысының сипаттамасы келесі түрде болуы мүмкін:

 - ол өзінің жеке басы карьерасымен байланысты жоспарлар жүзеге асыра отырып, жұмыс істейді оларға қол жеткізу құралы ретінде фирманың оның талаптарын қанағаттандыра отырып пайдаланады.

- ол өзінің тікелей  басшының айқын тұжырымдалған  не демеуімен білдірілген тілектеріне  дейін ілтипатқа алады.

- ол үнемі жұмысшы тиімді атқару үшін басқа бөлімдердің шені жағынан өзімен тең ортақ өзі тәуелді және оған тәуелді адаммен келісім жүргізеді.

- негізгі персонал  және қызмет көрсету топтарымен  жақсы қарым – қатынаста болады, өйткені кейде көмекші құрамындағы  қызметкерлер жоғары басшыларға  жол салып кіреді.

- жұмыста өзіне бөлінген ортада елеулі роль атқаратынын тұлғалар мен соттың сұранымдарына өтініш талаптарына, олардың мейірбандылығын сақтау үшін не ең болмағанда өшіктіріп алмасу үшін жауап береді

- ол бос тұру жәнеүзілісті  мейілінше азайту үшін және  басшылық тарапынан артық назар аудартпау үшін бөлімге келіп түскен, оның ішінде пайда болған және сыртқа берілетін жұмысшыларды қадағалайды.

Жобалық басқарудың объектісі – қойылған мақсатқа  жету немесе  нақты мәселені шешуге  бағытталған  өзара байланысқан  және өзара келісілген жұмыстардың жоба-кешені  болып табылады. Ал осы кешенді орындау уақыт бойынша  шектелген және нақты қаржылық  материялды және  еңбек қорларын жұмсаумен байланысты болады деп қорытындылаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Менеджмент негіздері\Ахметов К.Ғ, Сағындықов Е.Н, Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А ,Жұмабаев Ж.Ж-Ақтөбе-Орал,2005-519б.

2. Основы менеджмента.Учебное пособие.Под ред.Радугина А.А. –М.Центр-1997

3. Жүнісов  Б.А., Мамбетов У.Е , Байжомартов Ү.С. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы,изд РИК.1994.

4. Джексон Грейсон мл, К.О. Делл.Американский менеджмент на пороге XXI века,-М, Экономика ,1991

5. «Жалпы экономикалық  теория» Шеденов Ө.К. Ақтобе 2004

6. «Менеджмент» лекциялар  курсы Бердалиев К. Алматы 2005

7. «Әлем экономикасы» оқулық С.Сахариев Алматы 2003

8. Шапиро В.Д. и др. Управление проектами. СПб.: ДваТри, 2006

9. Волков И.М., Грачева М.В. Проектный анализ: Учебник для вузов. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2002

10. Разу М.Л. и др. Управление программами и проектами: 17-модульная программа для менеджеров “Управление развитием организации”. “ИНФРА – М”, 2007

Информация о работе Жобаны басқарудың объектісі мен субъектісі