Жобаны басқарудың объектісі мен субъектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 21:12, курсовая работа

Краткое описание

“Жоба” ұғымы толық негізінде көптүрлі обьектілерге қолданыла алады. Мысалы, жоба ретінде, басқалардан өз миссиясы, масштабы, күрделілігі және т.б. ерекшеленетін, жаңа құрылыс немесе жаңартылып жатқан кәсіпорын бола алады. Жоба дегеніміз қойылған мақсатқа жетудің әдістері бола алады. Жоба дегеніміз нақты тәртібі, шығындары бар нақты мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылатын үйлескен іс-әрекеттердің жиынтығы бола алады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
1. Жобаларды басқару
1.1 Жобаларды басқарудың пайда болуы мен дамуы .........................................5
1.2 Жобалық қызметтегі стандарттау және сертификациялау ...........................8
1.3 Қазақстанда жобаларды басқарудың жағдайы мен даму болашағы .........14

2. Жобаны басқарудағы жүйелік аспектілер.
2.1 Жобаны басқарудың объектілері, субъектілері, үрдістері мен функциялары .........................................................................................................18
2.2 Жобаны стратегиялық басқару ......................................................................22
2.3 Жобаларды басқару үрдістері .......................................................................26

Қорытынды .........................................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айдана курсовой.doc

— 217.00 Кб (Скачать документ)

Соңғы уақытта жоғарғы дәрежеде жобаларды басқарудың ұйымдық жетілу үлгісін құру жайлы хабарлар пайда  болады. Осындай үлгілердің бірі  - OPM  - The Organizational Project Management Maturity Model,  Германияда жасалған.

Жобаларды басқару бойынша мамандар кәсіби ұйымдарға біріккен, олар осы саладағы стандарттарды және талптарды айқындайды. Осындай ұйымдардың бірі-АҚШ құрылған Жобаларды басқару институты (Project Management Institute - PMI). Ол жалпы халықаралық стандартты - Project Management Body of Knowledge (PMBoK) жасаумен және басып шығарумен шұғылданады.

PMBoK стандартына сәйкес жобалық менеджмент саласындағы маман жоба қрдісінің келесі сатыларын ұйымдастыра білу керек: инициация, жоспарлау. орындау, бақылау мен аяқтау. Сонымен қатар. Ол жобаның құралдық аумағын басқару,мерзімдерді,жоба бюджетін басқару, тәуеклдерді басқару, жоба сапасын басқаруды білуі қажет.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ірі жобаларды басқару жобалық менеджменттің тек сертификацияланған мамандарына жүктеледі.

Жобаларды басқарудың халықаралық ассоциациясы (International Projekt Management Associoation – IPMA) – ұлттық, негізінде еуропалық ассоциацияларды біріктіреді және жобаны басқару бойынша мамандарға өз жеке талаптар тізімі – International Competence Baseline(ISB) шығарады. Оның негізінде жобалық менеджерлерге ұлттық талаптар қалыптасады. Олардың хабарлардағы сертификациялық сынақтар арқылы бағаланады.

Жобалық менеджмент институтында (PMI, АҚШ) қабылданған сертификациялау жүйесіне үміткер хабардарлығының тек бір деңгейі кіреді. Емтиханды сәтті тапсыру жағдайында үміткерге Жобалық Менеджмент Профессионалды (Project Management Professional) атағы беріледі. 2000ж. бастап Internet арқылы емтихандарды дистанциондық тапсыру жолымен, үміткерлер өздері келмей- ақ сертификациялық сынақтан өте алады. Бірақ емтиханға қатысу үшін берілген құжаттар негізіндегі сұрыптаудан өту қажет. Үміткерлерді таңдаудың басты критерийі – оларда жобалық менеджмент бойынша кәсіби іс-әрекеттің жеткілікті өтілінің болуы.

Жобаларды қаржыландырудың Халықаралық Ассоциациясымен (IPMA) берілген сертификат хабардарлықтың 4 деңгейі бойынша бағалауды қарастырады, оларға сәйкестік IPMA-мен уәкіл етілген асессорлармен анықталады. Сертификатты алуға үміткерлер сынақтар процедурасына міндетті түрде қатысады. IPMA стандартын негіз ретінде қабылданған елдерде сертификаттау жүйесі ұқсас түрде жүргізіледі.

AIPM австралиялық сертификаттау жүйесі үміткерлерді хабардарлықтың 7 деңгейі бойынша бағалайды, ал емтихан бірнеше кезеңнен тұрады.

1999 ж. Ресей Федерациясында IPMA сертификаттаудың халықаралық жүйесі шеңберінде жобаларында басқару бойынша мамандарды Сертификациялаудың ұлттық программасын жүзеге асыру басталды. Осы программаға сәйкес Хабардарлыққа ұлттық талаптар жасалды, ол төрт бөлімнен құралады: басқару объектілері, жобаны басқарудың субъектілері мен аспаптары, жобаларды басқару үрдістері, жобаны басқарудың дамуының тарихы мен тенденциялары. Сертификациялаудың СОВНЕТ СЕРТ сәйкес жүйесі үміткерлердің келесі атақтарды алу үшін хабардарлығын бағалау мен мақұлдауды қарастырады: бағдарламалар немесе жобалардың сертификацияланған басқарушысы (В деңгейі); халықаралық жобалардың сертификацияланған басқарушысы (В1 деңгейі); жобаны басқару бойынша сертификацияланған профессионалы (С деңгейі); жобаны басқару бойынша сертификацияланған маман (Д деңгейі).

Жоба менеджерлері мен жобалық менеджмент мамандарының білімі, тәжірибесі мен шеберлігіне қойылатын талаптар сәйкес “Білімдер жинағында” (Body of Knowledge) айқындалған, олар халықаралық және ұлттық кәсіби ассоциациялармен қолданған және даму үстінде. Қазіргі уақытта әлемнің 20 елінде ресми ұлттық Body of Knowledge on Project Management (PM BoK) және ұлттық сертификациялау жүйелері бар.

Халықаралық Білім жинағы - International Competence Baseline(ICB) жобалық менеджмент саласындағы біліктілік пен хабардарлықты, сонымен қатар сертификатты алуға үміткерлерді бағалау принциптерін айқындайды. Оның жоба менеджментіндегі тұлғалардың білімі, шеберлігі мен кәсіби өтіліне қойылатын талаптарын айқындайтын 42 элементі (28 негізгі және 14 қосымша) бар.

 IPMA  енетін әрбір ұлттық ассоциация хабардарлық бойынша ұлттық талаптардың жасалуы мен бекітілуіне және олардың елдің ұлттық ерекшеліктері мен мәдениетін есепке алғанда ICB–ға сәйкестігі үшін жауапкершілікте болады.

 Жобалық менеджерлердің хабардарлығы бойынша ұлттық талаптар IPMA–ның арнайы Комитетімен бағаланады.

 Мысалы IPMA–ға кіретін жобалық менеджерлердің Ресей ұлттық ассоциациясы Жобаларды басқару бойынша хабардарлыққа ұлттық талаптарды жасап шығарады және бақылайды.

 Көптеген компаниялар өз менеджерлерінің сертификат алуына қызығушылық білдіретіндіктен, Ресейде жобалық менеджмент саласында көптеген білім орталықтары құрылып, сәтті қызмет атқаруда.

 IPMA  мүшелігіне кірмейтән елдер (АҚШ, Австралия, Оңтүстік Корея және т.б.) өздерінің Ұлттық білім жинақтары мен сертификациялау процедураларын жасап шығарады.

Сертификациялық сынақтар жүйесінің кемшіліктері бар екендігі де мәлім. PMI жүйесі негізінде, ұйымда жобаны басқаруға үрдістік ықпал болған жағдайға сәйкес келеді. Егер де басқару негізіне  жүйелік ықпал қойылса, онда AIPM үлгісін пайдалану ыңғайлы. Ал егер «менеджерлік» ықпал күштірек болса,  IPMA үлгісін қолданған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Қазақстанда  жобаларды басқарудың жағдайы  мен 

даму болашағы.

Қазақстан зкономикасының одан әрі сәтті дамуы қазіргі  басқарушылық әдістемелерді, технологиялар  мен құралдарды, оның ішінде жобаларды басқаруды игерусіз мүмкін емес.

Соңғы жылдары Қазақстанда  кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартуға, коммуналдық сала обьектілерін жаңартуға, өнеркәсіптік және үй  құрылыстарының көлемін ұлғайту қажеттілігі  едәуір күшейді. Бұл мәселелерді шешу едәуір инвестицияларды, жобалық жұмыстар мен программалар көлемдерін күрт ұлғайтуды талап етеді, сонымен қатар оларды ұйымдастыру мен орындауда жоғары білікті басшылар мен мамандардың қатысуын қажет етеді. Осымен байланысты елде жобалық менеджменттің қалыптасуы мен дамуына бағытталған нақты қадамдар жасалуда.

Бұл жұмыста Қазақстан  Республикасының Өкіметі, негізгі  министрліктер мен ведомстволар, ҚР жобалық менеджерлер одағы, Халықаралық  бизнес университеті, Алматыдағы АҚШ  – тың жобалық менеджмент институтының Қазақ Бөлімі (PMI Almaty Kazakhstan Chapter), Project Management Center (Алматы қ.) сонымен қатар ААҚ «Қазақтелеком» , «Казатомпром» және т.б. сияқты ірі кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады.   

2003ж. 26 наурызда №22 –  15 /181  ҚР Премьер- министрінің Тапсырмасына сәйкес жобаларды басқарудың басшылары мен мемлекеттік қызметкерлерін   IPMA  және PMI стандарттары бойынша  оқытудың  инвестициялық программалары жасалды. Жобаларды басқару бойынша үш халықаралық симпозиум өтті. Шетел тренерлерін шақыру арқылы ірі шетел және отандық компаниялардың өкілдері үшін жобалық – программалық менеджмент  бойынша кәсіби тренингтер әрдайым жүргізіле бастады.

Project Management Center,  ҚР  Жобалық менеджерлер одағы және PMI  Almaty Kazakhstan Chapter сияқты ұйымдар ашық және жабық (корпоративті) тренингтер, мастеркласстар мен презентациялар жүргізуде жеткілікті өтіл жинады, оларға 500 – ден астам билік пен басқарудың орталық және жергілікті органдарының, ұлттық және салалық компаниялардың, ҚР шағын және орта бизнес кәсіпорындарының мамандары қатысты.

2002 ж. қазанында Алматы  қаласында «Жобаларды басқару:  Қазақстан – 2002» I Халықаралық  симпозиум өтті. Симпозиум тақырыбы: « Инвестициялар. Қазақстан Республикасы  экономикасының негізгі салаларында  жобаларды басқару мен қаржылық лизинг». Симпозиум жұмысында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Чехия, Италиядан 130 басшылар, ғалымдар, сарапшылар мен мамандар қатысты. Симпозиум қатысушыларының пікірі бойынша қазақстандық мамандар жобаларды басқару бойынша кәсіби білім алуға және нақты бизнес- үрдістерге енгізуге дайын. Қазақстандық экономика үшін мұндай шаралардың аса мәнді екенін есепке ала отырып, оларды әрдайым жүргізу жайлы шешім қабылданды.

2003 ж. қазанында өткен  «Жобаларды басқару. Қазақстан  2003» ІІ Халықаралық симпозиумының  қорытынды құжатында Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарына сәйкес жобаларды басқару саласында ұлттық  инфрақұрылымды құрудың әдістемелік, ұйымдық, программалық – техникалық және ақпараттық негіздерін тез арада жасап шығарудың  мәнділігі белгіленді. Симпозиум қатысушылары бизнес қоғамдарда, ғылым мен білім саласында, Қазақстан Республикасында Жобаларды басқарудың  дамуының мемлекеттік ұлттық бағдарламасын жасап шығаруды ынталандырды.

2004 ж. қазанында өткен  «Жобаларды басқару. Қазақстан–2004» ІІІ халықаралық симпозиумының  тақырыбы жобаларды және программаларды басқару саласында ұлттық инфрақұрылымды қалыптастыруға; басқару саласында  Project & Program Management, PMI( Project Management Institute, АҚШ), IPMA (Жапония) және  AIPM (Автралия) қазіргі кәсіби білім мен әдістемесін белсенді енгізуге бағытталған. Симпозиумға Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада, Кувейт, Литва, Румыния, Автралия, Қырғыстан, Сингапур өкілдері қатысты.  Олар «Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттар бойынша жобалар мен прграммаларды басқаруының дамуы» атты Ұлттық Инвестициялық Программаны аяқтау және жүзеге асыру және «Қазақстан Республикасында жобалар мен программаларды халықаралық стандарттар бойынша басқарудың жетілу деңгейін бағалау» жобасын жүзеге асыру ұсынысын қолдады. Сонымен қатар Қазақстанның  экономикасы, ғылымы мен біліміне жобалық – программалық менеджменттің қазіргі әдістемесін енгізуге бағытталған жаңа жобаларды ұсынды. Және де « Жобалық менеджердің хабардарлығына ұлттық талаптар» қазақстандық стандартын жасап шығару бойынша жұмыс тобын қалыптастыру ұсынылды.

Симпозиумда келтірілген  «Қазақстан Республикасында жобалар  мен программаларды  халықаралық  стандарттар бойынша басқарудың жетілу деңгейін бағалау» жобасы келесі мақсаттарға  бағытталған:

- Қазақстандық мамандарды жобаларды басқару бойынша, халықаралық стандарттардың      талаптарына сәйкес  оқыту мен сертификаттаудың жүйесін құру;

-Қазақстан экономикасының салаларында жобаларды және программаларды басқару бойынша кәсіби басқарушылық, аудит пен консалтингті ұйымдасттыру;

-Қазақстандық нарыққа білім және басқарушылық жобалы программалық консалтинг саласындағы жаңа қазіргі өнімдер мен қызмет көрсетулерді құру және енгізу;

Бұл жобаны жүзеге асырудың негізгі нәтижесі – Қазақстан Республикасында жобаларды және программаларды халықаралық стандарттар бойынша басқарудың жетілу деңгейін сапалы салыстырмалы бағалау (benchmarking).

Халықаралық бизнес университетінде  Жоба – Менеджмент Орталығында және РМІ-дің Қазақстандық бөлімінде  жасалған “Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттар бойынша жобаларды және программасында басқарудың дамуы” атты 2004-2006 ж.ж. Ұлттық Инвестициялық Программасының мақсаттары келесідей:

1) Қазақстан Республикасы  кәсіпорындары мен ұйымдарының  жоғарғы және орта басқару     звеноларының 5000 жетекшісін, оның ішінде 1500 адам мемлекеттік қызметкерлерді оқыту;

2) Қазақстан Республикасы кәсіпорындары мен ұйымдарының жоғарғы және орта басқару   звеноларының 5000 жетекшісін, оның ішінде 1500 адам мемлекеттік қызметкерлерді Халықаралық сертификаттаудан өтуі;

Келтірілген программалық инновацияларға кіреді:

  1. Қазақстан экономикасының мемлекеттік және меншік секторының кәсіпорындары мен ұйымдарының экономикасына жобалар мен программаларды әлемдік стандарттар бойынша кәсіби басқарудың әдістемесі, технологиясы мен құралдарын енгізу;
  2. Жобаны басқару саласында халықаралық стандарттар бойынша сертификацияланған мамандар, оқытушылар мен тренерлерді дайындау;
  3. Меншік инвесторлар мен өкілетті мемлекеттік органдармен жасалынатын әрекет ететін және болашақтағы инвестициялық келісім шарттар бойынша аударымдардың бөлігін жобалық менеджментті үйрету саласына бағыттаудың мәселесін шешу;
  4. Халықаралық стандарттар бойынша жобаларды және программаларды кәсіби басқару негіздерін үйрету үшін, ұлттық вертуалды INTERNET – Университетін құру жобасын инициациялау;
  5. Әрекет ететін халықаралық және ұлттық стандарттар негізінде жобалар мен программаларды басқарудың ұлттық стандартын жасап шығару жобасын инициациялау.

    Жалпы алғанда  соңғы жылдары Қазақстанда жобаларды қаржыландыру саласында жұмыстар белсенді жүргізілетінін айтуға болады. Бірақ Қазақстан экономикасының дамуына үлкен үлес қосатын осы бағыттағы әрекеттер қысқа мерзімде және жоғары кәсіби деңгейде шешілуге жеткіліксіз екені де мәлім.

2.1 Жобаны басқарудың объектілері, субъектілері,

үрдістері мен функциялары.

 

Соңғы жылдары жобалық  менеджмент саласында жұмыс істейтін мамандар қолданылатын терминологияны үйлестіретін объектілер,субъектілер,функциялар,үрдістер кезеңдер,процедуралар мен т.б.құрамын нақты дәл айқындайтын жобаларды басқарудың біртұтас жүйелік үлгісін құра отырып, өз білімдері мен тәжірибесін жүйелендіре бастады. Жобалық менеджменттің осындай үлгісінің болуы осы салаға қатысты мәселелерді дәл топтауға және олардың сәтті шешілуіне мүмкіндік береді.

             Мысал ретінде жобаны басқарудың  жүйелік үлгісін қарастырайық, ол негізгі үш блоктан тұрады: басқару субъектілері, басқару объектілері мен жобаны басқару үрдісі.

             Басқару субъектілері – жобаны жүзеге асыру үрдісінде өзара әрекет ететін жобаның белсенді қатысушылары. Оларға заказ беруші, инвесторлар, подрядчиктер, жеткізушілер, орындаушылар жатады. Жобаны басқару командасының мүшелері – жоба менеджерлері мен оның функционалды менеджерлері.

            Басқару объектілері – программалар,жобалар,келісім-шарттар,сонымен қатар басқару объектілерінің жеке өмірлік циклының фазалары (концепция,жасап шығару,жүзеге асыруға,аяқталуы).

            Жобаны басқару үрдісі – ол жобаны жасап шығару, жүзеге асыру мен аяқталуы, басқарудың келесі деңгейлерінде басқару функцияларын орындау жолымен жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер жиынтығы:

      - стратегиялық (жобаның барлық өмірлік циклын  қамтиды);

      - жылдық (жобаның жыл ішіндегі орындалатын  жұмыстарын қамтиды);

      - кварталдық (жобаның квартал ішіндегі орындалатын  жұмыстарын қамтиды);

      - оперативті (жобаның ай,декада,апта,тәулік,смена,және т.б. бойында орындалатын жұмыстарын қамтиды).

           Жобаның жүйелік үлгісіне келесі  жобаны басқару функциялары кіреді: жобаның құралдық аумағын басқару,  уақыт параметрлері бойынша жобаны  басқару,  жобадағы құнды басқару,  жобадағы тәуекелдерді басқару, жобадағы персоналды басқару, жобадағы коммуникацияларды басқару,  жобадағы келісім-шарттарды басқару,  жобадағы өзгерістерді басқару.

Информация о работе Жобаны басқарудың объектісі мен субъектісі