ӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 10:07, реферат

Краткое описание

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.
Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.
Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.
Жаңа білімді белсене қабылдау.
Проблемалардың шешімін табуға.

Прикрепленные файлы: 1 файл

менеджметн.docx

— 46.81 Кб (Скачать документ)

Әбу Нәсір Әл-Фараби азаматтық ғылым туралы еңбектерінде саясат пен этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткерлердің алдына қойған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуде қажетті жағдайлар жасауда өз көрінісін табатын «мемлекетті басқару өнеріне» баса назар аударды. Ол бұл мәселені өзінің саяси идеясына сай нақтылайды. Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдпр мен әлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, яғни олардың мұң-мүддесін ескеру. Бұл мәселе қазіргі біз өмір сүріп отырған тарихи кезеңдегі қоғамда, атап айтқанда, аса ірі әрі ауқымды экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатқан еліміз үшін өте маңызды.

Еліміз өркениетті ел қатарына жету үшін халықты азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз ететін, кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқара білу өзекті мәселелердің ең бастысы екеніне сөз жоқ.

Қазақстанда менеджмент негіздеріне арналған оқу құралын ең бірінші 1992 жылы ағылшын ғалымдарының теориясын негізге ала отырып, Орал ауыл шаруашылығы институтының профессоры К.Ғ.Ахметов жазып шығарды. Осыдан кейін басқару академиясының профессоры К.Б.Бердалиевтің басшылығымен «Басқару негіздері» оқулығы баспадан шықты.

Қазіргі жағдайда республиканың мектептерінен бастап, барлық жоғары және орта білім беретін оқу орындарында менеджмент негіздерін оқытып, үйрету бағдарламаға енгізілді. Оның себебі нарықтық экономикада өндірістің тиімділігін арттырып, өнім өндіріп, оны сатып, пайда келтіру үшін, тұтынушылардың сұранысынан шығатындай тауар және қызмет ұсыну тек қана кәсіпорынды басқарудың барлық қыр-сырын толық білген жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан да елімізде менеджмент теорияларын жан-жақты меңгеріп, оны өмірде қолдана білу кездескен жағдайларға байланысты шешім қабылдауға бейімделіп, менеджментті дамыта түсу әрбір басшының міндеті.

Осы уақытқа дейін менеджменттің бірнеше анықтамалары белгілі. Ғылым ретінде менеджменттің теориялық негізін қалаушы ағылшын ғалымы Ф.Тейлордың анықтамасы бойынша «Менеджмент дегеніміз – ережелер мен принциптерге (қағидаларға) негізделген шынайы, іргелі ғылым». Осы ереженің дәлелі ретінде Ф.Тейлордың алғаш рет менеджментті ғылым ретінде талдай келе, өзінің ғылыми еңбегін жазды («Управление фабрикой», 1903 г.). Мұнда ол фабрикада жұмысшылардың еңбегін мамандандыру, мөлшерлеу, жұмыс мөлшеріне қарай еңбек ақы төлеу, т.б. басқаруды ғылыми негіздеу жолдарын айқындапберді. Тейлор ілімін көрнекті зерттеушілер жалғастырып, өмірдегі пайдасын атап көрсетті.

Республикамыздың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты барлық кәсіпорындарда «менеджер» қызметі пайда болып, қазіргі менеджерлер, бұрынғы жоғарыдан бұйрық арқылы ғана өз міндетін орындайтын басшы емес, әр істің басы-қасында болып, ұйымның барлық деңгейіндегі іс-әрекеттерге қанық, іс жүзінде болып жатқан жағдайларды талдау арқылы шешім қабылдап, оны жүзеге асырушы маман, қызметкерлер. Ондай қызметкерлер менеджмент негідерін толық меңгерген, менеджерге қойылатын талаптарды нақты білетін, басқаруда бар теориялармен ғана шектелмей, ой-өрісі жоғары, жаңашыл, кез-келген тұйықтан шығатын, тапқырлық қасиеті мол, жедел шешім қабылдауға қабілетті адамдар болуы тиіс.

 

  1. Мақсатты жасау мен тұжырымдауды методологиялық және ұйымдастырушылық формалары

Ұйымдастыру қызметі. Ұйымдастыру қызметінің мағнасы. Басқару іс әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен түрлері. Ұйымдастырушылық инновациялар. Персоналды, білімді басқару, тұтынушымен серіктестікті ұйымдастыру, өнімді бөлу сияқты жаңа ұйымдастыру әдістері арқылы кәсіпорын жұмысының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ұйымдастырудың тиімділігін және икемділігін қамтамасыз ету. Ұйымдастырушылық өзгерістермен ұйымды қайтақұру кешенді үрдістерін тиімді басқару арқылы икемді ұйымдастыруды құру. «Бөлімдерді басқару» басқарушылық стиль және ұйымдастырушылық форма ретінде.

Жоспарлау қызметі. Ұйым қызметін стратегиялық жоспарлау рәсім және үрдіс ретінде стратегиялық жоспарлауды әзірлеудің тәсілдері, процедуралары және ережелері. Стратегиялық жоспарлауды бағалаудың сапалық және сандық критерилері. Стратегиялық жоспарлау - жоғарғы басшылар, штаб аппаратының менеджерлері және қатардағы менеджерлердің нақты бизнес-мақсаттарға және сыртқы жетістіктерге қатысты байланыс үрдісі. Стратегияны жүзеге асыру үрдісін басқару. Тактикалық жоспарлау. Тактикалық жоспарлауды әзірлеу мінездемесі мен процедуралары. Ұйымішілік жоспарлаудың ұйымдастырушылық формалары. Ұйымды басқарудағы бизнес-жоспар. Бизнес-жоспардың тапсырмалары және бөлімдері. Қызмет түрін таңдау, бәсекелестік басымдылықтардың түрлері. Өтім нарығын бағалау. Нарықты зерттеу үрдісінің кезеңдері. Бәсекеге қабілеттілікті бағалау. Маркетингтік, өндірістік және қаржылық жоспардың негізгі элементтері.

 

 

  1. Фирма ішіндегі информация жүйесінің негізгі қағидалары, мәселелері мен функциялары.

фирма ішіндегі жеке басқару жүйесі

өнжірісті басқару

қызметкерлерді басқару

Мемлекеттік басқарудың көкейтесті мәселелерін терең түсіну үшін, менеджменттің теориясын және теориясын және ережесінің кейбірін білу міндетті.

Кез – келген елдің экономикалық жағдайын ақтау үшін үш негізгі факторларды білу қажет:

техника және технология деңгейі;

жұмысшы күшінің сапасы мен еңбекке көзқарасы;

менеджмент (өндірісті басқару және ұйымдастыру).

Менеджменттік жағдайы техника және технология деңгейі; жұмысшы күші мен сапасына ықпал етеді. Сондықтан Альфред Маршалл дәстүрлі үш (капитал, еңбек, жер)өндірістік факторларға төртінші қылып басқару жүйесін айтты.

Қазіргі кезде басқару факторларының маңызының артыуына байланысты адамның әлеуметтік статусының дамуы басқару жүйесінің концепциясының пайда болуына мүмкіндік жасайды, бұл үкіметтің жеке меншіктен басқару жүйесіне ауысуына көмектесті. Осыдай біздің елімізде менеджмент дәстүрінің басталып келе жатқанқандығын көру қиын емес.

 

 

Эссе жазу:

9.  Қазақстандық менеджменеттің ерекшеліктері 

10. Менеджерге қойылатын  талаптар.

Тапсырма: 1 ӨЖ тапсырмалары (1-8 сұрақтарға жазбаша жауап беру – әр қайсысы 10 балл- (80 балл), эссе жазу әр қайсысы 10 балл- (20 балл).


Информация о работе ӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқау