ӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 10:07, реферат

Краткое описание

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.
Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.
Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.
Жаңа білімді белсене қабылдау.
Проблемалардың шешімін табуға.

Прикрепленные файлы: 1 файл

менеджметн.docx

— 46.81 Кб (Скачать документ)

ӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.

Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

  1. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.
  2. Жаңа білімді белсене қабылдау.
  3. Проблемалардың шешімін табуға.
  4. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.
  5. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

Студенттердің өздік жұмысының кең тараған түрлері мыналар:

  1. Практикалық және лабораториялық сабақтарға дайындық.
  2. Коллоквиум, сұраққа жауап беру.
  3. Аудиториялық бақылау жұмысына және тестке дайындық.
  4. Үй тапсырмасын орындау.
  5. Баяндама, реферат, ЭССЕ жазу.
  6. Іскерлік ойынға дайындық .
  7. Курстық жұмыс жазу.
  8. Кейстермен жұмыс жүргізу
  9. Интернетпен жұмыс істеу
  10. Студенттердің ғылыми-зерттеу конференциясына дайындық.
  11. Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп жазу.
  12. Дипломдық жұмыстар жазу.

Практикалық және лабораториялық сабақтарға дайындық – студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі. Ол лекция материалдарын толықтырумен, ұсынылған әдебиеттерден конспект жазумен сипатталады.

Коллоквиум және сұраққа жауап беру – лабораториялық және практикалық сабақ шеңберінде нақты тақырыпқа байланысты сұрақтарды оқуды, негізгі терминдер мен формулаларды қарастырады.

Тестке дайындық – тақырыптар мен тақырыпшаларды тереңірек оқуға, терминдердің мазмұнына көңіл бөлуге, негізгі ұғымдарды қарастыруды және жүйелі оқуды талап етеді.

Аудиториялық бақылау жұмысына дайындық - өтілген тақырыптарды, есептік көрсеткіштер мазмұнын, есеп формулаларын қарастырады.

Үй тапсырмасы – Үйге берілетін әртүрлі жұмыстарды күнделікті орындап отыру.

Реферат – арнайы және ғылыми әдебиеттерден берілген тақырып бойынша қысқаша баяндама жазу. Оның мақсаты – Студенттерді әдебиеттермен жұмыс жасауға, статистикалық мәліметтерді пайдалануға, қарастырылған проблеманың теориялық және практикалық тұрғыдан сипаттауға, материалды анық және толық жазбаша түрде орындауға дағдыландырады.

Баяндама – мазмұны жағынан рефератқа ұқсас келеді. Баяндама дайындау студенттің өзі қызығатын сұрағын оқуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын қарастыруды талап етеді.

ЭССЕ – нақты бір тақырыпты студенттің қысқаша талдауы. Айрықша ерекшелігі – оқытушы берген проблеманы шығармашылық талдау. ЭССЕ тақырыптары оқытылатын пән бойынша нақты сұрақтар болып табылады. Студентке берілген тақырып бойынша өзінің жеке-дара пікірін тыңдау оқытушыны қызықтырады.

Іскерлік ойынға дайындық – керекті материалдарды жинау, рөлдерді бөліп алумен байланысты. Нәтижесінде талдаумен қорытындылау, ұсыныстармен сипатталады.

Курстық жұмыс – нақты бір тақырып бойынша зерттеу жұмысы. Курстық жұмыс жазуда студент ғылыми, арнайы әдебиеттермен жұмыс істеп, сөздіктер, құжаттар, архивтік материалдар, іздеу жұмысымен, ақпаратты талдаумен, пән бойынша алған білімді пайдаланып, жалпы ой-өрісін кеңейтеді, теориялық білім негізінде практикалық мәселені шешеді, шығармашылық ой мен өздік жұмысты арттырады.

Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп – оқытылған практикалық материалды жүйелеуді және курстық жұмыс пен дипломдық жұмыс жазудың негізі болып саналады. Ол құжаттық нұсқаулардан, есептер көрсеткішінің алгоритмінен ұйымдық-құрылымдық сызбалардан, кәсіпорын жарғысынан, іс-әрекет көрсеткіштерінен тұрады.

Дипломдық жұмыс – жиынтық бітіруші өздік жұмыстың маңызды формасы. Оған дайындық мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Студенттердің өздік жұмыстарының басқа формалары:

  1. Ғылыми зерттеу статьяларын шығару.
  2. Студенттік реферат, ЭССЕ, баяндамаларын рецензиялау.
  3. Арнайы периодикалық басылымдардағы есептерді шешу.
  4. Оқу жобасын өңдеу.
  5. Ұйымдық процестік іс-әрекетті моделдеу.
  6. Әлеуметтік-экономикалық қызметтің материалы бойынша тұжырымдама жасау.
  7. Анкета құрастыру.
  8. Сауал-сұрақ өткізу.
  9. Экономикалық шолу жасау.
  10. Зерттеу нәтижесін өңдеу.
  11. Статистика мәліметтерін талдау. 

 

 

 

 

Менеджмент пәні бойынша рефераттар тақырыптары

  1. Еңбек нарығындағы жаңа  бұын: инновациялар мен кәсіпкерлікке ынталандыру
  2. Әлеуметтік инновациялар: нақты жағдай және пайдалану тиімділгі
  3. Жаңа түрдегі жұмысшылар матрицасы: жоғары ұтқырлық және әмбебаптылық, бейімділік және инновациялық
  4. Қазақстанда медициналық  қызмет жабдықтаушылары мен жұмыс берушілер мотивациясы
  5. Жарнама, маркетинг және PR «жасыл» экономиканы қалыптастыру мүддесінде
  6. Қазіргі жағдайда кәсіпорынның өсу стратегиясы
  7. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалау жүйесі
  8. Дағдарысқа қарсы шеңберде кәсіпорынды қайта құру
  9. Менеджмент концепцияларының эволюциясы
  10. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің инновациялық қызметінің өсуін ынталандыру
  11. Отандық кәсіпорындар қызметінің тәжірибесінде корпоративтік басқарудың әлемдік стандарттарын еңгізудің өзекті мәселелері
  12. Қазақстанның бизнес-ортасында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік концепциясын еңзігу
  13. Стратегиялық жоспарлау ауытқулық жағдайындағы компания тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы ретінде
  14. Кәсіпорынның бәсекелестік ортада бейімделуі
  15. Кәсіпорынды басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету
  16. Әлеуметтік жұмыстағы ақпараттық технологиялар
  17. Кәсіпорында өндірістің дамуының ұйымдастырушылық қорларын зерттеу
  18. Нарықтық қарым-қатынас жағдайындағы коммуникациялық саясат
  19. Өнім сапасын басқарудағы маркетинг
  20. Әлеуметтік жұмыстағы менеджмент: мәні мен мәселелері
  21. Жұмысшылар еңбегінің мотивациясы нарық жағдайында тиімді басқарудың маңызды факторы ретінде
  22. Кәсіпорында өндірісті оперативті басқаруды ұйымдастыру
  23. Кәсіпорынның жарнама-ақпараттық қызметін ұйымдастыру және басқару
  24. Кәсіпорынның өткізу қызметін ұйымдастыру және басқару
  25. Қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының қызметін бақылауды ұйымдастыру
  26. Нарық жағдайында шағын кәсіпорындарды ұйымдастыру және өндірісті басқару
  27. Нарықты және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру
  28. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін реттеу ерекшеліктері
  29. Өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілгін басқару жүйесін жасау
  30. Жаңа өнім өндірісін ұйымдастырудың бизнес-жоспарын жасау
  31. Кәсіпорынның реконструкциясы (кеңейту) бойынша бизнес-жоспарын жасау
  32. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді дамуы бойынша іскерлік жобаны жасау
  33. Қалдықтарды қайта өндеу үшін өндірісті құру бойынша бизнес-жоспарын жасау
  34. Кәсіпорынның стратегиясын жасау механизмін жетілдіру
  35. Нарық жағдайында еңбекті ұйымдастыру және кәсіпорында оның мотивациясын жетілдіру
  36. Тәуекелді кәсіпкерлік жағдайында кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
  37. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
  38. Тұрақсыз нарық жағдайында кәсіпорынның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін басқару
  39. Менеджмент жүйесіндегі басқарушылық есеп
  40. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі инвестициялық жобалардың тиімділігін экономикалық бағалау
  41. Қала кәсіпорындарының халықаралық байланыстарының экономикалық негіздері
  42. Кәсіпорынның инновациялық дамуын басқару (... мысалында)
  43. Инвестициялық қызмет аясында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіру
  44. Шағын және орта кәсіпорындарында өндірістік менеджмент ерекшеліктері
  45. Кәсіпорында ақпараттық ағымдарды басқару
  46. Дағдарыс кезінде өндірістік менеджмент құралдары мен әдістерін жетілдіру
  47. Басқарудың экономикалық әдістері және кәсіпорын тиімділігін арттыру үшін оларды пайдалану
  48. Кәсіпорында ресурстарды сақтау бойынша өндірістік менеджмент және оның тиімділігін арттыру жолдары
  49. Кәсіпорынның дамуын стратегиялық жоспарлау
  50. Қазіргі жағдайда кәсіпорынның әлеуметтік саясаты
  51. Қазіргі жағдайда өндірісті ұйымдастырудың нысандары мен әдістерінің дамуы
  52. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
  53. Логистика кәсіпорынды басқару концепциясы ретінде
  54. Ұйымның сыртқы және ішкі орта факторларын талдау
  55. Ұйымның бәсекелестік артықшылықтарын құру стратегиясы
  56. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
  57. Ұйымда адам ресурстарын стратегиялық басқару
  58. Ұйым персоналын таңдау және жалдау үрдісін жетілдіру
  59. Фирманың бәсекелестік стратегиясын жасау
  60. Персоналды басқару үрдісін жетілдіру
  61. Ұйым персоналының біліктілігін арттыру жүйесі және оның тиімділігі
  62. Ұйымда инновацияларды стратегиялық  басқару
  63. Персоналды оқыту және ұйым жұмысның тиімділігін арттыру
  64. Жұмысшылар еңбегі мотивациясының қызмет көрсетулердің (өнімінің) бәсекеге қабілеттілігіне ықпалы
  65. Қазақстанда корпоративтік басқарудың қалыптасу мен даму ерекшеліктері
  66. Стратегиялық менеджмент және ұйымның бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету
  67. Сапа менеджменті жүйесін басқару және ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
  68. Компанияның бәсекеге қабілеттілігін қамтамамасыз етудегі қазіргі кездегі менеджмент
  69. Қазіргі кезеңде корпоративтік менеджмент жүйесін жетілдіру
  70. Компаниядағы стратегиялық менеджмент ерекшеліктері
  71. Ұйымдастырушылық мәдениетті басқару
  72. Ұйым менеджменті жүйесіндегі стратегиялық талдау
  73. Менеджмент жүйесіндегі адам капиталының қалыптасуы және дамуы
  74. Ұйымда персонал еңбегінің нәтижелілігін бағалаудағы диагностикалық тәсіл
  75. Басқарушылық шешімдерді жасау әдістері және ұйымда оларды пайдалану тәжірибесі
  76. Өнім (қызмет көрсету) сапасын басқару жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру (кәсіпорын мысалында)
  77.   Фирма стратегиясы және оның бәсекеге қабілеттілігін басқару
  78. Кәсіпорындағы фирмаішілік жоспарлау: мәні мен жетілдіру бағыттары
  79. Басқарушылық шешімдер және олардың кәсіпорынның экономикалық өсуіне ықпалы
  80. Кәсіпорындағы басқарушылық бақылау: қызметтері мен түрлері
  81. Персоналды басқаруды ұйымдастыру: шетелдік тәжірибе және Қазақстанда оның бейімделуі
  82. Ұйымда келіспеушіліктерді басқару және оларды реттеу жолдары
  83. Тайм-менеджмент және ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауы
  84. Ұйымда өнім шығарылымын жоспарлау стратегиясы
  85. Компанияның ұйымдастырушылық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы
  86. Белгісіздік және тәуекел жағдайында басқарушылық шешімдерді жасау
  87. Ұйымда фирмаішілік басқаруды жетілдіру
  88. Корпоративтік мәдениет және ұйымның дамуы
  89. Ұйымды дағдарысқа қарсы басқару механизмі
  90. Қазақстан Республикасында рекрутингтік қызметті басқару ерекшеліктері
  91. Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті басқару
  92. Өнімді өткізудің маркетингтік стратегиясын басқару
  93. Менеджмент жүйесіндегі стратегиялық контроллинг
  94. Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру
  95. Ұйымда коммуникациялық менеджментті жетілдіру
  96. Ұйымда бизнес жоспарлауды жетілдіру
  97. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін басқару және реттеу

 

 

 

 

 

 

 

  1. Басқарудың шетелдік тәжірбиесін зерттеу қажеттілігі неде?

Кәсіпорында менеджменттің тиімділік факторы есебінде персоналды басқару проблемасына кейінгі уақытта аса көңіл бөлініп отырғанына персоналды менеджменттің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр.

Сонымен қатар магистрлық жұмыста айтылатын басты мәселе қазіргі жаһандану мәселесі. Жаһандану қазіргі таңда барлық қоғам үшін алдыңғы орында тұр. Көптеген елдер осы жаһанданудан қорықса да, біразы қолдап отыр. Қазақстан Республикасында да осы “жаһандану” мәселесіне байланысты көптеген пікірлер қалыптасуда. Сонымен қатар басқару саласы да жаһандану процесінен тыс қалмады. Көптеген дамыған елдерде өзінің персоналды басқару стилі қалыптасқан. Атап айтатын болсақ, АҚШ, Жапония, Германия. Олар қазіргі таңда персоналмен тиімді жұмыс істеудің көптеген әдістерін ойлап табуда. Сол секілді біздің еліміз Қазақстан Республикасында да адамдарды басқару негізі қалыптасуда. Бірақ бізде әлі де болса, ол өзінің бұрынғы қалпын сақтап қалуда. Елімізде көптеп шетел компаниялары ашылып, басшылар өзінің елдерінің басшылық стилін енгізуде. Бұл мәселе біздің елде әлі де бір персоналды басқару стилі қалыптаспаған деген сөз. Жоғарыдағы анықтамаларға салыстырмалы зерттеу әдісі арқылы қол жеткізуге болады. Әрине, қазір көптеген осы персоналды басқару мәселесіне байланысты конкурстар ұйымдастырылуда, бірақ олар дамыған елдердің талаптарымен бірдей талапқа ие. Мысалы, АҚШ – тың персоналды басқару үлгісінде. Қазақстан Республикасындағы компаниялар, ұйымдар қазір Жапонияның дәстүрлі басқару стилі мен АҚШ – тың персоналды басқару стилін аралас қолдануда.

Осы магистрлық жұмыстың мақсаты – шетел тәжірибесін аша отырып, Қазақстандағы жаһандану жағдайындағы персоналды басқарудың орнын көрсету.

Осы мақсаттармен бірге туындаған басты міндеттер төмендегідей:

- Персоналды басқарудың өткені мен бүгініне шолу жасау.

- Әр түрлі елдердегі персоналды басқаруға социологиялық талдау жасау.

- Шетелдік тәжірибенің Қазақстандағы персоналды басқаруда қолдану мәселелерін зерттеу.

- Қазақстан Республикасындағы персоналды басқару бағыттарын анықтау.

Магистрлық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасындағы ұйымдардағы жұмысшы, персонал, осы жұмысшылардың біріккен еңбек ұжымы.

Зерттеу пәні – персоналды басқару саласындағы әлеуметтік қарым– қатынас; Ол басшы мен бағынушы арасындағы қарым – қатынас, басқару іс - әрекеті процесіндегі жұмысшылардың өзара қарым – қатынасы.

Магистрлық жұмыстың ұсынысы – жаһандану жағдайындағы персоналды басқару сипатын игеріп, Қазақстан Республикасындағы үлкенді, кішілі ұйымдар дамыған, алдыңғы қатардағы елдердің ұйымдарының персоналды басқару стилін өзіміздің отандық ұйымдарға енгізу. Ол үшін біз ең алдымен біліктілігі жоғары мамандардың қатарын көбейтіп, арнайы осы сала бойынша кадрларды дайындауымыз керек. Ол мамандар – басқару бойынша әр саладағы менеджер.

Қазақстан Республикасындағы дамыған, дамып келе жатқан компаниялар тиімді басқару үлгісін таңдау үшін өзіміздің әдеп – ғұрпымызды ескере отырып, әлемде жақсы нәтижеге жетіп отырған елдердің алдыңғы қатарлы компанияларының персоналды басқару стилін қолдануымыз керек.

 

 

 

 

  1. Америкалық және Жапон менеджментті: ерекшеліктері мен өзгешіліктері.

Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі, монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің күрт шиеленісуі, ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетідіру жұмысында ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды. Техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда, тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан гөрі, мамандықты арттыру мен ұйымдық-басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатындығын көрсетті.

Орталықтан басшылық етуден гөрі, пайда табатын орталықтардың, бөлімдер мен кәсіпорындардың правосы мен жауапкершілігін ұлғайту-АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс болды.

Друкер «феодалдық принцип» деген ұғымды енгізді, мұндай орталықтандыру өнеркәсіптегі ірі ұйымды жөнге салудың жаңа принципі болып саналады, әрі орталық та, ұйымның бір бөлігі де «жоғары басшының қызметін орындай алады».

Друкердің пікірінше, ұйымдастырудың федералдық принципі:

1.жоғарғы басшының өзінің тікелей қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді;

2.жергілікті жердегі «жоғарғы басшының қызметін және оның проблемаларын» түсінуге, әрі соның нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін «жергілікті деңгейде» ойдағыдай орындауға ықпал етеді;

3.еңбек өнімділігін әділ бағалауға қолайлы жағдай жасайды;

4.сабақтас проблемаларды шешіп, «кең профильді» басшыларды құруға және оларға жоғарғы басшыдағы проблемалар мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі.

Компанияның табыстылығын арттырудың жаңа жолдарын қарастыруда ғылыми зерттеулер мен ізденістерді тиімді етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа нәтижелердің енгізілуіне байланысты іскер компаниялардың бәсекелесу қабілеттілігін де, олардың «өміршеңдігін» және «болашақтағы беймәлімді» игеруін де байланыстырады.

Информация о работе ӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқау