ӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 10:07, реферат

Краткое описание

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.
Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.
Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.
Жаңа білімді белсене қабылдау.
Проблемалардың шешімін табуға.

Прикрепленные файлы: 1 файл

менеджметн.docx

— 46.81 Кб (Скачать документ)

Н.С. Целищевтіңпікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принциптерін төрт топқа бөлуге болады:

1-ші топқа корпорация  мен жұмыскерлердің өз корпорациясына  ерекше тәуелділігі, фирмаға берілгенділігі  және оның мүддесі жолында  жан аямайтындығы үшін едәуір  қолайлы жағдай мен уәде беру.

2-ші топтағы принциптерді дара басшылықтан гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек көңіл бөлуі, корпорациядағы адамдардың фирма ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді тең правода қарау деп тұжырымдауға болады.

3-ші топқа- фирманың  жұмыс істеуін қамтамасыз ететін 3 негізгі күшке басқарушыға, басқа  жұмыскерлерге және инвесторларға  ықпал ету мен бөлу балансын  ұтымды ұстау жатады.

4-ші топқа- әр  түрлі фирмалармен іскер әріптестермен, соның ішінде, ең алдымен, өнімді  тапсырушылармен және сатып алушылармен  түрлі байланыс орнату әдісін  қалыптастыру жатады.

Аталған принциптерді жүзеге асыру механизмінің маңызды элементтеріне мыналар жатады: еңбекті ұйымдастыру; өндіріс процесін басқару және бақылау; топтық жұмыстарды және корпорацияны ынталандыру; жалдау және еңбек жағдайы.

Қазіргі Жапониядағы басқаруды американдық менеджеризм мен жапондық традиционилизмнің қоспасы деп түсіну қажет.

 

 

Жапондық және американдық басқару модельдерінің ерекшеліктері

Жапондық модель

Американдық модель

Басқару шешімі ұжымда бірауыздан қабылданады.

Ұжымдық жауапкершілік

Басқарудың стандартсыз икемді құрылымы

Бақылауды ұйымдастырудың бейресмилігі

Жұмысты баяу бағалау және қызметінің жоғарылауы

Басшының негізгі критериі-қарамағын-дағыларды дұрыс үйлестіру және бақылай білуі.

Топқа басшылық етуді ұйымдастыру.

 

Ұжымдағы үйлесімділікке және ұжымдағы нәтижеге жетуді басқаруды бағалау.

Қарамағындағылармен жеке бейресми қарым-қатынас орнату

Жасының үлкендігіне және жұмыс стажына қарап қызметін жоғарылату

Әмбебап типтегі басшыларды даярлау

 

Топ жұмысының көрсеткіші, қызмет стажы т.б. бойынша еңбекақы төлеу

Шешім қабылдаудың дербес сипаты

 

Дербес жауапкершілік

Басқарудың қатаң ресми құрылымы

 

Бақылау процедурасының нақты ресмилігі

Басшының жекелей бақылауы

 

Басшының басты қасиеті профессионализм және инициатива

 

Жеке адамға басшылық етуді ұйымдастыру

Жеке нәтижелер бойынша басқаруды бағалау

 

Қарамағындағылармен ресми қарым-қатынас орнату

Жеке нәтижелеріне негізделген іскерлік мансабы

Тар мамандықтағы басшыларды даярлау

Жеке жетістіктері бойынша еңбекақы төлеу


 

 

  1. Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы.

 

 Басқару қызметтері: жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеу және бақылау

Ұйымдастыру қызметі. Ұйымдастыру қызметінің мағнасы. Басқару іс әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен түрлері. Ұйымдастырушылық инновациялар. Персоналды, білімді басқару, тұтынушымен серіктестікті ұйымдастыру, өнімді бөлу сияқты жаңа ұйымдастыру әдістері арқылы кәсіпорын жұмысының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ұйымдастырудың тиімділігін және икемділігін қамтамасыз ету. Ұйымдастырушылық өзгерістермен ұйымды қайтақұру кешенді үрдістерін тиімді басқару арқылы икемді ұйымдастыруды құру. «Бөлімдерді басқару» басқарушылық стиль және ұйымдастырушылық форма ретінде.

Жоспарлау қызметі. Ұйым қызметін стратегиялық жоспарлау рәсім және үрдіс ретінде стратегиялық жоспарлауды әзірлеудің тәсілдері, процедуралары және ережелері. Стратегиялық жоспарлауды бағалаудың сапалық және сандық критерилері. Стратегиялық жоспарлау - жоғарғы басшылар, штаб аппаратының менеджерлері және қатардағы менеджерлердің нақты бизнес-мақсаттарға және сыртқы жетістіктерге қатысты байланыс үрдісі. Стратегияны жүзеге асыру үрдісін басқару. Тактикалық жоспарлау. Тактикалық жоспарлауды әзірлеу мінездемесі мен процедуралары. Ұйымішілік жоспарлаудың ұйымдастырушылық формалары. Ұйымды басқарудағы бизнес-жоспар. Бизнес-жоспардың тапсырмалары және бөлімдері. Қызмет түрін таңдау, бәсекелестік басымдылықтардың түрлері. Өтім нарығын бағалау. Нарықты зерттеу үрдісінің кезеңдері. Бәсекеге қабілеттілікті бағалау. Маркетингтік, өндірістік және қаржылық жоспардың негізгі элементтері.

 

Кәсіпкерлік түсінігі. Оның түрлері мен нысандары 

«Бизнес» және «кәсіакерлік» түсініктері. Бизнес маңызы. Экономикалық еркіндік бизнестің дамуына керекті талап ретінде.   Бизнес түрлері мен олардың жіктелуі. Жеке және мемлекеттік бизнес. Шағын, орта, ірі бизнес. Өндірістк және делдалдық бизнес. Халықаралық бизнес. Банктік бизнес. Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы.

Тақырып 2. Кәсіпкерліктің негізгі құқықтық-ұйымдастырушы нысандары          Әртүрлі құқықтық нысандарда бизнесті ұйымдастыру ерекшкліктері. Жеке және заңды тұлғалардың түсінігі мен айырмашылықтары. Жеке кәсіакерліктің түсініг мен түрлері. Заңды тұлғалар: коммерциялық және коммерциялық емес тұлғалар.

Бизнесті құқықтық реттеудің қажеттілігі мен маңызы.   Құқықтық жүйенің құрылымы. Ұлттық және халықаралық деңгейде бизнестің қызметін құқықтық реттеу. ҚР-да бизнес дамуын қамтамасыз ететін негізгі заңдар. 

 

 

 

  1. Тарихи жағдайлары және менеджменттің дамуын дәуірге бөлу.

Менеджменттің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент- бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты. Танымал американдық менеджер Ли Якокка «Карьера менеджера» кітабында адамдармен қарым-қатынас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді.

Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар:

Ішкі менеджмент- ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Ішкі менеджментті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатын басқарудың міндетті ісі ретінде қарастыруға болады.

Ұйымдастыру менеджменті: 1) тар мағынасында- басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі- ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты жалпы ұйымдастырудың принциптері мен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.

Ұйымды біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1841-1925 ж.ж.)

Тәжірибе менеджменті- менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдаманың негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған. Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар: 1-прагматикалық, 2-ғылыми.

Өндірістік  менеджмент- менеджмент типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы- басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады.

Стратегиялық менеджмент-менеджменттің әр түрлілігі. Оның басты ерекшелігі- болжағыштық, мақсаткерлік, келешектігі, стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының менеджменті мен жасаушы менеджмент болады және басқалар.

Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

І кезең – ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б.э. дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) болды. Платон (б.э. дейінгі 428-348 жж.) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының фугкцияларын анықтаған, ал Александр Македонский (б.э.дейінгі 356-323 жж.) әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.

ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап, мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым – Адам Смит.

ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар – алғашқы менеджерлер болатын.

ІV кезең – ақпараттар кезеңі (1960 ж. – қазіргі уақытқа дейін).

 

  1. Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі: ғылыми мектебі, әкімшілік  мектебі, адамдар арасындағы қарым – қатынастар мектептері, тәртіптілік мектебі, басқару ғылымы мектебі немесе сандық әдістер мектебі.

Менеджмент саласындағы алғашқы зерттеулер классикалық мектепарқылы жүргізілген. Алғашқы менеджерлердің көңіл аударған келелі мәселелерінің бірі өндірістің тиімділігі болды. Өндірістің тиімділігі жұмыс орнының ыңғайлылығына, жұмысшының бейімділігі мен шеберлігіне, әртүрлі жұмыстарға жұмсалатын шығындарға тікелей байланысты. Менеджменттің классикалық мектебінің өкілдері осындай мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сол кездегі ғылыми ізденушілердің көзқарасы бойынша менеджмент дегеніміз өнер деп санады, себебі кез-келген адам жетекшілік, басшылық қызметін атқара алмауы мүмкін.

Жоғарғы дәрежедегі нағыз менеджерлердің мінез-құлқының өзіне тән ерекшеліктері мен қабілеті болуы тиіс. Мінез құлық белгілерінің концепциясын қарастыру сәтінде «Менеджмент ғылым ба?» - деген сұрақ туындайды.

Менеджментті ғылым ретінде қарастырып, ғылыми басқарудың негізін салған Ф.Тейлор (1856-1915 жж.) ғылыми басқару мектебінің дамуына жол ашты.

Өзінің «Управление фабрикой» (1903 ж.), «Принципы научного управления» (1911 ж.) деген еңбектерінде Ф.Тейлор еңбектің түрлерін сараптап, жұмысшылардың еңбегіне хронометраж жасап, тиімділігін арттыру арқылы еңбекті ғылыми ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды. Сөйтіп Ф.Тейлор менеджмент саласында революцтя жасап, менеджменттің ғылыми мектебі пайда болды.

Басқарудың класикалық мектебінің енді бір түрі әкімшілік басқару мектебіболып саналады. Әкімшілік басқару мектебі менеджердің ролі мен қызметі жөніндегі мәселелерді зерттеген. Бұл идеяның негізін қалаған француз ғалымы А.Файоль (1841-1925 жж.) Ол менеджменттің қазіргі кездегі қолданылып жүрген мынадай функцияларын анықтаған: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау.

Классикалық мектептің негізгі белгісі өндірістің тиімділігін арттырудың ең қолайлы жолын іздеу болып табылады.Классикалық мектеп әлемдік басқару ғылымының алғашқы іргетасын қалады.

30-шы жылдары менеджмент  саласында адамдардың қарым-қатынасы мектебі пайда болды.Оның негізін қалағандар психологтар мен социологтар. Бұл жағдайда ең басты көңіл аударатын мәселе, жұмысшының орындайтын міндеті емес, оның өзінің жеке басы, мінез-құлқы, көңіл-күйі болып табылады.

Өндіріс тиімділігін арттыруда жұмысшының жеке басына қамқорлық, оның көңіл-күйі, демалысы, еңбек ақысының мөлшері де үлкен роль атқарады. Адамдардың жеке басына көңіл аударған бірінші ғалым Р.Оуэн болды. Басқа ғалымдармен бірге М.П.Фоллет те осы бағыттағы ғылымды дамыта отырып, басшылық стилін талдап, оның түрлерін анықтады.

Адамның жеке басының қажеттілігін қанағаттандыру еңбек мотивациясына ықпал ететіндігін, мотивация теориясының құрылымынанықтаған А.Маслоу. Ол адамдарда кездесетін қажеттілік иерархиясын ашып көрсетті.

Ал ақпараттар кезеңінде, яғни басқарудың дамыған мерзімінде математика мен компьютерді, электронды есептеу техникасын кеңінен қолдану арқылы басқаруды жетілдіруде мүмкіндік туды.

Басқару шешімдерін қабылдау, оңтайлы шешімдерді анықтау, есептеулер мен салыстыру арқылы және математикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болды. Басқаруда мәліметтер мен ақпараттарды қолдану кезеңісандық мектеп өкілдері теориясымен дамыды. Сандық мектеп теорияшыларының ойынша басқарудың концепциясын дайындау, жоспарлау математикалық талдаулардың нәтижесі арқылы ғана жүзеге асады. Шын мәнінде қазіргі заманда әрбір өркениетті елдің табыстарға жетуі математикалық-техникалық прогрестің көмегі екендігіне сөз жоқ.

 

  1. Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуының саяси және экономикалық алғы шарттары, оның қазіргі заманғы өңдірісінің дамуындағы рөлі.

Қазақстандағы менеджменттің дамуы

Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Әбу Нәсір Әл-Фарабиді еске аламыз. Әбу Нәсір Әл-Фараби (870-950 жж.) ғылымның әр алуан саласында аса маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар қалдырған кемеңгер ғалым, данышпан ойшыл, энциклопедист адам болған.

Әл-Фараби басқару мен патшалық құруға, яғни жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мән берген. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады деген: «Егер басқару әділеттік бағытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ер қасиеттерін нығайтса, ол – қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар – қайырлы қалалар мен халықтар» - дейді ол. Ұлы ойшылдың ойынша бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шындығында ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады, сондықтан ондай басқару – надандық басқару болып саналады.

Информация о работе ӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқау