Сырттай оқу бөлімінің барлық экономикалық мамандықтардың студенттеріне арналған жұмыстық бағдарлама, бақылау жұмысын орындауға тапсырм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 06:24, лекция

Краткое описание

Пәнді оқыту мақсаты - кәсіпорынның (фирманың) құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны шегіндегі күрделі салымның даму және тиімділік заңдылықтары туралы студенттердің жүйеленген білімін қалыптастыру.
Бұл курстың студенттерді қажеті дағдыларға үйретумен байланысты міндеттері болып келесі мүмкіндеіктер табылады:
- жобалардағы жаңа ұйымдастырушылық-технологиялық және инженерлік шешімдерді іске асырудың экономикалық тиімділіктерін негіздеу;
- нарықтағы экономикалық жағдайларды дұрыс бағалау және мүмкін болатын өзгерістерді болжау;
- әр түрлі шаруашылық жағдайлармен байланысты технико-экономикалық есептеулерді орындай алу;

Содержание

1 Пән бағдарламасы

1.1 Пәнді оқыту мақсаты

1.2 Пәнді оқу міндеттері


2 Пәннің мазмұны

2.1 Дәрістік курс

2.2 Машықтану курсы


3 Бақылау жұмысын орындау бойынша тапсырмалар және әдістемелік нұсқаулар

3.1 Бақылау жұмысының мақсаты

3.2 Әдістемелік нұсқаулар

3.3 Ортақ талаптар

3.4 Жеке тапсырмалар


Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

тапсырма.doc

— 270.00 Кб (Скачать документ)

Шығындар жіктемесі. Өнімді өндіру мен сатуға кететін шығындар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:

  • экономикалық белгілер бойынша (еңбекке қатысты);
  • экономикалық элементтер бойынша: құралды пайдалануға, ұстауға арналған смета; цех шығындары; жалпы зауыттық шығындар;
  • негізгі шығындар – бұйым дайындаудың технологиялық процессімен тікелей байланысты;
  • үстеме шығындар – кәсіпорынның жұмысы мен өнім өндіру үшін қажетті жағдай жасаумен байланысты шығындар;
  • өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу тәсілі бойынша: тура және жанама болып бөлінеді. Тура шығындар – нақты өнімді дайындаумен  тікелей байланысты шығындар. Жанама шығындар - өнім өндіруге байланысты емес шығын және өзіндік құнға жатқызылады.
  • өнім өндіру көлемінің өзгеруіне байланысты: тұрақты және ауыспалы болады. Тұрақты шығындар өнім өндіру көлемі өзгерсе де өзгермейді. (мысалы жал төлемі, амортизация, ғимаратты күту, т.б.). Ауыспалы шығындар өнім өндіру көлеміне бйланысты өзгеріп отырады.

Өзіндік құн - өнім бірлігін өндіру және өткізуге жұмсалатын барлық шығындар жиынтығы.

S = Шө / Q                                                   (34)

Инвестиция (күрделі қаржы жұмсалымы) – жаңа құрылыстарға, қайта құруға, технологиялық қайта жарақтандыруға жұмсалған бір жолғы шығындар.

Иенвестициялық жобалардың тиімділігі. Инвестициялардың тиімділігін бағалауда тең көрсеткіштер дисконттау әдісімен өлшенеді, яғни оларды бір жолғы шығындарды авансылаудың бастапқы ақша қаражатына келтіру:

 

                                                                 (35)

 

мұнда: И – авансталған инвестиция сомасы;

     t - t жылға келетін инвестиция үлесі;

        Е –дисконт нормасы,

        t – инвестицияны аванстаған жыл.

Инвестицияны іске асырудың барлық кезеңінде, яғни инвестициялық  жобаның өмір сүру кезеңінде, олардың келтірілген құны мына формула бойынша анықталады:

 

                                         (36)

Таза дисконтталған  табыс – салымдағы пайыздық ставканы қоса есептеудегі интегралды нәтижелер  мен интегралды шығындар айырмасы:

 

                           (37)

 

мұнда: ТДТ – таза дисконтталған табыс немесе интегралды эффект;

     Rt – t жылда қол жеткізген нәтиже результаты;

     Зt – t жылы іске асырылған шығындар.

Есептеудің t жылында  қол жеткізген эффект мынаған тең:

 

Эе = Rt – Зt                                                                  (38)

    Табыстылық  индексі – авансталған инвестицияның  1 теңгесіне келетін интегралды  эффект немесе таза дисконтталған  табыс:

 

ТИ = ТДТ/КҚ =                      (39)

 

Егер ТИ> немесе = 1 жоба тиімдін, ал ТИ<  1 – тиімсіз.

Күрделі қаржы тиімділігі олардың өтелу мерзіміне байланысты. Бұл көрсеткішті есептеудің екі  әдісі бар:

Бірінші әдіс:

  • егер жылдық түсідер бірқалыпты жүрсе (Дтаза= const)

Тө = КҚ/ Дтаза                                             (40)

  • егер жылдық түсімдер әркелкі болса

                                     (41)

Екінші әдіс – дисконтталған өтелу мерзімі:

                       (42)

 

 

3.3     Қойылатын талаптар

 

Бақылау жұмысы екі тапсырмадан тұрады:

                        1)   Теориялық тарау – рефераттық бөлім;

                        2)   Практикалық тарау – есептік бөлім.

Бақылау жұмысының нұсқасын таңдау осы әдістемелік нұсқаның 3.4 п, сай жүргізіледі.

Бақылау жұмысындағы құндық көрсеткіштер ақша бірлігінде (а.б.) немесе теңгемен өлшенеді. Барлық сандық көрсеткіштер қажеттілігі бойынша өлшем бірлікке ие болу керек.

Бақылау жұмысының көлемі 25-30 бетті құрауы тиіс, соның ішінде рефераттық бөлім 13-15 бет.

 

3.4     Жеке тапсырмалар

 

Бақылау жұмысы бастапқы мәліметтерге сай жеке нұсқа бойынша орындалады:

  • теориялық бөлім үшін тапсырма студенттің фамилиясының бірінші әріпі бойынша таңдалады;
  • практикалық тарау үшін тапсырма студенттің сынақ кітапшасының соңғы екі санының қосындысына сай таңдалады.

 

3.4.1     Теориялық тараудың тапсырмалары

 

Кесте 1 - Теориялық тараудың тапсырмалары

Нұсқа
Тақырып
А

Әрекеттегі және әрекеттегі емес негізгі қор (негізгі капитал)

Б

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау әдістері және негізгі бағалау критерилері.

В

Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту факторлары мен  резевтері.

Г

Кәсіпорынның кадрларға  қажеттілігін анықтау.

Д

Өнімнің өзіндік құнының  төмендеуін экономикалық бағалау

Е

Еңбек өнімділігі: көрсеткіштері, факторлары, өсу резевтері

Ж

Инновациялық жобалау: әзірлеудің және іске асырудың негізгі  кезеңдері

З

ЕТҚ мен әлеуметтік сипаттағы  төлемдердің құрамы және міндеті

И

Еңбек төлемінің тарифтік және тарифсіз жүйелерін дамыту болашағы

К

Негізгі қорлардың құнын  анықтау

Л

НӨҚ жаңартудың әр түрлерінің экономикалық тиімділігі

М

Еңбек төлемінің кесімді  және мерзімдік нысандарын пайдаланудың үйлесімділігі

Н

Кәсіпорынның айналым  қаражаттарын басқару

О

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін анықтау

П

Айналым қаражаттарының экономикалық мағынасы және құрылымы

Р

Негізгі қорлардың амортизацияларының түрлері

С

Кәсіпорынның ұдайы  өндіру процессіндегі табыстың (пайданың) ролі.

Т

Өндіріс шығындарын төмендету  жолдары

У

Өндірістегі кадрлары басқару

Ф

Өндірістік процесстегі  айналым қаражаттарының ролі

Х

Ұйымдағы еңбек коддексі және еңбек тәртібі

Ц

Жұмыссыздық және жұмысбастылық  проблемалары

Ч

Еңбекті ынталандыру  және жалақы

Ш

Бизнес-жоспарлардың міндеті  және мазмұны

Щ

Еңбек төлеміндегі келіспеушілік  жағдайлар және оны шешу жолдары

Ы

Айналым қаражаттарын нормалау

Э

Кәсіпорынды дамыту концепциясы  және мақсаттық бағдарламалар

Ю

Еңбек төлемінің функциялары  мен қағидалары.

Я

Еңбектік келіспеушіліктер және оны шуешу жолдары


 

3.4.2 Практикалық тарау тапсырмалары:

 

Нұсқа

Жеке тасырмалар номерлері

 

Нұсқа

Жеке тасырмалар номерлері

1

2

1

2

0

1, 10, 15, 16, 20, 23

10

5, 9, 12, 14, 22, 25

1

2, 3, 4, 6, 12, 24

11

1, 3, 7, 18, 21, 26

2

4, 9, 11, 13, 19, 25

12

4, 6, 13, 17, 19, 27

3

5, 8, 14, 17, 22, 26

13

9, 10, 14, 16, 20, 28

4

3, 7, 10, 18, 21, 27

14

2, 7, 8, 11, 22, 29

5

6, 9, 11, 12, 22, 28

15

3, 5, 12, 17, 21, 30

6

7, 8, 13, 17, 20, 29

16

13, 15, 18, 19, 20, 23

7

1, 4, 15, 16, 19, 30

17

14, 16, 17, 20, 22, 24

8

2, 5, 14, 18, 21, 23

18

1, 6, 10, 15, 21, 25

9

8, 10, 11, 15, 16, 24

   

 

 

Тапсырмалар:

 

1) Дисконт ставкасы 10%-тік жобаның таза дисконтталған табысы нешеге тең? Күрделі қаржы жұмсалымы 250 мың теңге. Ақша ағымы, мың тенге: 1 жылы – 100, 2 жыл – 100, 3 жыл – 120.

 

2) Дисконт ставкасы 10%-тік жобаның табыстылық индексі нешеге тең? Күрделі қаржы жұмсалымы 250 мың теңге. Ақша ағымы, мың тенге: 1 жылы – 100, 2 жыл – 100, 3 жыл – 120.

 

3) Жобаның дисконтталмаған және дисконтталған өтелу мерзімдерін анықта. Күрделі салым 1 млн.тг, алты жыл ішінде таза табыс келесі ретпен қайтарылады: алғашқы үш жылда 250 мың тенгеден, ал қалған жылдары 300, 400, 450 мың тенгеден түскен.

 

4) Бір бөлшекке келетін амортизация сомасын анықта.  Алғашқы құны 6200 мың тенге, жойылу құны алғашқы құнның 5 % құрайды, қызмет мерзімі 8 жыл және жылдық өнімі 650 мың бөлшек.

 

5) Негізгі қордың қалдық құнын анықта. Кәсіпорын 4 жыл бұрын заводтан шығарылған бағасы 15 мың тенге, жеткізу шығыны 3 мың тенгемен иелігіне алған болса, және жылдық тозу құны 1,5 мың тенгеге тең.

 

6) Экскаватордың амортизацияға жетпей жарамсызданған (авария нәтижесінде) құнын анықта. Бухгалтерлік мәлімет бойынша алғашқы баланстық құны – 32 мың тенге,  амортизациялық жарна нормасы – 12%, соның ішінде күрделі жөндеу – 5%, экскаватордың аварияға дейінгі жұмыс уақыты – 5 жыл, металдарының істен шығу құны – 5 мың тенге, басқадай бөлшектер – 1,5 мың тенге.

 

7) Кәсіпорынның негізгі қорларының құны жыл басында 75321 мнл. теңгені құрады; ал оның бір жылдағы тозуы 28329 млн. теңге. Жыл бойында 10581 млн. теңге сомасында негізгі қорлар әрекетке енгізілді; жыл соңында 2334 млн. теңге сомасында негізгі қорлар шығарылды. Негізгі қорлардың қозғалыс көрсеткіштерін анықта.

 

8) Құрылыс фирмасының 2008 жылдың 01 қаңтарындағы негізгі өндірістік капиталдың жалпы құны - 81448 мың тенгені құрады және келсідей бөлінді:

өндірістік ғимараттар      - 9420 мың тенге

жатахана        - 2482 мың тенге

үймереттер       - 7812 мың тенге

беріліс қондырғылары      - 6203 мың тенге

машины мен жабдықтар     - 25521 мың тенге

көліктік құралдар      - 18940 мың тенге

құрал-саймандар                       - 1990 мың тенге

шаруашылық инвентарь     - 1630 мың тенге

мәдениет объектілері      - 4870 мың тенге

денсаулықсақтау объектілері    - 2580 мың тенге

Фирманың НӨК құрылымын және НӨК активті бөлігінің үлес салмағын анықтау керек.

 

 

9) Қор қайтарымы мен қормен жарақтанудың өсуін анықта, егер негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны 8,5 млн. тенге, есептік жылдағы өнім көлемі 14,2 млн. тенге, кәсіпорында есептік жыл бойынша бір жұмысшының өнімділігі 3,5 мың тенге болса. Жоспарлы кезеңде өнім көлемін 0,2 млн. тенгеге, ал бір жұмысшы өнімділігін 0,3 мың тенгеге арттыру қарастырылды.

 

10) Кәсіпорында жыл басында НӨҚ құны 9500 ш.б. құрады. Жыл бойында НӨҚ тозуына байланысты 800 ш.б. сомасында шығарылды және 400 ш.б. сомасында жаңа НӨҚ  әрекетке енгізілді. Жұмысшылардың 23 адам орташа жылдық санындағы тауарлық өнімнің жылдық көлемі 20700 ш.б. құрады. Қорқайтарымды, қорсыйымдылықты және қорменжарақтануды анықта.

 

11) Техниканың экстенсивті пайдалану көрсеткішін анықта. Жылына жоспар бойынша машина 1300 аусымды жұмыс істеуі керек. Кезек аусым ұзақтығы (есеп бойынша) 6 сағат, жыл ішінде есеп бойынша орташа жөндеуде тұруы 120 сағат, күрделі жөндеуде – 450 сағат.

 

12) Машинаның интенсивті пайдалану көрсеткішін анықта. Құжатындағы сағаттық өнімділігі 60 м3 , жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті 0,85. Машина 5 күн жұмыс жасады. Кезек аусымының ұзақтығы 8 сағат, 5 күн ішінде 2600 м3 грунт өңдеді.

 

13) Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнын анықта, егер олардың жыл басындағы құны 48,5 млн. теңгені құраса. Жыл бойында келесідей өзгерістер болды: 1 мамырда 3,4 млн. теңге, 18 маусымда  1,2 млн. теңге, 2 қазанда 6 млн. теңге сомаларында негізгі қорлар түсті; шығарылды: 4 ақпанда 2 млн. теңге, 1 тамызда 0,8 млн. теңге.

 

14) Кәсіпорыннан шығарылған өнімнің таза салмағы 42 кг, жылдық өндіріс көлемі 4000 бірлік. Материалды пайдалану коэффициенті 0,8 тең. Кәсіпорын 0,82 арттыруды жоспарлаған. 1 кг материал бағасы 50 тенге болса, материалдың жоспарлық және іс жүзіндегі шығын нормасын, натуральды және құндық түрдегі пайдаланудың артуы есебінен болған жылдық үнемділікті анықта.

 

15) Материалдар түрлерінің біреуі бойынша айналым қаражатының өндірістік қордағы нормативін анықта, егер бір жылдағы шығарылым бағдарламасы – 2000 дана, бір бұйымға жұмсалатын болаттың шығын нормасы – 80 кг., болат бағасы – 0,28 ш.б., жеткізулер арасындағы интервал – 25 күн, сақтық қор периоды – 10 күн.

 

16) Айналым қаражатының өндірістік машина бойынша күрделі жөндеу жоспарының артық орындалу нәтижесінен болған босатылу өлшемін анықта. Жоспар бойынша күрделі жөндеу 100 мың тенге, күнтізбелік күн 360, жоспардағы айналым қаржысының нормативі 10 мың тенге, есептік жылда жоспарды орындау 120 мың тенге болды.

 

17) Материалдардың күндік қор нормасын  және материал түрлері бойынша айналым қаражаттарының жеке номативтерін анықта. 4 кварталдың өндірістік бағдарламасы жылдықтың 30% құрайды. Материалдарды түсіру және қоймалауға 1 күн қажет, өндіріске дайындауға уақыт жоспарланбайды. Қалған бастапқы мәліметтер кестеде көрсетілген.

 

Материал түрлері

жоспралы жылдық қажеттілік, мың. тенге

Көліктік қор, күн

Жеткізулер арасындағы орташа интервал, күн

А

28000

2

30

В

98000

3

22

С

12000

2

60


 

18) Аяқталмаған  өндірістегі айналым қаржыларының нормативін, кәсіпорынның айналым қаражатының айналымдылығын келесі шарт бойынша анықта. Егер бір жылдағы өнім шығарылымы 10000 бірлікті құрағаны белгілі болса; бұйымның өзіндік құны – 80 тенге, бұйымның бағасы оның өзіндік құнынан 25% артық; аналым қаражатының орташа жылдық қалдығы 50000 тенге; бұйымды дайындаудағы өндірістік циклдің ұзақтығы - 5 күн; аяқталмаған өндірістегі шығындарының өсу коэффициенті – 0,5.

Информация о работе Сырттай оқу бөлімінің барлық экономикалық мамандықтардың студенттеріне арналған жұмыстық бағдарлама, бақылау жұмысын орындауға тапсырм