Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 06:24, лекция
Пәнді оқыту мақсаты - кәсіпорынның (фирманың) құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны шегіндегі күрделі салымның даму және тиімділік заңдылықтары туралы студенттердің жүйеленген білімін қалыптастыру.
Бұл курстың студенттерді қажеті дағдыларға үйретумен байланысты міндеттері болып келесі мүмкіндеіктер табылады:
- жобалардағы жаңа ұйымдастырушылық-технологиялық және инженерлік шешімдерді іске асырудың экономикалық тиімділіктерін негіздеу;
- нарықтағы экономикалық жағдайларды дұрыс бағалау және мүмкін болатын өзгерістерді болжау;
- әр түрлі шаруашылық жағдайлармен байланысты технико-экономикалық есептеулерді орындай алу;
1 Пән бағдарламасы
1.1 Пәнді оқыту мақсаты
1.2 Пәнді оқу міндеттері
2 Пәннің мазмұны
2.1 Дәрістік курс
2.2 Машықтану курсы
3 Бақылау жұмысын орындау бойынша тапсырмалар және әдістемелік нұсқаулар
3.1 Бақылау жұмысының мақсаты
3.2 Әдістемелік нұсқаулар
3.3 Ортақ талаптар
3.4 Жеке тапсырмалар
Әдебиеттер тізімі
(6)
мұнда Сжб нқ – жыл басындағы негізгі қорлар құны, тенге;
Се нқ, Сш нқ – сәйкесінше жыл ішіндегі енгізілген және шығарылған негізгі қорлар құны, тенге;
Тэ – негізгі қорлардың пайдалану ұзақтығы, ай.
Негізгі қорлардың қозғалысын, техникалық жағдайын және пайдалану тиімділігін сипаттау үшін төмендегі көрсеткіштерді қолданады.
Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті – қорлардың жаңару жиілігін сипаттайды және келесідей анықталады:
Кж= С е нқ ./ Сжб нқ
мұнда Се нқ – жыл ішіндегі енгізілген негізгі қорлар құны, тенге.
Негізгі қорлардың істен шығу коэффициенті – қорлардың шығу жиілігін сипаттайды және келесідей анықталады:
Кіш= С ш нқ ./ Сжс нқ
мұнда Сшнқ – жыл ішіндегі шығарылған негізгі қорлар құны, тенге.
Сжб нқ – жыл соңындағы негізгі қорлар құны, тенге.
Тозу коэффициенті –негізгі қорлар құнының қандай бөлігі дайын өнім құнына енгізілгенін көрсетеді, сонымен бірге кәсіпорындағы бар қорлардың тозу деңгейін де көрсетеді:
Ктозу = С тозу ./ С нқ
Жарамдылық коэффициенті – негізгі қорлардың жарамдылық деңгейін, қорлардың пайдалануға жарамды, тозбаған бөлігін көрсетеді:
Кжарамд = С қалд ./ С нқ
Қор қайтарым – негізгі өндірістік қорлардың 1 тенгесіне шаққандағы өнім мөлшерін білдіретін көрсеткіш.
ҚҚ = Т / Сн.қ , тг/тг ; ҚҚ = Q / Сн.қ ; (11)
мұнда: Т – табыс;
Сн.қ – негізгі қорлардың орташа жылдық құны;
Q – натуральды түрдегі өнім көлемі.
Қор сыйымдылығы – негізгі өндірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сиптаттайтын экономикалық көрсеткіш. Алынған табыстың әр теңгесіне негізгі қорлар құнының қандай мөлшері келетінін көрсетеді.
ҚС = Сн.қ / Т немесе 1 / ҚҚ, тг/тг ¯
Егер натуралды немесе шартты-натуралды көрсеткіштер қолданылса, онда қор сыйымдылығы негізгі қорлар құнының қанша бөлігі өнім бірлігін өндіруге қатысқанын көрсетеді.
Қормен жарақтану – әрбір жұмысшының қормен жарақтану, қамтамасыз етілу дәрежесін сипаттайды.
ҚЖ = Сн.қ / Nж
мұнда: Nж – жұмысщылар саны.
Экстенсивті пайдалану коэффициенті – уақытқа байланысты негізгі қорларды қолдану тиімділігін сипаттайды.
Кэкс = Тн / Тк немесе Тн / Тр немесе Тн / Тж,
Тк = Кк * 24; Тр = Nауысым * Тауысым
*Кк
мұнда: Тн – жабдықтың нақты жұмыс істеу уақыты;
Тк – жабдықтың күнтізбелік жұмыс істеу уақыты;
Тр – жабдықтың режимдік жұмыс істеу уақыты;
Тж – жабдықтың жоспарлы жұмыс істеу уақыты.
Егер Тк = Тр болса, онда өндіріс үзіліссіз болады; Тж < Тр болса, онда жоспарлы жөндеу мен жұмыстан тыс жұмыс уақыты болады; Тж > Тн – жоспардан тыс жөндеу болады; Тж < Тн – жөндеуде тұруды қысқарту.
Интенсивті пайдалану коэффициенті – жабдықты қуаттылығына байланысты пайдалану деңгейін сипаттайды:
Кинт
= Wн / Wж немесе Wн / Wmax,
мұнда: Wн – жабдықтың нақты өнімділігі;
Wж – жоспар бойынша өнімділік;
Wmax – максимум өнімділік.
Интегралды жүктеу коэффициенті – уақыт және қуаттылық бойынша машиналарды қолдану деңгейін сипаттайтын коэффициент:
Кинт.ж.
= Кинт.
Кэкс
Ауысым коэффициенті – жабдықтар тобының уақыт бойынша жүктелуін сипаттайды. Ауысым коэффициентінің өсуі кәсіпорын қорының көбеюіне, өндіріс өнімділігінің артуына мүмкіндік жасайды.
Кауысым = (N1+ N2 + N3) / Nорн,
мұнда: N1, N2, N3 – сәйкесінші 1-ші, 2-ші, 3-ші ауысымда жұмыс істеген жабдықтар саны;
Nорн – барлық орнатылған жабдықтар саны.
Ұйымның айналым капиталы дегеніміз – тұтыну процесінде өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауыспалы айналым ақша түрінде түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Айналым капиталына еңбек заттарын сатып алуға жұмсалған шығындар мен еңбекақы жатады.
Айналым қаржатының меншікті нормативі – бұл өндіріс қызметінің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ететін тұрақты минимальды запасты, сонымен бірге аяқталмаған өндіріс және алдағы жылдар шығынын жасау үшін жеткілікті болатын кәсіпорынның ақша қаражаты.
Айналым қаражатының жеке элементтерінің нормативі:
,
мұнда, - меншікті қаражаттырдың эелементтері бойынша нормативі;
Аэл – белгілі бір кезеңдегі берілген элемент бойынша айналым (шығын, шығару);
Тк – кезеңнің ұзақтығы, күн (Аэл /Тк – берілген элементтің бір күндік шығыны);
Нэл – берілген элемент бойынша айналым қаржысының нормасы.
Жалпы норматив жеке нормативтерді қосу арқылы анықталады.
Материалдардың запас нормасы:
Нз = Тағым + Тк +Тқ
+ Тд + Тс
мұнда Тағым – ағымдағы запас, (жеткізулер арасындағы 0,5 интервал);
Тк – тасымалдау запасы;
Тқ – материалдарды қабылдау және түсіру уақыты;
Тд – материалдарды өндіріске дайындау уақыты, (1-2 күн);
Тс – сақтық запас, (0,5 Ттек).
Дайын өнімді нормалау төмендегі формула бойынша анықталады:
Н = Ө
Т / К
мұндағы: Н – дайын өнімнің айналым қаржысының нормативі;
Ө – алдыңғы жылдың 4 тоқсанында өндірістік өзіндік құн бойынша тауар өнімін шығару;
К – кезеңдегі күн саны;
Т – дайын өнімнің айналым қаржысының нормасы, күн.
Аяқталмаған өндірістегі айналым қаржатының нормативі
Наө = Ск Тц Кшө
мұнда Ск – орташа күндік шығындар, тенге;
Тц – өнім дайындаудағы өндіріс циклінің ұзақтығы, күн;
Кшө – шығынның өсу коэффициенті.
Біркелкі өсу барысында шығынның өсу коэффициенті мына формуламен анықталады:
мұнда, К – шығынның өсу коэффициенті;
Шбір – бір жолғы шығындар (шикізат, материал шығындары);
Ш - жалпы шығын.
Айналым қаржыларының пайдалану тиімділігін
айналымдылық коэффициенті, айналу ұзақтығы
және қаржылардың айналымдағы
Айналым
қаржыларының айналымдылық коэффициенті
– қарастырылған кезеңдегі
Кайн = Qө ./ С ақ
мұнда Qө – кәсіпорынның көптеп сату бағасындағы өткізілген өнім көлемі;
Сақ – кәсіпорынның айналым қаржыларының жалпы нормативі.
Айналым қаржысының бір айналымының ұзақтығы:
Тс = Сақ / (Qтө / К) немесе Кк / Кайн,
мұнда, Сақ – қалған айналым қаржылары, тг;
Qтө - тауар өнімінің көлемі, тг;
К – қарастырылып отырған кезеңдегі күн саны
Кк – күнтізбелік күндер саны.
Бір айналымның ұзақтығы азайтса айналым құралдарын қолдану жақсарады.
Айналым қаржыларының айналымдағы жүктелу коэффициенті:
Кжүкт
= С ақ / Q тө
Егер ағымды кезеңде айналым қаржыларының құны өткен кезеңге қарағанда аз болса айналым қаржыларының абсолютті босатылу орын алады және келесі түрде анықталады:
мұнда С1ос, С2ос – айналым қаржыларының жоспарлы және фактілі құны (немесе екі салыстырмалы кезеңдегі нақтылы құн).
Егер айналым қаржыларының өсу қарқынымен салыстырғанда табыстардың неғұрлым тез өсу қарқыны болса, онда айналым қаржыларының салыстырмалы босатылуы орын алады:
Әрбір саланың еңбек ресурстары келесі санаттарға бөлінеді: жұмысшылар, басшылар, бас мамандар, қызметшілер, кіші қызметкерлер.
Бір жұмысшының тиімді жұмыс уақыт қоры мына түрде есептеледі:
ЖУҚ = (Кк – Км – Кд – Кнд – Дқд - Дб) tауыс - (К¢м + Д¢ д - Д¢с) tқ (27)
мұнда Кк – күнтізбелік күндер саны;
Км – мейрам күндер саны;
Кд – демалыс күндер саны;
Кнд, Кқд – негізгі және қосымша демалыс күндер саны;
Кб – басқалай күндер (ауырған және мемлекеттік міндет орындаған күндер)
tа – жұмыс ауысымының ұзақтығы;
К¢ д – демалыс алдындағы күндер;
К¢м – мейрам алдындағы күндер;
К¢с – мейрам және демалыс күндеріне
сәйкес келген демалыс
tқ – мейрам немесе демалыс алдындағы қысқартылған уақыт.
Қызметкерлердің құрамы тізімдік және жұмысқа келу саны болып бөлінеді. Тізімдік құрамға барлық тұрақты және уақытша қызметкерлер, және іс сапардағы мен демалыстағылар қоса енгізіледі.
Келу құрамы – тәулік ішіндегі нақты жұмысқа келген қызметкерлер саны.
Жұмысшылардың қажетті санын анықтау:
а) жұмыстың еңбексіңіргіштігі бойынша:
(28)
мұнда SQ i – бағдарлама бойынша шығарылған өнім, бір;
tнi - өнім бірлігін дайындауға кеткен нормалы еңбек сыйымдылығының мөлшері, сағ/бір.;
Кно – жұмысшылардың өнімділік нормасын орындауды ескеретін коэффициент;
Кн – кәсіпорын шығыратын бұйымдар атауының саны.
б) өнімділік нормасы бойынша
мұнда Qө – кез келген өлшем бірлігіндегі өндіріс көлемі;
W – бір жұмысшының сәйкес бірліктегі өнімділік нормасы.
Еңбек өнімділігі өнім бірлігін өндіруге жұмсалған уақыт – еңбек сыйымдылығымен және өндірілген өнім көлемімен өлшеніп, өндірістік қызметтің тиімділігін сипаттайды. Жалпы түрде мына қатынаспен анықталады:
Wеө=Q / Nж
мұндағы Q – шығарылған өнімніңнатуралдық, құндық және еңбек бірлігіндегі көлемі;
Nж – жұмысшылардың орташа тізбелік саны, адам.
Жұмысшылар санының қозғалысын келесі коэффициенттер жүйесі арқылы анықтаймыз:
Жұмысшыларды қабылдау айналымы
Кқ = Nқ / Nж
мұнда Nқ – жаңадан қабылданған жұмысшы саны;
Nж – жұмысшылардың тізімдік құрамы.
Жұмысшы күшінің ауысымдылығы
Ка = Nб / Nж
мұнда Nб – кез келген себеп бойынша жұмыстан босатылған жұмысшы саны.
Жұмысшы күшінің ағымдық коэффициенті
Кағым = Nс / Nж
мунда Nс - өндірістік қажетке байланыссыз себептермен босатылған жұмысшы саны.
Өндіріс шығындары ұдайы өндірісте үлкен мәнге ие, келесі топтарға бөлінеді: