Сапа саласындағы процестік тәсіл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 19:26, реферат

Краткое описание

Табысты жұмыс істеу үшін ұйым қызметтің өзара байланысқан көптеген түрін айқындауы және басқаруы қажет. Кірісті шығысқа айналдыру мақсатында басқарылатын немесе ресурстарды пайдаланатын кез келген қызмет (немесе қызмет түрлерінің комбинациясы) процесс ретінде қаралады.
Көбінесе бір процестің шығуы келесі бір кірістің тікелей енуіне жол ашады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

назок смж.docx

— 46.09 Кб (Скачать документ)
  • ұйымға өзінің мықты және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді;
  • жалпы үлгілермен салыстырып бағалау бойынша ережелерден тұрады;
  • ұдайы жетілдіру үшін негізді қамтамасыз етеді;
  • сыртқа танылу үшін шарттарын қамтамасыз етеді;

ИСО 9000 тобындағы сапа менеджменті жүйесінің амалдары мен жетілу моделдерінің арасындағы айырмашылық олардың қолдану салаларында стандарттар тобы сапа менеджменті жүйесіне талаптар мен іс-қызметті жақсарту жөнінен ұстанымдарды мазмұндайды. Сапа менеджменті жүйесін бағалау осы талаптарды орындауды белгілейді. Жетілу моделі мекемелердің іс қимылына салыстырмалы бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін өлшемдерді қамтиды. Мұны іс-қызметтің барлық түріне және барлық мүдделі жақтарға қолдануға болды. Жетілу моделіндегі бағалау өлшемдері мекемеге оның іс-қызметін басқа мекеменің іс-қызметімен салыстыру негізін қамтамасыз етеді. ИСО 9000 топшасынан сапа менеджменті жүйелері және жетілдірілген үлгілер арасындағы тәсілдер, өзгерістер олардың қолданылу саласында бекітіледі. ИСО 9000 топшасының стандарттары сапа менеджменті жүйелеріне қойылатын талаптардан және іс-әрекетті жақсарту бойынша ұсыныстардан тұрады. Сапа менеджменті жүйесін бағалау осы талаптардың орындалуын бекітеді. Жетілдірілген үлгілер ұйым іс – әрекетіне салыстырмалы бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін критериилерге ие және бұл барлық іс-әрекет түрлеріне және барлық мүдделі тараптарға қолданыла алады. Жетілдірілген үлгілердегі бағалау критерийлері ұйымға өзінің іс-әрекетін басқа ұйым іс-әрекетімен салыстыру үшін негізді қамтамасыз етеді.

ИСО 9000 сериялы стандарттарының  мақсаты:

  • әлемдегі әр түрлі елдердің өнімін тұтынудағы келісім негізінде тұтынушылар мен жабдықтаушылар арасындағы түсіністік пен сенімді нығайту;
  • аудитті жүргізудің бірыңғай стандарттары мен бірыңғай келісімін қолдану негізінде әлемнің әр бір еліндегі сертификаттау жөніндегі аккредиттеу ұйымдарының берген сапа жүйесін сертификатын өзара мойындау;
  • нәтижелі сапа жүйесін құруда әр түрлі масштабтағы, оның ішінде әр түрлі қызмет сфераларындағы ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету.                                              

Ұйымның қызметі табысты  болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару  керек. Ұйымды басқаруға менеджменттің  басқа аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді.

  Сапа менеджменті жүйесі – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. Сапа менеджменті жүйесі басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. ЖОО-ның Сапа менеджменті жүйесі – жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.

  Сапа саласындағы саясат – жүйенің негізгі құжаты. Ол сапа менеджменті жүйесінің қалыптасуын және қызметінің мақсатын, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың міндеттерін белгілейді.

  Сапа менеджменті жүйесі ЖОО-ның педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп жағдайда бір-бірімен қиылысады.

 Сапа менеджменті жүйесінің қызмет етуі барлық персоналды қатыстыру арқылы жүзеге асады, ал жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін толық жауапкершілікті өзіне алады.

  Сапа менеджменті жүйесі әкімшілік тарапынан ықпал ету нақты көрсеткіштер бойынша процестерді басқаруға негізделген. Оның негізгі мақсаты – процесті үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасау. Сонымен қатар процесс сапасының өзгерістерін бағалау критерийлері негізінде жүзеге асады. Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі кезеңдерден тұрады:

Сапа менеджменті жүйесі моделін таңдау;

  • университет қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру;
  • университеттің қызметін қажет болған жерде қайта жасау;
  • университет қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін СМЖ құжаттарын әзірлеу және енгізу;
  • қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны сертификаттау;
  • процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту.

Білім беру қызметінің сапасын  арттыру міндетін шешу басқарудың кешенді  жүйесін жасау қажеттілігімен байланысты. Тек кез-келген процестің нәтижесін бағалауға сүйене отырып жасалған мұндай жүйе түбегейлі негізсіз болып табылады.

  Сапаны басқару тиімділігіне процесс ішінде процедураларды басқару жолы арқылы ғана қол жеткізуге болады. Университет жағдайында – маманды даярлаудың барлық кезеңдерінде ұсынылатын ғылыми-білім беру қызметі сапасын басқару арқылы басқару тиімділігіне қол жеткізе аламыз.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

ИСО 9001 стандартының әдістемелік  бөлігі нормативті стандарттар талабын  толықтырады, сапа төрт аспекті талаптарын орындауға бағытталған және негізгі  екпін дайын өнім сапасына емес сәйкестікке  сай келмеуді болдыртпауға жасалған. Шет елдердің бәсекелесті фирмаларының тәжірибесі көрсеткендей, яғни, пайдаланушылар қажеттілігіне сай сапалы бұйымды  тек рынокты кешенді зерттеу  арқылы әзірлеу мүмкін және бұл тәжірибе сапа түсінігі стандартында маркетингтен басталып маркетигтан аяқталады. ИСО  стандарты ұсынған жүйенің принципиальды  ерекшелігі сапаға кететін міндетті шығындарды анықтау және бағалау.

Сапа саласындағы саясат пен мақсат-сапа саласындағы саясат пен мақсат мекемеге бағыт-бағдар беру үшін белгіленеді. Олар керекті нәтижені анықтайды және осы нәтижелерге  қол жеткізу үшін ұйымда ресурстардың қолданылуына септігін тигізеді. Сапа саласындағы саясат сапа саласындағы  мақсаттарды әзірлеу және талдау негізін қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы  мақсат сапа саласындағы саясатпен  келісімді болу қажет және ұдайы  жақсартуға ыңғайлы болуы шарт, ал нәтижелер өлшенетін болуы тиіс. Сапа саласындағы мақсатқа жету өнім сапасына, жұмыс тиімділігіне, қаржылық көрсеткіштерге оң әсер ете алады.

Сапа саласындағы саясат ұйымға сапа саласындағы мақсаттарды  қоюға негізделеді. Жоғарғы басшылық ұйым қызметін жақсартуға бағытталған  мақсаттарды әзірлеуі керек. Осы  мақсаттарды әзірлеуде басшылық:

  • ұйымның алдағы және нақты қажеттіліктерін
  • басшылық тарапынан талдауға сәйкес шешімдерді
  • өнімнің нақты мінездемесін
  • қызығушы тараптардың қанағаттану деңгейін
  • өзін-өзі бағалау нәтижесін
  • мақсаттарға жету үшін ресурстарды есептеу керек.

Құжаттама- сапа менеджменті жүйесінде қолданылатын құжаттама мазмұны мен құжат түрлерін сипаттайды. Құжаттаманы әзірлеу мақсат қана болып қалмай, керісінше құндылықты үстемелеуі тиіс. Әрбір мекеме өзіне қажетті құжаттаманы көлемі мен оны тасымалдаушыны анықтайды. Бұл мекеменің түрі мен мөлшері, үрдістердің күрделілігімен өзара әрекеттесуі, өнімнің күрделілігі, тұтынушы талаптары, сәйкес міндетті талаптар, қызметтердің көрсеткен қабілеті, сапа менеджменті талаптарын орындауға тәуелді болады. Ұйым басшылығы сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және жұмысшы қалыпты ұстау үшін қажетті сәйкес жазбаларды, құжаттарды анықтауы тиіс. Тұтынушылардың және басқа да қызығушы тараптардың ұсыныстарына жауап беру, сондай-ақ ұйымның көңілінен шығу керек. Құжаттама ұйымның қажеттілігінен шығатын түрлі нысанда және түрлі жеткізушілерде бола алады.

Сапа жүйесін енгізу сапа жөніндегі басшылықты енгізуден  басталады. Сапа жөніндегі басшылықтың  негізгі тағайындалуы сапа жүйесін  және оны құраушы жүйелерін жалпы сипаттау (сапаны жоспарлау, сапаны басқару, сапаны қамтамасыз ету және сапаны жақсарту) болып табылады.

Сапа менеджменті жүйесі мен жетілу моделінің ара байланысы-ИСО

9000 сериялы стандарттар тобына келтірілген сапа менеджменті жүйесінің амалдары мен жетілу модельдері жалпы қағидаларға негізделген. Бұл екі тәсіл:

  • ұйымға ө<span class="List_0020Paragraph__Char" style=" font-family: '

Информация о работе Сапа саласындағы процестік тәсіл