Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 19:26, реферат
Табысты жұмыс істеу үшін ұйым қызметтің өзара байланысқан көптеген түрін айқындауы және басқаруы қажет. Кірісті шығысқа айналдыру мақсатында басқарылатын немесе ресурстарды пайдаланатын кез келген қызмет (немесе қызмет түрлерінің комбинациясы) процесс ретінде қаралады.
Көбінесе бір процестің шығуы келесі бір кірістің тікелей енуіне жол ашады.
Қызметіміздің ұстанымдары:
сапа саласындағы саясат және мақсаттар бірлігімен камсыздандыруында, қойылған мақсаттарға жетуде барлық қызметкерлерді қатыстыру үшін ішкі ортаны құруында, университет жоғарғы басшылығының озаттығы
сапа саласында міндетті мониторинг және жоспар мен қабылданған шешімдер нәтижеліктің сараптасымен жоспар негізінде қызметтің орындалуы мәлімет пен ақпараттың жан-жақты сараптамасы негізінде маңызды басқаратын шешімдерді қабылдауы, қазіргі заманның білім және ақпараттық технологияларын қолдау, университет қызметінің тұрақтылығын жақсарту.
Қызметінің бағыттары:
Сапа саласындағы мақсаттар:
Сапа саласындағы мақсаттарға жету жолдары:
Жоғарғы басшылықтың сапа менеджменті жүйесіндегі рөлі
Сапа жүйесін енгізу сапа жөніндегі басшылықты енгізуден басталады. Сапа жөніндегі басшылықтың негізгі тағайындалуы сапа жүйесін және оны құраушы жүйелерін жалпы сипаттау (сапаны жоспарлау, сапаны басқару, сапаны қамтамасыз ету және сапаны жақсарту) болып табылады.
Сапа жөніндегі басшылық – бұл негізгі мазмұны мекеме туралы мәлімдеме беретін басты концептуалдық құжат, оның визит карточкасы болып табылады. Сапа жөніндегі басшылық сапа жүйесін енгізу кезінде, оны жұмыс және жетілдірілген күйінде ұстау кезінде тұрақты түсініктеме материал функциясын атқарады. ИСО 9001 стандартына сәйкес, сапа жүйесі келесі элементтерден тұрады. Олардың әрқайсысы сапа жөніндегі басшылықтың сәйкес бөлімінде сипатталады:
Жетекшілік және нақты әрекеттер көмегімен жоғарғы басшылық қызметкерлерді толық қызықтыратын және сапа менежменті жүйесінің тиімді жұмысына әсер ететін жағдай туғыза алады. Сапа менеджментінің принциптерін жоғарғы басшылық мыналарда өзінің рөлін орындауға негіз ретінде қолдана алады:
Жоғарғы басшылық жоспарланған аралықтар сайын ұйымның сапа менеджменті жүйесінің үнемі жарамдығын, барабарлығын және нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында оны талдауы керек. Талдауға ұйымның сапа менеджменті жүйесін, оның ішінде сапа саласынағы саясат пен мақсаттарды жақсарту мүмкіндіктері мен өзгерістер енгізу қажеттіліктерін бағалау керек. Басшылық тарапынан талдау туралы талдау жұмысшы қалыпта ұсталуы керек.
Жоғарғы басшылық сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу жөнінде, сондай-ақ оның нәтижелілігін
Ұйым жетістікті, басшылық жүйені және ашық менеджментті талап етеді. Жетістікке жету үшін қызығушы тараптардың қажеттерін есепке алып, менеджмент жүйесін енгізу және өнімді жұмысшы қалыпта ұстауы керек. Жоғарғы басшылық нақты түсінікті болатын, тиімділігі мен нәтижелілігі тұрғысынан менеджментке салынған жүйелер мен процестерді анықтауы қажет. Сондай-ақ процестерді нәтижелі және тиімді орындау, басқару және көрсеткіштер мен деректерді қамтамасыз ету арқылы тұтынушыға бағдарланған ұйымды құру керек. Жоғарғы басшылық өзінің озықтығы және нақтылы іс-әрекетінің көмегімен қызметкерлердің сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмысына толықтай қатыстыру жағдайын жасай алады.
Құжаттама
Құжаттама- сапа менеджменті жүйесінде қолданылатын құжаттама мазмұны мен құжат түрлерін сипаттайды. Құжаттаманы әзірлеу мақсат қана болып қалмай, керісінше құндылықты үстемелеуі тиіс. Әрбір мекеме өзіне қажетті құжаттаманы көлемі мен оны тасымалдаушыны анықтайды. Бұл мекеменің түрі мен мөлшері, үрдістердің күрделілігімен өзара әрекеттесуі, өнімнің күрделілігі, тұтынушы талаптары, сәйкес міндетті талаптар, қызметтердің көрсеткен қабілеті, сапа менеджменті талаптарын орындауға тәуелді болады. Ұйым басшылығы сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және жұмысшы қалыпты ұстау үшін қажетті сәйкес жазбаларды, құжаттарды анықтауы тиіс. Тұтынушылардың және басқа да қызығушы тараптардың ұсыныстарына жауап беру, сондай-ақ ұйымның көңілінен шығу керек. Құжаттама ұйымның қажеттілігінен шығатын түрлі нысанда және түрлі жеткізушілерде бола алады.
Қызығушы тараптардың
талаптарына жауап беретін
Құжаттаманы әзірлеу, пайдалану, басқару төмендегідей болады:
Әрекет етуші құжаттаманы уәкілетті мамандар уақытында көрсетуі, қарастыруы және қабылдауы қажет.
ИСО стандарттарының талаптарының орындалу тәртібі мен әдістерін анықтайтын барлық құжаттар олардың өндірісте қолданылуына дейін басшылықтың қарауы мен мақұлдануынан өтуі керек. Бұл құжаттарға сапа саласындағы ұйымның саясаты, мақсаттары, бақылау әдістемесі, мен процедуралары, сапа бойынша басшылық, жұмыстың тексерілуі туралы есеп және тағы басқалар кіреді.
Құжаттардың шығарылуы барлық орындаушыларға түсінікті болуын қамтамасыз ету керек, ал ескірген құжаттама өз уақытында алынып тасталуы керек. Яғни мұнда:
Құжаттаманың құрамы мен қозғалысы дәл анықталуы керек. Құжаттар кез келген уақытта қол жетімді болуы керек. Олар бір-бірінен көшірілмей, бір-біріне қайшы келмейтіндей, белгілі жүйе бойынша жасалуы тиіс. Оған сапа саласындағы саясат (СС), сапа бойынша басшылық (СБ), құжаттандырылған процедуралар (ҚП), мекеме стандарттары (МС), жұмысшы ережелер (ЖЕ), қызметтік ережелер (ҚЕ), бөлімшелер туралы жағдайлар (БЖ), сапа бағдарламалар (СБ), құжаттарға қосымшалар (ҚҚ) т.б құжаттар тобы кіреді.
Жүйеде артық құжаттар болмауы тиіс, олар қажеттілікке байланысты жасалады. Құжаттар уақытында қайта қаралып, жаңартылуы тиіс. Әрбір қызығушылық танытқан тұлға өз құжаттарының мазмұнын білуі тиіс.
Сапа менеджменті жүйелерінде қолданылатын құжат түрлері:
Сапа менеджменті жүйесін бағалау.
Сапа менеджменті жүйелерін бағалаған жағдайда әрбір бағаланатын процесс туралы төрт негізгі сұрақ қойылуы тиіс:
Жоғарыда берілген сұрақтарқа жиынтық жауаптар бағалау нәтижелерін анықтай алады. Сапа менеджменті жүйелерін бағалау, қолданылу саласына байланысты болуы және аудит және сапа менеджменті жүйесін талдау, сондай-ақ өзіндік бағалау сияқты іс-әрекет түрлерін қамтуы мүмкін.Сапа менеджменті жүйесін бағалау-сапа менеджменті жүйесінің үрдістерін бағалайтын сапа менеджменті жүйесінің аудиті, сапа менеджменті жүйесін талдау өзіндік бағалау сияқтыларды сипаттайды.
СМЖ-ң жетілдіру моделдерінің арасындағы өзара байланыс
Сапа менеджменті жүйесі мен жетілу моделінің ара байланысы-ИСО
9000 сериялы стандарттар тобына келтірілген сапа менеджменті жүйесінің амалдары мен жетілу модельдері жалпы қағидаларға негізделген. Бұл екі тәсіл: