Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 20:28, курсовая работа
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
КІРІСПЕ 3
1.Нарық жағдайындағы өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы, негізгі жолдары. 1.1 Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарылатудың маңызы, негізгі жолдары 6
1.2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері 9
2. Сапаны басқаруды талдау 15
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі тетіктерінің ретінде 15
19
19
1-ші кесте. Сапаны басқару қызметінің құрылымы 19
3. Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарылатуға арналған шаралар және әлеуметтік тиімділігі 21
25
25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Өнімді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау /импорттық өнімдерге де/ бекітілген.
Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принциптерге жүргізіледі:
өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
сынақтың кәсіби түрде өтуі;
шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік сертификаттың уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
сертификаттау жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану, т.б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін 70%–ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қаупі деп есептелетін өнімнің үлесі 85%–дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.
Стандарт ─ бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісушілік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделері және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілген сапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді.
Стандарттау ─ бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң, стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды.
Стандарттаудың басты міндеті ─ халық шаруашылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талапттарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:
Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);
Салалық стандарттар (ССТ);
Техникалық жағдайлар (ТЖ);
Кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
Ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
Сапаны басқару жүйесінің ұйымдық қамтамасыз етілуі сапаны басқару жүйесін басқарудың Ұымдық құрылымы арқылы жүзеге асырылады. Ол кәсіпорындарды басқарудың ұйымдық құрылымы шегінде белгіленіді және басқару қызметкерлері сияқты, сапаны жалпы басқару, қамтамасыз ету және сапаны жоғарлату қызметтерін тікелей орындаушылардың да құқығы мен міндеттемелерін бөлу болып табылады (1-ші кесте сапаны басқару қызметінің құрылымы).
Өнім сапасын басқару жүйесінің басты мақсаттары:
- сапа жөніндегі барлық бөлімшелер қызметтерінің үйлестірілуі;
- өнімнің жекелеген түрлерінің сапасын басқару және қамтамасыз ету әдістерін өңдеу;
- сапаны басқару бойынша оқу бағдарламаларын дайындау;
- кәсіпорының сапа жөніндегі қызметінің нәтижелерін талдау;
- сапа жүйесін және оны жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыруды кезендік тексеру.
Ол сонымен қатар, көптеген кәсіпорында жеткілікті дами қоймаған бірқатар қызметтер атқарады. Мұндай қызметтерге төмендегілерді жатқызуға болады:
- кәсіпорынның нарықтағы өніміне сұраныс пен қажеттіліктерді зерттеу және болжамдау;
- өнімнің өміршендік циклының түрлі сатыларындағы сапа туралы қажетті мәліметтерді жүйелендіру және жинау;
- сапаны кешендік техникалық-экономикалық талдау, оны қамтамасыз ету шығындары және сапа жүйесі мен өнімнің сертификациясы жөніндегі мәліметтерін дайындау, сапаны басқару жүйесі мен өнімнің сапасын жоғарлатудағы экономикалық тиімділікті бағалау.
Сапаны басқару бөлімі осы қызметтің орталық бөлігі болып табылады. Ол сапаны басқару жүйесі бойынша барлық құжаттарды жасауды үйлестіреді, өнімнің жобалау конструкторлық зерттеуінен бастап, өнімді өткізу сатысындағы сапасын бақылауға дейін, сапаны басқару жөніндегі барлық қызметтердің орындалуын бақылайды.
Сапаны басқару бөлімі кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтеріне өнімнің жаңа сапасына және негізгі пішініне тұтынушылардың сұраныстары мен талаптары туралы мәліметтерді беру үшін сапа жөнінде ақпараттарды жинақтап қорытындылайды және талдау жасайды. Сапаны басқару бөлімінің маңызды қызметі - өнімнің өміршеңдік циклының барлық кезеңдерінде оның сапасын қамтамасыз ету шығындарын оңтайландыру және талдау, сонымен қатар, сапаны басқару жүйесінің өзінің тиімділігін бағалау болып табылады. Сертификаттау бөлімі шығарылатын өнімдерді, сапаны басқару жүйесінің өзін сертификаттау үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Техникалық бақылау бөлімі кәсіпорын директорына тікелей бағынышты бола отырып, қызметіне қарай сапа жөніндегі директордың орынбасарына бағынады.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа мәселесін шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемшіліктер, оларды талдау және себептерін талдау кіреді.
Сапасы төмен өнім өндірісінің негізгі факторлары мыналар: көптеген шаруашылықтарда қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы; өндірістің ескірген технологиясы; орындаушылардың білім деңгейінің төмендігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.
Сапасы төмен өнім өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарылату практикасында маңызды роль атқарады.
Өз курстық жұмысымда мен сапа жүйесіне арналған «Сапа» бағдарламасының кейбір баптарын келтіргім келіп отыр.
Республикалық «Сапа» бағдарламасы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы №367 қаулысына сәйкес әзірленген.
«Сапа» бағдарламасы отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындарының қызметтердің негізгі бағыттарын анықтайды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу және тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің сапасын жоғарылату болып табылады. Оны іске асырудың негізгі бағыттары:
Сапа саласындағы мемлекеттік басқару республикада нормативтік құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық-билік ету әдістерін ұтымды үйлестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс, бұл, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін маңызды.
Сапа саласында мемлекеттік басқарудың экономикалық нысандары, ұсынылған шығарылатын өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін ынталандыру, өндірушілер мен сатушылардың сапасыз өнімдерді сатуға және шығарылуына экономикалық жауапкершілігін арттыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Сапа саласындағы заңнама нормаларын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілердің қатаң орындалуын мемлекеттік қадағалау органдары өздерінің өкілеттілігіне сәйкес бақылайды.
Ұйымдастырушылық-билік ету нысандары өнімдердің сапасын арттыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сапа саласы мен тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің тұтыну қасиеттері туралы халықтың ақпарат алуын арттыруға мемлекеттік басқару органдарының, олардың өкілеттілігіне сәйкес қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Бәсекелесу қабілеті мен өнім сапасы проблемаларын шешудегі табысқа жетудің міндетті шарты ─ талдамалардың техникалық деңгейін арттыру, жаңа материалдарды, озық технологияларды қолдану, өнімдер орамасының әрленімдерін жақсарту.
Тауарлар сапасын бақылау және сынау әдістерін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу талап етуде.
Сапа проблемаларын шешудегі табыстың міндетті шарты ─ практикалық жұмыста өнімдердің сапасын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға қабілетті, жоғары білікті мамандардың болуы болып табылады.
Сонымен, өнім сапасын жоғарылату сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шешімін табуы тиіс деп санаймын:
─ отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
─ сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекелік қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда Жапония және Еуропа мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін жүзеге асыру;
─ тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапаның талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;
─ өндірістік саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелердің ортақ жүйесін құру;
─ құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау;
─ отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану;
─ өнімнің сапасын жоғарылатуда және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
─ өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа озат техника мен технологияларды пайдалану;
─ инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында ауылшаруашылық өнімнің сапасын басқару экономикалық өсудің, табыс табудың, кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігінің маңызды факторларының бірі. Бірақ осыған қарамастан, өнімнің сапасын жоғарылату мәселесіне аз көңіл бөлінеді, өйткені өнім өндірушілер негізінен оның көлемінің ұлғаюына бағытталады.
Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау – конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Стандарт ─ бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісушілік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік құжаты.
Жоғары сапалы өнім шығарудың кепілдіктерінің бірі ─ сертификаттау болып табылады. Сертификаттаудың негізгі мақсаты ─ адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Өнімді стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриялық дамуының негізі болып табылады.
Информация о работе Нарық жағдайындағы өнім сапасын жоғарылату