Нарық жағдайындағы өнім сапасын жоғарылату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2012 в 20:28, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1.Нарық жағдайындағы өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы, негізгі жолдары. 1.1 Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарылатудың маңызы, негізгі жолдары 6
1.2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері 9
2. Сапаны басқаруды талдау 15
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі тетіктерінің ретінде 15
19
19
1-ші кесте. Сапаны басқару қызметінің құрылымы 19
3. Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарылатуға арналған шаралар және әлеуметтік тиімділігі 21
25
25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой Менеджмент.doc

— 145.00 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

КІРІСПЕ                                                                                        

1. Нарық жағдайындағы өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы, негізгі жолдары                                                                                                                        6                  

     1.1 Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарылатудың маңызы, негізгі жолдары                                                                                                                        6

      1.2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері                                                                       9

      1.3  Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін

жетілдіру                                                                                                                     10

2.  Сапаны басқаруды талдау                                                                                    15

     2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасының жоғарлауын                                              басқарудың негізгі тетіктері ретінде                                                                      15

3. Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарылатуға арналған шаралар және әлеуметтік тиімділігі                                                                                                 21

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.    

Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда    егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан. Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді.  Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.

Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі  халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.

Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады.Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты ─ баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен);

тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;

есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;

органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;

социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;

сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.

Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

• сұрыптылығы; • маркасы; • жүктелімі; • пайдалы заттың мазмұны;

• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

1.Нарық жағдайындағы өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы, негізгі жолдары.                                                                                                                                                                                 1.1 Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарылатудың маңызы, негізгі жолдары

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы

алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын  тигізеді.

Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.

Сапа ─ бұл  экономикалық  категория,  ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен  тығыз байланысты. Сапаны  зерттеу  арқылы  сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді түсінуге болады.

Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Өнімнің  сапасын басқару ─ сапа  талаптарын  қанағаттандыру,  оның  ішінде  жобалау – конструкторлық және  өзара шарттық талаптарға сай  келуі  үшін  пайдаланатын  әдістер  мен  қызметтер  жиынтығы.

Сапаны  басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер  жатады. Олар  өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс  сатысында  және  өндірістен  кейінгі  сатыларында кездеседі.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:

өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін  қосу;

тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін  қалай  бағыттау;

өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі  механизм  әсерлерін  күшейту.

Сапаны  басқару  жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  береді:

жоғары  сапалы  өнімнің тұрақтылығын  қамтамасыз  ету;

өнім  көлемін  ұлғайту  және  оны  сататын  нарықты  (рынокты) табу;

жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы  жөніндегі  проблемаларды  шешу.

Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында  өнімдердің сапасын жақсарту ─ басқарылатын процесс.

Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарылату мәселесіне мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау, стандартизация, оны бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ өнеркәсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік, логикалық қорытындылаумен  ерекшеленбеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама  элементі, ал жоғары сапаға жету ─ өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың  бірі  болып  табылады.

Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарылату мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері  шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің  өсуіне  көп  көңіл  бөлді.

Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып  жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және   әлемдік  стандарттардан едәуір артта  қалған.

Өнім  сапасын  жоғарылату   өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де  өте  маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан  өндіру  мүмкін.

Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:

өнім сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;

өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің методологиялық тәсілдерін анықтау;

зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өнім сапасын басқару мәселелерін және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;

теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және  өнім сапасын басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;

ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық тиімділікті анықтау.

Өнім сапасын жоғарылату, оның жоғары деңгейіне  жету ─ шаруашылық механизмнің жетілдірудің, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі, сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз жоғары сапаға жетуге мүмкін емес  болып табылады.

Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде зерттеуші сапаға  тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы  ретінде қарайды.

Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл ─ сапаның жеке және қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыратын  деңгейі.

«Өнімнің сапасы» түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылату, қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға  мүмкіндік  береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға  бағыттануы  жағынан  қарастыруға  мүмкіндік  береді.

Информация о работе Нарық жағдайындағы өнім сапасын жоғарылату