Менеджмент туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

1. Менеджмент туралы түсінік
2. Менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің Қазақстандағы даму тарихы
3. Менеджерлердің іс-қызметтерінің бағыттары
4. Менеджерлерге қойылатын талаптар

1. Экономикалық нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типте басқару кадрларын дайындау және жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажетілігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда,кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты кадрларды дайындау менеджменттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс.
Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, заманауи техникамен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

MENEDJMENT to chto nuzhno.docx

— 120.77 Кб (Скачать документ)

 

Адаммен топтың өзара әрекет етуі бірлесу, қосылу, келіспеушілік түрде  болады.

 

Адам ұйымдағы міңез-құлық формалары  мен нормаларын және ұйымның мақсаттары мен философиясын қабылдауы немесе қабылдамауына байланысты адамның  мінез-құлығының 4 типі белгілі:

 

1.                             Құндылықтар мен міңез-құлық нормалары  толық қабылданады.

 

2.                             Ұйым құндылықтарын адам қабылдамайды, бірақ ұйымдағы міңез-құлық нормаларына  сай өзін ұстайды.

 

3.                             Адам ұйымдағы құндылықтарды  қабылдайды, бірақ ұйымдағы міңез-құлық  нормаларына қайшы.

 

4.                             Адам ұйымдағы құндылықтарға  және  ұйымдағы міңез-құлық нормаларына  қайшы.

 

Әрине, әрбір ұйым оның мүшелері өздерін  белгілі тәртіпте ұстағанын қалайды. Ол үшін мүмкін ынғайлар – белгілі  қасиеттері бар адамдарды жұмысқа  іріктеп, қабылдау; ұйымға қажетті бағытта  адамның мінез-құлығын өзгерту (адам үйренуге қабілеті және ынтасы болған жағдайда мүмкін).

 

9-Тақырып. Жоспарлау қызметі

 

 

 

1.                                         Басқару үрдісі

 

2.                                         Жоспарлау ұғымы, принциптері

 

3.                                         Жоспарлар жүйесі

 

 

 

1. Басқару – бұл ұжымдағы  адамдарға және жекелеген адамдарға,  олардың бірлескен (еңбек) жұмыс  процесіне мақсатты жүйелі ықпал  ету.

 

«Мақсаттылық»  - ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді.

 

«Жүйелілік» -  жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді.

 

 

 

3-Сурет - Басқару үрдісінің мазмұны

 

 

 

Д.Н.Бобрышев басқару процесіне  мынадай анықтама берген: «Басқару процесі – бұл шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған шешімнің орындалуы  жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің орындалу барысын  бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру».

 

Басқарудың барлық қызметі бір  – біріне тығыз байланысты. «Менеджмент  негіздері» кітабының авторлары (М.Х.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури) «басқару процесі  өзара байланысты қызметтерден: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылаудан тұрады» деп пайымдады.

 

 

Халық шаруашылығын жоспарлаудың бұрынғы  тәжірибесін екі тұрғыдан бағалауға  болады. Бір жағынан, ол волюнтаристік (өмірдің негізі ерік деп санайтын реакцияшыл философиялық ағым) және екіншісі нұсқаушылық (директивті) сипатта болады. Мемлекеттік жоспарларға заңды  күш берілді, бекітілген көрсеткіштердің  біреуін орындамаудың өзі өте  жағымсыз салдарға әкеліп соқтырады. Мемлекеттік  жоспар - экономикалық үстемдіктің  формасын, бұрынғы кеңестік республикалардың әлеуметтік-экономикалық дамуында бүркеленген  құлдырауды өзінше көрсететін жоспар.

 

2. Жоспарлау - жоспарларды құру  процесі. Жоспар дегеніміз ұйымның  болашағының күрделі әлеуметтік-экономикалық  үлгісі. Жоспарлау түрлері басқару  деңгейлеріне байланысты.  Жоспарды  құрған кезде ұйым қандай жағдайда  тұр, қайда бет алғысы келеді  және ол үшін не істеу керектігі  белгіленеді.

 

 Жоспарлаудың негізгі тапсырмалары:

 

- болашақта қол жетімді мақсаттарды,  іс-әрекет түрлерін анықтау;

 

- материалдық, ақпараттық, адам  ресурстарын табу және оларды  нақты қажеттіліктерге сай тарату;

 

- ұйымдық құрылым, басқару жүйесін  қалыптастыру немесе қайта құру, мүдделі жақтарға қажетті ақпараттың  түсуін, өңделуін және жеткізілуін  қамтамасыз ету;

 

- өз тапсырмаларын, оларды шешу  жолдарын білетін қызметкерлердің  еңбек белсенділігін көтеру;

 

- мақсатқа жетудің ең ұтымды  және тиімді әдісін таңдау;

 

- кәсіпорынның іс-әрекетін сенімді  бақылау негізін құру.

 

 Жоспарлаудың негізгі принциптері:

 

1.жоспарлауға неғұрлым көп қызметкерлерді  қатыстыру (кеңес берушілер, мамандар, қызметкерлер);

 

2.үздіксіздік – жоспарлар үнемі  сыртқы және ішкі өзгерістерге  бейімделеді, сонымен қатар ескі  және жаңа жоспарлардың реттілігі  сақталады;

 

3.үйлестіру және бірігу –  бір деңгейдегі бөлімдердің жоспарлары  үйлеседі, фирмалық деңгейден бастап  төменгі деңгейдегі жоспарлар  бірігеді;

 

4.үнемі мақсаттарға жету шарттарын  қамту;

 

5.жоспарлаудың алғашқылығы;

 

6.үнемділік;

 

7.икемділік.

 

Жоспарлау объективті экономикалық заңдарды бейнелеуге, адамдардың еркіне сүйеніп, тежелуге тиісті емес, өйткені ол - бұлардың органикалық бірлігі, мұнда өзгеріс  мәніне субъективті фактор ие болады. Экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылатын ғылыми жоспарлаудың мәні де осында. Жоспарланатын процестердің жиынтық негізіне халықтың қажеттіліктерін  көрсететін басқарудың осы объектісінің іс жүзіндегі нақты әлеуметтік-экономикалық процестері жатады.

 

 Жоспарлауға басқару элементі  ретінде қарау жөніндегі ұстаным  басқару жүйесінен өзіне-өзі бас  тартудан емес, оның жаңа, көбінесе  нарықтық жағдайларға бейімделуі  мен бұл жүйенің сапалық, шығармашылық  өзгеруінен тұрады. «Процесті қозғайтын,  өндіргіш күштердің дамуын тездететін  және тиімділікті арттырудың  тетігі - меншіктілік формасы емес, экономикалық немесе шаруашылық  тетік болып табылады. Еркіндікті  дәл сол дамытады, пысықтықты  көтермелейді, тәуекелділікті тудырады»  (Л.Абалкин). Осындай күшті тетіктердің  бірі - жоспарлау болып табылады. Ол меншік түріне, басқару объектісінің  орналасу кеңістігіне қарамастан  қолданылады.

 

Жоспарлау - кез-келген шаруашылық қызметі  жетістігінің маңызды бөлігі. Оны  елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі, өйткені  фирма істеріне қатысты жақтардың  барлығының - жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, бәсекелестердің, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Сондай-ақ жоспар қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек.

 

3 . Жоспарлар жүйесін келесідей  жіктеуге болады:

 

1.іс-әрекеттің негізгі бағыттары  – 10-15 жылға арналған стратегия;

 

2.ұйымды дамыту жоспарлары - 1-5 жыл,  өндірісті дамыту перспективалары,  жаңа өнімді, технологияны шығаруға  көшу (диверсификация, жою, ғылыми  зерттеу);

 

3.ұйымның ағымдық іс-әрекетін  реттейтін тактикалық жоспарлар  (маркетинг, қаржы, өндіріс, сатып  алу, бизнес жоспар);

 

4.мақсатты сипаты бар бағдарламалар  мен жоспар, жобалар – жаңа  өнім мен технологияны өңдеу,  өндіріс шығындарын азайту, ресурстарды  үнемдеу, жаңа нарыққа ену.

 

Стратегия – бұл мақсаттарға  жету жолында іс-әрекет бағдарламасы, басымдылықтар мен ресурстарды  тарату, стандарттық жағдайда басшылыққа алынатын ережелер жиынтығы.

 

 Стратегиялық жоспарлаудың  сипаттамасы:

 

-                     стратегия көбінесе жоғары басшылықпен  құрылады, бірақ оның орындалуына  барлық басқару деңгейлері қатысады;

 

-стратегиялық жоспар жеке тұлға  үшін емес, бүкіл кәсіпорынның  болашағы үшін жасалады;

 

-стратегиялық жоспар көлемді  зерттеулер мен нақты мәліметтерге  негізделеді;

 

-стратегиялық жоспар  фирманы  нақтылыққа итермелейді;

 

-стратегиялық жоспарды өңдегенде  оның тұтастылығы бұзылмай, икемді  болуын қамту керек.

 

Бизнес жоспар – мәмілені өткізу және пайданы алу үшін жоспарлы бағдарлама. Бизнес жоспар бәсекелестік жағдайында болашақ кәсіпорынның қызмет атқару қабілетін анықтауға мүмкіндік  береді, кәсіпорынды құру кезеңінде  бизнесмен басшылыққа алатын бағыттарды көрсетеді, сыртқы инвесторлардан қаржылық көмекті алуда маңызды құрал  болып табылады. Бизнес жоспардың  құрылымы міндеттелмейді, бірақ көпшілік жағдайда оның бөлімдері келесідей  болады:

 

1.мәміленің мақсаттары мен тапсырмалары;

 

2.жалпылама резюме, негізгі параметрлер  мен көрсеткіштер;

 

3.тауарлардың, қызметтердің сипаттамалары;

 

4.өткізу нарығының конъюнктурасын, сұраныс, сату көлемін талдау  және бағалау;

 

5.іс-әрекет жоспары және ұйымдық  шаралар;

 

6.мәміленің ресурстық қамтылуы;

 

7.мәміленің тиімділігі.

 

 Индикативтік жоспарлау әкімшілік  тәсіл болып саналмайды. Егер  индикативтік жоспарлаудың рөлі  әкімшілік ету деп түсінсек, бұл  - жаңылысу. Ол ойластырылған стратегияның  бар болуы сияқты, макро-, мезо  және микродеңгейде жүріп жатқан  әр түрлі процестердің қиысуы  ретінде қарастырылуы тиіс. Директивті  жоспарға қарағанда индикативтік  жоспарда шаруашылық жүргізуші  субъектілер орындауға міндетті  тапсырмалар болмауы керек және  ол басқарудың көптеген буындарының  қатысуымен жасалады. Индикативтік  жоспарлар шаруашылық жүргізуші  субъектілердің еркін, дербес  жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді  және алда тұрған келешектегі  жұмыс үшін бағдар болып табылады.

 

 Индикативтік жоспарлау мынадай  түрлерді қиыстыру (үйлестіру) рәсімдерінің (процедураларының) жиынтығы ретінде  болады.

 

 Макроэкономикалық жоспарлау  - өндірістің біріккен тәсілі  немесе жаңа уақыттың экономикалық  шындықты бейнелейтін қазіргі  заманғы ғылыми категориясы. Барлық  фазалары (өндіріс, бөлініс, айырбас,  тұтыну) біртұтас деп алынатын  кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық  жоспарлаудың ерекше көлемі болып  табылады. Макроэкономикалық жоспарлау  мемлекет жасайтын болжамдарды,  бюджеттік жоспарларды, бағдарламаларды  қамтиды. Жоспарлаудың осы деңгейіндегі  субъект болып макроэкономикалық  меншік иесі шығады, оның стратегиялық  мақсаты – дамудың тұрақтылығы  мен бәсекегеқабілеттілік белгілеріне  сай берілетін экономикалық өсу.

 

Аумақтық жоспарлау индикативтік жоспарлаудың түрі ретінде мемлекет деңгейіндегі (макрожоспарлау), бірақ  аймақтық және жергілікті билікпен  жүзеге асырылатын процестерді қамтиды. Оның негізгі айырмашылығы – аумақ  пен халықтың ерекшеліктерін ең көп  шамада ескеруге тиісті жергілікті өзін-өзі  басқару тұжырымдамасына негізделеді.

 

 Мезожоспарлау – салаларда,  сала тармақтарында, аумақтық-өндірістік  кешендерде, ірі корпорацияларда  және т.б. болып өтетін процестерді  қамтитын индикативтік жоспарлаудың  бір түрі.

 

 Микрожоспарлау – менеджменттің  ең көп тараған түрі. Ол микродеңгейде  қолданылады және кәсіпорынның  жоспарларында жүзеге асады. Бұл  деңгейде жоспарлау мәселелеріне  ерекше көңіл бөлінеді, өйткені  нақтылы кәсіпорында пайда болатын  процестер, тауардың тағдырын, оның  бәсеке қабілеттілігі, ақыр соңында,  экономикалық бәсеке қабілеттілігін  айқындайды.

 

 Индикативтік жоспарлаудың  әр қилы түрлерінің мәні жайлы  айтқанда, олар экономиканың мемлекеттік  бағдарламаларының маңызды элементі  екендігін түйіндеуге болады.

 

ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанда 1999 жылы 13 қазаңда ҚР Стратегиялық жоспарлау  жөніндегі және экономикалық жоспарлау  жөніндегі агенттік құрылды, кейіннен ол экономика мен сауда министрлігі  болып қайта құрылды. Қазір экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігі  ретінде қызмет атқарады. Оның негізгі  мақсаты – мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, бұған мемлекеттік  кірістер мен шығыстарды жоспарлау  ғана емес, оларды сайма-сай, үйлесімді  бөлу де кіреді.

 

 Қазақстанның индикативтік  жоспарлауды жасауда белгілі  бір тәжірибесі бар. Бұл орайда  ҚР элеуметтік-экономикалық дамуының 1996-2000 жж. арналған индикативтік  жоспары жасалды. Ол макроэкономикалық  аспектіні, сыртқы саясат, институционалдық  өзгерістерді (жекешелендіру, кәсіпкерлікті  дамыту, нарықтық инфрақұрылым құру) қамтыды. Содан соң 2001-2005 жж. арналған  әлеуметтік-экономикалық дамуының  индикативтік жоспары дайындалды. Онда әлеуметтік-экономикалық саясаттың  мақсаттары мен маңызды макроэкономикалық  көрсеткіштерді, халық шаруашылығының  негізгі салаларын дамытуды, шағын  кәсіпкерлікті, мемлекеттік және  салалық бағдарламаларды дамытуды  болжауы бар.

 

ҚР Үкіметінің № 822 қаулысымен 2007-2009 жж. арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік жоспары  бекітілді. Ал ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуын ортамерзімдік жоспарларын  дайындау ережелері ҚР 14.06.2002 жылы № 647 қаулысымен бекітілді. Осындай жоспарлар  тек республика көлемінде емес, сонымен  қатар жергілікті деңгейде де әзірленеді.

 

Нарықтық экономика жағдайында микроэкономикалық деңгейде жоспарлауды  нығайту, өндіріс ішіндегі және фирма  ішіндегі жоспарлау туралы ұлттық бағдарлама мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі  тетігі ретінде сөз қозғалуы тиіс.

 

К. Бердалиев бойынша фирма ішіндегі жоспарлауға мыналар кіреді:

 

-фирманың сыртқы төңірегінің  даму келешегін айқындау;

 

-мақсаттар мен ықтимал стратегияларды  тұжырымдау;

 

-бірінші кезектегі міндеттер  мен оларға жету жолындағы  іс-әрекетті айқындау.

 

Фирма ішіндегі жоспарлаудың мақсаттары: фирманың жұмыс істеуіндегі белгісіздік  пен құбылмалықтың теріс әсерін жою; басты міндеттерге бас назар  аудару; үнемді жұмыс істеуге жету мен бақылауды жеңілдету.

 

Фирманың іс-әрекетін жоспарлау  процесіне мына кезеңдер кіреді:

 

-  мүмкіндіктерді (ресурстарды,  өндірісті, қуаттылықты) анықтау;

Информация о работе Менеджмент туралы жалпы түсінік