Менеджмент туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

1. Менеджмент туралы түсінік
2. Менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің Қазақстандағы даму тарихы
3. Менеджерлердің іс-қызметтерінің бағыттары
4. Менеджерлерге қойылатын талаптар

1. Экономикалық нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типте басқару кадрларын дайындау және жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажетілігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда,кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты кадрларды дайындау менеджменттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс.
Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, заманауи техникамен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

MENEDJMENT to chto nuzhno.docx

— 120.77 Кб (Скачать документ)

 

·қоғамдық өңдірістің құрылымындағы  жоспарланған өзгертулерді жүзеге асыруға  бағытталған экономикалық ынталандыруды  саралау;

 

·ұжымдық және жеке мүдделердің  бірыңғай болуын қамтамасыз ететін алғышарттарды  жасау;

 

·экономикалық ынталандыруды моральдық  ынталандырумен ұштастыру;

 

·кәсіпорындардың және лауазымды  тұлғалардың материалдық жауапкершілігін  қарастыратын экономикалық санкциялармен  экономикалық ынталандыруды ұштастыру.

 

Еңбекақы материалдық тұрғыдан ынталандыратын жүйеде жетекші орын алады.

 

Фирманың іс -әрекет жасауының экономикалық тетігі коммерциялық есеп әдісін пайдалануды  ұйғарады, себебі қажет:

 

-өңдіру мен өткізудің пайдалы  болуын қамту;

 

-инвестицияларды бөлу және өңдірісті  орналастыру;

 

-қаржыландыру және несие беру;

 

-технологияларды дамыту және  т.б. 

 

Коммерциялық есептің ерекшеліктері, яғни ерекше жақтары  (орталықтандыруды күшейту және өңдірістік бөлімдерге дербестік беру) ең алдымен жоспарлау, бақылау функцияларын дамытумен  әрі коммерциялық есепті осы функцияларды істерді жүзеге асырудың әдісіне  айналдырумен байланысты.  Коммерциялық есеп аясында ішкі фирмалық есеп деп  атауға болатын фирма ішіндегі қарым  –қатынастардың формасы пайда болып, дамиды. Бұл форма корпорация ішіндегі жабдықтаумен байланысты фирманың жекелеген  бөлімшелерінің өзара қарым-қатынасын, сондай –ақ осы негізде қалыптасқан  шаруашылық қатынасты бейнелейді. Ішкіфирмалық есептің басты айырмашылығы –  ол бір ғана компанияның меншік аясында  жүзеге асырылады, ал коммерциялық есеп – бұл есепті жүргізуге мүмкіндік  беретін әрі әр түрлі меншік иелерінің  арасындағы қарым –қатынасты бейнелейтін  шаруашылық етудің әдісі болып табылады.

 

Басқару тетігінің әр түрлі экономикалық тұтқаларының ішінен басты орынды фирманың экономикалық қызметін барлық жағынан  бейнелей алатын баға және баға белгілеу алады. Сыртқы контрагенттермен есеп айырысқанда  фирма көбінесе бағаның жарияланатын және есептесу деп аталатын екі түрін  пайдаланады. Жарияланатын бағаға берік  тіркелген бағалар жатады:

 

-прейскуранттық;

 

-анықтамалық;

 

-биржалық баға белгілеудің бағалары;

 

-аса ірі фирманың әлемдік  нарықтағы нақты мәмілелік бағалары, яғни аса ірі фирманың әлемдік  нарықта жасаған нақты мәміледе  белгіленген бағалар.

 

Есептесу бағалары – бұл күрделі  өнеркәсіп құралына немесе стандартты емес өнімге белгіленетін, жеке тапсырыс бойынша дайындалатын жабдықтаушының бағалары.

 

Жарияланатын бағалар әдетте әлемдік  бағаның деңгейін көрсетеді. Оның ішіндегі ең кеңінен тараған – стандартталған түпкілікті өнімге белгіленетін прейскуранттық бағалар. Анықтамалық бағалар да әлемдік нарықтағы бір текті  өнімдердің бірыңғай деңгейін және салыстырмалы тұрақтылығын айырықшалап көрсетеді, өнеркәсіптік шикізат тауарларының аңықтамалық бағалары көбінесе базистік деп аталатын бағаларды, яғни белгілі бір сапасы мен саны өзіндік ерекшелігі және мөлшері бар тауардың бағаларын білдіреді.

 

Әр фирманың қаржы саясатының нақты  формалары мен әдістерін пайдалануда  өздерінің елеулі айырмашылығы болады. Алайда оның жалпы белгілері мен  принциптерін сондай –ақ қаржылық саясаттың құралдарын айта кетуге болады. Олардың ішіндегі маңыздылар:

 

-пайданы бөлу және қайта бөлу;

 

-әр түрлі бөлімшелердің қызметін  қаржыландыру және несиелендіру;

 

-фирма ішіндегі қаржылық операциялардың  және осы операциялар есебінің  құрылымы мен сипатын анықтау.

 

Қаржыландырудың ішкі көзі амортизациялық аударымдарды, бөлінбеген табысты шоғырландыру жолымен, сондай ақ қарыз және несие  алу арқылы қалыптасады.

 

Қаржыландырудың сыртқы көзі бұл коммерциялық банктерден, арнайы қаржы мекемелерінен  халықаралық қаржы ұйымдарынан, акцияларды сатудан алынған несие  және қарыз. Фирманың қаржы көздеріне  қатысты қаржылық саясатты әзірлеу  барысында әр түрлі принциптер мен  бағыттар пайдаланылады:

 

-   ішкі қаржыландыру көздерін  ең көп шамада пайдалану;

 

-   орналастырушы елден алынған  қаражатты шектеу және қабылдаушы  елден негізінде қарыз түрінде  алынған қаржы ресурстарын барынша  көбейтуге талпыну;

 

-   қабылдаушы елдің өз  ішінде әр түрлі қаржы көздерін  ең көп шамада пайдалану және  халықаралық банктерден қарызға  қаражат алу;

 

-   ішкі фирмалық қаржыландырудың  маңызды аспектісі – қаржыландырудың,  оның көздері мен шарттарының  сипатын анықтау. 

 

2. Экономикалық басқару әдістерінің  оңды қолданғанда өнім сапасы  жоғары, жоғары пайда болады, керісінше  болса- ұйым зиян шегу, банкроттыққа  ұшырайды.

 

Оңды жақтары:

 

-                                                         шаруашылықты жоспарлап жүргізу;

 

-                                                         коммерциялық есепті дамыту;

 

-                                                         жалақының өсуі;

 

-                                                         пайдадан сый ақы беру жүйесін  дамыту;

 

-                                                         материалдық қажеттіліктердің өсуін  мадақтау;

 

-                                                         әлеуметтік және медициналық  қамтамасыз етуді дамыту.

 

Теріс жақтары:

 

-                                                         шаруашылықты жоспарсыз жүргізу;

 

-                                                         коммерциялық есепті жою;

 

-                                                         жалақының өспеуі;

 

-                                                         пайдадан сый ақы беру жүйесін  жою;

 

-                                                         материалдық қажеттіліктердің өсуіне  көңіл бөлмеу;

 

-                                                         әлеуметтік және медициналық  қамтамасыз етуге көңіл бөлмеу.

 

 

 

16-Тақырып. Басқарудың әлеуметтік  – психологиялық әдістері

 

1. Әлеуметтік – психологиялық  әдістердің мәні, мазмұны 

 

2. Әлеуметтік – психологиялық  әдістердің артықшылықтары мен  кемшіліктері. Ұжым мен жеке дара  психология

1.Басқарудың әлеуметтік-психологиялық  әдістері ұжымды қалыптастыру  әрі дамыту процесіне, олардың  өз аралығындағы әлеуметтік процестерге  ықпал етудің нақты амалдары  мен тәсілдерін білдіреді. Бұл  әдістің мақсаты – адамдардың  өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік  қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың  жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз  ету және осылардың негізінде  жеке тұлғаның еңбекке деген  құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек  етуін арттыру. Әлеуметтік-психологиялық  әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін  пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме  (мотивация) саяси, моралдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік  мүдделердің бағдарын қарастырады.

 

Формалды құрылым ұжымда формалды түрде анықталып, заңмен, міндеттемелермен, өкілеттіліктермен және жауапкершілікпен бекітілген адамдардың байланыстары мен  қатынастарын бейнелейді.

 

Бейресми құрылым жақсы көру, жек көру, мінез ұқсастығы, ортақ  мүдде, өзара түсіністік негізінде  қалыптасқан байланыстар мен  қатынастарды бейнелейді.

 

Әлеуметтік әдістер қилы әдістердің кең спектірін қамти алады:

 

                                                                         - әлеуметтік нормалау;

 

                                                                         - әлеуметтік-саяси;

 

                                                                         - әлеуметтік реттеу;

 

                                                                         - әлеуметтік бастама;

 

                                                                         - моралдық ынталандыру.

 

Әлеуметтік нормалау әдістері, әр түрлі әлеуметтік нормаларды енгізу жолымен, ұжым және жекелеген жұмыскерлер  арасындағы әлеуметтік қатынасты оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға  ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр түрлі кодекстер, өңдірістік әдеп ережелері, тәртіпке шақыру формалары жатады.

 

Әлеуметтік – саяси әдіс –  бұған қоғамдық ұйымдардың ықпал  ету әдістері кіреді (үгіт-насихат, басқару ісіне қатыстыру және т.б.)

 

Әлеуметтік реттеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың, топтардың, тұлғалардың  мүдделері мен мақсаттарын анықтау  және реттеу жолымен әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, үйлестіруде пайдаланады.

 

Моралдық ынталандыру әдістерін  өз қызметтерінде жоғары нәтижелерге  қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды көтермелеу үшін қолданады.

 

Басқарудың психологиялық тәсілдері  адамдар арасындағы қарым-қатынастарды ұжымда үйлесімді ахуал жасау  арқылы реттеуге бағытталған.

 

Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді:

 

1)                                        шағын топтар мен ұжымдарды  іріктеп жинақтау;

 

2)                                        еңбекті ізгілендіру (гуманизациялау, ниетті ояту);

 

3)                                        психологиялық себепкерлік (мотивация);

 

4)                                        кәсіби іріктеу мен оқыту.

 

Шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп  жинақтау әдістері шағын топтардағы еңбеккерлер арасындағы оңтайлы  сандық және сапалық арақатынастарды  анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы зерттеулер көмегімен топ ішінде пайда болған бір-бірін ұнату  мен жек көру сезімдерін, оның әрбір  мүшесінің орнын топтағы қызметкерлермен  психологиялық үйлесуі негізінде  анықтауға болады.

 

Еңбекті ізгілендіру (гуманизация) әдістеріне мыналар жатады: түрлі түс пен  музыканың психологиялық әсер етуін  қолдану, еңбектің бір сарындылығын болдырмау, шығармашылық үдерістерді  кеңейту және т.б.

 

Еңбеккерлердің психологиялық  ынтасын ояту үлкен мәнге ие болуда. Психологиялық ынтаны ояту моралдық ынталандыруда еңбеккерлерді еңбекке  тартуға бағытталуымен айырықшаланады.

 

Кәсіптік іріктеу мен оқыту  әдістері қажетті психологиялық  сипаттамаларды дамытуға: орындалатын  жұмысқа неғұрлым көп деңгейде сәйкес келетін психологиялық қасиеттері бар адамдарды іріктеуге бағытталған.

 

Әлеуметтік – психологиялық  әдістерді қолдану тетігі  қоғамның, ұжымның және жеке тұлғалардың мүдделерін ескеру мүмкіндігі басқару процесінде қамтамасыз ететіндей болып құрылуға тиісті.

 

 

2. Әлеуметтік – психологиялық  әдістердің оңды жақтары:

 

- қызметкерлердің өзара қарым-қатынастарының  моралдық кодексін қалыптастыру;

 

- тиімді әлеуметтік ықпал ету  әдістері;

 

- персоналға рационалды психологиялық  ықпал ету әдістері.

 

Теріс жақтары:

 

- екі жақты моралға негізделген  нақты емес моралдық кодексін  қолдану;

 

- тиімсіз әлеуметтік ықпал ету  әдістері;

 

- персоналға тиімсіз психологиялық  ықпал ету әдістері.

 

Әлеуметтік-психологиялық әдістер  ең нәзік ықпал ету құралы. Адамдарды  басқару өнері осы әдістерді  мөлшерлеп және дифференциалды түрде  қолдануда. Қазіргі нарық жағдайында әкімшілік басқару әдістерінен  басым демократизация, патернализм, адамгершілік қарым-қатынастардың  принциптері болу керек.

 

 

 

17-Тақырып. Басқарудың ұйымдастыру  - өкімдік әдістері

 

1. Ұйымдастыру - өкімдік әдістері. Жарғы. Ережелер. Келісім шарт. Нұсқаулар

 

2. Ұйымдастыру - өкімдік әдістерінің  артықшылықтары мен кемшіліктері

 

1. Ұйымдастыру-басқарушылық әдістерін  қолдану тетігі ұйымдастыру қатынастарының  мәні болып табылады. Бұл әдістердің  ерекшелігі мынада: біріншіден, олар  жүйеге тұтастай немесе оның  элементеріне жеке-жеке тікелей  нұсқаушылық (директивті) әсер етуді  бейнелейді; екіншіден, олар басшыға  бір мағыналы шешім қабылдауға  мүмкіндік береді; үшіншіден, олар  ережелердің, нұсқаулардың, бұйрықтардың, өкімдердің және т.б. міндеттілігіне  негізделеді. 

 

Ұйымның әр түрлі типтері бар:

 

1. Басқару функциясы істі бұлжымайтындай  етіп бөлуге, қызметті реттеуге, мұқият бақылауға негізділген  ұйым. Мұндай тип басқаруда туындаған  барлық мәселерді алдын-ала көруді, қатаң есепті талап етеді.

 

2. Ұйымның икемді типі. Оның артықшылықтары  мен кемшіліктері бар.

 

Артықшылықтары: икемділігі, болжанбаған  жаңа мәселелердің пайда болуына  орай шұғыл жауап беруі; оларды шешуде бейресми әдістердің мол мүмкіндіктері.

 

Теріс жақтары: комиссия жұмысын бақылаудың қиындықтары, оларды қалыптастыру мен  реформалау жөнінде қосымша күш-жігер  жұмсау, басқаруды ұйымдастырудың кейбір күрделілігі.

3.    Көбінесе әлеуметтік  факторлардың болуына негізділген  ұйым. Мұнда басты назар кадрларды  іріктеу мен даярлауға, олардың  жұмысына мақсаттар мен міндеттер  қоюға, құрылымдық ресімделуге аударылады. Міндетті істі бөлу бейресми емес белгілер бойынша жүзеге асады.

 

Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері жоғары тұрған билікті еркін  орындау үшін басқару аппараты қызметкерлерінің әрбірінің жеке жауапкершілігін  қамтамасыз етуге тиісті.

 

Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері шығу көздері мен қосымша (ықпал ету) бағыты бойынша былайша  жіктеуге болады:

 

                                                       - ұйымдастырушы-тұрақтандырғыш;

Информация о работе Менеджмент туралы жалпы түсінік