Әлеуметтік саясаттың мәні мен жіктелуі және механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Оған себеп:
1.әлеуметтік шиеленістерді шешетін институттар саны мен тәжірибенің жеткіліксіз болуы ескі жүйеге деген сенімсіздік туғызды, жаңарған қоғам құруға итермеледі;
2.демократиялық қоғамның-әлеуметтік жаңарулармен қатар дамуы;
3.әлеуметтік саясат әр кезде биліктің легитімділігіне жағдай жасайды, ал өтпелі кезең легитімдіктің жетіспеушілігімен сипатталды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sabyr15.docx

— 101.32 Кб (Скачать документ)

Бұл модельдерден Қазақстан өзіне тиісті лайықтысын алуына болады.Бірінші модельдің әлеуметтік мәселені шешуде кең диапазонда ортақ талқыға сала отырып шешуі өте тиімді шешімдердің бірі деп санаймын.Халықты әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандыру жүйесін,оның интеграциясын қалыптастыру аса маңызды шешімдердің бірі болары хақ.Сондықтан да бұл шараны мемлекет қолдануы тиіс.

Әлеуметтік жұмысты дамытуда экономиканы реттеу аса маңызды, өйткені көптеген әлеуметтік проблемалар осы қаржы проблемасының салдарынан шешілмейді,әрі қарай күрделі проблемалардың өршуіне алып келеді.Қоғамның,ондағы әрбір азаматтың сапалы әрі бақытты өмір сүруі әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты болғандықтан елде ең алдымен әлеуіметтік мәселе бірінші кезекте тұруы керек.Әлеуметтік жұмыс жүзеге асуы үшін диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру аса маңызды.Әр түрлі себептердің салдарынан туындаған мәселенің нақты жолын табу үшін заманауи үлгідегі технологиялармен оқытылған,біліммен байытылған мамандар мен кадрларды қайта даярлау ең басты міндет болуы тиіс. Өйткені әлеуметтік мәселелердің шешілуі ең алдымен білікті маманға байланысты.Шет елдермен тәжірибе алмасу елімізде әлеуметтік жұмыстың ілгері дамуына өз септігін тигізеді.Әлеуметтік қызметкер мәселені шешуде өзінің тиімді әдістерін,белгілі бір құралдарды пайдаланады.Оларға әр түрлі іс-қимылдар,заттық жабдықтар,қосымша рухани және материалдық қаражаттар,әдістер жұмыс түрлері,ақпараттық технологиялар жатады. Әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғасы біліміне,шеберлігіне байланысты қалыптасады.Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде жаңалықтардың ашылып тұруы мүмкін.Бұл мақсатқа тез жету үшін ақпараттық технологияларды дамыту керек. Әлеуметтік жұмыста анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б әдістер дұрыс қолданып жүзеге асуы тиіс. Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологиялық, педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық-экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен түрлі мұқтажын қанағаттандыруына байланысты,яғни онда азық-түлік,зат,ақша жеңілдік,ақшалай көмек т.б. тәрізі түрлі көмектер беріледі.Псих-педагогикалық әдіс-тура емес,жанама клиентке,оның мінез-құлқы мен көңіл күйіне әсер ету арқылыжүргізілетін әдістер түрін зерттеу керек.Әлеуметтік жұмыстың үлгісі-әлеуметтік жұмыстың социологиялық модельі қоғаммен тікелей байланысты,көптеген социологиялық үлгілер социологиялық концепциялардан туындаған.Социологиялық әдістің әлеуметтік-радикалды үлгісі адамның құқығы үшін күреседі,осы әдісті әрі қарай жандандыруымыз керек.Қоғамдағы түрлі кері әсерлердің болмауының алдын алуымыз керек.Әлеуметтік жұмысты дамытуда әлеуметтік қызметкер рольдік теория немесе рольдік әдіс теориясын ерекше жақсы игеруі тиіс.Әлеуметтік қызметкер рөльдік ойын арқасында клиенттің мінез құлқын өзгертеді.Мысалы, әйел-ана «немқұрай әйел» рөлінен айырылғысы келеді.Осы ойын арқасында әлеуметтік қызметкер бұрынғы рөлін «жақсы көруші ана» рөліне өзгертеді.Осылайша әлеуметтік қызметкер өз клиенттеріне көмек көрсетеді..

Енді үкімет саясатының құрамы қоғамдағы саяси теңдікті сақтау құралы ретінде қарастырды.Осы модельдерді Қазақстан өз әлеуметтік жұмысын дамытуда қолдануына болады.

Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын талдағанда: кризисті приодтағы, еңбек қатынастарындағы, әлеуметтік қамту жүйесіндегі, тұрмыстық саясаттағы еңбек саласындағы саясаттың экономикалық шараларын жүзеге асу нәтижесі өте төмен болды.

Әлеуметтік жұмыстың қағидаларын реттеуде мемлекеттің саясаты басты негіз болып табылады.Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік технологияларды қарапайым(арнайы мамандығы жоқ адамдарда жүргізген),күрделі (мамандықты қажет ететін) және комплексті(бірнеше мамандықтарды қажет ететін)болып бөлінеді.Әлеуметтік жұмыстың жалпы психологиясымен бірге(диагноз, экспертиза, болжау, көпшілікпен байланыс) әлеуметтік жұмыстың нақты әдістері мен үлгілерін іске асыруымыз керек.

Болашақты алдын-ала пайдалану технологиясының негізінде тұрғындардың камқорлығы туралы мемлекеттің ерекше саясаты жатады. Дегенмен парламенттің депутаттары қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік мәселелерді алдьн-ала шешумен айналысқысы келмейді. Осындай мәселелер адамдар өміріне кіріп, оларға көп қиындық пен қайғы әкелгенде ғана депутаттар зандарды қабылдайды. Мысалы: Қазақстанда балалар туылған кезде берілетін әлеуметтік көмек 2002 жылдан бастап қана беріліп жатыр.

Әлеуметтік технологиялар іске асқан кезде бірнеше түрлерге белінеді: диагностика технологиясы, жобалау және жобалау мен бағдарламаларды іске асыру, бейімделу мен әлеуметтік ағарту (реабилитация) технологиялары.

«Диагностика термині (грек тілінде «танып-білу, анықтау) медицинада ауруды тану және диагноз қою дегенді білдіреді. Әлеуметтік ауру туралы тусінік әлеуметтік жұмыстың пайда болуымен бірге қалыптасты. Туберкулез, рахит, жыныстық қатынас арқылы жүғатын аурулар көбінесе адамдардың материалдық жағдайының нашарлығымен байланысты. Қайыршылық, ашаршылық, жалғыздық және т.б. әлеуметтік ауруларға жатады.

Диагностика кезінде әлеуметтік экспертиза қойылады. Эксперттік зерттеуде маманның дәлелденген нәтижесінде кажетілік туады. Әлеуметтік жұмыста осы эксперт психиатр, заңгер, психолог, тәжірибелі әлеуметтік жұмыскер болуы мүмкін. Әлеуметтік экспертиза төрт функциядан тұрады:диагностикалық (клиенттің жағдайын анықтау), ақпараттьтқ бакылау (клиент туралы ақпарат анықталады), прогноздық (клиенттің болатын жағдайында анықталынады), жобалылық (шешім қабылдауға ұсыныстар шығару).

Жәрдемақылар төлену мүмкіндігі мен санатына орай 2009ж жарық көрген «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау» тұжырымдамасына сәйкес мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидасына негізделген. Сондықтан да әлеуметтік қорғау бұл кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу сияқты өткір тұстарда пайдаланылатын мемлекеттің арнайы оңалту шараларын жүргізу және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде берілетін арнайы жүйесі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс антикалық дәуірдегі «этикет» мінез-құлқының жинақтылығына және мақсаттарына бағытталған. Мысалы, өзін-өзі ұстай білетін әдепті адам жаратылысы бойынша жомарт және кең пейілді болуы керек . Өзі жақсылық жасай отырып, біреудің жарылқауынан ыңғайсызданады. Өзіне жасаған жақсылыққа екі еселік қайтарым жасайды. Ол өз күшін қайратсыздардың моральдік тұрғыдан төмен адамдардың алдында көрсетуді мақсат қылмайды, сонымен қатар мәртебелі адамдар алдында өзін дұрыс ұстайды.

Әр елде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі пайда болған кезде, әдеттегідей осы мақсаттардың біріне жетуге бағдар алынған. Жалпы сипаттағы жүйелер, көбінесе жаппай кепілді, ең төменгі көрсеткішті қамтамасыз етуге, ал жекелеген кәсіптік топтарды ерекше қамтитын әлеуметтік сақтандыру жүйелері жоғалтқан еңбекақыны өтеуге бағытталған, онда олар көбінесе кедейліктің алдын алу қызметтерін,атап айтқанда,әлеуметтік көмек көрсетуді басқа институттарға қалдырады.

Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау жүйесі толық ортақтас қағидасының басымдылығымен,мемлекеттік қатысудың жоғарғы деңгейімен және төмен ынтасымен сипатталады.Мүгедектік, асыраушысынан айырылу бойынша,жасына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету жұмысы толық ортақтастық қағидасында ұйымдастырылған.Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары,Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер,азаматтығы жоқ тұлғалар тәуекел жағдай туған кезде,еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан,егер заңдарда және халықаралық келісімдерде өзгеше қарастырылмаса бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақы алады.

 

 

3.2 Әлеуметтік салаларды дамыту  жолындағы мемлекеттік шараларды  жетілдіру жолдары

 

Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде бірнеше жаңалықтар (инновациялар енгізіледі. Инновация дегеніміз - өзгеріліп отырған өмір жағдайына сәтті ұйымдастырылған жаңалықтар, мысалы; сенім телефоны.

Әдістер -бұл мақсатқа тез жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыстағы әдіс- бұл клиентті қорғау мен көмек көрсету туралы алға қойған мақсатқа жету.

Әлеуметтiк жұмыстың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибелеріне негізделе отырып, басты мәселерді шешуде пайдаланылатын әдiстердiң кешенi мынадай:

1. Психологиялық  зерттеудiң әдiстерi:

• бақылау – белгілі бір жағдайлардағы психикалық құбылыстардың мағынасын және спецификалық өзгерістерін жүйелі және мақсатты қабылдау. Бақылаулардың тиiмдiлiк, дәлдiгі бақылаушының тәжiрибелiлігінің дәрежесiне және бiлiктiлiктілігіне тәуелдi болады;

• тәжiрибе - объектінiң мiнез-құлықында немесе күйiнде болатын өзгерiсті есепке алатын зерттеушiнің әлеуметтiк жағдаятқа белсендi қатысуы. Егер зерттеу жағдайы белгісіз болса немесе дұрыс зерттелмесе эксперименттің мынадай түрлері қолданылады:

• Лабораториялық тәжірибе - арнайы орталықтарда жүзеге асырылады. Бұл бақылауды және жоғарғы сенімділікпен нәтижелікті қажет етеді;

• Анық тәжiрибе - зерттеудiң әдiстерiн психикалық процесстердi реттеуге мүмкiндiк береді.

2. Диагностикалық  әдiстер – жеке адамның психологиясын  анықтайтын өзгерiс. Стандартталған  сұрақтар қою және жағдайды  анықтайтын тесттерді жүргізу  сияқты тәсілдер арқылы анықталады.

3. Психогенетикалық  әдiс - адамның жеке психологиялық  ерекшелiктерін, олардың қалыптасуындағы  генотип және қоршаған ортаның  рөлi анықтау. Бұл әдіс информациялық  әдіс деп те аталады 

4. Лонгитюдтық  әдiс - ұзақ және жүйелi түрде зерттеуге  мүмкiндiк беретiн адамның тiршiлiк  циклдары фазаларының жас шамасына  байланысты және жеке құбылмалылығының  диапазонын анықтауға байланысты  сыналып отыр.

5. Тiршiлiк  жолды зерттеудiң әдiстерi - адам  жаратылысының жеке дамуын зерттеу. Осы әдiсте, әдетте, кризистiк мерзiмдер  және тiршiлiктің қалыпты дағдарыстары  шоғырланады.

6. Психологиялық  көмек әдiсi - адамның психологиялық  сауаттылығын арттыру, сонымен қатар  адамның алдына қойған мақсаттарына  жетудегі және қиындықтарға төтеп  беріп, омірлік дағдарыстарды жеңудегі  жаңа ынталарын қалыптастыру  әдісі. Оның құрамы: а) психологиялық  коррекция және психикалық әдiстер, психосоматиялық аурулар, өткiр немесе  созылмалы психикалық жарақатқа  шалдыққан адамдарға көмектесу; б) жүйке гигиенасы және психопрофилактикалық  әдiстер - психосоматиялық аурулардың  алдын алуға бағытталған психологиялық  көмек беру.

Әлеуметтік жұмыста, басқа ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б. қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты социология (анкета әдісі, социометрия), психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар әдістері пайдаланылады. Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологияның педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық- экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі.

Психологиялық және педагогикалық әдіс — тура емес, жанама клиентке, оның мінез-кұлқы мен көңіл-күйіне әсер ету арқылы жүргізілетін әдістер түрі.Адамның санасына ақырындап әсер ету, тәрбиелеу, оның өзгеруіне әкеліп соғады. Үлкен маңызды әдістердің түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, кеңес мысалдармен таныстыру, әлеуметтік терапия және оның еңбектегі отбасындағы, топтық, ойын түрлері. ( "Терапия" деген ұғым грек сөзінен алынған "көмек," "жазылу," "күту" деген мағынаны білдіреді).

Шет елдегі әлеуметтік жұмыс тәжірбиесін зерттеуде әр елдің әлеуметтік жұмыс жүргізудегі,осы әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің маңыздылық деңгейі сияқты өзіндік ерекшеліктерін қарастырған жөн.Мысалға,осындай сипаттарға байланысты американдық және еуропалық әлеуметтік жұмыс модельдері ерекшеленеді.Біз өз мемлекетіміздің тұрақты дамуында осы шет елдік тәжірбиенің оң тұстарын ғана қолдана білуіміз қажет.

Айтылып кеткендей, ҚР және Еуропа Одағының халқының өмір сапасы стандартының заңнамалық негізі өзіндік нормалармен ғана емес, сонымен қатар мемлекетте қалыптасқан тарихи – мәдени ерекшеліктерге қарай ұйымдастыру және қаржыландыру тәсілдерімен ерекшеленеді. Бірақ бұл ерекшеліктерге қарамастан ҚР мен Еуропа елдеріндегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі бір бағытта жүреді. Қазіргі Германия мен Қазақстанның әлеуметтік саясатына параллельдер жүргізу мен басты даму беталыстарын салыстыру, бір қарағанда болашақсыз тапсырма болып көрінеді.Екі мемлекеттің әлеуметтік жұмыстары мен әлеуметтік саясатының мазмұны мен құрылымындағы айырмашылықтар тым орасан. Германияда әлеуметтік жұмыс мынандай бағыттарда қызмет атқарады:әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек.Германиядағы әлеуметтік жұмыс мәртебесінің тармақтылығын және прагматизмін сипаттайтын маңызды ережелер келесідей:

1. Германиядағы  әлеуметтік жұмыс әлеуметтік  мемлекеттің әлеуметтік саясатының  маңызды құралы ретінде институтталған.

2. Әлеуметтік  жұмысты жүргізушілер мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдар,жеке  тұлғалар болып табылады.

3. Германдық  әлеуметтік саясат конституциялық  мәртебеде адамның өзінің және  мемлекет алдындағы,сондай –  ақ мемлекеттің қоғам алдындағы  қызметі мен жауапкершіліктеріне  негізделген.

4. Тиімді  әлеуметтік саясат қалыптастырудың  іргетасы ретінде әлеуметтік  жұмыс, әлеуметтік қамтамасыз ету  және әлеуметтік сақтандырудың  тұтынушыға бағытталған технологиясын  анықтау.

Біздің еліміздегі қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде Батыс елдерінен айырмашылығы ондағы толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысуы деңгейі басымдылығы,ал ынталандыру деңгейінің төмендігі.Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады.Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі.Жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда,әлеуметтік қорғау жүйесінде ынталандыру деңгейі төмен.Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың мынандай түрлерін көрсетеді.

1. жұмысқа  орналасуға жәрдемдесу 

2. жұмыссыздар  үшін кәсіби даярлау,біліктілікті  арттыру,қайта даярлау және қоғамдық  жұмыстарды ұйымдастыру 

3. қоғамдық  жұмыстарды істейтін жұмыссыздардың  еңбегіне ақы төлеу 

4. табысы  аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға  заң актілеріне сәйкес мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Информация о работе Әлеуметтік саясаттың мәні мен жіктелуі және механизмдері