Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 08:59, курсовая работа
Оған себеп:
1.әлеуметтік шиеленістерді шешетін институттар саны мен тәжірибенің жеткіліксіз болуы ескі жүйеге деген сенімсіздік туғызды, жаңарған қоғам құруға итермеледі;
2.демократиялық қоғамның-әлеуметтік жаңарулармен қатар дамуы;
3.әлеуметтік саясат әр кезде биліктің легитімділігіне жағдай жасайды, ал өтпелі кезең легитімдіктің жетіспеушілігімен сипатталды.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бүл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық – насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты – тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты-қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының бірі.
саясаты бұл - өзінің мақсаты ретінде кірістердің дифференциасын әлсіретуді, нарықтық экономикаға қатысушылары арасындағы қарама-қайшылықты жұмсартуды және экономикалық салдарда әлеуметтік қақтығысты болдырмауды мемлекеттің мақсатты бағытталған қызметі, бұл халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық тәсілдер кешені. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нарықтық экономикаға қатысуымен, азаматтардың жағдайларын түзетудің, белгілі тәсілдерін, халықтың барлық топтарына әлеуметтік кепілдіктер жүйесін құруды мақсат ететініне, әлеуметтік әділеттілік қағидасы жүзеге асады. Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі принциптері
1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, әлеуметтік қорғау және сақтандыру жүйесі
ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.
Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады.
Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы».
Халықты әлеуметтік қорғау мәселесін әр мелекет өзінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің шеңберінде шешеді. Әр аймақтық бөлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің өзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да өз үлгісі бар. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996 жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты. 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:
Осының аясында жыл сайын
үкімет пен министрлікте
Қоғамның
тағы да бір әлжуаз таптарына
арналған мемлекет тарапынан
жасалынатын қолдаулар жүйесі
көрсетілген «Мемлекеттік
Халықты әлеуметтік қорғау
жүйесінде әлеуметтік
Зейнеткерлік жасына жеткен ел тұрғындарын лайықты өмір мен жеткілікті зейнетақымен қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың үлкен міндеттерінің бірі. 1998 жылдан бастап зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады: ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру); жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру). Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату. Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге – 63 жас, ал әйелдерге – 58 жас .
«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында мемлекеттік базалық зейнетақының төменгі мөлшері – 9330 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 19066 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 18660 теңгені құрап отыр . Осы тұста Қазақстан бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен зейнетақының ең төменгі мөлшері тіптен төмен болып отыр. Зейнетақы мөлшері халықты әле де толықтай қанағаттандыра алмай келеді. Зейнетақы тағайындау барысында теңестіру саясаты жүзеге асқандықтан, минимум және максимум зейнетақы арасындағы айырмашылық көлемі тым аз. Болашақта зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы жүйесін қайта жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстанда
әлеуметтік саясат аясында көрсетіліп
келе жатқан әлеуметтік көмек көрсетудің
бір түрі – әлеуметтік көмек төлемдері.
Бұл салаға бөлінетін қаржы соңғы бес
жылда жылдан жылға артып келеді, яғни,
мемлекеттің әлеуметтік салаға жіті көңіл
бөліп отырғаны байқалады.Жалпы соңғы
жеті жыл ішінде мемлекеттік бюджеттің
білім беруге, денсаулық сақтауға және
әлеуметтік қамсыздандыруға арналған
шығындары бес еседен астам ұлғайған екен.
Сонымен бірге бес миллионнан аса біздің
азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік
қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш
– осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда
екі есеге артық. Бүгінде 630 мыңдай адам
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыалады.
Бұл бүгінгі талданған жүйелер мемлекетіміздегі
әлеуметтік саясаттың негізі болған әлеуметтік
қорғаудың маңызды бөліктері болып табылады.
Қарқындап дамып келе жатқан Қазақстан
экономикалық, саяси потенциалымен уақыт
өткен сайын әлеуметтік салаға тереңінен
көңіл бөлері анық.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің басты багыттарының бірі. Әлеуметтік саясаттың мәні қоғамның әлеуметтәк топтары мен тараптарының арасындағы қатынастарды қолдау, әл-ауқатын жақсарту, қоғам мүшелерінің тұрмыс деңгейін көтеру үшін олардың қоғамдық өндіріске қатысуына қажетті экономикалық ынталануын қалыптастыратын әлеуметтік кепілдіктер жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасын саяси жағынан жетілдіру өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын сыйпаттайды. Мұның өзі - әлеуметтік үндерістерді бір арнаға түсіруге және ойлаган тиімділікке қол жеткізу мақсатындағы іс-қимылды реттеп отыруға жәрдемдесу деген сөз. Сондықтан, Қазақстанның әлеуметтік саясатын зерттеу айтарлықтай ынта – ықылас туғызады. Өйткені, бұл мәселе саясатқа ғана емес, қоғам дамуының экономика, тарих, заңнама сияқты басқа да салаларының бір қыдыру мәселерін қамтиды.
Әлемдік ауқымда салыстырар болсақ, Қазақстан әлеуметтік құрылымының өзгеруі ойлаған деңгейге көтерілді деуге келмейді. Нашар дамыған елдер сияқты, мұнда да аса байлар, байлар және тым кедейлер бар. Соған қарамастан, дамыған елдермен салыстырғанда, республикамыз шапшаң қарқынмен өркендеп келеді.
Қазақстан қоғамын ілгерілетіп, үлгілендіру көп ұлтты халқымыздың өркендеуіне қажетті әлеуметтік алғышарттарға баса көңіл бөлінді. Қазақстанда әлеуметтік бағдарға негізделген экономиканы өркендетудегі ең маңызды әлеуеті халықтың өмір сапасының деңгейін көтеруге қол жеткізіп, оны одан әрі дамыту деп біледі. Әлеуметтік бағдар ұстанған нарықтық экономика негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуді міндет санайды. Соған сәйкес, мемлекет экономикалық мүмкіндіктерге орай өзгеріп отыратын әлеуметтік бағдарлама жасақтап отыр.
Орта мерзімді перспективада Үкіметтің күш – жігері Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының тұрмыс сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға бағытталатын болады. Бұл таяудағы он жылды Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіріу жөніндегі стратегиялық міндетті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 2012-2014 жылдары жылына орташа 4,1% - ды құрайды, бұл 2012 жылы ЖІӨ-ні 2004 жылға қарағанда екі еселеу жөніндегі міндетті орындауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауына жол бермеудегі ұстанымның бірі – медициналық көмек көрсетудің ұлттық стандартын қалыптастыру. Қазақстандықтардың орташа өмір сүру деңгейінің артуы халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы проблемалардың табысты шешілуінің нақты көрсеткіші болуы тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстандағы орташа өмір сүру деңгейі 66,2 жасты құрайды. Ер адамдардың орташа өмір сүру деңгейі 60,5 жас болса, әйелдердікі – 72,0. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту тұжырымдамасында Қазақстан халқының орташа өмір сүру деңгейі 2017 жылы 69 жас деңгейінде болжанып отыр. Партия кезең – кезеңімен 150 жаңа аурухана, емхана, ғылыми- клиникалық орталықтар, ауылдарда кем дегенде 300 дәрігерлік амбулаториялар салып, пайдалануға берілуіне және жаңа қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдық сатып алуға кемінде 100 миллиард теңге бөлу мәселелерін шешуге ұмтылатын болады.
Негізгі әлеуметтік нормативтердің бірі – зейнетақы төлемдерін өсіруді жалғастыру. Бұл бағытта «Нұр Отан» партиясы орташа зейнетақы көлемін 2,5 есе өсіруді, ал мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшерін өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің 50 пайызына дейін жеткізуді мақсат тұтып отыр. 2008 жылдың өзінен бастап еліміздегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 29%-ға артты. Оның ішінде орташа ортақ зейнетақының мөлшері 18660 теңге, ал базалық зейнетақы төлемі 9330 теңгені құрады. «Нұр Отан» ХДП 2014 жылға дейін зейнетақының орнын толтыру мөлшерін халықаралық стандарттар деңгейіне – орташа ңбеккақының 40 %-ына жеткізуге, әрі қарай оның ортақ бекітілген нормасын сақтауға күш-жігер жұмсамақ ниетінде. Партия азаматтарымыздың атаулы әлеуметтік қорғалуын күшейту бағытын қатаң ұстанып отыр.
Информация о работе Әлеуметтік саясаттың мәні мен жіктелуі және механизмдері