Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 08:59, курсовая работа
Оған себеп:
1.әлеуметтік шиеленістерді шешетін институттар саны мен тәжірибенің жеткіліксіз болуы ескі жүйеге деген сенімсіздік туғызды, жаңарған қоғам құруға итермеледі;
2.демократиялық қоғамның-әлеуметтік жаңарулармен қатар дамуы;
3.әлеуметтік саясат әр кезде биліктің легитімділігіне жағдай жасайды, ал өтпелі кезең легитімдіктің жетіспеушілігімен сипатталды.
Кіріспе
Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 26 қаңтар – 27 ақпан аралығында 25 жұмыс күніне «Ақжайық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым –жалпы мемлекеттік басқарудың жүзеге асырылуна үйрену, басқару тәжірибесімен танысу, басқарудың жеке функцияларын зерттеу, қала дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларының шеңберінде қалада кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын дайындай, яғни қала кәсіпкерлігін дамытудың мониторингі, кәсіпкерлікті дамыту бойнша ұсыныстар мен ақпараттық-аналитикалық материалдарды әзірлеу, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
Әлеуметтік саясат тақырыбын зерттеу Қазақстанның өз егемендігін алғалы бері айтарлықтай маңызға ие болды. Өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі орталықты басқарудың жетегінде болған әлеуметтік саясаттың қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы орны бөлек. Тотаритарлық жүйеде әлеуметтік саясат орталыққа тиімді және әлеуметтендірілген коммунистік бағытта болды. Мұнда керісінше халықтың әлеуметтік саясатқа деген қызығушылығын, бостандығын, жеке көзқарасын жаныштап отырды.
Ал қазіргі демократиялық тәртіп-жоғарғы жақтан билеуші күштердің тарапынан жасалынатын бақылаумен сиыспайды. Басқаша сөзбен айтқанда мемлекеттің әлеуметтік салаға араласу шекарасы шеткі нүктеден (бірақ бұл жол бұл танда сирек кездеседі, өйткені әлеуметтік мемлекет туралы ойлардың басым болуына байланысты) қисынды "алтын ортаға" дейін. Бұл шекара аралығында "халықты әлеуметтік қорғау" мен "мемлекеттің экономикасын көтеру" қатар жүреді.
Мұндай әлеуметтік саясат түрі мемлекеттегі саяси жүйенің тұрақтануына, либералдық, демократиялық саланың дамуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда Қазақетан Республикасы әлеуметтік саясаттың жаңа бағытын тандаған болатын. Бұл бағытты таңдауға бірнеше себептер болатын. Оған себеп:
1.әлеуметтік
шиеленістерді шешетін
2.демократиялық қоғамның-әлеуметтік жаңарулармен қатар дамуы;
3.әлеуметтік
саясат әр кезде биліктің
Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуі саясатта алдымен әлеуметтік мәселелерді шешуге итермелейді.
Тәуелсіздік алғалы бергі ондаған жылдардың ішінде Қазақстанның саяси, экономикалық өмірінде өте күрделі өзгерістер болып жатыр. Бұлардың ең бастысы Республиканың кешегі Кеңестік қоғамнан жаңа экономикалық, саяси-әлеуметтік құрылымға көшуі. Екінші сөзбен айтқанда, ел нарықтық эканомикаға бет бұрды. Нарықтық экономикаға көшу дегеніміз қоғамда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуымен, жеке меншіктің пайда болуымен тығыз байланысты. Қазақстандағы бүгінгі таңдағы жүріп жатқан экономикалық процестер Батыс елдерінде баяғыда-ақ басталып, қалыптасқан экономикалық процестерге бірте-бірте ұқсауда. Ал, экономикалық процестердің-әлеуметтік құрылымының дамуында шешуші рөл атқаратындығы белгілі.
Әлеуметтік саясат анықталған қоғамдық қызығушылықтар мен басымдықтың арасындағы тандау болғандықтан оған мемлекеттің араласуы сөзсіз. Дәл қазіргі уақытта әлеуметтік саясат мәселесімен негізінен экономистер ғана айналысуда, ал оның саяси тұрғыдан зерттеп қарастыру керек. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті "Қазақстан халқына Жолдауында" айтып өткендей, бүгінгі таңда бірінші кезекте-ғылыми стратегиялы реформаны таңдау, реттеу және орындау . әлеуметтік тәжірибеде және мемлекеттің өзіндік дамуында ерекше орын алады. "Біз өзіміздің таңдаған бағытымызды нақты білуіміз және түсінуіміз керек, өйткені осы бағыт арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз. Өз бағытымызды дұрыс анықтап осы бағытқа жетуге төзімді де шыдамды болуымыз керек. Күшті және нақты бағыт таңдау арқылы біз кез келген қиыншылықтарды жеңе аламыз"- деген болатын [2].
Кез-келген мемлекет өркениетті елдер қатарына қосылу үшін алдымен өз халқының әлеуметтік жағдайын көтеру керек. Осы көзқарастар тұрғысынан әлеуметтік саясаттың дамуын оқыту өте маңызды орын алады. Қазіргі танда әлеуметтік саясат айтарлықтай жоғары өзгеріске түсуде. Өткен тәжірибені, ондағы қателіктерді қайталамау үшін оларды оқып, реттеп отыру қажет.
Сондықтан да әллеуметтік саясатты зерттеп қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік маңызы бар.
1. Жалпы әлеуметтік саясаттың мәні және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат
1.1 Әлеуметтік саясаттың мәні мен жіктелуі және механизмдері
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі, Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты - әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:
«Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады. Саяси тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты – ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды», ал «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.
Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет – …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп, ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [3]. Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.
Негізінен әлеуметтік саясат қоғамның түрлі әлеуметтік топтар мен таптарына бағытталады. Ал қоғамның түрлі әлеуметтік топтары мен таптарының өздерінің өмір қызметіндегі байланыстары мен қызметтерін ашып, талдайтын осы тұста әлеуметтік стратификация концепциясын қарастырмай кетуге болмайды. Себебі қоғамның өзі – әлеуметтік құбылыс. Қоғамның әлеуметтік жағы, адамдар қатынасы, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым әлеуметтану ғылымында не маңызды десек, әлеуметтік құрылымды ерекше атауға болады. Әлеуметтік стратификация теориясының негізін салушылар – М.Вебер, Т.Парсонс, П.Сорокин. М.Вебер әлеуметтік құрылымды көпөлшемді жүйе ретінде қарастырып, оның ішінде статус пен билікті ерекше қарастырды.
«Әлеуметтік
ұғымы» бізідің әдебиетімізде
ХІХ ғасырдың ортасында пайда
болды. Бұл ұғымды зерттеумен
айналысқан неміс ғалымдары
Әлем
елдері тарихында өзін
Жерорта теңізі елдерінің әлеуметтік саясат жүргізудің өзіндік үлгісі бар. Ол мемлекеттерге Испания, Португалия, Греция, Италия, Ирландия елдері жатады. Бұл елдерде әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі мазмұны мемлекет немесе Үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған әлеуметтік сақтандырумен түсіндіріледі. Жерорта теңізі елдері үлгісінде әлеуметтік салаға көп қаражат бөлінгенімен, ол халықтың басым бөлігін қамти алмайды.
Демек, әр мемлекеттің әлеуметтік саясат жүргізу ерекшелігі елдің экономикалық потенциалымен санасады. Осыған сәйкес әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған әдістер жүйесі бар. Бірнеше елдердің топтамасында немесе жекелей мемлекеттердің өздеріне тән әлеуметтік жүйесін кездестіруге болады. Бір елдің белгілі бір топқа жіктелуін қарастырғанда өзіндік ерекшеліктер мен талаптарды ескерген дұрыс:
әлеуметтік саясаттың көздеп отырған түпкі мақсаты: берілген жүйе минималды ауқаттылық пен кепілдендіруді ұсынумен шектелуі, мемлекетте жалпы табыстың қоғам мүшелеріне қайта бөлінуі;
әлеуметтік саясаттың экономикалық саясатпен байланыстылығы;
әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдылық типі: белсенді, конструктивті.
ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.
Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру, оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері – бұл дербес әрекет ететін әлеуметтік топтар, олардың органдары, ұйымдары, институттары, құрылымы. Бұл әлеуметтік топтардан басқа әлеуметтік саясаттың субьектілеріне осы әлеуметтік топттың мүдделеріне ұйымдық құрылымдар жатады. Яғни, субьектілер 2-ге бөлінеді. «Бастапқы» субьектілер - әлеуметтік топтардың өздері. Ал «қосымша» бұл олардың мүдделерін көрсететін ұйымдық құрылымдар.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері – бұл әлеуметтік топттар мен азаматтар, олардың институттары, бұйымдар мен билік органдары. Ал олар азаматтар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, көрсетеді және қорғайды. [4].
Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналар жатады:
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет болып табылады.
Информация о работе Әлеуметтік саясаттың мәні мен жіктелуі және механизмдері