Корпоративті басқарудың анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 11:16, реферат

Краткое описание

Корпоративті, яғни ұжымдық басқару (corporate governance) мекемедегі биліктің (governance) қалай құрылғаны жəне қалай жүзеге асырылатынымен байланысты атқарылады. Ұжымдық басқаруды корпорацияларды басқарумен шатастыруға болмайды. Ұжымдық басқарудың тақырыбы кең ауқымды. Атап айтарлығы, Қазақстанда акционерлік қоғам болып саналатын корпорацияда ғана емес, кез-келген құқықтық формадағы мекемедегі билікке де қатысты мəселе. Ұжымдық басқару теория жəне тəжірибе жүзінде фирмадағы билікті бөлу мəселесі сияқты агенттік мəселелерін талдаумен де айналысады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

корпор.баскару.docx

— 51.84 Кб (Скачать документ)

Заманауи компанияны басқарудың тəуекелдері

   Акционерлік қоғамда туындайтын проблемалар мен қарама-қайшылықтан басқа, тəуекел туралы да айтуға болады, олар тек қана бұл проблемалардың кесірінен ғана болмайды.

  • Менеджерлерге меншік үлестеріне негізделген өтемақы. Мұндай өтемақы акция мен опцион түрінде беріледі. Алайда əдебиетте тек мұндай өтемақылар шынымен де менеджменттің жұмысының тиімділігін арттырады дегенге анық дəлел жоқ деп көрсетілген. Басқа жағынан алғанда, компанияда иелігінде акциялары жоқ менеджер-меншік иелерінің болуы қоғамдағы билік тепе-теңдігін өзгертеді. Анығында, менеджер-меншік иелерінің басқару шешімдерінің қабылдауға күшті ықпал етіп көбірек билікке ие болуы көп жағдайда кездесуде. Оған қоса, меншіктегі үлеске негізделген өтемақы капиталдың шоғырлануын азайтады, сондай-ақ қоғамды басқаруға ықпал етеді.
  • Қызметкерлердің əртараптанбаған портфелі. Қызметтік міндеттерді атқарумен байланысты емес, денсаулық жағдайы, жасы, жыныс, ұлт жəне басқа да белгілер бойынша кемсітушілікке Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы кодексінде» тікелей тыйым салынған. Алайда бұл мұндай бөлушілік шындық күнделікті тіршілікте кездеспейді дегенді білдірмейді. Бұл қоғамға кем дегенде екі жолмен əсер етуі мүмкін. Бірінші, қоғамға пайда əкелуі мүмкін кəсіби мамандар мен мамандардың жетіспеуі, бірақ олар жазылмаған ережелер бойынша оларға жұмыс істеуге тосқауыл қойылды. Екіншіден, мекемедегі ахуалдың бұзылуы, бұның кесірінен қызметкерлердің белгілі-бір тобы қолайсыздыққа тап болып, яғни, олардың еңбек өнімділігі төмендеп, олар мекемеден кетуге мəжбүр болады.
  • Директорлардың шағын кеңестері. Қазақстанда үш адамнан тұратын директорлар кеңесі жиі кездеседі. Кеңеске жүктелетін жұмыс көлемі өте ауқымды екенімен келісейік, мұндай шағын кеңестің бұл көлеммен жұмыс істеуге шамасы келмейді. Шағын кеңес жеткілікті талдау қуатына иеленбейді. Мұндай кеңестер номиналды болып табылады. Мажоритарлы акционерлер көп болатын капитал жоғары шоғырланған қоғамдарда, директорлар кеңесін қажет етпеуі де мүмкін, өйткені мұндай акционерлер олардың рөлін өздері орындайды. Дегенмен, мұндай жағдай қоғамдар үшін қауіпті көбейтеді, акционерлер жəне номиналды директорлар кеңесі кей кездері басқаруға ие бола алмайды.
  • Іс үстіндегі тəуелсіз директорлардың жоқтығы. Қазақстанның территориясы үлкен, тұрғындар саны аз. Осыған байланысты директорлар кеңесіне шақыратындай деңгейге жеткен кез-келген адам қоғамның акционерлерінің немесе жетекшілерінің бірімен аффилицияланған. Қазақстандағы көптеген ірі компаниялар бұдан шығар жол тауып, олар тəуелсіз директорларды шетелден шақыруда. · Компанияларды асыра бағалау. Материалдық емес активтер. Қазіргі кездегі біздер бастан кешіп отырған дағдарыс көбінесе, компаниялардың нарықтық асыра бағалаушылығынан туындап отыр, оның ішінде материалдық емес активтер есебінен туындаған.  Материалды емес активтерді бағалау қиынға соғады. Олардың бағасы көптеген субъективті факторларға байланысты болатындықтан, ол ауқымды шекарада жəне шапшаң түрде ауытқуы мүмкін.

Қиындықтарды  шешу жолдары жəне акционерлер үшін қауіптің азаюы.

   Келесі əрекеттер жоғарыда келтірлген проблемаларды шешуге жəне қауіпті азайтуға əкеп соғады деп жорамалдауға болады.

   Корпоративті басқарудың жаһандық стандарттары. Ұжымдық басқарудың тəртібінің мерзімі аз болғанына қарамастан, бүкіл əлемде меншіктің бірлесу формасының өмір сүру кезінде жинақталған тəжірибесі айтарлықтай өте көп. Ұжымдық басқарудың біртіндеп дұрыс тəжірибесіне айналып бара жатқан сəтті тəжірибе бар, яғни, бірлесіп басқарудың кейбір стандарттары пайда болып, дамуда. Осындай талаптар мен стандарттар компания үшін биржалардың талаптарында пайда болады, олар листингке, рейтингті компанияларды бірлесіп басқаруды бағалау белгілеріне, түрлі ассоциялардың өздерінің мүшелеріне қойылған талаптарға енуді қалайды. Ұжымдық басқару бойынша талаптар біртіндеп түрлі елдердің заңдарында, оның ішінде қазақстандық заңнамаларда да пайда бола бастайды.  Бұл ағымның əсіресе соңғы дағдарысқа байланысты күшейе түсу мүмкіндігі жоғары.

   Директорлар кеңесінің жұмысының сапасын бағалау. Директорлар кеңесінің жұмысын бағалауға тек акционерлердің ғана құқы бар. Шашыраңқы капиталға қарағанда, шоғырланған акционерлік капитал кезінде ірі акционерлерге мұны жүзеге асыру оңайырақ. Бірақ кез-келген жағдайда бағалау əдісі қажет. Мұндай əдістерді қоғамдардың өзі де, бірлесіп басқарудың методикасын дайындауға қатысатын түрлі институттар да дайындайды. Осындай əдістердің бірін Ресей директорлар кеңесі дайындады жəне қазақстандық қоғамдарда қолдануы əбден мүмкін, өйткені біздің іскерлік мəдениетімізге анағұрлым жақынырақ.

   Акционерлердің меншігінің өсуін басқа компаниялардағы меншіктің өсуімен салыстыру. Шындығында да акционер мен инвестор өздерінің капиталдарын қайда құюды таңдауға құқылары бар. Əрине, саналы, білікті инвестор салымның тартымдылығын бағалайды. Бұл компанияның басқару органдарын тиімді жұмысқа ынталандырады.

   Акционерлердің жиналыстарына қатысу кезінде, ақпаратақа қол жеткізу кезінде акционерлердің белсенділігінің артуы. Көптеген миноритарлық инвесторлар жалпы жиналыстарға қатысуға бейім емес, өйткені олар жағдайды өзгертуге өздерінің мүмкіндіктеріне сенбейді. Институциялық инвесторлар сондай- ақ, əсіресе капиталдың аз үлесі салынған қоғамдардағы жиналысты елемеулері мүмкін. Бірлесіп басқарудың əдістері мен қатынастары акционерлерді қатысуға, соңғысының басқарудың тиімділігін арттыру үшін компаниямен серіктестікке ынталандыруы тиіс.

   Қазақстандағы бірлесіп басқарумен байланысты мəселелер туралы əңгімені қорытындылау есебінде келесі мысалды келтіргіміз келеді. Тиімді басқару бағдарламасы жəне ICC Business Advisors  2006-жылы Қазақстандағы листингті компаниялар арасында ұжымдық басқару бойынша зерттеу жүргізді, 49 компанияларда сауалдама жүргізіп, тек 11-нен жауап алды. Қатысудың мұндай төмен деңгейі компания туралы ақпарат беруге дайын еместіктерін көрсетеді, бірақ тіпті осындай жағдайда компанияларда қолдану үшін ұжымдық басқару туралы білімнің жетіспеушілігі туралы дерек анықталды. «Сіздің ойыңызша, корпоративті басқару принциптерін енгізу кезінде сіздің компанияңыз қандай қиындықтармен бетпе-бет келеді?» деген сұраққа бұл салада білімнің жетіспеушілігі туралы жауап максималды баллға ие болды. 

Əрі қарай рейтинг деңгейінің төмендеуі бойынша жауаптар:

  • «қиын сұрақтардан» қашу үшін таңдаулы түрде енгізу,
  • Енгізу үшін негіздің жоқтығы,
  • Жетекшілер мен акционерлерде қазіргі кездегі жағдайды өзгертуге мықты ынта мен дəлелдерінің жоқтығы,
  • Қызметтің басқа да артықшылықтарына қайшы келуі,
  • Қызметкерлердің қарсылығы,
  • Акционерлердің қарсы болуы.

   Осы тарауды аяқтай келе, Қазақстанда нақты бір АҚ да корпоративті басқаруды құру негізінде төмендегі қажеттіліктер жатқанын атап өтеміз:

  • Заңнама;
  • Əлемдік тəжірибеге негізделген бірлесіп басқарудың ең үздік тəжірибесі;
  • Ішкі ережелер мен компания саясаты;
  • Компанияда ұжымдық басқару мəдениетін құру.

   Корпоративті басқарудың тəжірибесін бекіту үшін компания бірнеше құжатарды дайындап, бекітуде. Оның ішінде:

  • Ұжымдық басқару кодексі;
  • Акционерлердің жалпы жиналысы туралы ереже;
  • Директорлар кеңесі туралы ереже;
  • Директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелер;
  • Қоғамның атқарушы органы туралы ереже;
  • Корпоративтік хатшы туралы ереже;
  • Ақпараттық саясат туралы ереже;
  • Дивидендті саясат туралы ереже;

   Əрине, құжаттардың тізімі жоғарыда көрсетілгендермен ғана шектелмейді.


Информация о работе Корпоративті басқарудың анықтамасы