Корпоративті басқарудың анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 11:16, реферат

Краткое описание

Корпоративті, яғни ұжымдық басқару (corporate governance) мекемедегі биліктің (governance) қалай құрылғаны жəне қалай жүзеге асырылатынымен байланысты атқарылады. Ұжымдық басқаруды корпорацияларды басқарумен шатастыруға болмайды. Ұжымдық басқарудың тақырыбы кең ауқымды. Атап айтарлығы, Қазақстанда акционерлік қоғам болып саналатын корпорацияда ғана емес, кез-келген құқықтық формадағы мекемедегі билікке де қатысты мəселе. Ұжымдық басқару теория жəне тəжірибе жүзінде фирмадағы билікті бөлу мəселесі сияқты агенттік мəселелерін талдаумен де айналысады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

корпор.баскару.docx

— 51.84 Кб (Скачать документ)

Корпоративті  басқарудың анықтамасы

   Корпоративті, яғни ұжымдық басқару (corporate governance) мекемедегі биліктің (governance) қалай құрылғаны жəне қалай жүзеге асырылатынымен байланысты атқарылады. Ұжымдық басқаруды корпорацияларды басқарумен шатастыруға болмайды. Ұжымдық басқарудың тақырыбы кең ауқымды. Атап айтарлығы, Қазақстанда акционерлік қоғам болып саналатын корпорацияда ғана емес, кез-келген құқықтық формадағы мекемедегі билікке де қатысты мəселе. Ұжымдық басқару теория жəне тəжірибе жүзінде фирмадағы билікті бөлу мəселесі сияқты агенттік мəселелерін талдаумен де айналысады. Оның мақсаты принципал мен агенттің арасындағы қарама - қайшылықты шешу. Классикалық теорияда принципал ретінде фирманың иесі, ал агент ретінде топ-менеджер шығады. Алайда принципалдың анықтамасы кейбір толықтыруларды қажет етеді.  Заң тұрғысынан алғанда компанияның əрбір акционері  меншік иесі болып табылады. Нақты тұрғыда, оның ішінде Қазақстанда шешім қабылдауға, компанияның стратегиясын дайындауға тек ірі акционерлер ғана ықпал ете алады.

   «Корпоративті басқару компанияның құрылымы мен қызметін басқару мен қадағалаудың процестеріне қатысты». «Корпоративті басқару компанияның басшылығы, оның директорлар кеңесі, акционерлер жəне басқа қызығушылық танытқан тұлғалар арасындағы бірнеше қарым -қатынасты   қамтиды. Ұжымдық басқару сонымен қатар, компания қызметінің мақсаттарын белгілейтін жəне оның жетістікке жету тəсілдері жəне сонымен қатар оның нəтижелерін, бақылау тəсілдерін анықтайтын құрылымды қамтамасыз етеді». 

   Осыған байланысты ірі акционерлер өздерінің құқықтарын компанияны бақылау арқылы жүзеге асырады, ал басқа акционерлер миноритарлар ретінде сипатталады, оларды дивиденттерді алу мен бағаның келесі қолайлы өзгеруі кезінде компанияның акцияларын сату қызықтырады деп жиі айтылады.

   Осындай барлық жағдайда бақылаушы акционерлерде əртүрлі жағдайлар мен артықшылықтар болады, олар менеджментпен қарым-қатынасты өз беттерінше құрады, келесі бір жағдайда басқаруға белсенді түрде қатысып, ал екінші бір жағдайда Директорлар кеңесі арқылы басты шешімдерге бақылау жасайды. Қазақстандық тəжірибеде акцияның ең көп пакетін иеленген негізгі акционер Директорлар кеңесінің төрағасы атанады жəне осындай тұрғыдан акционерлік қоғамның жұмысын басқарып, қадағалайтын жағдайлар жиі кездеседі. Компания қызметінің тиімділігі мен оның ішіндегі ұжымдық басқарудың сапасы арасындағы байланыс жекелеген қиыншылық та туғызады.

Корпоративті  басқарудың маңыздылығы

   Қазақстандағы ұжымдық басқарудың маңыздылығын ең алғаш рет Қаржыгерлер ассоциациясы мойындады. Қазақстанда негізгі ішкі инвесторлар қаржы институттары болып табылады. Олар əсіресе заң талабына сай инвестицияға салынған капиталдың қосымша қорғауды қажет етеді. Бұл істі өздерінен бастауды шешкен, Қаржыгерлер ассоциациясы 2004 жылы корпоративтік басқарудың моделді кодексін дайындау үшін жұмыс тобын құрды. Осындай кодекс 2005 жылы пайда болды. Соңынан Қазақстандық қор биржасының листингісіне ену үшін корпоративті басқару кодексін дайындау талабы пайда болды.

   Көптеген қазақстандық компаниялар басқа биржаларға, IPOға (өздерінің бағалы қағаздарын салу) шығу туралы шешім қабылдағандықтан, олар үшін бірлесіп басқару жүйесінің болуы маңызды бола бастады, өйткені бірлесіп басқарудың болуы туралы талап барлық əлемдік сауда алаңдарында бар. Ұжымдық басқарудың маңыздылығын қорыта отырып, оның болуы төмендегі жағдайларға əкеліп соғатынын айтуға болады:

 · Акционерлердің (инвесторлардың) алдында тартымдылығының  артуы. Тартылатын капиталдың бағасы төмендеп, инвесторлардың қызығушылығы артады;

 · Акция  құнының артуы;

 · Акция  құнының номиналды бірлігіне  тартылатын капитал көлемінің  артуы; 

 · Дивидендтер арқылы үнемдеу мүмкіндігі (акционерлер курс бағамының өсуі арқылы пайда табады);

 · Жедел  тиімділіктің артуы жəне компания  мен оның акционерлерінің пайдалы  жəне тұрақты дамуы үшін капиталды  қолданудың тиімділігінің артуы;

 · Компания  мен мемлекеттің беделі артады;

  Осылайша, Ұжымдық басқару сияқты аздаған тақырыптар қазіргі таңда бизнес үшін де өте маңызды.

   Көптеген оқиғалар мен дау-дамай, бірігулер мен рейдерлік, қаржы дағдарысы, бұл тақырыптың оның ішінде Қазақстанда да маңыздылығын арттырады. Бұл оқиғалар мүдделі тұлғалар (акционерлер, қызметкерлер, қоғам), корпоративті менеджерлер, директорлар немесе мемлекеттік ресми тұлғалардың құқықтарының бұзылуы салдарынан компаниялардың зардап шеккенін көрсетеді. Ұлттық бизнес- қауымдастықтар жəне корпоративті менеджерлер капиталға қол жеткізу мен компанияның өсуі үшін ұжымдық басқарудың маңыздылығын түсіне  бастады. Сыбайлас жемқорлық пен нашар менеджементтің кесірінен туған қаржы дағдарысы капитал алуды қиындата түсті. Инвесторлар өздерінің капиталдарын қорғау қажеттілігін жете түсінді. Олар əртүрлі компаниялардың инвестициялық потенциялдарын қаржылық есептің тазалығы, анықтығы, айқындылығы жəне нақтылығынан инвестициялауға дейін бірдей стандарттар бойынша салыстыру мүмкіндіктеріне ие болғысы келеді. Бұл əсіресе, халықаралық инвестицияларды тарту үшін маңызды.  Ұжымдық басқару компаниялар іштей басқарылатын жəне компанияның орналасқан жерінен мыңдаған шақырым жерде болуы мүмкін акционерлердің мүдделерін қорғау мақсатында директорлар кеңесі арқылы бақыланатын «ойын ережелерінің» жиынтығы болып табылады.

   Дегенмен, тек шетелдік инвесторлар ғана компанияның қалай қызмет ететінін көзімен көргісі жəне түсінгісі келмейді. Жергілікті инвесторлар мұндай ақпаратқа оңай қол жеткізе алса да, олар өздері инвестиция құйған компанияларда бірлесіп басқару жақсы жолға қойылғанын қалайды. Қаржы дағдарысы қазақстандық компанияларға мүмкіндігінше инвестиция тарту қажеттілігін алып келді.  Алайда капиталдың халықаралық нарығы жабылды. Капитал алу мен қарыз алу ішкі нарықта мүмкін. Қазіргі кезде компанияларды қаржыландырудың ішкі көздерін іздеуді бастау мүмкіндігі тым жоғары. Алайда Қазақстанда қор нарығы дамымаған. Оның мүмкін себебінің бірі –  потенциалды миноритарлық акционерлердің өздерінің инвестициялары сақталып, көбейетіндігіне, олардың құқықтарының бұзылмайтынына сенімсіздігі. Осыған байланысты, ұжымдық басқарудың күн тəртібіне қойылуы жəне потенциалды ішкі инвесторлардың сенімін қалыптастыру өзекті мəселе бола түседі. Əрине, инвесторлар ұжымдық басқарудың нақты, айқын, саналы стандарттары бар компанияларды іздей бастайды.

  Ұжымдық басқару компаниялар мен экономикаға инвестицияларды бірнеше жолдармен тартуға көмектеседі. Біріншіден, айқындылық арқылы корпоративті трансакцияларда, бухгалтерлік есепте жəне аудит процедураларында бірлесіп басқару сыбайлас жемқорлық үшін қаржы алу мүмкіндігін жояды. Екіншіден, ұжымдық басқару рəсімдері компанияларға нəтижелерге негізделген  нақты стратегияны жəне менеджерлерді марапаттау жүйесін құруға көмектесу арқылы компанияны басқаруды жақсартады. Үшіншіден, зерттеулер миноритарлық акционерлер жақсы қорғалған елдерде ірі жəне анағұрлым өтімді капитал нарығы болатынын көрсетті.

   Ұжымдық жақсы басқару:                                                                                                  

Қауіпті төмендетеді;                                                                                                       Өнімділікті қамтамасыз етеді;                                                                                                    Капитал нарығына енуді жақсартады;                                                                  Көшбасшылықты жақсартады;                                                                                 Айқындылықты жəне қоғамдық жауапкершілікті көрсетеді.

   Мемлекеттердің заңдары, оның ішінде Қазақстанның заңдары акционерлік қоғамдардың жұмысының барлық өзгешеліктерін, акционерлер, директорлар кеңесі жəне атқарушы орган арасындағы қарым-қатынасты,  акционерлер жиналысы өткізілуінің, директорлар кеңесінің отырысының, кеңес комитеттерінің жұмысының жəне басқа да көптеген ерекшеліктерін есепке ала алмайды, жəне есепке алуға тиіс емес. Бұлардың барлығы қоғамның ішкі стандарттары.

   Корпоративті басқарудың жүйесі (құрылымы).                                                 Корпоративті басқарудың негізі .

   Ұжымдық басқарудың барлық жүйелері төрт негізгі принцип айналасында өрбиді: адалдық, шындық, есеп берушілік, жауапкершілік, айқындылық.6 Оларды төмендегідей сипаттауға болады: ·

  • Адалдық. Ұжымдық басқару жүйесі барлық акционерлердің құқығын қорғауға, барлығына, оның ішінде миноритарлыққа да əділлетті қарым-қатынасты қамтамасыз етуге жəне олқылық орын алған кезде ықпалды шараларды қолдануы тиіс. ·
  • Есеп берушілік. Ұжымдық басқару жүйесі компанияның атқару органының директорлар кеңесіне жəне директорлар кеңесінің акционерлерге есеп беруін қамтамасыз етуі тиіс.
  • Жауапкершілік. Ұжымдық басқару жүйесі акционерлердің заңды құқықтарын мойындауды қамтамасыз етуге, қаржылық сəттілік жəне қоғамдық тұрақтылық мəселесі бойынша компаниялар мен акционерлер арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруға тиіс.
  • Айқындылық. Ұжымдық басқару жүйесі қызығушылық танытқан тұлғалардың барлық шешіміне ықпал ететіндей барлық маңызды мəселелер бойынша ақпараттың шынайлығының уақтылы ашылып жəне сенімділігін қамтамасыз етуі тиіс, оның ішінде:
    • Қаржылық жағдайды;
    • Қызметтің нəтижелері;
    • Меншіктік құрылым;
    • Қоғамды басқару.

   Корпоративті басқару қарапайым моделге сүйенеді:

1. Акционерлер олардың мүдделерін қорғайтын директорларды таңдайды.                             2. Директорлар маңызды мəселелерді дауысқа салады жəне негізгі шешімдерді қабылдайды.                                                                                                                                    3. Акционерлер директорларға есепберушілігін сақтау үшін шешімдер айқын түрде қабылданады.                                                                                                                                 4. Компания директорларға, инвесторлар мен басқа да мүдделі тұлғаларға қажетті ақпараттар өндірісіне арналған бухгалтерлік стандарттарды қабылдайды.                             5. Компанияның саясаты мен тəжірибесі ұлттық жəне жергілікті заңдарға сай келеді.

   АҚ корпоративті басқару жүйесінің негізгі қатысушылары

   Ұжымдық басқаруда мүдделі тұлғалардың рөліне көбірек назар аударылады (stakeholders). Бұлар компанияның қызметінен пайда көретін немесе зардап шегетін адамдар тобы мен мекемелер. Өздерінің қызығушылық деңгейіне байланысты олар оның жұмысына əртүрлі деңгейде ықпал ете алады.   Түптеп келгенде, мүдделі тұлғаларды екі үлкен ішкі жəне сыртқы топқа бөлуге болады . Бұл топтарға жəне олардың неге қызығушылық білдіретініне қысқаша сипаттама берейік.

 Ішкі:

  • Акционерлер/инвесторлар. Акционерлерді мажоритарлық жəне миноритарлық деп бөлуге болады. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам» туралы  Заңы бойынша миноритарлық акционер деп акционерлік қоғамның он пайыздан төмен дауысқа салынған акцияларын иеленген акционер саналады. Бұған қоса, акционерлерді стратегиялық (сол саладағы ірі компаниялар, тікелей инвестициялық қорлар, венчурлық қорлар) жəне портфельдік (зейнетақы жəне сақтандыру компаниялары, портфельдік инвестициялар қорлары, шағын жеке инвесторлар) деп бөлуге болады. Портфельдік инвесторларды жиі, шағын жеке инвесторларды санамағанда,  институционалдық инвесторлар деп атайды.

   Акционерлердің түрлі топтарының мүдделері қарама-қайшы келуі мүмкін. Мажоритарлы акционерлер алынған пайданы қайта инвестициялауға ынталы болса, ал миноритарлы акционерлер дивидент алуға ынталы. Осындай қарама-қайшылық стратегиялық жəне портфельдік инвесторлар арасында пайда болуы мүмкін.

  • Қызметкерлер. Компанияның тұрақтылығы мен өздерінің жұмыс орындарын сақтап қалуға ынталы. Олар менеджментпен бірлесіп əрекет қылады, оларға тəуелді, жəне əдетте оған ықпал етуге шектеулі мүмкіндігі бар; ·
  • Директорлар кеңесі. Акционерлік қоғамды басқару органы, өкілетті орган болп табылады. Яғни, директорлар кеңесінің мүшелері акционерлер мен олардың мүдделерін білдіреді. Директорлар кеңесі заң жəне қоғамдық қаулы арқылы ационерелердің жиналысының компетенциясына байланыстырылған мəселелерден басқа қоғамның қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады;
  • Атқарушы орган. Қоғамның ағымдық қызметіне жетекшілікті атқарушы орган жүргізеді. Атқарушы орган жеке шешімді немесе ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық органды Қазақстанда көбінесе «Басқарма» деп атайды. Жеке шешімді атқарушы орган «Президент» деп аталуы мүмкін.
  • Корпоративтік хатшы. Ұжымдық хатшы – директорлар кеңесінің немесе қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын, қоғамның директорлар кеңесі тағайындайтын, қоғамның директорлар кеңесіне есеп беретін акционерлік қоғамның қызметкері, сонымен қатар өзінің қызметінің шеңберінде акционерлер мен қоғамдық директорлар кеңесінің жиналыс отырысының дайындығы мен өткізілуін қадағалайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тəртібіндегі сұрақтар бойынша материалдар мен қоғамдық директорлар кеңесінің отырысына материалдардың дайындығын қамтамасыз етеді, оларға қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді.

  Директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы органның мүшелері, ұжымдық хатшының жеке мүдделері марапаттаудың, жеке биліктің, беделдің, жеке кəсіби көлемінде болуы мүмкін жəне т.б.

Сыртқы:

  • Сыртқы аудитор. Қоғам жылдық қаржы есебі аудитін жүргізуге міндетті. Одан басқа, аудит директорлар кеңесінің, атқарушы органның немесе ірі акционердің бастамасымен өткізілуі мүмкін. Мұндай аудитті сыртқы аудиторлық компания жүргізеді. Сыртқы аудиторда мүдделердің басты қарама-қайшылығы қарастырылады. Бір жағынан аудитор марапат үшін жұмыс істейді, екінші жағынан аудитордың беделі оған өте маңызды.
  • Серіктестер. Компанияның тұрақтылығына, оның төлем қабілеттілігіне жəне қызметін жалғастыруына ынталы. Менеджментпен тікелей жұмыс істейді;
  • Республикалық жəне жергілікті билік органдары. Компанияның тұрақтылығына, оның төлем қабілеттіліне жəне қызметінің жалғасуына мүдделі, өйткені бұл бюджетке де, жұмыс орнының санына да тікелей əсер етеді. Менеджментпен тікелей əрекет етеді.
  • Кредиторлар.  Өздерінің жəне компания арасындағы келісім-шартта деңгейі бекітілген пайда түсіреді. Өздерінің салымдарын көптеген компаниялар арасында əртараптарындырады. Олар компанияның кем дегенде қарызды өтегенше жұмыс істеуіне мүдделі;
  • Жергілікті тұрғындар жəне қауымдастықтар. Бұл топтар жұмыс орындары мен экологиялық жақсы жағдайға мүдделі. Олардың басқа да мүдделері болуы мүмкін;
  • Басқа мүдделі тұлғалар (стейкхолдерлер).

Информация о работе Корпоративті басқарудың анықтамасы