Білім беру жүйесіндегі менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 09:54, реферат

Краткое описание

Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның ббарлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді.

Содержание

Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру
жүйесіндегі рөлі мен орны....................................................................3

Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі
Көзқарастар............................................................................................8

Жүйе және басқару................................................................................13

Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.............17

Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету...................25

Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қатынастар..........................32
.
Қорытынды..............................................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

менеджмент1.doc

— 259.50 Кб (Скачать документ)

Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа  созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау процесi. Бұл процсстің күрделiлiгi сонда - ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

Білім берудегі ақпараттық технологиялар  

Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

- дидактикалық бағыт;

- бағдарламалық ұсыныс;

- техникалық ұсыныс;

- пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық бағыт бойынша классификация

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады.  Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.   

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі  үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:

-         компьютерлік оқулықтар;

-         оқытылатын мәліметтер қоры;

-         үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар. 

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:

-         қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

-         компьютерлік тренажерлер (КТ);

-         зертханалық практикумдер;

-         ойындардың бағдарламалы;

-         үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына  (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.     

Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жұйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Сондықтан педагогикалық инновация бiлiм беру жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С Бургин (2), Н.Д Молахов, Н.И, Лaпин, А.И. Пригожин (5) «инновация», «инновациялық құбылыс» түciініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский (1), В.А. Сластеннв (6), В.С Лазерев, С.,Ц Поляков(4), М.М Поташнвк, от. Хомерики (9) бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды. Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И Антошок, в.г Зазыкнна., Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, Н.Р. Юсуфбекова (10) зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн.

Fылыми әдебиеттердегi инновациялық  мәселелердiң теориялық негiздерiнiң  жеткiлiктi зерттелуiне қарамастан  бiлiм беру саласын ақпараттандыру iciнe жасaлған тандаулар көрсеткендей, жаңалық мектеп басшылары тарапынан үнемi түciнicтiк табыла бермейдi, кейде педагогтар тарапынан табанды қарсылықтар да кездесiп қалады. Бiлiм ұйымдары басшылары педагогтар тарапынан қалыптасып қaлған кәсптiк стереотип жаңалықты шеттеушілік, жаңашылдыққа ұмтылудың болмауы сиякты кедергiлердi кездестірiп жүp. Бұл бағыттa төмендегідей көптеген қайшылылықтарға тап болуда.

Олар:

  • бiлiм беру жүйесiне деген қоғамның объективтi талaптaры мен жүйенiң жaғдайлары арасындағы;
  • мектеп жүйесiне енгiзiлiп жатқан өзгерiстер мен оның қалыптасуын дәстүрлi өмip салтын сақтауы арасындағы;
  • инновация жағдайында мектептi басқару қажееттіліг мен бiлiм  беру саласындағы инновациялық үpдicтi басқару теориясының жоқтығы;
  • басқару  қызметiнiң дәстүрлi деңгейiн жүзеге асыру мен мектеп пен қоғамның қазiргi қажеттiлiгiне сай жаңашыл шығармашылықпен  ойлай алатын басшы-нпаваторлар арасындағы сәйкессiздiк.

Бұл қайшылықтарды тек бiлiм бөлiмдерiнiң арнайы ұйымдастырған жұмысы арқылы ғaнa шешуге болады.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiне қарасақ онда «жаңалық» сөзiнiң төркiнiнде өмiршендiк немесе тиiмдiлiк тyралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгiсiз, өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .

Мектеп басшылары бұл берiлген анықтамаларды сараптай келе жаңалықтың барлығы ылғи да жағымды нәтиже бере бермейдi деген тұжырымға келдi:

-кез келген жаңа дүние  мектептiң көкейкеcтi мәселесiн шешуде  басты құрал бола бермейдi;

- әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады;

- жаңалықты пайдаланушьшар санының көбеюi, жаңа тәжiрибелердiң пайда болуы және оларды игеру жаңалықты меңгерудiң тиiмдi жағдайларын қиындата түceдi.

Әрбip жаңа педагогикалық әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк әсер eтyi.

Қазiргi педагогикалық сөздiктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық ic-әрекеттiң жаңару үрдiсiн, оның принциптерiн, зандылықтарын, әдic-тәсiлдерiн зерттейтiн сала ретiнде қарастырады, ал педагогикалық инновация деп тәрбие мен бiлiм берудiң тиiмдiлiгiн артгыру мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi.

Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын Mүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады . Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Креативтiк компонент икемделу, өзгеру,  қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.

Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.

Әрекет ету және оны түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда болуы белгiлi бiр жағдайларды объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.

Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің  жандануына түрткі болады, қалыптасқан «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi.

Инновациялық кедергiлердiң анықтауыштары ретiнде мына параметрлердi қарастыруға болады:

  • Кедергілердің құрамы, яғни қызметкерге кері әсер етyшi нақты факторлар;
  • Кедергілер дәрежесі, теpic пікірлердің қызметкерлердiң санымен анықталады;
  • Кедергілердің сипаты, яғни теpic пiкiрдегi қызметкерлердiң қарсылық бiлдiруiнiң формалары;

Жеке топтарда жұмыс iстей отырып басшылар инновациялық кедергiлердiң жaғымды да, жaғымсыз да жақтары бар екедігiн анықтады. Кедергiнiң оңды жақтары, бiрiншiден ол жете ойластырылмaған және шапшаң күштеумен енгiзілетiн инновациялық шешiмдердiң жүзеге асуына бөгет жасайды, өйткенi оған әлi объективтi жағдайлар пiсiп жетiлген жоқ, екiншiден, ол инновациялық үpдicтe қоздырушы күш рөлiн атқарады, жаңашылдардың қызмeтiн жандандыра отырып, олардың қол жеткенге тоқтап қалмай, iлгерiлеуi үшiн күш жұмсауын талап eтeдi, үшiншiден, кедергi әрқашан да индикаторлық қызметтi аткарады, жаңашылдарға оперативтi, тұрақты, нақты хабар бере отырып, қабылданған шешiмдердiң осал жақтарын көрсетiп бередi және инновацияның әлi де толық жұмыс жасамаған элементтерiн анықтап, аса қажеттi түзетулер жасайтын негiзгi бағыттарды көрсетедi.

 

 

 

 

 

 

VI. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қатынастар.

 

Ұжымдағы  көңіл-күй  мен  қоғамдық  пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялык, климатпен айқындалады. "Психологиялық климат", "әлеуметтік-психологиялық климат" немесе "микроклимат" үғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмүндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жьшы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді /мажырлы/ екпінге баса мән берген.

Әлеуметтік-психолоғиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-өрекет пен өзара катынас процесінің силатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мьгаадай негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның елеуметтк-психологиялық климатының топтастырушылык қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталан-дырушылык кызметі педагогикалық әрекетгің қолдануына қажетті ұжымның "эмоциалдық күш-қуатын" қалышастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметіұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды.

Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің төртібіне баға беруде керінеді.

Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипатгамасына баса мән беріледі.

Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:

ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы;

ресми жөне бейресми жетекшілердің беделщ мойындауы;                                                                

ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;

ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-езі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі;

ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы;

сапалы тәртіп;

еңбектің өнімділігі;

кадрлардың тұрақтылығы.

Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.

Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостык нсмесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжыргасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай оның көсілтік қызмстінің існдеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарьш соғады.

Кең квлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін аткара жүріп мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілғен бағаны түсінуте бейім. Жағымды баға педагоггы ынталандырады. Жағымсыз бага өзінің қызметін, кәсіптік позициясын. өзгелсрмен қарым-қатынасын қайта қараута негіз бплады. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сынастық, принцииті, талапшыл және тілеулестік сипатта болуды талап етеді.

Информация о работе Білім беру жүйесіндегі менеджмент