Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 09:54, реферат
Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның ббарлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді.
Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру
жүйесіндегі рөлі мен орны....................................................................3
Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі
Көзқарастар............................................................................................8
Жүйе және басқару................................................................................13
Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.............17
Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету...................25
Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қатынастар..........................32
.
Қорытынды..............................................................................................36
Жоғары орта мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр дәрежесінің барлығы көтермеленетін болады.
Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагогтің портфолионда өз көрінісін табады.
Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін барлық өңірлерде тәуелсіз аттестаттау агенттіктері құрылады.
Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу рәсімінен, қызметі туралы есептен білім беру беру процесі мен қоғамдастық қатысушыларының пікіртерімінен тұратын кешенді бағалау негізінде өткізілетін болады.
2016 жылдан бастап математика мұғалімі TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеуге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.
Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингентi 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалiм шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргiзедi.
Педагогтердi даярлауға арналған
мемлекеттік бiлiм беру
Қайта даярлау және
Бейiндiк сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерiн, информатиканы оқытуды көздеу, кәсiптiк мектептердiң желiсiн кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізудi талап етедi.
Жоғары оқу орындарының
Жоғары оқу орындарының
Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктілiгiн арттыру
Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн
арттыру және қайта даярлау саласында:
жетекшi университеттер базасында жоғары
оқу орындарының педагог кадрларын даярлау,
олардың бiлiктiлігін арттыру және қайта
даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан
әрi дамыту;
педагог мамандықтарының бiлiм беру бағдарламалары
мазмұнын жаңарту, бiлiм берудiң вариативтiк
(өзгермелi) үлгілерiн жасау;
педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бҮкiл жылдары бойы үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу;
екiншi мамандықтың қысқартылған
бiлiм беру бағдарламалары
болашақ мұғалiмдер үшiн
12 жылдық мектепте және мектепке
дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша
және кәсiптiк бiлiм беру
педагогтердi және басшыларды
аттестаттаудың және қайта
педагогтердiң еңбегiн
бiлiм берудiң жаңа мазмұнын,
оқыту технологиялары мен
білім беру ұйымдары басшылары
жоғары оқу орындары
Мектепке дейінгі ұйымдар
үшiн педагог кадрларды
Бiлiм беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, iзденушiлiк, зерттеушiлiк және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тiлдi мұғалiмдi даярлауға бағдарланатын болады.
V. Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету.
Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және толықтылығы
Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіз-дікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады.
Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау жиі қолданылады. Техника-лық құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі мектеп басшысының міндеті - мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгізу. Ол технологиияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс.
Педагогикалық жұйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша - күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай - талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай - мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша - директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т.б.
Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгізуде, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.
Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге деЙін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.
Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуншсациялық құзырлылығын "оку, тұрмыыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлетгiлiгi" деп анықтайды.
Авторлар мақалада ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.
Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.
Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.
Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:
• Ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;
• Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып - үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;
• Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi".