Білім беру жүйесіндегі менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 09:54, реферат

Краткое описание

Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның ббарлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді.

Содержание

Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру
жүйесіндегі рөлі мен орны....................................................................3

Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі
Көзқарастар............................................................................................8

Жүйе және басқару................................................................................13

Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.............17

Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету...................25

Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қатынастар..........................32
.
Қорытынды..............................................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

менеджмент1.doc

— 259.50 Кб (Скачать документ)

- орталықты басқару мен өзіндік  басқарымдарды оңтайлы үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді;

- жеке басқару жəне ұжымдасқан  жетекшілік бірлігі. Бұл принципті  ұстанудағы мақсат- біртұтас педагогикалық  процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ал жеке басқару тəртіп жəне жөн-жосақ қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.  
- педагогикалық жүйелерді басқарудағы шынайылық жəне ақпарат молдығы.  
       Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады:  
- уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;   
- басқару қызметі бойынша-талдауға орай, бағалық, құрастырушылық,  

ұйымдастыруға байланысты;

- келіп түсу көздері бойынша- мектепішілік, ведомстволық, қарым-қатынастағы  мекемелерден;

-мақсаты бойынша - өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру жəне т.б.

- өкілеттіктер беру принципі.

Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы – қызметке орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-əрекеттерге байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп директоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов) тапсырылсын). Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер- басшы қызметі; мақсаттар тағайындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер;тəуекелдікті талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс істер; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.

 

ІІІ. Жүйе және басқару.

 

 

Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:  
- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау);

- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ

пен əр жылға жоспар түзу);

- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну менжауапкершілік жүйесін қалыптастыру);

-  реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі

қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру);

-  ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау;

- мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау);  
- қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың

орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);

- педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне

талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).

       Жоғарыда аталған  қызметтер жөнін талдау арқылы  басқару мазмұнын екі жікке  келтіруге болады:

1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т.б.) жəне

2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау).  
     Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:

- педагогикалық қызметкерлерді  экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);  
- əкімшілік – ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);

- психологиялық – педагогикалық  ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек  білдіру, алғыстар жариялау) жəне  əсерлендіру (шуақты психологиялық  климат қалыптастыру, шығармашылық  пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік  даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);  
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);

- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда  демократияны нығайтып, басқалармен  қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме  қызметкерлерінің беделі мен  мəртебесін ұлықтау).  
       Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс  болуы міндетті.

Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік –психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі.  
         Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай– педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.  
         Білім беру жүйесін басқарушылардың басқару мәдениеті олардың кәсіби педагогикалық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дәстүрлі көзқараста кәсіби-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық техника мен шеберлік нормалары мен ережелерін бөліп көрсетумен байланыстырылды. Ал қазіргі кезде педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылық категорияларымен байланыстырыла қарастырылады.

Мектеп жетекшісінің басқару мәдениеті оның мектепті басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, беруге және жасауға бағытталған әр түрлі басқару іс-әрекеттеріндегі тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде байқату жолдары мен өлшемі болып табылады. Басқару мәденметі аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық компоненттерінен тұрады.

 Мектеп жетекшісінің басқару  мәдениетінің аксиологиялық компоненті  мектепке жетекшілік етуге маңызды  және мәні бар басқару –  педагогикалық құндылықтардың жиынтығы  болып табылады. Басқару-педагогикалық құндылықтар ретінде тиімді басқаруға мүмкіндік беретін идеяларды, тұжырымдамаларды алуға болады.

Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық үрдісті басқару жолдары мен тәсілдерін қамтиды. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттері жүзеге асыруды қараастырады. Мұндай міндеттерді атқару менеджер-жетекшінің педагогикалық талдау мен жоспарлау, ұйымдастыру, педагогикалық үрдісті бақылау мен реттеу бірліктерін меңгеруге негізделеді. Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйелерді басқаруды шығармашылық акт түрінде негіздейді. Басқару іс-әрекеті шығармашылық сипатты, басқару құндылықтары мен технологияларын меңгеру негізінде ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде түрлендіріледі, өзгереді. Мұндай түрлендірулер мен өзгерулер жетекшінің тұлғалық ерекшеліктері де, басқару объектілері ерекшеліктерімен де байланысты.

Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары

Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі.

Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен  бейнелеуі болып табылады. Мектепішілік басқару мен менеджмент бойынша мамандар негізгі заңдылықтар ретінде оқу-тәрбие жұмысының басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері арасындағы құрылымдылық – функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мазмұны мен әдістері сипатымен шарттылығын атап көрсетеді. Ю.А.Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалықты, мақсаттылықты, ізгілікті, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әр түрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді. Басқару заңдылықтарынан шығатын қағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде қызмет етеді. Басқарудың мұндай жалпы қағидаларына жататындар: педагогикалық жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен тұтастық; орталықтандыру мен таратуды (деуентрализация) ұштастыру; бірыңғай және алқалық басқару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.

Білім мекемелеріндегі міндетті қызмет атқарушылардың

функционалдық міндеттері

Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді – мектеп директоры, ал оқу-тәрбие үрдісін басқаруды директор және оның орынбасарлары атқарады. Директордың функционалдық міндеттері жалпы блім беретін мекемелердің типтік қағидаларында көрсетіледі.

Мектептегі жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша жұмыс директордың орынбасарына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, профильдік сыныптар немесе жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптары бойынша орынбасары, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары болып бөлінеді. Соңғы жылдары мектептерде ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, әлуметтік-педагогикалық реабелитация жөніндегі директордың орынбасары, коммерция бойынша орынбасарлары міндетті қызметті қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.

Мектепішілік бақылаудағы педагогикалық талдау.

Тұтас педагогикалық үрдісті басқарудың маңызды бір функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару және мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеті тиімділігі мектеп жетекшісінің педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі дәрежеіне байланысты.

Мектеп директоры іс-әрекетінде талдау дұрыс жүргізілмесе, ол қойылған мақсат, міндеттердің толық орындалмауына алып келуі мүмкін.

Педагогикалық талдау параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдаулар болып бөлінеді.

Параметрлік талдаулар білім беру үрдісі ақпараттары негізінде байқалатын құбылыстардың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық педагогикалық талдауға өтуді негіздейді. 

Тақырыптық талдау педагогикалық үрдістердің өзіндік компоненттері бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді. Параметрлік талдау бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша жүргізілетін болса, тақырыптық талдау сабақтар немесе шаралар жүйесі бойынша жүргізіледі.

Қорытынды талдау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.

Педагогикалық талдаудың негзігі объектілерінің бірі – сабақ болып табылады. Сабақты талдау толық, қысқы және аспектілі талдаулар болып бөлінеді.

Сабақты толық педагогикалық талдауда сабақтың барлық элементтері мен мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің немесе проблемалы мұғалімдердің жұмысын талдауда қолданылады.

Сабақты қысқа талдау мұғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.

Аспектілік талдау сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге мектеп директоры тәрбиелік шараларды да талдауға көңіл бөлуі қажет.

Мектепті басқару функциялары.

Кез келген педагогикалық жүйені басқару мақсат қоюшылық пен жоспарлау (шешім қабылдау)

 

 

 

ІV. Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.

 

Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың 2030 стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсатын алға қойды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осы проблеманы шешу мақсатында мынадай негізгі бағыттарды ұстануды атап өтті:

  • Білім беру үдерісін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;
  • Ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;
  • Инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;
  • Ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;
  • Ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;
  • СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

Информация о работе Білім беру жүйесіндегі менеджмент