Қазақстанның әлемдік саудаға ену мәселелері мен маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 15:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайың талдап қарасақ, онда біз мынадан онды құбылыстарды байқар едік:
теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28.8 процент төмендеген болса, 1996 жылы 4.5 процент қана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде.
Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 процент болса, сол жылдың аяғында 52.5, ал 1996 жылы 30 процент болды.
Өндірістің құлдыруы тежеліп, макро экономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжан жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезенімен салыстырғанда – 100.1 процент, соның ішінде өнеркәсіп өнімі - 100.2 процент болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 –бөлім. Халықаралық және сыртқы сауда саясаты
1.1. Сыртқы сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары.................................................................................................................5
1.2. Сыртқы сауда саясатының экономикалық мәні мен мағынасы................7
1.3. Қазіргі кезеңдегі сыртқы сауданың экономикалық саясаты.....................13

2 –бөлім. Қазақстанның сыртқы сауда саясатына қатысуы мен сыртқы сауда саясатын реттеу шаралары
2.1. Қазақстанның сыртқы сауда саясатына араласуы және сыртқы сауданың негізгі жетістіктері...............................................................................................22
2.2. Қазақстанның сыртқы сауда саясатына қатсыуының тиімді жолдары мен оны шешудің мәселелері.....................................................................................26

3 –бөлім. Қазақстанның әлемдік саудаға ену мәселелері мен маңыздылығы
3.1. Әлемдік cаудаға Қазақстанның сауда ұйымы ретінде енуі..................28
3.2. Қазақстанның сауда ұйымына ену мәселелері.........................................30

Қортынды.............................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстанның сыртқы сауда саясаты.doc

— 149.00 Кб (Скачать документ)

Экспорттық тауарлық құрылымында  шикізат тауарлары басым. Бұрынғыдай, негізгі тауарлық топтарды, минералды өнімдер мен қымбат емес металдар құрайды, бірақ сонымен қатар осы тауарлардың үлес салмағы  өзгерді. Өткен жылдармен салытырғанда, 2005 жылы Қазақстаннан шығарылған өнімнің жалпы көлеміндегі минералды өнімдер үлесінің көтерілгендігі және металлургия өнеркәсібі өнімінің төмендегені байқалады.

Минералды өнімдер экспортының 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 50 пайыза өсуіне, негізінен, шикі мұнай мен  газ конденсатын жеткізу құнының  көтерілгендігі әсер етті.

Жеке азық-түлік тауарларының  жеткізу көлемінің өсіміне қарамастан 2004 жылмен салыстырғанда экспорттық операциялардың нәтижелері бойынша  бидай, бидай мен қара бидай, арпа, күріш жеткізілімі айтарлықтай  төмендеді.

Ресейге жіберілетін экспорттық тауарлардың құрамында, жалпы экспорттың құралымындағыдай, энергоресурстар және шикізат тауарлары басым, 2005 жылдың қорытындылары бойынша, 2004 жылмен салыстырғанда Ресей Федерациясымен жасалған жалпы экспорттық  операциялар көлемі шамалы көтерілгендігі байқалды.

Америка елдеріне қазқстандық өнім экспорты 2005 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 32 пайызға өсті.

Импорттың тауарлық құрылымында машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, химиялық және сонымен байланысты өнеркәсіп  салаларының  өнімі, металлургия  өнеркәсібюінің  өнімі, азық-түлік өнімдері мен оны өндірі үшін шикізат басым.

Соңғы жылдары импортталатын минералды  өнімдердің  үлесінің, азық-түлік  өнімдері мен оны өндіру шикізаты үлесінің төмендегені байқалады.

Ресейден сатып алынатын тауарлар, республиканы бірқатар маңызды тауарлармен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. 2005 жылы Ресейден алынатын импорттың негізгі баптары: минералды өнімдерді, мұнай және мұнай өнімдерін, соның ішінде ресей кокысының 70 пайызы, мұнай өнімдерінің 88 пайызы, электр қуатының 66 пайызы, табиғи газдың 52 пайызы, жағар майлардың 49 пайызы болды.

Көптеген жетекші экономистер  еліміздің болашағын, қазақстан  экономикасына кең көлемде шетел  инвестицияларын тартумен байланыстырады, бұл Қазақстанда  халық тұқрмысының  жоғары  деңгейін сипаттайтын өркениетті қоғам құру бойынша ұзақ мерзімді мақсатты көздейді. Шетел капиталы біздің елге ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін және озат басқару тәжірибиесін енгізе алады.

Шетел инвестицияларымен кәсіпорындар құру, шетел инвестицияларын  тарту тәсілдерінің бірі болып табылады. Шетел инвестицияларымен құрылған кәсіпорындар саны өсімінің негізгі фактоорлары  - осындай кәсіпорындардың жұмыс істеуі үшін жеңілдік шарттарын, республиканың ресурстық әлеуетін қамтамасыз ететін нормативтік актілерді енгізу  және де арзан және білікті жұмыс күшінің бар ботлуы болып табылады.ү Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының бай және әртүрлі қорлары, оның әлем экономикасына ықпалдасуы үшін қолайлы негіз болып табылады.

Қазақстанда бірлескен кәсіпкерліктің дамуы, шетел капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындар саны өсуінің  тұрақты серпінімен сипатталады.

Бірлескен кәсіпорындар, сыртқы сауданың дамуына айтарлықтай үлес қосады және тауар айналымының көтерілуіне  әсер етеді.

Азық-түлік  өнімдерін өндірумен айналысатын шетел капиталы қатысқан кәсіпорындардың  қызметі әр түрлі  болған және олардың ішіне мыналар кіреді: ет және ет өнімдерінің өндірісі, қайта өңдеу және консервілеу; өсімдік және жануар майларының өндірісі; сүт өнімдері, сусындар және ұн өнімдерінің өндірісі; жемістер мен көкөністерді  қайта өңдеу және консервілеу; темекі өнңімдерінің өндірісі.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында  шетел капиталы қатысқан кәсіпорындар 2005 жылы 2436,5 млрд. теңгенің тауарын  сатты. Сатудың ең көп көлемі Алматы қаласында орналасқан кәсіпорындардың үлесінде  Атырау облысында – 13пайыз, Астана қаласында және Батыс Қазақстан облысында – 6 пайыздан, Қарағанды облысында – 5 пайыз, Қызылорда облысында – 3 пайыз. Соның ішінде халыққа 330,1 млрд. теңгенің тауары сатылды, оның ішінде Алматы қаласында тауарлардың 48 пайызы, Астана қаласында 6 пайызы, Алматы облысында 11 пайызы сатылды.

 

2.2. Қазақстанның сыртқы сауда  саясатына қатсыуының тиімді  жолдары мен оны шешудің мәселелері

Қазақстанның халықаралық  саудадағы  рөлін күшейту үшін оған тән ерешеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстан ерекшелігі оның дамыған, сондай – ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

     Қазақстанды дамыған  елдер қатарына қосатын факторларға  халқының жаппай сауаттылығы,  ғылыми – зерттеу мекемелерінің кен жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктер жаттады.

     Экономикасының шикі  эаттық бағыты , шетел инвестициялары  мен жаңа технологияларға деген  қажеттілік, инфра құрылымның төмен  дәрежесі республиканың дамушы  ел екендігінің дәлелдері.

     Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы дамыған елдер, атап айтсақ АҚШ «Таргетинг»дегенді пайдаланушы елдерге (негізінен «жаңа индустриалды елдер») қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.

     Таргетинг-экспорттық  потенциалды ,негізінен бір мақсатты  ғана көздеп , өсіре беру.

     1997 жылдың басында, Мәскеуде ,Интеграциялық комитетте Беларусьтің , Қазақстанның ,Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарпшы топтарының Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті.Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңындаСингапурде өткен БСҰ-ға мүше мемлекеттер министрлері конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады.Бұл форумның мақсаты БСҰ мүшелерінің келісімдер  мен шешімдер жөніндегі міндеттемелерін орындауын қарау ,беделді Халықаралық сауда ұйымы қызметінің жұмыс бағдарламсына шолу жасау,дүниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымне дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады.

     1996 жылы Беларусь , Қазақстан  , Қырғызстан және Ресей  үкіметтері  делегацияларының БСҰ-ға кіру  мәселелері жөніндегі жұмысының   қорытындылары , олардың осы бағытта  қазір жүргізіп отырған қызметінің  жоспарлары қаралды.

     «Төрттік»елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді.Кеден одағына қатысушылардың БСҰ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны , сондықтан ұзақ уақытқа созылатыны айтылды.

     Қазақстан дербес  сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп , өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.

 

3-бөлім. Қазақстанның әлемдік саудаға ену мәселелері мен маңыздылығы

3.1. Әлемдік  саудаға  Қазақстанның сауда ұйымы ретінде енуі

Әлемдік саудада тең құқылық  әріптестік жағдайын қамтамасыз ету  мақсатында Қазақстанның Әлемдік Сауда  Ұйыман кіруіне дайындық жұмыстары  жалғасуда. Бұл сыртқы саудада Қазақстан  мүддесін кемсітпеуге, басқа елдердің нарықтарына еркін кіруді қамтамасыз етуге, және сауда саласындағы тиісті жеңілдіктерді жалпыға бірдей жүйесі аясында әр елдерден сауда жеңілдіктерін алуға мүмкіндік береді.

Оған жету үшін бірқатар аса маңызды  қадамдар жасау қажет. Атап айтқанда, Қазақстанның Әлемдік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты рәсімдік мәселелерді шешуді тездету, ұлттық заңнаманы халықаралық нормамен сәйкестікке келтіру, мемлекеттік жүйені әлемдік стандартқа жақындату секілді.

Үкімет Кедендік Одақ, Орта азиялық  одақ және ТМД аясында интеграцияны одан әрі дамытуға пейілді.

Кедендік Одақ елдерімен сыртқы сауда саясатының стартегиялық бағыты реформа жүргізуді үйрегтуге, жалпы  нарықты сатылап ұйымдастыруға және оны қорғаудың жүйесіне бағытталынатын болады.

Орталық Азия өңіріндегі республикалармен сыртқы экономикалық қатынастың белсенділік дәрежесі бірыңғайлылы нормативтік  заңнамаға, халықаралық қауымдастықтың жұмыс істеуіне жағдай тудыруына, инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты болып тұрады.

Экономикалық саясат ТМД елдерімен  еркін сауда тәртібін негізінде құрылады.

Белгіленген шаралар нәтижесінде  Қазақстан сауда балансының тұрақты  оң сальдосына жетуге пейілді. Мемлекеттің  таза халықаралық резервтерін ұлғайтуды  есепке ала отырып, оның жалпы төлемі балансын да оңға шығару деп жоспарланады.

Төлем балансының тұрақты оң қалдығына  жету үшін, сондай – ақ сыртқы және ішкі қарыздардың үйлестірілген  саясатын жүргізу, шетелдік капиталды  тартудың ең жақсы деңгейін анықтау, ел экономикасына инвестиция жасау  үшін қарыз ресурстарды ұтымды пайдалануға жағдай тудыру және сыртқы қарыздарға қызмет көрсету бойынша мемлекеттер міндеттемелерінің дер кезінде орындалуы да қажет. Мұнан басқа, жинақтауға нақты ынта қалыптастыру, жинақтауды жаңарту және оларды инвестицияларға ауыстыру талап етіледі.

Әлемдік сауда жүйесі тиімді өндірушілерген, әсіресе дамыған елдерде өз өнімдерімен кеңінен сауда жүргізуге мүмкіндік беруі керек. Кедей елдер экспорттан үлкен пайда ала алатын болса, онда оларда дамудың орнықты формасына капитал жұмсау үшін ресурстар болар еді.

 

 

 

3.2. Қазақстанның сауда ұйымына  ену мәселелері

Алдағы кезеңде Қазақстанның Әлемдік  Сауда Ұйымына  кіру саясаты шетелдік тауарлар мен қызметтерді Қазақстан  нарығына және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді – сыртқы нарыққа  қарай жылжыту арасындағы балансты қамтамасыз ету қажеттілігіне орай құрылды.

Алдағы уақыттарда экспортқа бағытталған  өндірісті дамыту, дәстүрлі тауарларды жаңа нарықтарға қарай жылжыту есебінен  өнім тарату көлемін ұлғайту, экспорттың экономикалық тиімділігі мен құрылымын  жақсартуды арттыру, әлемдік және ішкі нарықта қазақстандық өнімдердің бәсекелік қабілеттерін көтеру, сыртқы сауданың қаржылық, көліктік және ақпараттық инфрақұрылымдарын дамыту көзделінуде.

Жаңа көлік жолдарын салу арқылы қазақстандық өнімдерді көмірсутектерді  шикізат, түсті және қара металл, астық, жүн, минералдық тыңайтқыш және басқа да тауарларды жеткізудің өрісін кеңейту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі  көтеріңкі құны қосылған өнімдерді  экспорттауға несие берудің  және сақтандырудың тетігін қалыптастыру негіздерін жасайды. Осы бағытта несеи беруді дамыту мен қазақстандық экспорттаушылардың әлемдік нарыққа шығуларын оңайлату мақсатында экспорттық – импорттық сақтандыру құрылымын жасау, сонымен бірге кейбір жекелеген елдер мен аймақтарға қатысты іріктемелі сыртқы экономикалық саясатты жүргізу көзделінуде.

Сыртқы нарықта тауарлардың  демпингін болдырмау және келісімді  бағаны түсірмеу мақсатында тауарларды экспорттаудың жанамалық реттеу шаралары жасалынатын болады.  Сондай – ақ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын халықаралық жақындату көзделуде.

Отандық кәсіпорындарды сыртқы сауда  саясатының шараларымен қолдау: республика экономикасының өндірістік қайта құрылымдануына көмектесетін жоғары технологиялық  инвестициялық тауарларды шеттен әкелуді ынталандыру, демпингке қарсы, өтемдік және қорғаныс шараларын қолдану, отандық тауарларды өндіру үшін ішкі нарыққа тең бәсекелестік жағдайын тудыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, экспорттық – импорттық  операциялардың салық салу жүйесі жақсаратын, сыртқы сауданы реттеудің тарифтік және тарифтік емес шараларды жетілдіретін, сондай – ақ қазақстандық тауар өндірушілерге зиян келтірерліктей Қазақстан нарығына импорттың кіріп кетуін болдырмауға ықпал ететін рәсімдер жасалынатын болады.

Импортты реттеудің  нәтижесі оның тауарлы құрылымына ұтымды болып  шығуы керек, ол дегеніміз экономиканың өндірістік қайта құрылымдауға және отандық нарықты сапасыз өнімдерден қорғауға ынталандырады.

 

  
Қортынды

Қазақстанның сыртқы саудаға шығуын және оны жаулап алуын біріншіден, тауардың бірегейлігі, екіншіден, әлемдік деңгейдегі немесе стандарттағы сападан неғұрлым жоғары тауарлы жеткізу, үшіншіден, сыртқы нарыққа шығуда уақыт факторын дұрыс анықтау, төртіншіден, сыртқы саудадағы бәсекелестікті ескер жеңілдетілген болса, оның ішінде сатушылардың бақталастығы, басқа тарап үшін неғұрлым пайдалы шартты ұсыну, шаруашылықтың неғұрлым тиімді формасын іздеу, тауар мен тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарлату ретінде қарастырылатын бәсекелестікті ескеру және оған аса көңіл бөлу маңызды.

Өйткені, экспорттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілік мәселесі кәсіпорынның сыртқы сауда қызметінде басты орын алады. Бұл мәселенің ұзақ уақыт шешілмеуі  тауар өткізуде Қазақстан үлесінің азаюына, отандық тауарларға бағаның төмендеуіне, әлемдік саудада олардың беделінің жоғалуына әкеледі. Мұны түсінген отандық кәсіпорындар бүгінгі күні өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды экспорттық қызметті жетілдірудің негізгі бағыты ретінде қарастыруда. Себебі саудада да оның қажеттіліктеріне жауап беретін тауарларды ұсындай, кәсіпорын өзіне бәсекеге қабілетті ұстанымды қамтамасыз етпейді. Ал ондай тауарларды ұсыну бәсекелестік орта болғанда ғана мүмкін.

Сонымен, Қазақстанның сыртқы саудаға  араласуын арттыру, БСҰ – ға кіруді көздеген ел отандық кәсіпорындардың сыртқы саудаға қатысу қызметін жетілдірудің негізгі бағыты ретінде қарастырылады.

Қазақстан сыртқы сауда саясатына  араласу үшін ең бірінші бағыт  бұл халықаралық стандарт сертификаттарын  алу. Бірақ бұл стандартқа көшкендерлің саны әлі жеткіліксіз. Сыртқы сауда саясатындағы қатаң бәсекелестік ортада табысты жұмысқа қол жеткізу үшін кәсіпорындар халықаралық сапа стандартына сай өнім өндіруден бастап, тауарлар мен қызметтердің бағасы, кәсіпкердің нарық шарттарына әсер ету мерзімі, келісім шарттарын қадағалау дәлдігі, міндеттілік, байланыс пен ақпараттың қазіргі заманғы құралдарымен техникалық жабдықталуы, бағадан түсім, төлемді кейінге қалдыру, төлемді әріптес үшін қолайлы валютада жүзеге асыру, несиеге беру, тауарды аз партиямен немесе сатып алушының бірінші талабы бойынша жеткізу, стаушының келісімінің шарттарын оны орындау кезеңінде өзгертуге дайындығы сияқты сыртқы саудаға қатысудың ашық және жабық формаларын қолдануы және үнемі өнімнің әлемдік саудада бәсекеге қабілеттілігін бағалап отыруымыз керек.

Информация о работе Қазақстанның әлемдік саудаға ену мәселелері мен маңыздылығы