Қазақстанның әлемдік саудаға ену мәселелері мен маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 15:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайың талдап қарасақ, онда біз мынадан онды құбылыстарды байқар едік:
теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28.8 процент төмендеген болса, 1996 жылы 4.5 процент қана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде.
Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 процент болса, сол жылдың аяғында 52.5, ал 1996 жылы 30 процент болды.
Өндірістің құлдыруы тежеліп, макро экономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжан жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезенімен салыстырғанда – 100.1 процент, соның ішінде өнеркәсіп өнімі - 100.2 процент болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 –бөлім. Халықаралық және сыртқы сауда саясаты
1.1. Сыртқы сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары.................................................................................................................5
1.2. Сыртқы сауда саясатының экономикалық мәні мен мағынасы................7
1.3. Қазіргі кезеңдегі сыртқы сауданың экономикалық саясаты.....................13

2 –бөлім. Қазақстанның сыртқы сауда саясатына қатысуы мен сыртқы сауда саясатын реттеу шаралары
2.1. Қазақстанның сыртқы сауда саясатына араласуы және сыртқы сауданың негізгі жетістіктері...............................................................................................22
2.2. Қазақстанның сыртқы сауда саясатына қатсыуының тиімді жолдары мен оны шешудің мәселелері.....................................................................................26

3 –бөлім. Қазақстанның әлемдік саудаға ену мәселелері мен маңыздылығы
3.1. Әлемдік cаудаға Қазақстанның сауда ұйымы ретінде енуі..................28
3.2. Қазақстанның сауда ұйымына ену мәселелері.........................................30

Қортынды.............................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстанның сыртқы сауда саясаты.doc

— 149.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

1 –бөлім. Халықаралық және сыртқы сауда саясаты

1.1. Сыртқы сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге  асыру құралдары.................................................................................................................5

1.2.  Сыртқы сауда саясатының  экономикалық мәні мен мағынасы................7

1.3. Қазіргі кезеңдегі сыртқы  сауданың экономикалық саясаты.....................13

 

2 –бөлім. Қазақстанның сыртқы сауда саясатына қатысуы мен сыртқы сауда саясатын реттеу шаралары

2.1. Қазақстанның сыртқы сауда  саясатына араласуы және сыртқы  сауданың негізгі жетістіктері...............................................................................................22

2.2. Қазақстанның сыртқы сауда саясатына қатсыуының тиімді жолдары мен оны шешудің мәселелері.....................................................................................26

 

3 –бөлім. Қазақстанның әлемдік саудаға  ену мәселелері мен маңыздылығы

3.1. Әлемдік  cаудаға   Қазақстанның сауда ұйымы ретінде енуі..................28

3.2. Қазақстанның сауда ұйымына  ену мәселелері.........................................30

 

Қортынды.............................................................................................................32

 

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі........................................................................34

 

Кіріспе

Қазақстанның егемен ел ретінде  Бірікен Ұлттар Ұйымына және басқада көптегн халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым – қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі  жағдайың талдап қарасақ, онда  біз  мынадан онды құбылыстарды байқар едік:

  1. теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28.8 процент төмендеген болса, 1996 жылы 4.5 процент қана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде.
  2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 процент болса, сол жылдың аяғында 52.5, ал 1996 жылы 30 процент болды.
  3. Өндірістің  құлдыруы тежеліп, макро экономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжан жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезенімен салыстырғанда – 100.1 процент, соның ішінде өнеркәсіп өнімі  - 100.2 процент болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.
  4. экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154.5 прорцент болса, кейінгі жылдары  да  едәуір өседі деп кұтілуде.

     Қазіргі Қазақстанда  қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүнитежүзілік рынокьағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр.

     Солардың ішінде:

  • облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
  • барлық лицензиялармен квоталарды аукциондарда сатуды зандастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қаэынасына алуға, меншіктің  әртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен  квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;
  • экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында  экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.

    Қазақстанның  сыртқы  экономикалық байланыстар саласындағы  орның тұрақтандырып рөлін мейлінше  арттыру бағыттарында қолға алытын  жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың  негізгілерінің ішінде аяқталған  кешен құрып, экспорттағы шикі зат бағытын жену үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталаған технологиялық кешендер құрып, өндіруі салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп дүниежүзілік дейгеідегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

     Аталған салалар мен  өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің  экспорттық потенциалын ұлғайтып  қана қоймай жұмыспен толық  қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикі затты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тейімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. 
1 –бөлім. Халықаралық және сыртқы сауда саясаты

1.1. Сыртқы сауда саясатының  мәні, негізгі түрлері және оны  жүзеге асыру құралдары

Халықаралық экономикалық қатынастардың  дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

     Американ ғалымы Дж.Сакстың  пікірінше «қандай бір ел болмасын  оның экономикалық жетістігі  сыртқы саудаға байланысты.Дүниежүзілік  экономикадан оқшауланып ешқандай  ел дені сау,жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

     Халықаралық сауда-еңбек  бөлінісі негізінде әр түрлі  елдердің тауар өндірушілер арасында  пайда болатын байланыстардың  нысаны және олардың өзара  экономикалық тәуелділігі.

     Ғылыми-техникалық прогрестің  ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер ,өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді.Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

     Халықаралық сауда  дегеніміз-дүние жүзі елдері арасындағы төлемді,жиынтық тауар айналысы.

     Сыртқы саудада «фритредерствоны»  немесе «протекционизмді» еншісінде  қалды.Қазіргі кезде бұл екі  бағыт өзара кірігіп,араласып  кетті.

     Фритредерство саясатын  ең алғаш А.Смит өзінің «Салыстырмалы  артықшылықтар теориясында»анықтаған.Ол :«айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады» ,-деп жазған.

     ХХ ғасырдың екінші  жартысынан бастап халықаралық  сауда жоғары қарқынмен жедел  дами бастады.

  1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өнлірісті интернационалдаудың дамуы;
  2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі  кпиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми – техникалық революция;
  3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
  4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
  5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып; кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
  6. сауда – экономикалық интеграция процестері дамып, жалпығы бірдей рыноктардың қалыптасуы;
  7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда  динамикасының әркелкілігі  біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа  белсенді қатысушы елдердің өзара сауда  – экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдылығынан айырыла бастады. Егер 1950 жылы АҚШ – тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3\1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8\1 тең болды. Өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ – тың деңгейіне жақындады.

     Сөйтіп, 1990 жылдары Батыс  Еуропа халықаралық сауданың  орталығына айналды. 1980 жылдары халықаралық  сауда – саттықта Жапония едәуір  жетістіктерге жетті. Бұл жылдары  машина мен жабдықтары экспорттауда  Жапония дүниежүзінде бірінші  орынға шықты. Сол кезінде өз тауарларын бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдерді» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

 Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік  классификациясы төрт жүзге жуық  критерийлерден тұрады. Олардың  негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрұлым, байланыс құрал – жабдықтар т.б. факторлар ескеріледі.

 

1.2.  Сыртқы сауда саясатының  экономикалық мәні мен мағынасы

Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) –  бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.

         Сыртқы  экономикалық саясаттың негізгі  құраушыларына жататыңдар:

  • сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат

кіреді);

  • шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал

салымдарын реттеу саласындағы  саясат;

  • валюталық саясат.

         Сонымен  бірге, сыртқы экономикалық саясат  жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен  сыртқы экономикалық операцияларды  жүргізудің географиялық теңестірілуі  міндеттерін де шешеді, бұл іс  елдің экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз етумен байланысқан.

         Сыртқы  экономикалық саясат – сыртқы  экономикалық қызметті де (СЭҚ)  реттейді, оның айрықша белгілеріне  мыналар жатады:

  • тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
  • материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың

халықаралық қозғалысы.

         Көптеген  мемлекеттерде сыртқы экономикалық  саясат құралдарының кең ауқымды  жиыңтығының болуы - өздерінің  сыртқы экономикалық байланысынын  құрылымы мен даму бағыттарын  құруға ғана емес, сонымен бірге  басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.

         Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері. Тиімді сыртқы экономикалық саясатты құру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі – бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.

         Енді сол  төрт принципті жеке-жеке атап  өтейік:

         1) мемлекеттік  қайта өзгерту (жаңарту) қызметі.  Бұл қызмет қалалар мен аймақтардың  даму саясатын қалыптастырады. Осы  саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты да (кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;

         2) ұлттық  фирмаларының сыртқы экономикалық  саясатының, бір реттік сыртқы  экономикалық байланыстардан сыртқы  нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметтің тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;

         3) үкімет  тармақтары, ведомстволары сонымен  бірге федерация және оның  субъектілері арасында сыртқы  экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;

         4) сыртқы  экономикалық саясат – кез  келген мемлекеттің сыртқы саясатының  құрамдас бөлігі.

         Егер дипломатия  соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға  қызмет етеді, сондықтан әлемдік  нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар жасау – ресейдің сыртқы саясатының маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.

         Сыртқы  экономикалық саясат – сыртқы  экономикалық қызметтің бүкіл  жиынтығын, яғни тауарлар мен  қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.

         Ал сыртқы  экономикалық саясаттың құрамдас  бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты,  өндірістік және ғылыми-техникалық  ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел рестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырмашылық жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.

         Сыртқы  сауда саласындағы саясатты жүзеге  асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.

         Шетел инвестициялары  саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататыңдар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.

Информация о работе Қазақстанның әлемдік саудаға ену мәселелері мен маңыздылығы