Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 17:09, реферат
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында ғана жаңа күштердің орталықтары бірлескен Германия мен Италия, сондай-ақ "Үштік Одақ" құрып қуатын арттырған Австрия-Венгрия халықаралық қатынастағы күштердің арасалмағын біржола шайқалтуға әкеп соқты, бұл өзгерістен кейін "Антантаға" біріккен Ұлыбритания, Франция және Ресей шешуші рөл атқарды. Орталық күштердің қайшылығы ақырында Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.
1950 жылы АҚШ Корея жарты аралындағы жанжалға араласып, алғаш рет өзінің қарулы күштерін пайдалануға мәжбүр болды. Соғыстан соң Кореяны солтүстігінен Кеңес Одағы, оңтүстігінен АҚШ оккупацияланды. Германия сияқты екі үкімет құрылды. Олардың арасындағы қайшылық американ-кеңес қатынастарының шиеленісуіне байланысты күшейіп отырды. 1949 жылға қарай АҚШ пен КСРО әскерлері Кореядан шығарылды, Кореяның екі бөлігінде де сайлау жүргізілді. 25 маусым 1950 жылы Солтүстік Корея әскер 38 параллель бойынша демаркациялық шепті бұзып, оңтүстікке қарай те жылжыды12. АҚШ Солтүстік Корея әрекетін агрессиялық деп танытып Біріккен Ұлттар Ұйымына Оңтүстік Кореяға көмек көрсету туралы шешім қабылдатты. БҰҰ туы астында Корея жартыаралына көпшілігін американдықтар құраған бірнеше елдің әскері түсірілді. 1953 жылға дейін созылған Корея соғысы басталды13.
«Қырғи қабақ соғыс» жылдарында халықаралық қатынастардың дамуы ірі державалар арасындағы қатынастармен анықталды. Олардың бәсекелестігі әскери-саяси сипатта болды, солай бола тұрса да, екі жағы да оның қорытындысының қандай болатынына сенімді болмағандықтан, ашық соғыс қақтығысына бармады. Осы соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясатқа белеңдік сипат берді. «Қырғи қабақ соғыс» халықаралық қатынастағы шиеленісу мен бәсеңдеудің алмасуы болды. Шиеленіскен жағдайда ірі державалар компромиске бару жолын іздеді. Қауіпсіздік сезіле бастасымен бәсекелестік қайтадан күшейді.
1950 жылы 15 қыркүйекте оңтүстікке
кеткен Солтүстік Корей
1951 жылы қаңтарда майдан
демаркациялық шепте тоқтады, ал
маусымда КСРО-ның
Осылайша АҚШ пен КСРО арасында бітіспес қайшылық туды. Егер оның басталуын 12 наурыз 1947 жылғы Трумэн доктринасы деп, ал аяқталуы 8 желтоқсан 1991 жылы КСРО-ның құлауы десек, сонда ол 45 жылға созылды. Осы жылдары АҚШ пен КСРО арасында қайшылық қанша асқынса да соғысқа ұласқан жоқ. Сондықтан да осы кезеңді «қырғи қабақ соғысы» деп сипаттауға негіз бар: екі жақ та «қанды соғысқа» дайындалды, бір-біріне жау ретінде қарады, дүниенің барлық аймақтарында және қарудың барлық түрінен бәсекелесті, қару Жер бетіндегі бар тіршілікті бірнеше рет жойып жібере алатындай көлемде жиналды, бірақ бұл қуатты бір-біріне қарсы ешқашан да қолданбады. Не себептен?
Бас кезеңде екі жақ та мұндай соғыс түрін қаламады. Конфронтация шындыққа айналған кезде екі жақ та жаңа соғыс тұтана қалған жағдайда жеңетініне сенімді болмады. Соғыс қорытындысының айқын болмауы екі жақты да бір жақты басымдылыққа ұмтылдырды, алайда неғұрлым жаңа түрлерінің пайда бола беруі қақтығыстың соңының қандай боларын болжауды тіпті қиындатты. «Қырғи қабақ соғыс» бүкіл планетаны шарпыды. Ол дүниені екіге, екі соғыс-саяси және экономикалық топтарға, екі қоғамдық-саяси жүйеге бөлді. Осы ауқымды бәсекелестіктің өзіндік саяси логикасы туындады - кім бізбен бірге болмаса, ол бізге қарсы. Дүние жүзіндегі барлық оқиғалар бәсекелестіктің айнасында «қара-ақ» деп қаралды.
«Қырғи қабақ соғыс» бағымызға қарай «қанды соғысқа» ұласпаса да саясат пен ақыл-ойды барынша милитиаризациялады. Дүниежүзілік саясатта барлығы соғыс қуаттылығы жағынан есептелінді. Күш қолдану қаупі БҰҰ жарғысына сәйкес болмаса да «ядролық қорқыту» саясаттың басты қаруы болып табылды. Жанталаса қарулану бейбіт кезеңде АҚШ пен КСРО-да соғыс-өнеркәсіп комплексін қалыптастырды. Осы саланы басқарған министрліктер мен ведомстволардың беделі мен саяси ролі өсті. Халықтың санасын милитаризациялау жүргізілді. Соғыс қызметі ерлікке саналды. Жауыз, аяусыз коммунист және дәл сондай империалист бейнесінде жаңа образы қалыптастырылды. Екі елдің мәдениетіне де осы сіңдірілді. «Шпиондық» романдар дәстүрлі детективтерді ығыстырды.
«Қырғи қабақ соғыс» дүниежүзілік саясаттың басым құбылысы ретінде ішкі өмірге де едәуір ықпал етті. Дүниені «қара-ақ» деп тану сыртқы дүниеге қауіп-қатер сезімін ұялатты және сыртқы жау алдында жасанды іштей топтасуға итермеледі. Алдыңғы ой-пікір арандатушылық іс-әрекет деп табылды. Осы АҚШ-та азамат құқы мен бостандықтарының жаппай бұзылуына, ал КСРО-да тоталитарлық режимнің нығаюына әкеп соқты. Сонымен қатар «қырғи қабақ соғыс» Батыс елдерінде «берекелі мемлекеті құру мақсатындағы әлеуметтік реформаларды жүргізуді аяқтау үшін стимул болды және ол коммунизм идеясы еніп кету барьері ретінде саналды.
«Қырғи қабақ соғыс» қарулануға көп қаржы шығаруды талап етті, инженерлер мен жұмысшылардың ең таңдаулылары қарудың жаңа түрін шығарумен айналысты. Жанталаса қарулану адам естіп білмеген ғылыми жаңалықтар тудырды. Ол ядролық физика мен космостық зерттеулердің дамуына ықпал етті, электроника қуатының өсуі мен жаңа материалдар жасауға жағдай туғызды. Жанталаса қарулану кеңес экономикасын қанаттандырып, американ экономикасының бәсекелестік қабілетін төмендетті. Сонымен қатар кеңес-американ бәсекелестігі АҚШ-тың коммунизммен күресінің алдыңғы шебі болған Батыс Германия мен Жапонияның саяси және экономикалық позициясын қалпына келтіруге қолайлы әсерін тигізді. АҚШ пен КСРО бәсекелестігі отар мен тәуелді елдер халықтарының тәуелсіздік үшін күресін жеңілдетті, әрі туындаған «үшінші дүниені» ықпал ету аймағы үшін аймақтық және жекелеген кақтығыстардың бітпейтін орталығына айналдырды15.
Былайша айтқанда, «қырғи қабақ соғыс» екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік тарихқа терең және жан-жақты әсер етті. «Қырғи қабақ соғысты» болдырмауға болар ма еді? Оның пайда болуы көбіне екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының әр түрлілігіне байланысты болып табылады. Оның ең бастысы дүниеде ғаламдық бәсекелестікті бастай және ұзақ жүргізе алатын екі державаның ғана қалғаны еді. Басқа ұлы державалардың бұған күш-қуаты жетпеді. АҚШ пен КСРО осы жағдайда тек ұлы державалар ғана емес, басты ұлы державаларға айналды. Осылайша дүниенің екі полюстікке айналуы бәсекелестікті тудырмай қоймайтын еді. Осы тартысқа тарихи дамуы, географиялық жағдайы, экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысы әр түрлі ғана емес, дүниетанымы да әр түрлі мемлекеттердің қатысуы оған ерекше форма, орта ғасырлардағы діни соғыстарды еске түсіретін идеологиялық қақтығыс сипатын берді. Сондықтан да «қырғи қабақ соғыс» болмаса, жағдайдың қандай болатынын елестетуге болады.
Осы жылдары аймақтық шиеленіс ошақтары қалыптасты. Таяу Шығыста соғыстың аяқталуы Палестина халықтары еврейлер мен арабтар арасында қайшылықтың өсуіне әкеп соқты. Палестина (Жерорта теңізі мен Аравия шөлейті арасындағы құнарлы жер) ежелден иврий (еврей) халқы орналасқан жер. Осы халық б.э.д. XI ғасырда өз мемлекетін құрған. Палестинаны Египет, Ассирия, Вавилон сияқты күшті көршілері қайта-қайта жаулап алып отырған. Ол Рим империясының құрамына енген соң еврейлер тәуелсіздік алу үшін бірнеше рет көтеріліске шыққан. Олардың көтерілістері аяусыз басылып отырылған. Еврейлердің діни өмірінің басты орталығы - Иерусалим храмы бұзылды. Еврейлер Палестинадан көшіп, Европа мен Таяу Шығыс елдеріне қоныстанды. Жаңа жерлерде олар өз діндерін (иудаизм) сақтады және жергілікті халықтар арасында сіңіп кетпеді. Әр елде оларға әр түрлі қарады. XIX ғасырдың соңында Европада антисемитизм (еврейлерге жау ретінде қарау) күшейді. Еврейлер қайда жүрсе де пана табуға тырысып, өз ұлттық мемлекетін құруға әрекеттенді. Олар осындай мемлекет үшін Палестинаны таңдап алды. Еврейлер Палестинаға жиналды. Осман империясы құлаған соң Палестинаны басқарған ағылшындар еврейлердің өз ұлттық ошағын құруын қолдады. Жергілікті палестиндік арабтар бұған мүлдем қарсы болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлер трагедиясы Палестинада өз мемлекетін құру үшін қозғалысты одан сайын жандандырды. Ағылшындар Палестинада еврейлер мен арабтар арасында туындаған қайшылықты шешуге дәрменсіздік көрсетті. Соғыс аяқталған соң Палестинаға еврей эмигранттары ағылды. Олар бұл мәселені шешуді БҰҰ-на тапсырды.
БҰҰ 1947 жылы Палестинаны Израиль еврей мемлекеті мен арабтық Палестина деп бөлу жөнінде жоспар жасап бекітті. Осы кезеңнен бастап онда қарулы қақтығыстар орын алды. Израиль мемлекеті кұрылып, одан ағылшын әскерлері шығарылған соң жеті араб мемлекеті бірігіп Израильге қарсы шықты. Бірінші араб-израиль соғысы басталды. 1949 жылы БҰҰ-ның араласуымен мәміле жасалынды. Израиль өзінің өмір сүру құқын сақтап қалды, алайда оны араб мемлекеттері мойындамады. Араб Палестина мемлекеті құрылмады, оның территориясының біразын Израиль, біразын араб елдері басып алды16.
1947 жылы Британ парламенті
Үндістанның тәуелсіздікке
1953 жылы халықаралық
Алайда осы жылдары ірі державалардың бәсекелестігін жаңадан шиеленісуге итермелеген оқиғалар болып өтті. 50-шы жылдары Кеңес басшысы азаттық қозғалысын ашық қолдауға кірісті. Азаттық қозғалысын қолдайтындығын Кеңес үкіметі бұрыннан-ақ білдірген. Вьетнам мен Қытайда коммунистер басқарған осы қозғалысқа барынша көмектескен. Ұлтшылдарға, яғни тек ұлттық тәуелсіздік үшін күрескендердің лидерлеріне Кеңес басшылығы алғашқыда күдіктеніп қарады. Осы 50-шы жылдары жойылды. Кеңес басшысы ұлтшылдарды Батыспен күресте одақтас ретінде қарады.
1956 жылы КСРО Суэц каналы национализацияланған соң, Англия, Франция, Израильге шабуыл жасаған ұлтшыл Египет президенті Гамаль Абдель Насерді қолдады. Сондай-ақ КСРО Үндістанмен тығыз байланыс орнатты. КСРО-ның беделі Азия мен Африка елдерінің арасында қатты өсті. КСРО аймақтық қақтығыстарға тікелей ықпал ету тізгініне ие болды: араб-израильдік қақтығыста ол арабтар, үнді-пәкістан қақтығысында Үндістан жағында болды. Кеңес басшыларының пікірінше осылардың бәрі Батыс елдерімен қатынаста ашық белсенді саясат жүргізуге мүмкіндік береді деп есептеді. Жылымық аяқталды.
Курстық жұмысымды қортындылай келе: екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлемде қалыптасқан ұлы державалар арасында әлемді ықпал аймағына бөлісу үшін мүдделер күресінің бастамасы басталды. Осы қарама-қайшылықта ең шиеленістісі болған АҚШ пен КСРО арасындағы мүдделер қарама-қайшылығы. Осы күрес әлемдегі темір жабылған мен саяси қарама-қайшылық тендженциясын тудырды. Ал бұл кезегінде соғыстан кейін әлемде өзіндік айрықша ізін қалдырды. Жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттердің саяси таңдауына ықпал етті. Келесі 50 жыл бойына осы екі полюсты әлемде гегемондыққа ұмтылыудың американдық-кеңестік күресі ұдайы жалғасып отырды. Америка Құрама Штатары мен Кеңес Одағының бәсекелестігі тіпті атомдық соғысқа әкеле жаздады. Ол сонау Кубадағы Кариб дағдарысы еді. Евразия құрлығындағы жер кеңістігінен ең алып держава Аталант және Тынық мұхиттарында өздерін еркін сезінген амеркандықтарға қарсы тұрды. Бұлардың өзара жарысы Жер шарына билік етушіні анықтауға кетті. Ақыры сонау екінші дүниежүзілік соғыстан соң екіге бөлінген әлемде социалистік жүйе құрып тек қана капитализм өз жасампаздығын танытты. Мұның бастамасы Ауғанстанға басып кірген кеңес әскерлерінің табаны күректей он жыл соғысып амалсыздан ол елді тастап шығуынан байқалды.
Қазір әлем бір полярлы күй кешуде. Америка Құрама Штаттары әлемдік саясатта гегемондыққа қол жеткізді. Бірақ мұның өзі Югославияны бомбылауға, Ауғанстандағы «талибан» үкіметін талқандауға және Иракта атом қаруы бар екен-мыс деген желеумен басып кіруге әкелді. Қазір тымақтарын аспанға атып «біз жеңдік» деп қуанып жүргенімен кейбір мемлекеттерге қоқан-лоққы көрсетуді жалғастырып келеді. Қазіргі кезде олар Иранға шүйлігуде.
Информация о работе Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай