Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 17:09, реферат

Краткое описание

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында ғана жаңа күштердің орталықтары бірлескен Германия мен Италия, сондай-ақ "Үштік Одақ" құрып қуатын арттырған Австрия-Венгрия халықаралық қатынастағы күштердің арасалмағын біржола шайқалтуға әкеп соқты, бұл өзгерістен кейін "Антантаға" біріккен Ұлыбритания, Франция және Ресей шешуші рөл атқарды. Орталық күштердің қайшылығы ақырында Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

zhtar_kurs_37.doc

— 183.50 Кб (Скачать документ)

Германияның бұрынғы одақтасымен бітімшартын дайындау бір жарым жылға созылды. Бейбіт бітім-шарттарының мәтініне келісу Сыртқы істер министрлер Кеңесінің Лондонда, Парижде өткен сессияларында және КСРО, АҚШ пен Англия Сыртқы істер министрлерінің Москвада өткен мәжілісінде жасалынды. 1946 жылы 29 шілде - 16 қазанда Париж бейбіт конференциясы өткізілді. Оның жұмысына 21 мемлекет қатысты: АҚШ, Англия, Франция, КСРО, Қытай, Австралия, БССР, Бельгия, Бразилия, Голландия, Греция, Индия, Канада, Норвегия, Жаңа Зеландия, Польша, УССР, Чехословакия, Эфиопия, Югославия, ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы). Конференцияға мемлекет басшылары қатыспады6.

Конференцияда басты назар фашизмді түпкілікті жою мәселесіне аударылды. Демократиялық күштер фашизмнің қайта туындауына мүмкіндік бермеуді талап етті. Бітімшартының мәтініне Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндиядағы фашистік ұйымдардың қызметіне тыйым салған баптар енгізілді, осындай баптардың Италиямен жасалынатын бітімшартына енгізілуіне батыс мемлекеттер қарсы шықты. Бұрынғы Италия отарларының тағдыры жөнінде мәселе талқыланғанда батыс державалар, егер де Сырткы істер министрлер Кеңесі бір жылдың ішінде өз пікірін білдірмесе бұл мәселені шешуді БҰҰ-на беруге ұсыныс жасады. Оған дейін отарларға ағылшын-американ әскерлері бақылау жасады. Осылайша Италия өзінін барлық отарларынан айырылды. Ол Грецияға Додеканез аралдарын, Югославияға Истрия түбегін берді.

Европада территориялық мәселелерді реттеу барысында Англия мен АҚШ өкілдері өз ұсыныстарын өткізуге барын салды. Олар грек делегациясының еш негізсіз болгар территориясына көз тігуін қолдады. Финляндияның КСРО есебінен территориялық мәселені шешуге тырысқан реакциялық тобының антикеңестік көңіл күйін қоштады, Италияның өзіне Юлиялық Крайна мен Триесті беру жөніндегі талабын қорғады. Финляндия КСРО-ға Печенга (Петсамо) облысын берді. Үштік пактінің барлық мүшелері репарация төлейтін болды.

КСРО соғыстан кейін өзінің территориясын тағы да ұлғайтты. КСРО құрамына Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары кірді. Сонымен қоса КСРО Қытай территориясынан иелік алды, соның нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қытай оның ықпал ету аймағына айналды. КСРО-ға Печенгадан басқа, 1938 жылға дейін Чехословакия құрамында болған Закарпаттық Украина, РСФСР-дың Калининград облысы болып аталған Шығыс Пруссия бөлігі қосылды. КСРО үкіметі Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европ; мемлекеттерінде өкімет басына кеңестік күштер, атап айтқанда коммунистік партиялар келуге бар күшін салды. 1945-1946 жылдарда территориясын ұлғайтудан соң КСРО Түркияға территориялық көз тігіп, Дарданеллді КСРО-ның әскери-теңіз базасын жасау құқын қоса Қаратеңіз бұғаздарының статусын өзгертуді талап етті.

1946 жылдың басында АҚШ  пен Ұлыбритания Солтүстік Ираннан  әскерін әкетуді талап етіп, КСРО-ға  қысым көрсетуге мәжбүр болды. 1941 жылы КСРО мен Ұлыбритания  ленд-лиз бойынша КСРО-ға Парсы  шығанағы арқылы жүк тасымалдауды  қамтамасыз ету үшін Иранды  бірігіп оккупациялағанды. Әскер соғыс аяқталған соң, 6 айдан кейін әкетілуге тиіс болатын. Ұлыбритания мұны жүзеге асырды, ал КСРО асықпады, Солтүстік Иранда автономиялық үкімет құрылды. Осы кезде Грецияда коммунистер басқарған партизан қозғалысы жанданды. Оларды коммунистер басқарған Албания, Югославия, Болгария сияқты шекараласып жатқан елдерден қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше елдерінің Сыртқы істер министрлерінің Лондон мәжілісінде КСРО езіне Триполитанияга (Ливияға) протекторат орнату құқын беруді талап етті. Бұл оның Жерорта теңізі аймағында болуын қамтамасыз ететін еді.

Егер де бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлы державалар соғыстан кейінгі дүние құрылымында экономикалық проблемаларға онша мән бермеген болса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл проблемаларға баса назар аударылды. Соғыстан кейінгі дүниеде финанс тұрақтылығына кол жеткізу мен валюталық соғысты болдырмау үшін БҰҰ эгидасымен Халықаралық валюталық қор (МВФ) және Халықаралық қайта құру мен даму банкі құрылды. Осылайша антигитлерлік коалиция елдерінің соғыстан кейін де ынтымақтастығын жалғастыра беруге негіз жасалды. Жаңа әлемдік тәртіп негізіне ескі ұжымдық қауіпсіздік идеясы алынды. Оның көрінісі БҰҰ болды да, оны жүзеге «әлемдік полицай» ролін атқарған, кең өкілеттіліктер берілген жетекші бес держава асырды7.

Алайда оқиғаның әрі қарай дамуы кеңес басшылығының 30-шы жылдардағы тәжірибе сәтсіздігінен кейін ұжымдық қауіпсіздік мүмкіндігіне сенбейтіндігін көрсетті. Сталин 1939 жылдан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жолы - күш қолдану, территориялық экспансия және ықпал ету аймағын құру - осы бағыттан таймай жалғастыра берді. КСРО ұжымдық қауіпсіздік жүйесін өзінің қуатын кеңейте түсу үшін пайдаланатындығы айқын болды. Бұл Европаны елеңдетпей қоймады. Франция мен Италияда коммунистік партиялар ең ірі саяси партиялар болатын. Осы жерлерде және Батыс Европаның басқа елдерінде коммунистер үкімет құрамына кірді. Оның үстіне Европадан американ әскерінің негізгі бөлігі әкетілген соң, КСРО континентальдық Европада басты әскери күшке айналды. Осы жағдайлардың бәрі кеңес басшылығы жоспарының жүзеге асуына қолайлы жағдайлар туғызды.

КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды.

 

1.3 Трумэн доктринасы

 

1945 жылы 17 шілдеден 2 тамызға дейін Трумэн Потсдам конференциясына қатысты. Дәл рсы кезеңнен бастап-ақ сыртқы саясатында ол коммунистік экспанцияны күшпен, қоқан-лоққы мен ұстау керек деген бағытта болды. Кейіннен Еуропа мен Азия құрлығындағы елдерге экономикалық көмек көрсету керек деп тапты. Бұл саясаттың көрінісі Греция мен Түркияға бағытталған саясатта-ақ көрінісін тапты. Кейіннен екінші реет президенттік креслоға келген кезде Трумэн доктринасының тамаша қосымшасы ретінде Маршалл жоспары мен НАТО альянсының құрылуы болды.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді.

Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға қатынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвельттің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының кез келген сыртқы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді8.

1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери және экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінің шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңес бақылауы орнау қаупі төнді. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол «сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.

1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың  мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл европалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада қаржылық және экономикалық көмек көрсету қажет деп мәлімдеді. КСРО бұл жоспарды Американың Европаны экономикалық қанауға салуға бағытталған деп есептеп, шығыс европа елдерін Маршалл жоспарын жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында қысым жасады. Осы елдерде өкімет билігі коммунистердің қолына көшу процесі жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылдың сәуірінде 16 Батыстық елдер Маршалл жоспарына қол қойды. Бұл бойынша олар 4 жыл ішінде АҚШ-тан 17 млрд. доллар көмек алатын болды. Сонымен бірге американдықтар көмек көрсетудің алғышарты ретінде үкімет құрамынан коммунистерді шығаруды талап етті. 1948 жылға қарай Батыс Европаның бірде-бір үкіметінде коммунистер болмады. Бұрынғы одақтастар арасындағы алауыздық Европаның бөлшектенуіне әкеліп соқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Биполярлы әлемнің алғашқы қақтығыстары

2.1 Берлин блокадасы  және Германияның екіге бөлінуі

 

Европада орын алған оқиғалар Германия тағдырына да әсер етті. Батыс елдер үшін олардың оккупациялық зоналары «тежеу» саясатының алдыңғы шебіне айналды. Бұл саясаттың табысты болуы немістерге байланысты екен айқын болды. Сондықтан АҚШ Маршалл жоспарының әрекет ету аймағына Батыс Германияны қосуды талап етті. Репарация алу және осы өтем үшін КСРО-ға құрал-жабдықтарды тиеу тоқтатылды. Батыс елдері Германияның экономикалық тұрақтылығына және оккупациялық үш батыстық зона негізінде мықты мемлекет құруға қол жеткізді. 20 маусым 1948 жылы онда ақша реформасы жүргізілді. Құнсызданған рейхсмарканы жаңа неміс маркасымен ауыстыру экономиканы қалпына келтірудің басталуына түрткі болды. Бірақ ол Герман проблемасын бірігіп шешу туралы келісімді ашық бұзғандық болып табылады. Берлин статусы туралы мәміледе Берлиннің батыс секторларының батыстық оккупациялық зоналармен транспорттық байланыстарын қамтамасыз ету жөнінде КСРО-ның нақты міндеті көрсетілмегендігін пайдаланып, КСРО Берлиннен Батысқа барар жолды кесіп тастады9.

Берлин блокадасы - КСРО-ның өзінің бұрынғы одақтастарымен алғашқы ашық конфронтациясы басталды. Бұл 24 маусым 1948 жылы басталып 324 күнге созылды. Сол уақыт ішінде Берлиндегі одақтастардың әскерін және Батыс Берлиннің 2 млн-дық халқын қажет жабдықтармен қамтамасыз етуді әуе көпірі арқылы одақтастардың авиациясы жүзеге асырды. Кеңес әскері Шығыс Германия территориясы арқылы одактастар самолеттерінің ұшуына кедергі жасамады. Берлин блокадасы саяси аренада жаңа өзгерістер туғызды. Осы блокада тұсында 1948 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда Трумэн жеңіске жетті. Демократтар қайтадан конгресстің екі палатасына да бақылау орнатты. Сайлау американдықтардың көңіл күйінде болған өзгерісті айқын көрсетті: оларда Америка қорғаныс шебі Европа мен Азияда орналасқан деген түсінік пайда болды және Трумэн бастаған КСРО-мен күшпен қарсыласу бағытын қолдады. АҚШ-тың оқшаулануына соңғы нүкте қойылды.

Берлин блокадасы Батыс елдерінің әскери қуатын нығайту қажеттілігін көрсетті. 4 сәуір 1949 жылы 10 Европалық мемлекет (Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Франция), АҚШ және Канада Солтүстік Атлант келісіміне қол қойды. Онда аталған елдер БҰҰ Жарғысы шеңберінде жау шабуылынан бірлесіп қорғануға дайын екендіктерін мәлімдеді және осы мақсатты жүзеге асыру үшін Солтүстік Атлант келісімі Ұйымы (НАТО) құрылды. Осы келісім негізінде Дуайт Эйзенхауэр басқарған біріккен қарулы күштер жасақталды.

Өз тарапынан Шығыс Европа елдері өзінің топтасуын нығайта түсуді жалғастыра берді. 25 қаңтар 1949 жылы Болгария, Румыния, Венгрия, Польша, КСРО және Чехославакия Европаның бөлшектенуіне байланысты экономикалық проблемаларды бірігіп шешу үшін Өзара Экономикалық Кеңес (СЭВ) құрылатындығын жариялады. Ақпанда СЭВ-ке Албания, кейінірек ГДР қосылды. 1955 жылы осы елдер өздерінің әскери-саяси одағын - Варшава Келісімі Ұйымын (ОВД) құрды.

1949 жыл Германияның бөлшектену  жылы болып табылады. Ақша реформасы жүргізілгеннен кейін көп ұзамай-ақ батыс зоналарда мемлекеттің конституциясын жасау басталды, ол осы үш зона негізінде жасалуға тиіс болды. 1949 жылы мамырда Германия Федеративтік Республикасы (ФРГ) құрылды. Сол жылы қазанда оккупациялық шығыс зонада Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) дүниеге келді. ГДР-мен қатар Қытай Халық Республикасы жарияланды. Гоминьданмен соғыс коммунистердің жеңісімен аяқталды. Дүниежүзіндегі ең халқы көп мемлекетте өкіметтің коммунистер қолына көшуі АҚШ-та абыржу туғызды10.

1949 жылы американдықтар  КСРО-да атом бомбасының сәтті  сыналғаны жөнінде естіді. Кеңес  атом қаруы қарулануға тек 1953 жылы ғана енсе де әскери-саяси  бәсекелестіктің жаңа сипатқа  ие болғандығы айқын еді, өйткені  осы салада АҚШ-тың монополиясы  жойылды. Осыған байланысты АҚШ ядролық қару мен оны жеткізу құралдарын жетілдіру туралы шешім қабылдайды. 1952 жылы АҚШ алғашқы сутегі бомбасын сынады. Сутегі бомбасын жасау онша күрделі емес болатын, ал оның қуаты тасымалдау құралының мүмкіндігімен шектелді. Американдықтар сынаған бірінші сутегі бомбасының қуаты 10 млн. тонналық тротилдің жарылысымен тең еді. Осындай қару он ай өткен соң КСРО-да сыналды. 50-ші жылдары екі елде де ядролық қаруды тасу құралдарының жаңа түрін тез арада жасап, жүзеге асыру жұмыстары жүрді. Соғыс кезіндегі неміс ракета құрылымы жетістігінің негізінде континентаралық баллистикалық ракета жасалынды. Алғашқы атомдық суасты ракета тасушы кемелер пайда болды. АҚШ пен КСРО-ның бәсекелестіп ракеталық-ядролық жанталаса қарулану сипатында жүргізілді11.

 

Информация о работе Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай