Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 17:09, реферат

Краткое описание

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында ғана жаңа күштердің орталықтары бірлескен Германия мен Италия, сондай-ақ "Үштік Одақ" құрып қуатын арттырған Австрия-Венгрия халықаралық қатынастағы күштердің арасалмағын біржола шайқалтуға әкеп соқты, бұл өзгерістен кейін "Антантаға" біріккен Ұлыбритания, Франция және Ресей шешуші рөл атқарды. Орталық күштердің қайшылығы ақырында Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

zhtar_kurs_37.doc

— 183.50 Кб (Скачать документ)

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың  басында ғана жаңа күштердің  орталықтары бірлескен Германия  мен Италия, сондай-ақ "Үштік Одақ" құрып қуатын арттырған Австрия-Венгрия халықаралық қатынастағы күштердің арасалмағын біржола шайқалтуға әкеп соқты, бұл өзгерістен кейін "Антантаға" біріккен Ұлыбритания, Франция және Ресей шешуші рөл атқарды. Орталық күштердің қайшылығы ақырында Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.

Сонымен Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы жаңа геосаяси құрылымның Версаль-Вашингтон халықаралық қауіпсіздік жүйесінің басталуы болды. Дәл осы кезде халықаралық айналымға және дипломатия тіліне "ұжымдық қауіпсіздік" деген термин енді, қазіргі күнде ол ең өзекті ұғымға айналып отыр.

Бұл жолы бейбітшілікке басты кепілдік берушілер Ұлыбритания, Франция және АҚШ болды. Әлемге қауіп төндірушілер неміс реваншизмі мен Ресей большевизмі деп жарияланды. Бұлардан басқа Ұлттар Лигасы құрылып отыр, бірінші, ең ірі тұрақты түрде жұмыс істейтін бұл халықаралық ұйым бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс болды. Версаль-Вашингтон жүйесі дүние жүзінің бірқатар аймағында жеңімпаздардың пайдасын көздеп, ұтылғандардың ренішін туғызып, қару-жарақтың саны мен сапасын алға тартты. Бұл реніш бірте-бірте келіп неміс реваншизмі мен жапон милитаризміне ұласты. Бұған ілесе неміс және жапон экономикасының күрт дамуы Германия мен Жапонияның Италиямен бірлесіп, "Берлин - Рим - Токио" белдеуін құруына мүмкіндік берді, олар енді халықаралық саяси-құқықтық тәртіпті өзгертуге ұмтылыс жасады. Ақырында, пайда болған қайшылықтар Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеп ұрындырды.

1945 жылы Гитлерлік Германия  талқандалды. Муссолини Римдегі  Гүлдер алаңында өлім жазасына  қиылды. Императорлық Жапония толық және сөзсіз жеңілгендігі туралы актіге қол қойды. Екінші дүниежүзілік соғыстың біржола аяқталуы жаңа геосаяси құрылым Ялта халықаралық-саяси жүйесін дүниеге келтірді. Бұл жаңа құрылым адамзат тарихында жаңа дәуірдің басталғанын, ғаламдық бір-біріне қарсы тұру немесе айтылып жүргеніндей, қоскүндікті әлем дегенді жариялады. Ұзақ жылдарға созылған антагонистік екі жүйе арасындағы жарыс, халықаралық қарым-қатынас екі ғаламдық блоктың КСРО бастаған Варшава Шарты Ұйымы мен АҚШ бастаған Солтүстік Атлантика блогы НАТО (СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС) арасындағы теке тіреске айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымы бейнесінде жаңа геосаяси бірлік және оның бас органы Қауіпсіздік Кеңесі пайда болды.

Мұндай ғаламдық деңгейде екі жақ болып қарсы тұру қырғи қабақ соғыстың басталуына қарсылас екі жақ ашық соғысқа бармай-ақ ұдайы жасырын әрі ашық түрдегі идеологиялық, экономикалық және саяси бәсеке мен жаппай қарулануға көшті. Мұндай геосаяси құрылым жағдайына мүлдем жаңа қатер ядролық соғыс қаупі мен адамзаттың жаппай жер бетінен жойылу апаты алға шықты.

Соғыс шиеленісінің ешқандай болашағы жоқ екендігі, екі жақтың да тұтастай қырылатыны халықаралық тайталасты бәсеңдету талабына бағытталды. Оның ең маңызды бір шарасы "Хельсинки процесі" болды, Еуропадағы қауіпсіздік пен бірлескен іс-қимыл (ОБСЕ) жөніндегі Кеңес өткізумен аяқталған бұл шараның қорытындысында 1975 жылы Хельсинки актісіне қол қойылды.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Міне сондықтан да біздер, бүгінгі өскелең ұрпақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық саясаттағы түбегейлі бетбұрыс туғызған себептерді түсінуге ұмтылып, тарихтан сабақ алуды ойластыру үшін оны бүге-шігесіне дейін зерттегеніміз абзал. Осы орайда біздің қалам тартып отырған тақырыбымыздың өзектілігі де байқалады.

Курстық жұмыстың мақсаты: екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихты зерттей отырып, сол кезеңдегі орын алған саяси жағдайды толықтай зерттеп, ашып көрсету болып табылады.

Көздеген мақсатымызға жету үшін курстық жұмыстың міндеттері төмендегі мәселелерді қамтиды: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан жағдайды барынша түбегейлі қарастырып, қолданған әдебиеттерді орынды пайдалану.

Тарихнама. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарих туралы ғылыми зерттеулер жетерлік1. Мысалы, Титковтың «СССР, Великобритания и проблема послевоенного устройства Германии 1941-1945 гг» және М.И. Семиряганың «Как мы управляли Германией: политика и жизнь» әдебиеттерін қолдандық.

Алайда оның көпшілігі өз кезеңіндегі идеологиялық талаптарға сай жазылды. КСРО ыдырағаннан кейін тарихтың осы тұсына жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Тіпті ағылшынның аты әлемге паш премьер-министрі Уинстон Черчилльдің Фултон қаласындағы (АҚШ) сөйлеген сөзінің өзі мүлде өзгеше көзқарасты талап етеді. Өйткені оның айтқан әрбір сөзі шындыққа айналғанын әлем мемлекеттері де көрді.

Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық мәселелерді қарастырумен шектелеміз.

Жұмыста соғысқа қатысты зерттеулер жүргізген тарихшылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша қарастыра отырып тақырыбымызға орай кеңінен ақпарат беруге тырыстық.

Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері Потсдам конференциясынан бастап Корей соғысына дейінгі аралықты толығымен қамтиды.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау. Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай

1.1 Потсдамдағы конференциясындағы ұлы державалардың басты қарама-қайшылық принциптері

 

Екінші дүниежүзілік соғыстың 5-кезеңінде (1945 ж. 9 мамыр — 2 қыркүйек) Потсдам конференциясына қатысушы атнигитлерлік коалиция мемлекеттері (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті2. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады. Бұл кезде әлем әлі де болса бірауызды еді. Бірақ дегенмен осы мемлекеттердің әрқайсысы өз ұпайын жібермеуді де қарастыра бастаған кезең-тін.

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қыл.мыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны жеңгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды.

Осы қатынастардың символы ретінде «Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған  консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды.

Потсдам конференциясында Германияны басқару үшін «төрт Д» принципі негізге алынды: денацификация, демилитаризация, демократизация, декартелизация3. Денацификация дегеніміз нацизмді түп тамырымен жою, ал демилитаризация біртұтас егрман әскери машинасын, оның бүкіл қосымша элементтерімен бірге жою және әскери потенциалына шектеу қою болып табылды. "Герман милитаризмі және нацизмі түп тамырымен жойылады", – деп одақтастар Потсдамда салтанатты түрде жариялаған еді. Демократизация болса фашисттік саяси жүйенің орнына қайтадан демократиялық негіздегі саяси институттарды құру болатын. Германияның әскери күш-қуатының негіздері ірі монополиялар мен картельдер деп түсіне білген одақтастар оны да декартелизация арқылы таратуды, бөлшектеуді іске асыруды көздеді.

Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын. Германияның мемлекеттік шекарасы аныкталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды4. Германиянын 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығысқысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткені КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды. Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.

Германияны оккупациялаушы державалар оны біртұтас экономикалық мемлекет ретінде қарастырды, ал саяси тұрғыдан орталық Герман үкіметі құрылады деп жоспарланған болатын. Бірақ өмір өз өзгерістерін жылдам кіргізді.

Әлемдегі капитализм дүниесіне жаугершілікпен қараған кеңес үкіметінің басшылары да, оларға қарсы астыртын әрекеттерін үдете түскен капиталистік мемлекеттер де Герман мәселесінен бастап ара-жіктерін ажырата бастады. Бірақ алда әлі Жапонияны тізе бүктіру күтіп тұрған болатын.

Бірақ осы конференция өтіп жатқан кезде АҚШ Президенті Гарри Трумэн өз елінің ғаламат қаруға ие екендігін байқатты. Міне әлемдік гегемондыққа ұмтылған американдықтар осы қаруды өздерінің «қолшоқпарындай» көрді. Соның әсерінен 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады5. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік-шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт-азаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөніндегі актіге қол қойды.

Екінші дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-і қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн. адам әскерге алынды. 50 — 55 млн. адам қазаға ұшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды.

1945 жылы Европадағы соғыстың  аяғына қарай, Тынық мұхитта соғыс  әлі жүріп жатқан кезде дүниежүзінің  соғыстан кейінгі құрылымы туралы шешім қабылданды. 50 елдің өкілдері Сан-Францискоға (Калифорния) Біріккен Ұлттар Ұйымын (ООН) құру конференциясына жиналды. Оның уставы бекітілді, ол Ұлттар Лигасы уставын еске түсіретін еді. Жаңа ұйымның құжатында мемлекеттер арасында достық қатынастарды дамыту; экономикалық-әлеуметтік және гуманитарлық сипаттағы проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; дүниежүзіндегі аштық пен қайыршылық, аурулармен күрес шараларын үйлестіру көрсетілген. БҰҰ барлық мүшелерінің теңдігі, дау-таластарды бейбіт шешу, күш қолдану қаупінен сақтану принципіне негізделген. Солай бола тұрса да БҰҰ мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпайды. Егер де өз кезінде АҚШ Ұлттар Лигасына қатысудан бас тартса, енді сенат 98 дауыспен Біріккен Ұлттар Ұйымы хартиясын тез ратификациялады. Бұл АҚШ-тың сыртқы саясатында белең алған оқшауланудың аяқталғандығын, дүниежүзіне Құрама Штаттардың халықаралық қатынастарда жетекші роль атқаруға ниеттенгендігін көрсетті.

 

 1.2 Фултон жолдауы және «қырғи қабақ соғыстың» бастамасы

 

Сайлауда ұтылып биліктен кеткен ағылшынның әйгілі саясаткері Уинстон Черчилль өзінің ісін оппозиция лидері ретінде жалғастыра түсті. 1946 жылы АҚШ-ын аралап жүріп 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англосаксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек. Оның осы сөзіне орай «темір қоршауы» (железный занавес) деген термин саясатта қолданысқа кірді. Бұл термин КСРО-ның төңірегін қоршап тұрған құпиялылықты бейнелеу болатын. Оның бүкіл әлем саясатшылары мен адамдарына жолдауының мағынасы коммунистік емес елдердің халықтары КСРО тарапынан басқыншылық шабуылын күтуі тиіс дегенге сайды. Мұнымен тоқтамастан ол өзінің жазушылығын қайта жалғастырып осы саясат төңірегінде бірнеше кітаптар жазып тастады. Мұнда да осы КСРО-ның қитұрқы саясаты әшкерелене түсті.

Информация о работе Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай