Халықарлық экономикалық интеграция теорияларының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 19:45, дипломная работа

Краткое описание

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.

Содержание

Кіріспе
1. Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері
1.1.Интеграция мәні,алғышарты, кезеңдері
1.2.Аймақтық интеграциялық үрдістер және топтар
2.Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастыққа Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды

Пайдаланылғын әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРС-Интеграция.doc

— 206.00 Кб (Скачать документ)

Құжаттардың кейбіреуі  практикалық тұрғыдан жүзеге асты. 1998 жылы 24 қарашада Алматыда Кеден Одағына  қатысушылардың (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) кезекті кездесуі болды. “Төрттік” үкіметтерінің басшылары білім, ғылыми дәрежелер және атақтар туралы құжаттардың өзара танылатындығы және барабарлығы туралы, сондай-ақ мемлекеттердің азаматтарына оқу орындарына түсу үшін тең құқықтар беру туралы келісімге қол қойды.

Ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұйымдық, техникалық және экономикалық шаралады жүзеге асыруда, телевизия және радио бағдарламаларын  өзара тарату үшін қолайлы жағдайлар  туғызуда үкіметтер өздеріне міндеттемелер алуға келісті. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі келісілген саясатты жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қабылданған бірлескен бағдарлама салық салу, материалдық өндіріс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында, сондай-ақ инвестициялық салада шағын бизнес субьектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде жеңілдіктер орындауды көздеді.

1998 жылы сәуірде  Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан  және Ресей Президенттері саяси  шешім қабылдады, осы шешім  аталған елдердің интеграциялық  бірлестігіне Тәжікстанның кіруіне  жол ашты. “Төрттік” кеңеюі оның  тиімділігі туралы, демек, осы  интеграциялық ұйымның тартымдылығы туралы куәландыратын процесс еді. Кіші аймақтық бірлестіктің ТМД шеңберінде жұмыс істеуі, егер олар о баста оқшаулықты мақсат тұтпаса, интеграцияға теріс ықпал ететін тенденцияларды туғызбайды, қайта керісінше Достастықтың бүкіл жүйесінің тұтастығын нығайтады.

Кеден Одағына  қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда Астанадағы Саммитттің барысында Еуразилық Экономикалық Қоғамдастықты құру туралы мәлімдемеге  және шартқа қол қойды.  Бұл жаңа халықаралық бірлестік және ол Кеден  Одағымен Достастықтағы басқа мемлекеттер мен бірлестіктерден ұйымдық құқықтық айырмашылығы бар. Оларға мыналар жатады:

• Белгілі, дәл механизмнің, бұрынғы міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру. 2000 жылы 10 қарашадағы жаңа құжат – Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықты құру туралы келісім (ЕурАзЭқ) жарияланған мақсаттарды жүзеге асыруды қарастыруды, Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің экономикалық интеграциясына және жақындасуына негізделген  халықаралық ұйым альянс ретінде құрылады. Қауымдастықтың ақтық мақсаты мемлекеттердің экономикалық дамуы, халықтардың өмір сүру деңгейінің өсу қарқынын жылдамдату және тұрақты даму;

• Жаңа ұйымның анық көрсетілген халықаралық статусы ЕурАзЭқ халықаралық құқықтық субъектік статусы бар ұйым, ал Кеден Одағы болса өзіндік халықаралық ұйым болған емес. ЕурАзЭқ Қауымдастық мемлекеттердің мүдделерін қорғап және өкілдік ете отырып, Қауымдастықты халықтардың сауда рыноктарына шығуға, 3 мемлекеттен, олардың бірлестіктерімен, ДСҰ қосқанда өзара тиімді келісімдер жасауға жағдай жасайды.

• Алдыңғылардан да жақсы, интеграциялық формула. Қоғамдастықта әрбір мемлекет, интеграцияның барлық басқару органдарындағы жұмыстарға қатысады. Шешімдер барлық мемлекеттермен қабылданады. Келісімдер қатысушылардың ішкі мемлекеттік процедуралар жасағаннан кейін ғана өз күшіне енеді. Мұндай шарт біртұтас әдістер, жақтардың халық акт-ды толықтай жүзеге асыруға жол береді және шешімдер ЕурАзЭқ-ң барлық мүшелерге міндетті

• Шешім қабылдаудың жаңа түрі. ЕурАзЭқ-ң құрылу туралы келісім бойынша жағдайдағы орган – Мемлекетаралық Кеңес – барлық шешімдерді консенсус арқылы қабылдайды. Оның құзіретіне интеграцияның стратегиясы, оны дамытудағы бағыттары мен перспективалары мәселелері жатқызылады. Аталған Кеңестің құрамына мемлекеттер және үкіметтер басшылары кіреді. Дауыс беру саны оның экономикалық потенциалына сәйкестендірілген: Ресей – 40%, Белорусь және Қазақстан - 20%, Қырғызстан және Тәжікстан - 10%. Осылайша Ресейдің интеграциялық үрдістегі маңызы есептеледі. Сонымен қатар ол өзінің басқа әріптесіне өз айтқанын жүктей алмайды. Қоғамның басқа мүшелерінің қолдауына арқа сүйеуі керек. Осы схема бойынша Қоғамға қатысушы мемлекеттердің үлесін жарналары;

• Шешімдерді орындауды бақылаудың жаңа жүйесінің құрылуы. Қауымдастығы келісімдер мен шешімдерді орындауды бақылау, бақылау органдардың өз құзіреттерінің шеңберінде ғана жүзеге асырылады;

• Заң шығарудың бірыңғайлылығы мен жақындасуындағы жаңа әдістер.

• Мүшелікке деген жоғары талаптар. Мүшелік өз міндеттерін орындамаған жағдайда Мемлекетаралық Кеңестік шешімімен тоқтатыла алады. Осындай істі жалғастыратын жағдайда Қоғамдастықтан шығарылып тасталады. Бұл жағдайда қоғамдастықтың бюджетін қаржыландыруына байланысты міндеттемелерді орындамағанда да осындай шаралар қарастырылған.

Интеграциялық комитет (ИК) – Қоғамдастықтың тұрақты жұмыс істейтін органы, оның құрамына үкіметтер басшыларының орынбасалары енеді. Қоғамдастықтың ағымды жұмысын қатысушы мемлекеттердің басшылары тағайындап, Тараптардың Қоғамдастықтың жанындағы тұрақты өкілдерінің комиссиясы қамтамасыз етеді.

Мемлекетаралық Кеңес пен ИК қызметін ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету. Бас хатшы басқаратын ИК хатшылығына жүктеледі. Қоғамдастықтың жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасын – Бас хатшысын – ИК-ның ұсынысы бойынша Мемелекетаралық Кеңес ұйымдарға тағайындалады.

  2001 жылы 21 ақпанда Алматыда интеграциялық комитет Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның интеграциялық комитетінің мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін реттейтін негізгі құжаттарды дайындау жобасы туралы мәселе қарастырылады.

Еуразиялық  Экономикалық Қоғамдастыққа алып келген құжаттарды сараптай келе, оқиғаның мынадай  өрісін көре аламыз: 1. Экономикалық Одақ құру туралы келісім ТМД-ң 11 мемлекеті, ассоциациялық мүшесі Украина. 2. Еркін  сауда зонасын құру туралы келісім  – 1994. ТМД-ң 12 мемлекеті. 3. Кеден Одағы туралы келісім – 1995. Беларусь, Қазақстан, Ресей. 4. Экономикалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы келісім - 29 наурыз 1996 жылы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей. 5. Кеден Одағы туралы және Біртұтас Экономикалық Кеңістік туралы келісім – 26 ақпан 1999. Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 6. Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықты құру туралы келісім – 10 қараша 2000 жылы Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 7. ЕурАзЭқ-ң құқықтық нормативті құжаттары 31 мамыр 2001 Минск. Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан.

ЕурАзЭқ-тің  берілуі экономикалық форумы осы  жылы, яғни 2003 ж. 19-20 ақпан аралықтарында  Москвада өтті. Бұл форумның өтуі өте  маңызды. Өйткені бұл форум ЕурАзЭқ тоқтап қалмай дамып келе жатқанын көрсетеді және бірнеше ұсыныстар, шешімдер қабылданды. Соның бірі, бірінші экономикалық форумның декларациясы қабылданды. Бұл декларацияда сауда – экономиканың оң жақтары көрсетілген және биліктің айқын іс- әрекеттері көрсетілген. Қоғамдастықтың мүшелері арасындағы интеграциялық әріптетіктегі іс-әрекеттерін дамытуға бағыт–бағдарлар бар.

Интеграциялық процестерге қатысты ТМД-ға қатысушыларының  позициясы көп жағдайда тиісті елдердегі  ішкі саяси және экономикалық жағдайларға, олардың геосаяси шындықтарды бағалауына, сондай-ақ ұлттық экономиканың оңтайлы үлгісі туралы түсінігіне байланысты. Әлемдік тәжірибе мынаны куәландырады: егер мемлекеттер өмірлік маңызы бар қоғамдық институттарды жетілдіруге және әл-ауқатын көтеруге бағытталған, келісілген шешімдерді ұстануға дайындығын білдіріп, интеграциялық процестерге ерікті түрде  қосылса, оның оң нәтижесі болары сөзсіз. Сонымен бірге интеграция процесі қатысушы елдердің ұлттық қайта өрлеу және олардың мемлекеттігін қалыптастыру процесімен қайшы келмеуі тиіс.

  Қазақстан принциптік тұрғыдан барлық мемлекеттердің экономикалық даму мен халықаралық саясаттың белгілі бір үлгісін таңдаудағы құқығының еркіндігі туралы пікірді ұстанады. “Екеудің” және “Төртеудің” енді міне, “Бесеудің” Одақтары – Достастықтағы интеграциялық процестерге кедергі келтірмейтіні былай тұрсын, қайта оған жәрдемдеседі. Оның үстіне ТМД-ң өмір сүруінің өзі анағұрлым тиімді интеграциялық байланыстардың жолдары мне нысандарын іздестірудегі мүмкіндікті кеңейтті. Оның нәтижесі Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясының арасындағы экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы шартты жасасу ЕурАзЭқ-ты құруға алып келеді. Мұның бәрі ТМД-да осы процеске қатысушылардың интеграцияға қатысты дайындығы мен күрделілігінің түрлі деңгейін ескеруге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың икемді тетіктері қалыптасып келе жатқанын білдіреді. Осы бірегей үрдістің нәтижесі интеграцияның үш деңгейінің туындауы болады: 1 – Достастыққа қатысушылардың бәрінің ортақ ынтымақтастықтығы, екіншісі, анағұрлым жоғары – Кедендік Одақ, содан кейін құрамында Белорусь, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттері бар Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық.

Қазақстан осы ұйымның келешегіне зор үміт артады. Қазақстан әр уақытта ТМД аймағындағы интеграцияның дамуын қолдап келе жатқан мемлекет және соның жолында күш–жігер, қарқынды жұмыстар жасауда. Сондықтан, Астана ЕурАзЭқ-тың әлуетін толық пайдалану мақсатында осы ұйымдағы жұмысқа басымдылық берілуі тиіс деп есептейд

 

 

                                  Қорытынды

 

        Бастапқыда ТМД шеңберіндегі  ынтымақтастық өте нашар болды.  Бұл құбылысты түсінуімізге болады. Өйткені бұл мемлекеттер өздері  жаңа қол жеткізген тәуелсіздігінен айырылып қалғысы келмеді, олар қандай да болсын құрылған бір ұйымға қауіппен қарайтын. Олар оны бұрынғы Одаққа оралу дегенмен салыстыратын.

Бір кезде біртұтас мемлекеттің ыдырау кезеңіндегі  сын-cағатта Н. Назарбаев КСРО аумағында  ауқымды саяси жанжалдарға жол бермеуге бастайтын сындарлы позиция ұстағаны жалпы жұртшылыққа мәлім. Міне, сондықтан да Қазақстан Кеңестер Одағы аумағында эволюциялық даму жолын, мемлекеттік құрылысты бірте-бірте өзгертуді жақтады. Қазақстан ТМД құрылған кезеңнен бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерімен тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту Қазақстандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.

Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы – біртұтас одақтық мемлекеттен тәуелсіз ұлттық мемлекеттердің өзара іс-қимылының өркениетті нысанына ауыртпалықсыз өтіп, толық егеменді теңдік және халықаралық құқыққа негізделген жаңа қатынастарды қалыптастыру болды. Осы тұрғыдан мойындау керек, Достастық қажет болатын. Өзара тиімді шарттар мен саяси экономикалық және әлеуметтік проблемаларды бірлесіп шешу үшін құрылған ұйым осы салада жағымды да, жағымсыз да тәжірбие жинақтады. ТМД-ның Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жағдайдың Югославиялық сценариймен дамуына жол бермеуінің айрықша маңызды болғаны рас, әрине, қарулы қақтығыстар, жанжалдар және қарсы тұру ТМД-ны да айналып өте алмады.

Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы өмір сүруінің он жылдан астам  тарихы Достастық проблемалары күрделі  және әрқилы екенін анық көрсетуде. Көп жағдайда ТМД-ның өз ішіндегі түрлі күштер, интеграцияның қарсыластары ретінде бой көрсетті, өйткені интеграциялық үрдістер, егемендіктің бір бөлігін, экономикалық бірлестіктің тиімділігі үшін жоғарғы басқару органдарына беруді көздейді. Алайда, Достастықтың бірқатар елдерінің басшылығы әзірге мұндай іс-қимылдарға дайын емес, олардың егемендіктің өлшемдері туралы өз түсініг бар.

Әйтседе, ешнәрсе  оңайлықпен келмейтіндей ТМД интеграция жолы да кедергілер мен қиыншылықтырсыз  болмайды. Өз кезегінде Қазақстан да дамудың интеграция жолын тиімді деп санайды.Қазақстан қол жеткізілген уағдаластықтарды бұлжытпай іске асыруды жақтай отырып, ТМД-ға қатысушы елдердің интеграциясын тереңдету бағытын дәйекті түрде жүргізіп келеді.

                                    Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Алматинская декларация. Сборник документов под ред. К.Токаева. Алматы,1998. І том. С.103

2. Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества . ред. Колегия Г.А.Рапота. Первый Экономический форум. Москва, 2003. С.95

3. Договор о создании Единого экономического пространства между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан. Сборник документов под ред. К.Токаева. Алматы, 1998. ІІ том. С.250

4. Соглашение о создании Содружества Независимых Государств. Сборник документов под ред. К. Токаева. Алматы, 1998. І том. С. 99

5. Соглашение о сотрудничестве и взаимопомощи в таможенных делах. Сборник документов под ред. К. Токаева. Алматы, 1998. ІІ том. С.278

          Гаврилов В. Интеграции в СНГ  и национальные интересы. Москва, 1993.

6. Десять лет Независимости Казахстана: итоги и перспективы развития. Материалы международной научной конференции. Университет Кайнар. Алматы, 2001.

7. Евразийское пространство интеграционный потенциал и его реализации. Ответственный редактор Тажин М.М. Алматы, 1994.

8. Исингарин Н. Проблемы интеграции  в СНГ. Алматы, 1998.

9. Исингарин Н. Транспорт, магистраль экономической интеграции в СНГ. Алматы, 1998.

10. Исингарин Н. Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции. Алматы, 2000.

11. Козбеков У.О. Внешние экономические отношения государств в переходной период. Алматы, 1997.

12. Назарбаев Н.А На пороге XXІ века. Алматы, 1997.

13. Назарбаев Н.А. Евразийский союз идеи, практика, перспективы 1994-1997. Алматы, 1997.

14. Назарбаев Н.А. Стратегия трансформаций общества и возрождения Евразийской цивилизаций. Москва, 2000.


Информация о работе Халықарлық экономикалық интеграция теорияларының негіздері