Халықарлық экономикалық интеграция теорияларының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 19:45, дипломная работа

Краткое описание

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.

Содержание

Кіріспе
1. Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері
1.1.Интеграция мәні,алғышарты, кезеңдері
1.2.Аймақтық интеграциялық үрдістер және топтар
2.Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастыққа Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды

Пайдаланылғын әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРС-Интеграция.doc

— 206.00 Кб (Скачать документ)

ОАӘҚ шеңберіндегі интеграцияны  тереңдетуге ұмтыла отырып, президенттер 2005 жылы кезеңге  дейін арналған қоғамдастықтың даму стратегиясын бекітті. Бұл құжат  экономикалық өзара іс-қимылдардың төмендегідей басымдық берілетін бағыттарда қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыруды көздейді.

• Сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру;

• Су және энергетикалық ресурстарды бірлескен түрде және ұтымды пайдалану;

• Көліктік-коммуникациялық жүйені дамыту саласында келісілген саясаттарды жүргізу;

• Қалыптасқан шаруашылық байланыстарды жетілдіру және импортты алмастыратын өндірісті дамыту;

• ОАЭҚ елдерінің халықтар арасындағы гуманитарлық мәдени байланыстарды кеңейту үшін мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

ОАЭҚ мемлекеттерінің 2002 жылы дейінгі кезеңге арналған біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі бірінші кезектегі  іс-қимылдарының бағдарламасы бекітілді. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан  ең алдымен еркін сауда аймағын, сосын тауарлардың, қызмет көрсетудің және капиталдардың ортақ рыногына шыға отырып, кеден одағын, төлем және валюта одақтарын кезең-кезеңмен құру арқылы экономикалық интеграция мен өзара іс-қимылдарды тереңдетуге уағдаласты.

Мемлекетаралық автокөлік жолдары мен теміржол траспортында, транзиттік жүкті үшінші елдердің рыногына шығаруды қамтамасыз етуде; Транс-Азия-Европа (ТАЕ) жолдарын жобалауда оң нәтижелер бар. Мемлекетаралық  жерлерді жалға беру, автокөлікті, фармацевтикалық өндірісті және денсаулық сақтау салаларында келісімдер бар және олар жүзеге асырылуда.

Егер Еуропа құрлығының тарихына көз жүгіртсек, ол құрлық бүгінгі күнге дейін  бірнеше ауыр соғыстар мен конфронтациялар , көптеген елдерге әрқашан қауіп  төну жағдайында күш кешу сияқты аласапыранға толы жолды жүріп өткенін көреміз. Алайда, бұл қиындықтың барлығы тек интеграциялық процестердің арқасында ауыздықталғаның байқаймыз. Мысалы: Еуропаның екі ірі мемлекеті Германия мен Францияны алатын болсақ, екі ел тарихында да қан төгіс соғыстар болған олар 1870, 1914-1918, 1939-1945 жылдардағы соғыс. Бұл соғыстар тек Еуропаны емес, бүкіл әлемді тітіркендірді. Франция және Германияның сол кездегі басшылары де Голь мен Адэнауэр ол мемлектеттердің қауіпсіздігін конфронтациялар мен соғыстардан бас тартып, экономикалық ынтымақтастық жолына түсу керектігін сезініп, Еуропа бейбіт дамуға бет алды. 1951 жылы Еуропаның Болат және Көмір ұйымы 1957 жылы «Орталық Рынок құру туралың Рим келісімінен кейін Еуропаның интеграциялық үрдісі серпіліс алып, 1993 жылы Маастрихт келісімі бойынша Еуропалық Одақ құрылды.

Немесе АСЕАН  мүше елдерінің аймақтың интеграциялық  тәжірибесін алайық. Оңтүстік-Шығыс  Азияның бұл аймағы 60-80 жылдары  «ұрыс даласың болатын (Вьетнам  соғысы, Камбоджа шиеленісі, т.б. қарулы қақтығыстар). Бұл елдердің арасындағы жанжалдар себебі негізінен экономикалық жайттардан туындаған еді, мысалы, балық аулауға байланысты шекаралық тартыстар, су және орман ресурстарын қолдану т.б. Сонымен бірге бұл аймақтағы ірі көлемдегі соғыстардың болуына сыртқы факторлар да әсер еткен болатын, яғни «қырғи қабақң соғысы кезеңі, аймақтан тыс мемлекеттің тікелей араласуы.

Дегенмен, 90 жылдары  АСЕАН-ның сәтті құрылуы нәтижесінде  бұл аймақ жайлап, әсіресе, Үндіқытай  жарты аралы, соғыс даласынан  рынокқа айналды. Оңтүстік-Шығыс Азияда геосаяси парадигмадан геоэкономикалық -парадигмаға өту кезеңі болды. Аймақтың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға ұмтылысы АСЕАН-ға мүше елдердің 1992 ж 2 қаңтарда болған ІV конференциясында Сингапур Декларациясына қол қоюдан байқалады.

Экономикалық  интеграцияның маңыздылығы жөнінде  айта келе, АҚШ-тай ірі, күшті мемлекеттердің де мұндай бағытқа мұқтаждығы бар  екенін айта кету керек. Бұған дәлел, АҚШ, Мексика және Канада құрған экономикалық НАФТА ұйымы. Экономикалық ахуалы мықты  бола тұра, өз арасында экономикалық ынтымақтастықты күшейтуді жолға қойған бұл елдердің ұстанған экономикалық бағыты интеграциялық өмір  саясатының маңызын арттыра түседі. Осы айтылғандардың бәрін түйіндей келе, әлем бүгінде – ғаламдық, аймақтық блоктар диынтығы. Орталық Азия мемлекеттері де өзекті мәселелерді бірігіп шешуге, интеграциялануға талпынуда.

Орталық Азия мемлекеттерінің  тәуелсіздік алуы нарықтың экономиканы  құруда жаңа стратегиялық қадамдарды сонымен бірге мемлекетаралық ынтымақтастық  және интеграциялық процестерді жеделдетуі, заман талабына сай құруға бағытталады. Орталық Азиялық мемлекеттерінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелердің ұқсастығы елдердің шешімін табуда ынтымақтастықты тереңдетуді талап етеді. Ортақ шекаралар, көліктік және сол сияқты коммуникациялық байланыстың болуы, табиғи шикізат қорының молдығы, өнеркәсіп өндірісті кооперацияға, біріккен кәсіпорындар құруға жіне агроөнеркәсіптік кешендер құруға алғышарттар жасайды.

Кейбір мамандар, ТМД аймағындағы, Орталық Азия мемлекеттерінің интеграцияға ұмтылуы, Москвамен арадағы саяси ойын деп санайды. Әрине бұл инициативалардың осы саяси астарын түсінуге болады, бірақ оларды интеграцияға итермелеп отырған объективті, аймақтық шарттарды ұмытпауымыз керек. Бұрынғы Кеңес Одағының саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық бөлшегі болған, Орталық Азия мемлекеттерінің, басқа интеграциялық топтарға қарағанда көп артықшылығы бар. Олардың діні, мәдениеті, тарихы,ділі бір мемлекеттер.

Орталық Азияның  геосаяси аймағы, кейбіреулердің осы  аймақты мұсылман Солтүстік зонасына немесе «Оңтүстік Еуразия» субконтинентіне жатқызуға тырысқандығына қарамастан, біз білеміз бұл аймақ өзінің оңтүстік көршісінен әлде қайда ерекшеленеді. Аймақтағы саяси тәртіп зайырлы исламдық ықпал саяси сфераға әсері «мұсылмандық фактордың» «экономикалық фактордың» орнына келетіндей күшті емес. 

Саяси интеграция интеграциялық үрдістің осы аймақтағы  айрылмас бөлігі. Әрине, бұл аймақ  геоэкономикалық, геосаяси мүдделердің  тоғысқан жерінде ораналасқандықтан  мұнда сыртқы державалардың ықпалы зор. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекет шекарасының жанында бағалы, тіпті стратегиялық маңызды қайнар көздердің орналасуы, бұл аймақты қақтығыстар көзіне айналдырып жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл аймақтағы барлық мемлекеттерге тиімді ұстаным интеграция. Бұл аймақтағы интеграциялық үрдіс баяу да болса, өз өмірін жалғастыруда.

2.2. Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық:  Қазақстанның қосқан үлесі

Көпжақты, сондай-ақ екі жақты үлгідегі ТМД елдерінің  өзара қарым–қатынастары негізінде  экономикалық ынтымықтастық жатыр. Өйткені, Достастық елдерінің экономикасы бұрынғы КСРО-ның бір кезде біртұтас халық шаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болатын. Қазір ТМД мемлекеттерінің алдында балама тұр: олар бірлесіп индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылуды немесе мұнай, газ, арзан жұмыс күшін жеткізушілер ретінде әлемдік экономиканың бір қалтарысында қалады.

Тұтас аймақтар мен құрлықтардың өсе түсіп отырған  интеграциясы XX ғасырдың аяғына тән  сипат болып табылады. ТМД елдері осы негізгі үрдістен шет қала алмайды. Әлемдік даму жолына тұру үшін Достастық елдерінің ең алдымен экономикалық тұрғыдан интеграциялануы қажет. Кәсіпорындар арасындағы өндірістік техникалық және кооперациялық байланыстар, олардың ұйымдық және халықаралық құрылымдарын құрудың ұқсас жүйесі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің біртұтас ғылыми технологиялық базасы – олардың бұрынғы біртұтас халық шаруашылық кешенінде болғандығына байланысты туындайды. Істің шын мәнінде осы фактор елеулі деңгейде ТМД-ғы интеграциялық процестердің дамуын айқындайды.

Түрлі жағдайларға  байланысты ТМД елдерінің басшылары  Достастық мақсаттары мен міндеттерін  бір мәнді қабылдай алмады. Біреулерге Достастық КСРО шеңберіндегі республиканың  мәртебесінен толық дербестік жолындағы  аралық кезең сияқты көрінді. Мұндай елдер ТМД-ғы шартты мүшелігін сақтай отырып, барлық күш-жігерін басқа мемлекеттермен экономикалық және саяси ынтымақтастыққа бейімдеуге бағытталды. Достастық елдер арасындағы қарым-қатынаста сенім білдірушіліктің болмауы белгілі бір деңгейде ТМД-ң тиімді жұмысына кедергі келтірді деп айтуға болады. Ресейдің зор экономикалық, адамдық және әскери әлеуетінің болу фактісі оның басқа мемлекеттермен тең құқықты қарым-қатынас құру ниетінің шынайылығына бірқатар елдердің күмәнін туғызды. Көп жағдайда мұндай күдіктің орын алуына жекелеген ресейлік саясатшылардың жауапсыз, кейде тіпті арандату сипатындағы сөздері себепші болды:

Тәжірбие көрсетіп отырғандай аймақтық экономикалық интеграциялық  үрдісі өте күрделі ол өзіне келісім, бағыт, сыртқы сауда, салық, бюджет, кеден  және де басқа экономикалық аймақтағы бірлікті қамтиды. Интеграциялық үрдістің дамуы белгілі бір эволюцияны қажет етеді. Экономикалық интеграция жолындағы ең бірінші шешуші адым – қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар, қызмет, капитал, жұмыс күші қозғалысы жолындағы кедергілер мен кедендік барьерлерді шектеу. Экономикалық шекаралардың алынып тасталынуының нәтижесінде біртұтас рыноктік кеңістік құрылады, бұл кеңістіктің шеңберінде біраз да болсын еркін, бәсекелестік болады, территориялық және салалық жаңа, әрі эффективті еңбек жүйесі құрыла бастады. Келесі саты жалпы рынок. Мұнда түрлі факторлардың ауысуында өндірістік шектеулер қысқартылады, ал бұл мүше мемлекетердің экономикалық өзара байланысын күшейтеді.

ТМД мемлекеттерінің  басшылары Кедендік Одақ құруды, кедендік тарифтерден бірте–бірте босатуды, кез-келген тарифтік емес шектеулерді алып тастауды Экономикалық Одаққа барар жолдағы таяудағы міндет ретінде белгіледі. Бұл орайда шаруашылық жүргізудің нарықтық нысандарын енгізуге, келісілген стратегиялық экономикалық реформаларды жүргізуге, белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға деген ұмтылысты жақтап пікір білдірді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде құрылатын Экономикалық Одақ КСРО-да үстемдік құрған СЭВ-тің көшірмесі емес, Еуропалық Қоғамдастыққа ұқсас – егеменді, экономикалық тең құқықтық Мемлекеттердің Одағы болуы тиіс деп атап көрсетті.

Бірлескен жұмыстағы  келесі қадам деп 1993 жылы қыркүйекте Экономикалық Одақ құру туралы шартқа қол қоюды айтуға болады. Аталған  Одақты тиісті мемлекеттердің ерікті түрде қатысуы, егемендікті, аумақтық тұтастықты құрмет тұту, құқықтар теңдігі, сондай-ақ шарттың ережелерін іске асырудағы өзара жауапкершілік негізінде құру жоспарланды. Тұңғыш рет ТМД шеңберінде осы шартқа қатыспайтын бір мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттердің тарапынан Уағдаласушы Тараптардың кез келгеніне қатысты экономикалық агрессия жүзеге асырылған жағдайда позицияларды үйлестіру және шаралар қабылдау мақсатында өзара консультациялар өткізу қажеттігі қуатталды. Экономикалық Одақтың негізгі мақсаттары мыналар:

• Уағдаласушы Тараптар халықтардың тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында олардың экономикасын тұрақты дамытуға жағдайлар туғызу;

• Нарықтық қатынастар негізінде кезең-кезеңімен ортақ экономикалық кеңістік құру;

• Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең мүмкіндіктер туғызу және кепілдіктер беру, экологиялық мәселелерді бірлесе отырып шешу, сондай-ақ табиғи зілзала мен апатттардың салдарын жою.

 ТМД мемлекеттердің  басшылары Экономикалық Одақ  интеграцияны кезең–кезеңімен тереңдету,  экономикалық реформаларды жүзеге асыруда іс-қимылдарды үйлестіру арқылы құрылады деп келісті. ТМД-ң он бір елдерінің арасында Экономикалық Одақтастық құру туралы шарт экономикадағы интеграциялық процестерді практикалық іс-қимылға көшіруге негіз қалады. Дегенмен интеграция процесі баяу жүріп жатты. ТМД институттары жеткілікті түрде тиімді жұмыс істемеді. Осы тұрғыда Ресейге тұңғыш ресми сапары барысында Н. Назарбаевтың 1994 жылы 29 наурызда МГУ-ң профессорлық–оқытушылық құрамы алдында сөйлеген сөзі интеграциялық саясатты қисынды түрде дамытуға арналады.

6 қаңтар 1995 жылы  Ресей Федерациясы мен Беларусия  Республикасы, кейін 20 қаңтарда Қазақстан  Республикасы Кедендік Одақ туралы  келісімге қол қойды.  Іс жүзінде,  үш мемлекет ұйымдық түрде,  көптен бері ойлаған нәрселерін бекітті, бірақ мұны Достастықтың барлық 12 мемлекеті жүзеге асырмады. Бұл қадам экономикалық интеграцияны тереңдетудегі келесі қадамды білдіреді. Бұл одаққа 1996 жылы наурызда Кеден Одағына Қырғызстан Республикасы қосылды. 1996 жылы 26 ақпанда Тәжікстан Республикасы оның толық құқықты мүшесі болды.

Кеден Одағының құрудағы басты мақсат болып мыналар  жариаланды:

• Шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін экономикалық қарым–қатынасына теріс әсерін тигізетін кедергілерді ысыру жолымен мемлекеттердің әлеуметтік–экономикалық прогрессін қамтамасыз ету;

• Тұрақты экономикалық дамуды, еркін тауар айналымын және шынайы бәсекелестікті қамтамасыз ету;

• Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау;

• Кеден Одағына мүше–мемлекеттердің әлемдік рынокқа белсенді шығуына жағдай жасау;

Кеден Одағы  мынадай қағидаларға негізделетін экономикалық бірлестік ретінде:

а) Кеден Одағына  мүше–мемлекеттердің біртұтас кедендік территориясының болуы;

б) Бірыңғайландырылған  заң шығару және рыноктық шаруашылығына  негізделген, біртипті экономикалық механизмін реттеудің болуы;

Кеден Одағында атқарушы органдар ретінде төрт мемлекеттің  интеграциясын басқарудың бірлескен  органдары – Мемлекетаралық Кеңес  пен Интеграциялық Комитет құрылды. Парламентаралық комитет алдына біртұтас экономикалық кеңістіктегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірегей заңнаманы әзірлеу міндеті қойылды.

Жылдамдығы  әр-түрлі интеграция үрдісіне тиісті серпін беруге ұмтыла отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының Президенттері 1996 жылы 29 наурызда экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойды. Оның басты мақсаты – тауарлардың, көрсетілген қызметтің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына, шаруашылық жүргізуші субьектілердің тікелей байланыстарын нығайтуға, ортақ ақпараттың, білім беру және гуманитарлық кеңістікті құруға қажетті алғышарттар болып табылады.

Интеграциялық ынтымақтастық одан әрі 1996 жылы 2 сәуірдегі  Беларусь пен Ресейдің қауымдастық құру туралы келісіммен тереңдей түсті.  Бұл  - келісім жалпы транспорттық және біріккен энергетика жүйесінде қысқа мерзімде іс-шаралар жасау; ақша–кредиттік және бюджет жүйелеріндегі бірыңғайлық, жалпы валютаны енгізуге алғы-шарттар жасау, әлеуметтік жағдайларды бірыңғайлау т.с.с. шарттарды қарастырады. 1997 жылы 2 сәуірде Ресей мен Беларусь арасында Одақтық келісімге қол қойылады, ал бұл өз кезегінде осы мемлекеттер арасындағы интеграцияның жан жақты тереңдеуіне алып келеді.

Атап айтуымыз керек, жалпы ТМД мемлекеттермен экономикалық байланыстарды реттеуде үлкен іс-шаралар жасалынды. Әрине, кейбір келісімдер бірінші кезеңде жүзеге асырылмай өз өмірін тоқтатып жатты. Егер де, екіжақтық келесімдер, әдетте байланыстардың құқықтық реттеуіне қажеттілікпен айқындалса, көпжақты келісімдер, тек өзара қатынастар емес, қалаулы қатынастар үшін жаңа формалар іздеу қажет болды. Осы жерден ТМД мемлекеттері арасындағы экономикалық көпжақты келісімдерге тән теріс сипат: бір келісімнен екінші келісімге бірыңғай ережелер мен декларациялар көшіп жүреді, олар кредитті-қаржы саясаты, сауда – экономикалық дамуға ықпал ету, жағдай жасау т.с.с. Нәтижеде, жылдар бойы ТМД-ғы ынтымақтастық тағы біртұтас экономикалық кеңістік құрудағы прогресс аз байқалады, Достастықтың кейбір мемлекеттері жүктелген міндеттерін өздерінен аулақ ұстауды дұрыс деп шешеді, интеграция саласындағы деструктивті саясат, ішкі рынокты қоршау ұлттық ағымы әлі де күшті.  Президент Н. Назарбаев 1998 жылдың басында тағы бір бастамамен шықты, бұл бастама “Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам жасайық” атты бастамасы  осы бағдарламалық құжатта Достастық халықтарының күнделікті өмірін жеңілдетіп, олар бір елден екінші елге өткен жағдайда, азаматтық алғанда, басқа да құқықтарын жүзеге асырған жағдайда проблемалар туғызбайтын шаралар қабылдау туралы әңгіме болды. Мемлекет басшысының ұсынысы шын мәнінде ТМД-да біртұтас гуманитарлық және ақпараттық кеңістік құруға бағытталған болатын. Президент Н. Назарбаев “Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам туралы” мәлімдемесі Кеден Одағы үкіметтерінің басшылары қол қойған, келісімдер мен жобалардың оның қамтиды. Мәлімдеменің негізгі мазмұны мыналарды құрайды:

Информация о работе Халықарлық экономикалық интеграция теорияларының негіздері