Халықарлық экономикалық интеграция теорияларының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 19:45, дипломная работа

Краткое описание

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.

Содержание

Кіріспе
1. Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері
1.1.Интеграция мәні,алғышарты, кезеңдері
1.2.Аймақтық интеграциялық үрдістер және топтар
2.Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастыққа Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды

Пайдаланылғын әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРС-Интеграция.doc

— 206.00 Кб (Скачать документ)

б) Рыноктың экономикасы  бар жаңа егеменді мемлекеттердің құрылу негізіндегі өтпелі кезең:

Интеграциялаушы фактор: 1) техника–технологиялық және инфраструктуралық байланыстар, мамандық және кооперацияның сақталуы. Бұларсыз дайын өнімді шығару және көптеген ұлттық экономикалық өнеркәсіп кешендерінің өзіндік қызмет етуі мүмкін емес.

 Дезинтеграциялаушы  фактор: 1) Рыноктық қатынастар мен  сауда – экономикалық байланыстарға  көшу кезіндегі шикізат жеткізудегі  тиімсіз кооперациялық байланыстардың үзілуі;

2) Жаңа мемлекеттердің  салық, бюджет, валюта, кеден және  басқа да өзара сауданы шектейтін  әкімшілік, салық, тарифтік шаралармен  өзіндік қаржы – экономикалық  жүйесінің құрылуы;

3) Достастықтың  ең жетекші елі Ресейдің интеграциялаушы  ролінің түсуі, қоғамдық–саяси, демократиялық және экономикалық дамудағы шынайы нәтижелердің болмауы, ал бұл өз кеэегінде ТМД басқа мемлекеттеріне тартушы күші бола алуы мүмкін еді.

в) Экономикалық жағдайды тұрақтандырудың келесі кезеңі:

Интеграциялаушы фактор: 1) шаруашылықтың экономикалық жүйесінің жақындығы біртұтас территориялық–шаруашылық және экономикалық инфрақұрылымның сауда – экономикалық байланысының тиімділігі;

2) Интеграцияланған біртұтас  экономикалық кеңістікте бірлескен  тауар өндіру қолдау шартындағы шикізатты өндіру және тасымалдау рыногындағы дамып келе жатқан экономикаға деген өзара қажетттілік, әлемдік экономикалық рыноктағы дамыған мемлекеттер бәсекесіне мен аймақтың экономикалық бірлестіктерге бірлесе төтеп беру.

Дезинтеграциялаушы фактор: 1) өз мүдделерін мен тауар өндірушілер мүдделерін қорғау, біртұтас әлемдік шаруашылық құрылымға енуші жаңа сауда – экономикалық инвестициялық байланыс векторлары мен егеменді мемлекеттердің экономикалық өзіндік дамуы;

2) тауар өндіруші және  жаңа мемлекеттердің экономикасы арасындағы рыноктың бәсекелестік қатынастың одан әрі дамуы; шикізат рыногы және арзан шикізат үшін күрес; алыс шетелдермен жаңа оптималды  транспорттық – коммуникациялық байланыстарды құру.

ТМД-дағы интеграциялық үрдіске  әсер еттетін факторлардың тағы біреуі ол сыртқы және ішкі фактор. Сыртқы фактор дегеніміз ол аймақтан тыс жатқан  мемлекеттердің аймақтың ішіндегі мемлекеттер ара қатынасына әсер етуі. Бұл мемлекеттер ең алдымен экономикалық пайданы көздеген мемлекеттер. Ал енді ішкі фактор ол осы аймақтағы мемлекеттердің бір-бірімен бәсекелестігі. Мысал ретіндегі Орталық Азия мемлекеттері аймағындағы жағдайды айтуымызға болады. Орталық Азия мелекеттерін мынадай кезеңге бөлуімізге болады: 1994-96 ж.ж. институционалды кезең деп сипаттап, түрлі органдардың құрылғанын көреміз. 1996-98 ж.ж. аралығы “салқындық” бұл кезеңде қабылданған барлық құжаттардың бәрі дерлік орындалмайды. Үшінші ол 98 жылдан бастап қазірге дейін. Бұл аймақтағы саяси жағдайға көп әсерін тигізетін Астана мен Ташкент арасындағы бәсекелестік. Бұл фактордың Орталық Азиядағы ролі өте зор. Бұл теке тірестік бәсекелестікті Анкара, Тегеран, Вашингтон, Мәскеу қолданып қалғылары келеді, яғни посткеңестік аймақта әлі де болса саяси, экономикалық жағдайларға саяси көшбасылар мен элитаның ықпалы зор.

ЕО тәуелсіз мемлекеттердің интеграциясы нәтижесі болса, ал ТМД  болса, бір кездері біртұтас мемлекеттердің дезинтеграциясының нәтижесінде құрылды. ТМД мемлекеттері әлі күнге дейін  қандай да болсын бір ұлтүсті құрылымдарға сенімсіздікпен қарап, оларды баяғы “Одақтық орталық құру” шарасы ретінде қарастырады.

ЕО-тағы саясат келеді кетеді, ал интеграцияға деген бағыт сол  қалпында. Қоғамдастықтың тарихында  не болмады! Еуропаның валюталық  жүйесін 1978 жылы ГФР канцлері социал демократ Гельмут Шмидт пен Францияның саяси спектрінің оң қанатының өкілі президент Жискар Д’Эстен құрады, бірақ екі елдің саяси бағытын өзгерткен 1981-82 жылдардағы сайлаулардың нәтижесінде валюталық саясатты одан әрі консерватор Г.Коль  мен Франсуа Миттеран сәтті жалғастырып алып кетті және  ешқандай саяси катаклизмді көрмейміз. Европалық интеграцияның барысына белгілі бір тұлғалар әсер ете алмайды.

Интеграциялық үрдіске қауіп  төндіретін тағы бір айта  кететін  жайт ол әлемдік державалар мен аймақтық мемлекеттердің геоэкономикалық мүдделері. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет шекарасының жақынында бағалы тіпті  стратегиялық маңызды қайнар көздердің орналасуы, бұл аймақты қақтығыстар көзіне айналдарып жіберуі мүмкін. Сондықтан президентіміз өзінің сөзінде атап көрсеткендей Каспий бейбіт интеграция көзіне айналуы қажет. Тек бір-бірімізге хабарлай отырып, күш–қуатымызды біріктіріп күшті пайдалы механизмін құра аламыз, осы жағдайда ғана алдымыздағы барлық кедергілерді жеңе аламыз.

Сөзімізді қорытындылай келе біз ТМД интеграциясына әсер ететін сыртқы, ішкі факторларды атап, ашып көрсетуге тырыстық. Бұдан нәтиже, оңайлықпен еш нәрсе келмейтінін көреміз. Әр уақытта кедергілер, қиншылықтар болады. Мәселе бұл қиыншылықтарға байланып қалмай, оны жеңу одан әрі даму. Міне, менің ойымша ТМД мемлекеттері өздерінің интеграциялық даму жолдарындағы қиыншылықтарға бірде жеңіліп бірде жеңіп өз өмірін жалғастыруда.

        2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары

     XXІ ғасыр  адамзат тарихындағы ең дүбірге  толы кезеңі. Әрине, сол дүбірлі  оқиғалардың бірі де Кеңес Одағының социалистік лагерінің ыдырауы. Әлемдік қауымдастықтың қатары жаңа тәуелсіз мемлекеттер қатарымен толыға түсті. Бұрынғы Одақтас мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерінің аясында экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтармен бірде жеңіп, бірде жеңіліп дамып келеді. Қазіргі таңда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси егемендіктерінің халықаралық саяси стадиясының орнығуы аяқталды деп айтуға болады, тек бұл ғана емес қаржы-валюта, әлеуметтік-экономикалық жүйелері де құрылып бітті. Жаңа құрылған мемлекеттер арасындағы қатынастар үзілуге шақ қалды. Көп жылдар бойы орныққан экономикалық байланыстар да әлсірей бастады, ал бұл болса өз кезегінде әрбір жаңа мемлекеттердің экономикасына кері әсерін тигізді.

Орталық Азиядағы интеграциялық  үрдістің, әлеуметтік өмірдің интернационализациялануы мен интеграциланушы мемлекеттердің ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздігін нығайтуға деген қажеттіліктің салдарынан туған халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа ағым. Бұл тақырыптың, Орталық Азиядағы интеграциялық үрдіске кіретін әрбір мемлекеттің дамуында тұрақтылық пен қауісіздікті қамтамасыз ету немесе жағдай жасауында да өз өзектілігін атап көрсетуге болады.

Президент Н.Назарбаев Қазақстан  халқына «Қазақстан – 2030» жолдауында: «Ұлттық мүдделерді қорғауды. Сондай-ақ таяудағы және алыс перспективалардағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз – интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайтуға қарсы тұру емес, басқа мемлекеттің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем болуы тиіс» - деп атап көрсетті. 

Орталық Азиялық интеграциялық  үрдістің ерекшелігі жаңа тәуелсіз мемлекеттің  тарихының, мәдениетінің, әлеуметтік-саяси, экономикалық негіздердің ұқсастығында. Бұл аймақтағы этнотерриторялдық жүйенің күрделілігі кейбір халықаралық немесе аймақтық қақтығыстың ошағына айналуы мүмкін және осы мәселелерді шешуде интеграциялық үрдістің тереңдігі басқа қажетті әдістермен қатар ол да шешуші роль атқаруы мүмкін.

Орталық Азиядағы су ресурстары мемлекеттер арасында теңдей бөлінбеген. Ірі-ірі деген  өзендердің басы, ортасы, аяғы әр түрлі  мемлекеттерде орналасқан. Тәуелсіздікті  алғаннан кейін бірінші жылдардың  өзінде-ақ бұл мәселе өз өткірлігін аңғартқан болатын. Осы аймақтағы ең ірі гидрологиялық жағдайлардың бірі Арал болып табылады. Әрине бұл мәселелерді интеграциялық құрылым шеңберінде бірге отырып шешкен шешім ең дұрысы деп ойлаймын.

Орталық Азиядағы интеграциялық ағымның спецификалық ерекшеліктерінің бірі аймақтағы барлық Мемлекеттердің теңіз-транспорттық коммуникациясына жолдың болмауы. Бұл аймақтарда кейбір державалардың болуы баланстың бұзылу мүмкіншілігін тудырады, ад бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі мүмкін, ал интеграциялық үрдістер барлық жағдайда айтылғандарға жауап ретінде және қатысушы топтардың геостратегиялық мүдделерінің өзара байланыстылықты, яғни корреляцияны талап етеді.

Назарбаев ТМД  елдері үшін интеграциялық ынтымақтастық  экономикалық қажеттілік қана емес, бұл  керек десеңіз жақсару, тұрақтылық, керек десеңіз ертеңгі күнге деген стимул деп көрсетті.

Қазіргі таңда  әлем өзара интеграциялық жүйе үрдісінде  дамуда. Әлемнің көптеген аймақтарында сауда, экономикалық, валюталық, кедендік және саяси бірігулер болып жатыр. Бұл объективті және заңды үрдіс. Интеграция қазіргі таңда әлемдік дамудағы күшейіп келе жатқан тенденцияның бірі. XXІ ғасыр ол – интеграция ғасыры. Интеграциялық үрдістің өзара бағыныштылығын сезіну адамға әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге көмектеседі.

Бұрынғы Кеңестік республикалар өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ішкі және сыртқы саясатын, саяси, экономикалық, әкімшілік, қаржылық реформалар жүргізу жолымен жасай бастады. Бұрынғы Кеңестер Одағының құрамына кірген мемлекеттердің алдында күрделі таңдау тұрды:

• Қол жеткізілген егемендікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу;

• Күшті мемлекеттің ықпалына қалып, олардың шикі зат көзіне айналу;

• Біріккен Еуропаны мысал, үлгі ете отырып, бұрынғы Кеңестер кеңістігінде жаңа еуразиялық даму орталығын құру.

Осылайша бұрынғы КСРО территориясында жаңа интеграциялық топтар пайда бола бастады: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Кедендік Одақ, Орталық Азиялық Кеңес, ГУУАМ т.б.

Экономика сөз  жоқ, интеграцияның анағұрлым маңызды  құрамдас бөлігі болып табылады. Тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстар, сондай-ақ геосаяси жағдайдың ерекшелігі жиынтық экспорттық және транзиттік-көліктік әлеуметті тиімді пайдалану қажеттілігін талап етеді. Оның үстіне жоғарыда көрсетіп кеткен екі жақты негізде шеше алмайтын мәселелер бар. Атап айтсақ, суэнергетикалық ресурстарын және транзиттік-көліктік әлеуетін келіскен түрде, сондай-ақ ұтымды пайдалану, ауқымды экологиялық, яғни Арал теңізі ауданындағы апаттың салдарын бірлесіп еңсеру;  аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру; терроризмге, діни экстремизмге және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі бірлескен қызметті үйлестіру туралы болып отыр.

Орталық Азия мемлекеттерін  аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы (БЭК) шартқа 1994 жылы 30 сәуірде қол қоюмен нақты жүзеге асты. Қатысушылары Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан (1998 жылы 26 наурыздан бастап Тәжікстан шарттың толық құқықты қатысушысына айналды).

Бұл келісімнің 1 бабы бойынша былай делінген: «Біртұтас  Экономикалық Кеңістік Қазақстан Республикасын, Қырғызтан Республикасын, Өзбекстан Республикасы араларындағы, 1994-2000 жылдарға Қазақстан Республикасы, Қырғызтан Республикасы, Өзбекстан Республикасы арасында экономикалық интеграцияның тереңдеуі үшін бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылып отыр, бұл бойынша тауар, қызмет көрсету, жұмыс күшінің еркін қозғалысына, бірлескен кредиттік-есептік, бюджет, салық, баға, кеден және валюта саясатын қамтамасыз етеді.ң

Шартты дамыту тұрғысында 1994 жылы шілдеде президенттердің  шешімімен Мемлекетаралық Кеңес  және оның негізгі институттары - Премьер-министр кеңесі, Сыртқы Істер Министрінің кеңесі, Қорғаныс Министрлер кеңесі және олардың тұрақты қызмет істейтін жұмыс органы - Атқару комитеті құрылды. Атқарушы комитетке координациялық-кеңестік, болжау-сараптау, ақпараттық қызмет және Мемлекетаралық Кеңес пен оның институттарының шешімдерінің орындалуын бақылау, қадағалау жүктелді. Әрбір  мемлекет Мемлекетаралық Кеңесте бір дауысқа ие. Шешім - жалпының келісімімен-консенсус арқылы жүзеге асады. Премьер – министр, Сыртқы Істер Министрлерінің кеңесі, Қауіпсіздік Министрінің кеңесінің мәжілісін жарты жылда, бір реттен кем болмауы тиіс.

Сөз болып отырған  уақытта Орталық Азия ынтымақтастық  және даму банкын құру туралы келісімдерге қол қойылды, оның капитала қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналарынан қалыптасады. Сонымен бірге Орталық Азия елдеріндегі экономикалық реформалар деңгейіндегі елеулі айырмашылық, Орталық Азия Одағының біршама оқшаулығы осы ұйымның шеңберіндегі жұмыстың жаңа нысандарын қажет етті. Сондықтан Мемлекетаралық Кеңестің мәжілісінде (1998 жылы 17-18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы – Орталық Азиялық Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді. Мемлекетаралық кеңес 1996 жылы тамызында Ресейді байқаушы ретінде қабылдады, 1999 жылы шілдесінде тап осындай мәртебені Грузия, Түркия және Украина алды.

Әлемнің жетекші  мемлекеттерінің Орталық Азия мен  Закавказға деген қызығушылықтары  бірнеше себептермен түсіндіріледі:

• Біріншіден, олардың территориясы арқылы әуе-коммуникациялық жолар өтетін Азияның геостратегиялық маңызды жерінде орналасқан;

• Екіншіден, бұл аймақта – жер қазба байлықтары – қымбат металдар, темір рудалық шикізат, энергетикалық ресурс, соның ішінде Каспий үлкен қызығушылық тудырып отыр;

• Үшіншіден, бұл аймақ өте ауқымды, аз игерілген дайын өнімнің рыногы, ол табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланған сайын өсе түспек;

• Төртіншіден, жаңа тәуелсіз мемлекеттің өндірістік содерасында ықпалды позицияны ұстана отырып, әсіресе экспорт, транспортта, көрші мемлекеттер мен аймақтарға экономикалық жағдайларына әсер етуге болады;

• Бесіншіден, дәстүрлі көп ғасырлар бойы Ресей ықпалы мен ресей экономикасымен байланыстың әлсіреуі. Сондықтан аймақтың өзіндік дамуына қажеттілік, басқа саяси және экономикалық күштердің ықпалын тез қабылдағыш;

Орталық Азиялық  мемлекеттерінің тәуелсіздік алуы мемлекетаралық ынтымақтастық пен аймақтық интеграция мәселелеріндегі жаңа стратегиялық тәсілдерді айқындауды қажет етті.

Орталық Азия елдерінің  тиісті шарттары мен келісімдерінің орындалуына талдау жасау олардың  саяси, сауда-экономикалық, әскери мәселелерін кең ауқымы бойынша ынтымақтастықты дамытудағы ұмтылсыын көрсетеді. Қазақстанның ұстанымы өзара тиімді байланыстарды және әртарапты ынтымақтастықты дамыту, тереңдету жөніндегі қарқынды жұмысты жалғастыру қажеттігіне көңіл бөлуінен көрінеді. Бұл Орталық Азия халқының түпкі мүдделеріне жауап береді.

2000 жылы 14 маусымдағы  Душанбедағы ОАЭҚ мемлекетаралық  кеңестің Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері  Қоғамдастықты дамыту перспективалары  мен Орталық Азия аймағының су энергетикалық ресурстарын бірлесіп пайдалану туралы ой-пікір алмасты. Тараптар халықаралық су энергетикалық консорциумын құру туралы келісімге қол қоюға қатысты Қазқстанның ұсынысын қабылдады, консорциум аймақтың барлық мемлекеттері мүдделерінің жолында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Информация о работе Халықарлық экономикалық интеграция теорияларының негіздері